11) «Байланыс деректері» он бірінші блогы Болашақ инвесторыңыз презентацияңыздан кейін сұрақ-жауап сессиясы барысында сізбен сөз таластырғысы келмейтін шығар. Инвесторыңыз дәл сол сәтте сізден ештеңе де сұрамауы мүмкін, ол аудиторияда өте қатты және кейде әділетсіз «қыспаққа» алынған жағдайыңызда сізді жай ғана бақылап отырады. Бұл инвесторға өзіңізбен кейін ыңғайлы уақытта және қолайлы жерде тілдесуге мүмкіндік беріңіз, соңғы слайдта аты-жөніңіз, телефоныңыз, e-mail, Skype, әлеуметтік желідегі аккаунт, WhatsApp немесе Telegram сияқты ірі әріптермен және анық жазылған байланыс деректеріңіз болсын. Көпшілікке барлығын қарап алуға, жазып алуға және суретке түсіріп алуға уақыт пен мүмкіндік беріңіз, слайдты жаппаңыз, проектор мен экран арасында тұрып алмаңыз. Өзіңізге дұрыс email мекенжайын ашып алыңыз: natusik@hotmal.com немесе macho1959@mail.ru секілділер керемет презентациядан алған әсерді бүлдіруі мүмкін.
12) «Ұсыныстар» он екінші блогы Сіздің презентация кезіндегі міндетіңіз – жобаңызға назар аударту және қызығушылықты қалыптастыра бастау. Егер бұл міндетті ойдағыдай орындасаңыз, кейінірек инвесторлармен жоба жайында толығырақ сөйлесуге мүмкіндігіңіз болады. Егер қандай да бір ойыңыз бір слайдқа сыймай қалса, екі жолыңыз бар: оны қысқарту немесе бір слайдтың орнына екі слайд жасау. Бұл ретте барлығын белгіленген уақытта түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Сондықтан слайд жасаған соң таймермен презентацияға алдын ала дауыстап дайындалыңыз. Егер регламентке сай үлгермейтін болсаңыз, онда қандай слайдтарды соңына ауыстыруға болатынын ойланыңыз («Байланыс деректері» деген соңғы слайдтан кейінгі және қажет болған жағдайда ғана қолданылатын қосалқы слайдтар). Осы операциядан кейін презентацияның қисынды әрі түсінікті болғанына көз жеткізу үшін тағы бір рет дайындық жасап алыңыз. Егер слайдтарыңызда бос нәрсенің жазылғанына және өз жобаңызды жақсылап таныстыра алатындығыңызға сенімді болсаңыз, бұл – сіздің құқығыңыз, алайда ережелерді бұзу үшін оларды біліп, түсіну керектігі есіңізде болсын.