5.7. Посттардың мерзімділігі Посттарды күн сайын, бірақ күніне ең көбі 2 рет жариялау керек. Жариялау уақыты - әлеуетті клиенттердің әлеуметтік желілердегі барынша белсенді болатын кезеңі.
OQICO мектебі посттарды аптасына үш рет жариялайды. Посттар алдын ала дүйсенбі күні дайындалып, жүктеледі. Интербелсенді тапсырмалар мен сауалнамалардың түзетулері күн сайын таңертеңнен бастап қойылады, осылайша пайдаланушылар парақшада белсенділік таныта алады, бұл мектептің лентада және стористе бірінші болып пайда болу мүмкіндігін арттырады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары Маркетинг құралдары мен міндеттерінің негізі неде?
Маркетингтік зерттеулердің түрлерін атаңыз және түсіндіріңіз
Дәріс 6 6.1.Сату сүзгісі (айналымы): кезеңдері, құруы және тиімділігін арттыру құралдары
6.2.Клиентті тарту және ұстап қалу
6.3.Ағымдағы пайдаланушылармен сауданы жақсарту
6.4.Қызметкерлермен және «ұйықтап
жатқан» клиенттермен жұмыс істеу.
6.5.Сату техникасының түрлері, кезеңдері.
6.6.Келіссөздер жүргізу стратегиясы мен техникасы
6.7.Табыс арналарвы
Дәрістің мақсаты-сату воронкасын сипаттау, клиентті тарту және ұстап қалуды түсіндіру, сату техникасын талдау, келіссөздер жүргізу және пайда арналары.
6.1.Сату сүзгісі (айналымы): кезеңдері, құруы және тиімділігін арттыру құралдары Сату айналымы (сүзгісі) - клиенттер өзара әрекеттестік сатылары бойынша - бірінші контактіден бастап тауарды сатуға дейін таралатын қағидат. Ол пирамида түріндегі кестені білдіреді: ең үлкен бөлігі әлі де қызықтыруға болатын мүдделі әлеуетті клиенттердің санын көрсетеді, ал төменгі бөлігі жасалған шарттардың санын көрсетеді.
Осы кестеден бірнеше қорытынды жасауға болады:
әрбір жұмыс кезеңінде қанша клиент шығып қалады;
әлі сатып алушыны тарту керек.
Айналымды талдау нәтижелері бойынша менеджмент сапасы туралы және қандай кезеңде күш-жігерді арттыру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға болады. Егер шарт жасалған клиенттер саны жеткіліксіз болса, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша көп күш салу керек. Егер қандай да бір кезеңде айналымның қатты тарылуы байқалса, демек алдыңғы кезеңдегі менеджмент сапасы нашар, ал процестің өзі жетілдіруді талап етеді деген сөз.
Айналым - үлкен міндеттер шеңберін шешуге болатын сатуды басқарудың әмбебап құралы. Оны құру үшін әрбір кезеңде статистиканы жинау технологиясын енгізу жеткілікті. Маркетингте айналым әрбір сату кезеңіндегі контактілер мен пайдаланылатын материалдардың санын жоспарлау үшін қолданылады.