Ф 11-19 Бейсенова Гульбахрам Исмаиловна 7М1530 Информатика мамандығының магистранттарына арналған «жоо-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы»



бет7/11
Дата13.01.2023
өлшемі221,95 Kb.
#61243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
361815 (1)

Тапсырмалар
1. п символдан тұратын сөз тіркесі берілген.
а) осы тіркес ішінде x әрпі неше рет кездеседі екен;
б) берілген тіркес ішінде цифрлар символы неше рет кездеседі;
в) осы тіркес ішіндегі барлық леп белгісін нүктемен алмастырыңыз;
г) осы тіркес ішіндегі бір нүктені көп нүктемен (яғни үш нүктемен) алмастырыңыз;
д) осы тіркес ішінде неше үтір және неше сызықша бар екендігін анықтау керек;
е) осы тіркес ішіндегі ең қысқа сөзді экранға шығарыңыз;
ж) осы тіркес ішіндегі ең ұзын сөзді экранға шығарыңыз;
и) осы тіркес ішіндегі неше сөз бар екенін анықтаңыз;
к) осы тіркес ішіндегі ең бірінші үтірдің нешінші символ екенін табыңыз;
л) осы тіркес ішіндегі ең соңғы үтірдің нешінші символ екенін табыңыз;
м) осы тіркесті экранға кері бағытта жазып шығыңыз;
н) осы тіркес ішіндегі алғашқы үтірге дейінгі сөздерді экранға шығарыңыз;
2. Символдар тіркесі берілген.
а) сол тіркестегі барлық '*' символын алып тастап қалғандарын екі рет қайталап жазыңыз;
б) сол тіркестегі жақшалар арасында жазылған символдарын жақшасымен бірге өшіріңіз. Жақша ішінде жақша жоқ деп есептеңіз.
в) сол тіркестегі ең алғашқы қос нүктеден кейін жазылған символдарды экранға шығарыңыз;
г) сол тіркестегі барлық үлкен әріптерді кіші әріптермен алмастырыңыз;
д) тіркес ішінде екі нүкте бар деп есептеп, осы нүктелер арасында орналасқан барлық символдарды экранға шығарыңыз;
е) сол тіркес ішіндегі цифрларды алып тастап, қалған тіркесті экранға шығарыңыз;
ж) сол тіркестегі үлкен әріптер санын есептеңіз.
и) сол тіркестегі қатар орналасқан бес 'ав' әріптерінің бар немесе жоқтығын анықтаңыз;
к) сол тіркестегі қатар орналасқан бірнеше бос орындарды бір бос орынмен алмастырыңыз.
3. Берiлген сөздің жұп нөмiрлi орындарында қанша “о” әрпi бар екендiгiн анықтайтын программа жазыңдар.
4. Студенттің фамилиясы, есiмi және әкесiнiң аты бос орындармен бөлiнiп берiлген. Студенттің аты-жөнінің инициалдарын (алғашқы әрiптерiн) басып шығаратын программа жазыңдар.
5. Сөз тіркесіндегi а әрпiн өшіретін программа жазыңдар.
6. Мәтiндегi соңғы әрiппен бiрдей әрiптердi жоятын программа жазыңдар.
7. Z, Х сөздері берілген. Z сөзiнде кездесетiн барлық әрiптердi Х сөзiнен өшіріп тастайтын программа жазыңдар.
8. Берiлген сөздегi әр түрлi әрiптердiң санын есептейтiн программа жазыңдар.
9. Сөздердiң әрбiр үшiншi әрпiн жоятын программа жазыңдар.
10. Берiлген мәтiндегi “Айна” сөзiн “Асыл” сөзiне өзгертетiн программа жазыңдар.
11. Пернетақтадан енгiзiлген символды жазылған сөз тiркесінен өшіретін программа жазыңдар. Өшіру процесiн жеке функция етіп қарастырыңдар.
12. Берiлген мәтiндегi кездесетiн “а” әрпiн “о” әрпiне ауыстырыңдар.
13. Бос орындармен бөлініп жазылған үш сөзден тұратын сөйлемдегi ең қысқа сөздiң ұзындығын есептеп шығаратын программа жазыңдар.
11-12 өзіндік жұмыстар. Файлдарды өңдеу

Жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Файлдармен жұмыс істегенде бірнеше стандартты функцияларды қолдану керек. Файлды ашу үшін fopen() функцияcы қолданылады, мысалы:
fp=fopen(name,mode)
мұнда fp – файлға сілтейтін нұсқауыш; name – файлдың аты, көбінесе символдық тіркес арқылы жазылады; mode – бұл параметр файл қандай режимде қолданылатынын көрсетеді, бұл да символдар тіркесімен төмендегідей түрде жазылады:
"r" – файлды оқу үшін ашу (файл бұрын ашылған болуы тиіс);
"w" – бос файлды информация жазу үшін ашу;
"a" – файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;
"r+"– файлдан информация оқу және оған информация жазу үшін ашу);
"w+"– бос файлдан информация оқу және оған мәлімет жазу үшін файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі);
"a+"– файлдан информация оқу және оның соңына информация қосып жазу үшін ашу).fprintf және fscanf функцияларын пайдалану
fprintf - файлға информация жазу үшін, ал fscanf – файлдан информация оқу үшін қолданылады. Олардың жалпы жазылу түрі:
fprintf(fp, “спецификация шаблоны”,p); p-өрнек;
Файлға сілтейтін нұсқауыш келесі түрде сипатталады:
FILE *fp;
fscanf(fp, “спецификация шаблоны”,адрес);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет