Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет91/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

7.5.Басым істерді анықтау
Осы кезеңге дейін сіз бизнес-модельдермен, маркетингпен, бизнестің сату стратегиясымен және негізгі ресурстарымен таныстыңыз. Алайда бұрынғыша: «Иә, бизнес – бұл қызықты, болашағы бар, мен идеяны қалай ойластыратынын, ақшаны қалай табатынын, менде қандай ресурстар бар екенін түсінемін,»... деген сұрақтар көкейімізде әлі тұр. Десе де: өзіңізге «маған кәсіпкер болу үшін нақты не істеу қажет?» деген сұрақ қойыңыз.
Бұған сіз істеуге тиісті істердің қарапайым тізімі көмектеседі. Қарапайым тізімді құру күнделікті операциялық қызметті бақылаудың қарапйы ғана тәсілі болып табылады. Адамдар өзінің жадына аса тым сенбеген кезде, көбінесе, әртүрлі тізімдер жасайды, мысалы, сатып алушылар тізімі немесе қажетті істер тізімі. Өзінің ойлау мүмкіндіктерін барынша күшейту үшін олардың көмегімен сіз өз ойыңызды ұйымдастыра аласыз.
Мұндай істер тізімінің шаблоны төмендегідей болады:

Әрекет

Жауапты тұлға

Маңыздылық

(маңызды немесе жоқ)



Шұғылдық

(шұғыл немесе жоқ)



Жай-күйі

(«Істеукерек», «процесте» немесе «істелді»)



Басталуы

Аяқталуы

Ескерту

1-мақсат












1-әрекет

Есімі



















2-әрекет

Есімі



















3-әрекет

Есімі



















2-мақсат






















4-әрекет

Есімі



















5-әрекет

Есімі



















6-әрекет

Есімі



















Кез келген стартаптағы істің тізімін үлгі ретінде қарайық.
1-мақсат: нарықты талдау
1. Нарықты зерттеу (сіз жұмыс істейтін нарықты)
2. Қазақстан бойынша ұсыныстарды зерттеу
3. Қала (сіз тұратын) бойынша ұсыныстарды зерттеу
4. Әлеуетті бәекелестердің бағасын зерттеу
5. Нарық сұранысын зерттеу
6. Шетел тәжірибесін зерттеу
7. Табысты үлгілерді зерттеу
8. Бизнес үшін қажетті әрекеттерді атау
2-мақсат: шығындар мен капитал
9. Кәсіпті бастауға кететін шығындарды зерттеу
10. Қажетті шығын материалдарын зерттеу
11. Инвестиция тарту үшін бизнес-идеялар әлеуетін зерттеу
12. Әлеуетті инвесторларды табу
13. Капиталды арттыру үшін басқа да арналарды зерттеу
14. Шығын құрылымын зерттеу
3-мақсат: маркетинг стратегиясы/ бизнес стратегиясы
15. Табыс арналарын анықтау
16. Қолайлы бизнес-модельдерді зерттеу
17. Бизнес-модельді анықтау
18. Серіктестерді анықтау
19. Клиенттермен өзара байланысу арналарын анықтау
20. Негізгі әрекеттерді анықтау
21. Негізгі мақсаттарды анықтау
22. Маусымдық жеңілдіктерді (мейрамдар) ойластыру
23. Тұтынушыларға акциялар ойластыру
24. Жеткізу қажеттілігін зерттеу
25. Жеткізетін адамдарды бекіту
26. Алдын ала төлеу
27. Өнім өлшемдерін ойластыру
28. Өнім стилін ойластыру
29. Бағаларды ойластыру
30. Түрлерін ойластыру
31. Дизайнын ойластыру
32. Дайындау мерзімін есептеу
33. Әлеуетті клиентке жауап беру шаблонын ойластыру
34. Төлемді қабылдауды ойластыру
35. Қандай дәрежеде клиенттердің қалауын іске асыруға дайын емес екендігімізді ойластыру
36. Командадағы әрбір қатысушының рөлін анықтау
37. Әрқайсысы жауапты болып табылатын бөлікті анықтау
38. Көшбасшыны анықтау
39. Байланыс арналарын анықтау
40. Командамен жалпы кездесу кестесін анықтау
41. Межеленген күнге дейін сатылған тауарлардың санын анықтау
4-мақсат: бренд-менеджмент
42. Бизнес атауын ойластыру
43. Логоны ойластыру
44. Ұран ойластыру
45. Біздің құндылықтарымызды ойластыру
46. Жарнамалық мәтіндерді ойластыру
47. Жобаның болашағын ойластыру
48. Клиенттердің бірегейлігін ойластыру
49. Клиенттер үшін өнімнің құндылығын ойластыру
50. Бәсекелестерден айырмашылықты ойластыру
51. Өнім ауқымының кеңею әлеуетін ойластыру
52. Клиенттің қандай мәселесін шешетінімізді ойластыру
5-мақсат: әлеуметтік желілер
53. Instagram парақшасын жүргізу
54. Оны Facebook профиліне бекіту
55. Пост мәтіндерін жазу
56. Парақша сипаттамасын ойластыру
57. Таргетинг жарнаманы бастау
58. Тегін жылжытудыбастау
59. Ақылы жылжытудыіске қосу
60. Достардың аккаунты бойынша тарату
61. Оқырмандарды тарту
62. Ұнату батырмасын басуға (лайк) шақыру
63. Пікір жазуға шақыру
64. Ұсынылған адамдарға шығу
65. Постты жиі шығару
66. Сторизде сауалнамалар құру
67. Аккаунтта белсенділікті арттыру
68. Оқырмандармен қарым-қатынасты реттеу
69. WhatsApp чатына өту үшін белсенді сілтемені құру
70. Жарнама жасауға белгілі блогерлерді таңдау
71. Олармен өзара байланысты бастау
72. Айырбас туралы келісу
6-мақсат: клиенттерді саралау
73. Негізгі клиентерді анықтау
74. Олардың өмір сүру стилін анықтау
75. Жас шектерін анықтау
76. Өнімнің кімге арналғанын анықтау
77. Олардың «жан ауруын» анықтау
78. Олардың жалақы деңгейін анықтау
79. Әлеуетті клиентпен сұхбат өткізу
80. Толық ақпарат алу үшін сенімді сұрақтар құру
81. Кері байланыс орнату
82. Тұтынушылардың сұранысына талдау жасау
83. Өнімге қажеттілікті талдау
7-мақсат: ең төменгі өмірге қабілетті өнім/қаптама және тауардың сыртқы түрі
84. Ең төменгі өмір сүруге қабілетті өнімді әзірлеу
85. Ең төменгі өмір сүруге қабілетті өнімді құру
86. Оны негізгі клиенттерге ұсыну
87. Кері байланысқа шығу
88. Өзгерістер енгізу
89. Жаңа шаблон жасау
90. Тестілеу
91. Кері байланысқа шығу
92. Өндіріке арналған бекітілген нұсқаны дайындау
93. Лайықты шеберхана/полиграфия және т.б. табу.
94. Дайындауға бекітілген нұсқаны жіберу
95. Дайын өнімді тестілеу
96. Тәжірибені талдау
97. Қаптама түрін таңдау
8-мақсат: шығын материалдары
98. Қажетті материалдарды анықтау
99. Шеберхана/полиграфия және т.б. материалдардың қолдану нұсқасын ойластыру
100. Шығынды азайту үшін өз атынан материалдарды жеткізу опциясын ойластыру
101.Тысына / қаптамасына материал таңдау
102. Өнімнің ішкі бөлігіне материал таңдау
103.Өнімнің басқа бөліктеріне материал таңдау
9-мақсат: серіктестік
104. Қала бойынша нарықты зерттеу
105. Аса ыңғайлы серіктестер тізімін құру
106. Өнімімізге қатысты ұсыныстарды зерттеу
107. Салыстыру жүргізу
108.Ең үздік нұсқаны таңдау
109.Келіссөз жүргізу
110. Жеңілдік туралы келісіп көру
111. Дайындау мерзімі бойынша сөйлесу
112. Келісім жасау
Мұндай тізімдерді құру логикасы мынадай: ең алдымен, сіздің мақсаттарды тізбелеуіңіз керек. Бұл: нарықты талдау, шығындар, стратегия және т.б. болады. Содан кейін әрбір мақсат үшін сіздің оған қол жеткізуде істелетін іс-әрекеттер тізімін жазуыңыз керек. Сіз атқарушыға қызметтік хат жаздым деп есептеңіз: ол ештеңені ұмыт қалдырмау керек, әйтпесе мақсатқа қол жеткізілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет