Тапсырмалар
№1.
№2
№3.
№4.
№5.
№6.
№7.
№8.
№9.
№10.
№11.
№12.
№13.
№14.
№15.
№16.
№17.
№18.
№19.
№20.
№ 5-6 өзіндік жұмыстар. Жиымдарды өңдеу
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар
Жиым немесе массив – бір типтегі элементтердің реттелген жиыны. Олар бір атаумен – идентификатормен аталады да, индексті айнымалы ұғымына сәйкес келеді. Мысалы, мынадай тізбек 0 1 1 2 3 5 8 13 21
Фибоначчи тізбегінің 9 элементін құрайды (алғашқы екі санды таңдап алып, келесі санды алдыңғы екеуін қосу жолымен алады). Ал мынау өзіне және бірге бөлінетін жай сандар тізбегінің алғашқы 7 элементі: 1 3 5 7 11 13 17
Осындай бір текті тізбектерді жиым түрінде С тілінде сипаттап, оған бастапқы мән беріп инициалдау үшін былай жазамыз:
int fib[8]={0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21}; немесе
int fib[]={0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21}; деп көрсетеміз.
Жиым элементтерін енгізу немесе оларды түрлендіру үшін цикл операторлары қолданылады. Төменде 10 элементі бар жиымды 0-ден 9-ға дейінгі сандармен толтырып, сонан кейін оларды кері бағытта экранға шығару мысалы көрсетілген:
main ()
{int ia[10];
int index;
for (index = 0; index <10; index ++)
ia[index] = index;
for (index = 9; index >=0; index --)
printf(“ %i”, ia[index]);
}
Есеп. Бақытты билет нөмірлерін экранға шығару керек.
//бақытты билеттер нөмірлерін шығару
#include
#include
main()
{ int a,b,c,x,y,z;
clrscr();
for (a=0; a<9; a++)
for (b=0; b<9; b++)
for (c=0; c<9; c++)
for (x=0; x<9; x++)
for (y=0; y<9; y++)
for (z=0; z<9; z++)
if (a+b+c==x+y+z)
printf("%i%i%i%i%i%i\n",a,b,c,x,y,z);
}
Достарыңызбен бөлісу: |