Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Презентацияның құрылымы мен әдістері



бет147/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

15.3 Презентацияның құрылымы мен әдістері
1) «Басталуы» бірінші блогы
Бұл бөлімге компанияңыздың атауы, аты-жөніңіз бен лауазымыңыз, пошта мекенжайыңыз, электрондық поштаның мекенжайы мен телефон нөміріңіз және, әрине, жобаңыздың тақырыбы енеді. Алғашқы сәттен бастап-ақ инвесторға жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз, өйткені екінші рет мұндай мүмкіндік болмайды! Ол үшін аудиторияға инвестордың назарын аударатын сұрақ қоя аласыз. Мысалы: «Сіздердің ойыңызша, адамдар нансыз өмір сүре ала ма?». Сұрағыңызды қоя сала, бірден өзіңіз жауабын беріңіз: «Әрине, өмір сүре алады, бірақ бәрі емес!».
2) «Проблема және оның шешімі» екінші блогы
Бұл бөлімде қазіргі таңда кездесетін мәселені ашуға тырысыңыз. Нақты проблеманы ашып көрсетіңіз. Егер барлығын өз қалпында қалдырса, ол қандай қауіп төндіруі мүмкін? Сіздің нақты қандай мәселені шешкіңіз келеді? Көпшіліктің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыра аласыз? Инвесторлар өніміңіздің адамдарға көмектесе алатынына сенуі керек. Сіздің жоқ мәселені ойдан шығармай, нақты бар проблеманың шешімін ұсынуыңыз керектігін естен шығармаңыз жөн. Нарығыңыздың көлемі қаншалықты үлкен болатындығы туралы болжам жасаудан қашыңыз.
Мәселен: өзіңіз тұратын ауданда төрт азық-түлік дүкені бар дейік. Түстен кейін олардың бірде-біреуінде нан болмай қалады. Нан алу үшін адамдарға базарға немесе үлкен супермаркеттерге баруға тура келеді. Бұл өз аулаңызда нан сатып алудан айтарлықтай қымбатқа шығады. Дүкен сатушыларына сауалнама жүргізу арқылы төрт дүкенге күн сайын тағы 200 бөлке нан керектігін анықтадыңыз.
3) «Проблеманың мәні» үшінші блогы
Өзіңіздің басты мақсатыңызды, туындаған қажеттіліктерді қалай қанағаттандыратыңызды егжей-тегжейлі түсіндіріңіз. Инвесторлар сіздің не сататыныңызды және оның қалай жұмыс істейтінін анық түсінулері тиіс, алайда мәселенің техникалық қыр-сырына қатты беріліп кетпеңіз. Тек түпкі мән-жайын ғана айтыңыз.
Мысалы: біз төрт дүкенді күніне 200 бөлке нанмен қамтамасыз ете алатын шағын наубайхана ашқымыз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет