Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Әлеуметтік желілер мен блогтарда немесе SMM (Social Media Marketing) алға жылжыту



бет56/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

Әлеуметтік желілер мен блогтарда немесе SMM (Social Media Marketing) алға жылжыту
Әлеуметтік желілердегі жарнамалық сипаттағы хабарландырулар шағын аудиторияға және олардың қажеттіліктеріне бағытталған. Әлеуметтік желілердегі жарнаманы туралау арқылы мақсатты аудиторияның сипаттамасын қалыптастыруға болады: сіз жарнамаларды, мысалы, адамдардың қызығушылықтары, профильдік деректері, отбасы жағдайы, туған күні және т.б. бойынша туралай аласыз.
SMM - пайдаланушылар сатып алсам деп ойламаған немесе оны қажеттілік деп қарастырмаған тауарларды өткізетін мақсатты аудиториясы түсінікті бизнеске жарамды. Супермаркеттегі кассаның кезегін есіңізге түсіріңізші. Сіз сағыз сатып аламын деп ойлаған жоқсыз, бірақ кезекте тұрғанда былай деп ойландыңыз: "Ала салайын» Міне, сіздің себетіңізде сағыз жатыр. Әлеуметтік желілердегі жарнама осылай жұмыс істейді. Жүйе пайдаланушылардың басқан лайктары немесе жиі кіретін беттері, құрамында тұрған топтары бойынша талғамын біледі және оны қызықтыратын жарнаманы көрсетеді.
Әлеуметтік желілердегі жарнаманың артықшылықтары:
- дұрыс туралаған кезде - тиімділігі мәнмәтіндік жарнамаға қарағанда өте жоғары;
- алғашқы нәтижелері жарнаманы орналастырғаннан кейін алғашқы күндері-ақ көрінеді;
- мақсатты аудиторияны кеңінен қамтиды.
Әлеуметтік желілердегі жарнаманың кемшіліктері:
- мәнмәтіндік жарнамада сияқты, нәтиже тұрақты болуы үшін тұрақты шығындар қажет;
- уақыт өте келе клиенттер санының төмендеуі байқалуы мүмкін – жаңа аудиторияны іздеу үшін креативті идеялар талап етіледі;
- креатив өте қысқа уақыт ішінде бірегей болып саналмай қалады;
- пайдаланушылардың барлық базасы тез қолданылады: сатып алғысы келгендердің барлығы тауарды сатып алады, сатып алғысы келмегендер қызығушылық танытпайды.
E-mail-маркетинг
E-mail маркетинг - электрондық пошта бойынша жарнама тарату арқылы әлеуетті клиенттерді тарту. Біз спам туралы емес, double-opt-in (таратуға қос келісім) кейін тарату туралы айтып отырмыз.
Бұл құрал сіз өз бизнесіңізді бастағаннан кейін қажет. Ол клиентке жинақтың соңғы жаңартуларын, акцияларды және т. б. хабарлап отыратын адамдарға қолайлы. Мәселен, киім сататын сайттар өз жазылушыларына әртүрлі киім немесе аяқ киім жарнамасы бар хаттар, авиаагенттіктер – туристік бағыттағы жарнамалары бар хаттар немесе белгілі бір рейстерге жеңілдіктер жіберіп отырады.
E-mail-маркетингтің артықшылықтары:
– компанияның тұрақты клиенттерімен жақсы жұмыс істейді – бұл өзіңіз туралы еске салу, акциялар, жаңа тауарлар/ қызметтер туралы хабарлау тәсілі;
- арзан құрал - шығындары аз: тек маркетологтың жалақысы және тарату сервистерінің төлемі.
E-mail-маркетингтің кемшіліктері:
- пайдаланушылар көбінесе спам ретінде қабылдайды;
- сауатты тарату сериясын құру қиын, әдетте бір-екі хаттан кейін жарнама беруші тікелей жарнамаға көшеді;
- мақсатты аудиторияда жабысқақ жарнама сияқты жағымсыз әсер қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет