sБақылау сұрақтары: 1. О.Конттың әлеуметтануға ғылым ретінде дамытуға қосқан үлесін анықтаңыз.
2. Г. Спенсердің тұжырымдамасы әлеуметтанудағы қандай бағытқа жатады?
3. Э.Дюркгеймнің әлеуметтік тұжырымдамасының негізгі ережелері қандай?
4. Құрылымдық функционализмнің негізгі өкілдерін атаңыз?
5. атығыс теориясының негізгі ережелеріне сипаттама беріңіз.
¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б. 4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б.
5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б. Тақырып 3. Әлеуметтанулық зерттеулер
Дәріс 3 Қарастырылатын мәселелер 1. Әлеуметтанулық зерттеу дизайны.
2. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.
3. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері.
4. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.
Қазіргі әлеуметтану өз арсеналында әрқилы эмпириялық әдістерді қолданады. Олардың кейбіреуі этнографтардан, статистерден, психологтардан алынған, кейбіреуін әлеуметтану өзі жасаған. Ең негізгі әдістер мыналар: ақпараттық жазба көздерін, құжаттарды сұрыптау; бақылау және сұрау әдістері.
Құжаттарды сұрыптау – бұл жазба көздің, құжаттың мінезіне тән әртүрлі вариацияларда пайдаланылады. Әлеуметтануда осы әдісті қолдана отырып өте ірі ғылыми-әлеуметтік мәселелер шешілген. Мыс: М.Вебер қоғам дамуында социомәдени фактор бар екендігі туралы гипотеза жылжыта отырып, оны осы әдіспен дәлелдеп шықты.
Осы әдістің нақты, қатал түрі контент-анализ болып табылады. Бұл сұрыптау түрі жазба құжатты әлеуметтік маңыз немесе оған әлеуметтік мән бере отырып сұрыптау арқылы іске асырылады.
Бақылау. Егер социолог анықталған бағдарлама, гипотеза, зерттеу негізінде бақылау жүргізсе, бұл стандартталған бақылау деп аталады. Мұндай жағдайда социолог өз бақылауын өзі бұған дейін болжаған индикаторларға сәйкес тіркеп отырады.
Әлеуметтануда тікелей бақылау әдісі кең таралған. Мұндай жағдайда социолог өз зерттеу объектісінің ортасында өмір сүреді. Бұл зерттеу әдісінің бір кемшілігі, объектіге тікелей енген зерттеушіде сол ортаға байланысты антипатия не симпатия сияқты сезімдік көзқарас пайда болуы мүмкін. Ал бұл еріксіз социологты субъективизмге ұрындырады.
Сұрау әдістері. Сұрау әдістерінің негізгі екі түрі бар: анкеттік сұрақ және сұхбат.
Сауалнамалық. Ең алдымен социолог зерттелуге тиісті көріністің жалпы кестесін жасайды. Бұл кесте соңынан нақты негіздерге айналатын абстрактылы түсініктерден тұрады.
Сауалнама – орта есеппен 30-40 сұрақтан тұратын машинкада, компьютерде немесе типографиялық әдіспен көбейтілген құжат болып есептеледі. Сауалнама сұрағына жауап берушілер респондент деп аталады. Сұрақтар нақты болуы тиіс. Сұрақтар екі топқа бөлінеді, ашық және жабық. Ашық сұрақта социолог бос орын қалдырып, респонденттен өз пікірін білдіруді сұрайды. Мыс: «Сіздің отбасыңызда әрбір адамға шыққандағы кіріс қанша?». Сұрақтан соң бос орын қалады. Ал жабық болса, жоғарыдағы сұрақтан соң жауап беріледі. Мыс: 1) 2000 теңге, 2) 2000 мен 4000 арасы, 3) 4000 жоғары. Жабық сұрақтарды компьютерде тез өңдеуге болады, бірақ ол социологтан зерттелуші мәселені толық білуін талап етеді. Ашық сұрақтар егер социолог жағдайды толық білмеген жағдайда барлау мақсатымен жүргізіледі.
Сұхбат. Егер анкетаны респондент өзі толтырса, сұхбат кезінде оны оған маман оқып береді. Ол маман интервьюер деп аталады. Сұхбат әдісі негізінен екі мақсатта пайдаланылады, біріншіден, коммерциялық зерттеулерде белгілі бір тауарды жарнамалау мақсатында, ал екіншіден, егер анкетада қарапайым адамдарға түсініксіз терминдер көп қолданылса.
Статистикалық көзқарас тұрғысынан сұрау әдістерінің ішіндегі ең дәлдісі жалпы сұрау болып табылады. Бұның ең айқын мысалы жалпы халық санағы. XIX ғ. бастап ол Европа елдерінде, ал қазіргі уақытта барлық елдерде жүргізіледі. Санақ өте бай және нақты ақпарат береді, бірақ бұл өте қымбат тұратын шара. Ең бай елдердің өзі 10 жылда бір рет қана санақ жүргізе алады.
Осыған байланысты социологтар анағұрлым арзан, бірақ дәлдігі қалыспайтын жаңа сұрау әдісін тапты. Ол таңдап зерттеу деп аталады. Егер сұрауға жататын тұрғындарды жалпы жиынтық десек, онда таңдау жиынтығы соның кішірейтілген көшірмесі болып табылады. Мыс: АҚШ-тағы Гэллап институты тұрақты түрде таңдау методымен 1,5-2 мың адамды сұрап тұрады, ал сайлау кезінде 300 миллион американдық қалай дауыс беретінін болжап береді. Қателік бірнеше пайыздан аспайды.
Тұрғындардың қай бөлігі жалпы жиынтыққа жататынын зерттеу мақсаты айқындайды. Ал осылардың ішінен кімдердің таңдау жиынтығына жататынын математикалық әдіс шешеді.
Таңдау жиынтығы жалпы жиынтықтың дәл көшірмесі болуы тиіс. Бұл әлеуметтану негіздерінің негізі. Түпнұсқадан ауытқу репрезентативтік қателік деп аталады. Мұндай қателік анағұрлым аз болуы тиіс. Олай болмаса әлеуметтанулық зерттеу қорытындысы қате болып шығады.
Әлеуметтік зерттеулер 5 кезеңнен тұрады.
зерттелетін құбылыстарды анықтау, бастапқы болжамдарды тұжырымдау;
зерттеу жоспарын жасау;
мәліметтер жинау;
жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру;
ғылыми түсіндірме жасау, оны тексеру.
Зерттеу обьектісін анықтау және жоспарын жасау қоғамдық құбылысты ғылыми танып білудің 1-ші кезеңі болып табылады. Зерттеу құбылыс анықтағанда басқа құбылыстармен байланыстылығын анықтау керек. Ол білімдер толық болса, зерттелетін құбылыста толық дұрыс болады. Ғылыми зерттеудің міндеті-қоғамдық құбылыстар арасындағы байланыстардың формасы мен беріктігін анықтау. Бұл байланыстар мен қатынастар тәжірибеде іс жүзінде тексеругше болатындай болуы тиіс. Гипотезаның мазмұнын эмпириктік жолмен де тексеруге болады. Эмпириктік жолмен тексеру қажет болса, онда оны фактілермен салыстырамыз, ал теориялық тұрғыдан тексергенде ақиқаттығы бұрын негізделген қағидалардың, теориялардың көиегімен дедукциялық жолмен дәлелденеді.
Болжам - әрдайым ақиқат бола бермейді, бірақ олардың мүмкіндігінше ақиқат болуына талпыну керек. Ғылымда қолданатын гипотезалар төмендегідей болады:1.ұғымдары анық, 2.обьектілерге қатысты,3 тиісті зерттеу техникасы мен теорияларға қайшы келмейтіндей болуы тиіс
Бұдан зерттеудің жоспарын жасау белгіленеді. Жоспарды зерттелетін мәселемен алдын-ала танысу, сұрақтарға жауап алу, қорытынды жасау т,б. әлеуметтік проблемалар қарастырылады.
Қоғамдық құбылыстарды зерттеу ісі- мамандық иелерімен жүргізілетін күрделі коллективтік (ұжымдық) іс. Зерттеу жұмысының дұрыстығы үшін басшылықтарға нақты адамдар тағайындалып, қажетті қаражат мөлшері қарастырылады. Әлеуметтік зерттеулердің негізі социологиялық әдіс-тәсілдері мыналар:
Бақылау әдісі- қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.
Эксперимент әдісі- жасанды түрде қолдан жасау арқылы бақылау.
Сұрау әдісі- зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі.
Анкеталар тарату әдісі-әлеуметтік мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша немесе ауызша сауалнамалар алу.
Интервью алу әдісі-белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жоылмен мәліметтер жинау.
Тестілеу әдісі-жеке адамдардың өзіндік пікірлерін білу.
Математикалық-статистикалық әдіс-сан мен сапа жағынан анықтау, баға беру.