Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер



бет66/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152
9. Акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер

Өнімді / қызметтерді сату көлемін ұлғайту мақсатында, сондай-ақ әлеуетті клиенттік базаны ұлғайту үшін парақшада түрлі ұтыс ойындар, акциялар өткізуге, клиенттерге жеңілдіктер беруге болады.

10. Трендтерге шолу

Парақшаның тартымдылығын арттыру мақсатында компания жұмыс істейтін саланың трендтеріне мерзімді шолу жүргізу қажет.

11. Әзіл

Клиенттік ниететстікті арттыру және беттің тартымдылығын арттыру мақсатында компанияның жұмысына байланысты тақырыптық әзілді пайдалану қажет.

12. Сторис

Посттарды бөліп көрсету үшін сторис сияқты кең таралған құралды пайдаланған жақсы.

13. Тікелей трансляциялар

Клиенттер тарапынан сенім деңгейін арттырудың тағы бір құралы тікелей эфирлер болып табылады, соның арқасында компания өз клиенттеріне жақындай түседі.

14. Сауалнамалар

Сауалнамалар кері байланыс алу үшін тиімді құрал болып табылады, сондай-ақ компания мен клиенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданылады.

Көптеген жағдайларда видеофильмді қолданған жөн, алайда, егер мұндай мүмкіндік болмаса, мәтіндік сипаттамасы бар түрлі-түсті суретті де жариялауға болады.


OQICO мектебінің медиа-жоспарына төмендегілер туралы посттар кіреді:
- өнімге шолу жасау: аптасына 2 рет ағылшын тілінің ерекшеліктері, қызықты сөздері, грамматика ережелері туралы баяндайтын "пайдалы" посттар қойылады;
- компания жаңалықтары: іс-шаралар анонсы, жаңа топтардың кестесі, жаңа оқытушылар туралы жаңалықтар;
- компания персонасы: компания құрылтайшылары мен оқытушылары білім берудің жеке тәжірибесіне, студенттерге немесе мектеп топтарына байланысты ұсыныстармен және қызықты оқиғалармен бөліседі;
- сторис: ағылшын тілін білуге арналған ойын түріндегі күнделікті сторис, іс-шаралар мен жаңалықтар туралы видеоформаттағы оқытушылардың жеке әңгімелері, сондай-ақ видео/фото сабақтар. OQICO тәжірибесі бойынша аудиторияның сториске тартылуы әдетте посттарға қарағанда жоғары.
- акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер: студенттер ағынын арттыру үшін мектеп акциялар немесе оқуға жеңілдіктер туралы хабарлайды, мысалы, ағылшын тілінде сөйлесу курстарына баруға 20% жазғы жеңілдік немесе IELTS толық курсы үшін төлем кезінде жеңілдік, "Досыңды алып кел және курстарға 10% жеңілдік ал " акциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет