Ф 11-19 Турекулова Ж. Е ф 11-19



бет13/64
Дата29.12.2023
өлшемі479,93 Kb.
#144770
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Байланысты:
Ф 11-19 Турекулова Ж. Е-emirsaba.org

Ашық қоғаммемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам. «Ашық» және «жабық» қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Поппер енгізген. Ол мұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданған.

«Жабық» қоғам - догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, «ашық» қоғам -бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму қашанда «жабық» жүйеден «ашық» жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын көрсетеді. «Жабық» жүйелерге өзінің әлеум. және саяси құрылымдары жөнінен әрқилы елдердегі (Спарта, Пруссия, патшалық Ресей, нацистік Германия) әміршіл-әкімшіл қоғамдар, «Ашық» қоғам үлгісі ретінде көне дәуірдегі халық кеңесі басқарған Афина мен жаңа замандағы мемлекеттер мысал бола алады. Демокр. мемлекеттердің түрлері көп болғанымен олардың өзіне тән ортақ белгілері бар. Халық билігі, теңдік, әділеттілік, еркіндік принциптеріне негізделген мемл. жүйеде ғана А. қ. өркен жаяды. Қазақстан мемлекеті де биліктің түп иесі халық болып табылатын демокр. республика әр адамның негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы берілген, соның ішінде сын құқығы заң жүзінде қорғалады.

2. Қоғам мүшелерінің арасында əлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мəнін түсінуде əлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.

«Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның əр даму сатысына тəн түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Біз қоғамның əлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып кеткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың əлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында əлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мəселен, табыстарының көлемі, білім деңгейі, мамандықтағы мəртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ə) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық жəне жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен əлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар əлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады.
Қоғамдағы қалыптасқан діни-наным мен дəстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынас асауларына қатаң тыйым салынған. Брахмалық діни-наным бойынша, əр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет