Ф 11-19 Турекулова Ж. Е


Институционалдық құралының маңызды факторлары



бет61/64
Дата25.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#127081
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Yvrhqzyy5Vh5pVje81dEnAjRJKojUU59sOVMoTaX

Институционалдық құралының маңызды факторлары:
халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы танылған сатының болуы (мемлекеттер және халықаралық саясаттың жаңа субъектілері);
сыртқы саяси іс-әрекеттердің қағидаттары мен ережелерінің жиынтығы;
маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдау жүйесі;
санкциялар кешені және осы санкцияларды бұзғаны үшін қолданылатын шаралар;
қабылданған шешімдерді жүзеге асырудың нысандары және әдіс-тәсілдері - халықаралық тәртіпті жүзеге асыру режимі.
Халықаралық тәртіптің талдауына қатысты ғылыми әдебиеттерде: құрылымдық және режимдік-институционалдық талдау қалыптасқан. Қазіргі халықаралық сатыдағы құрылымда құрылымдық және режимдік-институционалды жағынан үстемдік ұстанымына де-факто түрінде Америка Құрама Штаттары ие. АҚШ қазіргі әлемнің кешенді көшбасшысы ретінде танылса, де – юре бұл факторды Қытай Халық Республикасы мойындамайды және Ресей Федерациясы тарапынан қайшылықтар тудыруда.
Халықаралық тәртіпті қамтамасыз етудің институционалдық механизмдеріне халықаралық ұйымдар да кіреді: БҰҰ, ЕО, НАФТА, ШЫҰ, МЕРКОСУР, АСЕАН, АТЭС.
Халықаралық тәртіптің құқықтық механизмі. Бұл күрделі құқықтық кешенді құрайтын келісім шарттар және заң қағидаттарының жиынтығы. Олар өз саласында мемлекетаралық және басқа да қатынастарды реттейді. Халықаралық құқықтық тәртіп – бұл мемлекеттер арасындағы халықаралық-құқықтық қатынастардың жүйесі.
Халықаралық тәртіпті қамтамасыз етудің құқықтық құралдары халықаралық тәртіпте маңызды роль атқарады, халықаралық қауымдастықта заңсыз іс-әрекеттердің орын алуынан сақтайды. Тәртіпті құқықтық жағынан қамтамасыз етумен халықаралық органдар айналысады. Олар:
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі;
Халықаралық Сот;
Теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал ж.т.б.
Қазіргі халықаралық құқықпен реттелетін қатынастардың негізгі субъектілері: мемлекеттер және ұлттар. Олар – мемлекеттердің халықаралық қауымдастығын құрайды.
Қауымдастықтар халықаралық құқықтық тәртіп арқылы халықаралық құқық бұзушылыққа жол бермеуге саясатын бағыттайды.
Халықаралық құқық бұзушылықтарға төмендегілер кіреді:
агрессиялық іс әрекеттер (әскери агрессия, блокада ж.т.б.);
қастандық шаралары (агрессияны насихаттау, қарулы топқа қолдау көрсету, терроризм);
басқа мемлекттерде жалған құжаттарды тарату.
Халықаралық құқықтық тәртіп адамдар және мемлекеттер арасындағы қатынастардың нәтижесі. Ол төмендегідей үш түрдегі ара-қатынастардан туындайды:
тұлға – мемлекет – планета – ғарыш;
тұлға –ұжым –қоғам –әлемдік қауымдастық;
тұлға – оның құқықтық мәртебесі – қоғамның (мемлекет) құқықтық жүйесі – халықаралық құқық – халықаралық құқықтық тәртіп.
Халықаралық тәртіптің экономикалық механизмі – халықаралық қауымдастықтық акторлары арасындағы экономикалық қарым-қатынас және экономикалық шараларды реттеу шаралары.
Экономикалық тәртіп дегеніміз – ғаламдық экономикалық қатынастар шеңберінде бір текті жүйені құру және халықаралық экономикалық жүйені реттеу тәртібі.
Экономикалық тәртіптің негізін құрайтындар:
экономикалық байланыстарды нығайту;
сауда, қаржы, көлік байланыс ережелерін реттейтін халықаралық режимдердің құрылуы;
экономикалық интеграция.
Экономикалық интеграция мемлекеттік және корпоративтік деңгейде құрылады.
Жаңа экономикалық тәртіп – дамушы елдер тарапынан ұсынылып отырған олардың индустриалды елдермен қатынасындағы түбегейлі өзгерістерді ұсынған ұсыныстар жиынтығын айтамыз. Жаңа экономикалық тәртіпті енгізу бойынша Декларация 1974 жылы 1 мамыр күні БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған. Декларацияда: жер шарының халқының 70 пайызын құрайтын дамушы елдер үлесіне әлемдік табыстың 30 пайызы ғана тиесілі екендігі айтылып, жаңа экономикалық тәртіптің 20 қағидатқа негізделуі туралы ұсыныс жасалынған. Ол төмендегідей талаптардан тұрады:
табиғи қорларға және басқа да экономикалық қызмет түрлеріне толық ұлттық суверенитетті орнату;
шикізат көздеріне деген бағаның толқуын реттеу;
дамыған мемлекеттермен сауда жасау барысында преференцияларды кеңейту;
халықаралық валюталық жүйені реттеу;
дамушы елдердің өнеркәсіптік экспортын кеңейтуді ынталандыру;
дамушы және дамыған елдер арасындағы технологиялық алшақтықты қысқарту бойынша шаралар кешенін қабылдау;
қаржылық қарыз шарттарын жеңілдету және дамыған елдерден дамушы елдерге нақты қорларды тартуды көбейту;
трансұлттық корпорациялардың қызметіне бақылау орнату және реттеу.
Халықаралық тәртіптің әскери-саяси механизмі – халықаралық тәртіпті қамтамасыз ету жолында барлық мемлекеттер қолданылатын механизм. Халықаралық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жекелеген мемлекеттер немесе коалициялар тарапынан халықаралық ұйымдардың мандаты негізінде қолданылады (1990-2000 жж Сомали, Бурунди, Шығыс Тимор, оңтүстік Ливан) немесе рұқсатынсыз (1999 ж НАТО Косоводағы әскери операциялары) қолданылады. Бұл мәселеде, «Гуманитарлық интервенция» деп аталынып жүрген әдісті халықаралық тәртіпті сақтау үшін және өз мүдделерін орнату үшін қолданылатын механизм ретінде де қарастыруға болады.
Халықаралық тәртіптің мәдени-идеологиялық механизмі – халықтар және мемлекеттер арасындағы рухани қондырғылар, құндылықтардың орнатылуы. Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау.
Халықаралық тәртіптің ақпараттық механизмі – мемлекеттер және халықаралық қатынастар жүйесінің элементтері арасындағы ақпаратпен алмасу. Қазіргі кезде ғаламдық ақпараттық желі халықаралық қатынастардың негізі ретінде қарастырылуы ақпарат көздерінің халықаралық тәртіптің негізіне айналуын тудырды.
Жүйе ішілік халықаралық тәртіптің төмендегі деңгейлерін анықтауға болады:

  • ғаламдық;

  • аймақтық;

  • субаймақтық;

  • екі жақты.

Ғаламдық немесе әлемдік тәртіп халықаралық қатынастардың толықтай жүйесін білдіреді. Ол өзінен төменгі жүйе ішілік тәртіптердің үрдістеріне ұйымдық құрылымының негізін қалайды. Аймақтық тәртіп – бұл ірі географиялық аумақтардағы халықаралық қатынастардың жағдайы.
Субаймақтық тәртіп – белгілі аймақта орналасқан мемлекеттердің жергілікті топтарындағы тығыз қарым-қатынастарын сипаттайды.
Екі жақты тәртіп –мемлекеттер арасындағы қалыптасқан саяси, экономикалық, мәдени-идеологиялық қарым қатынастардың көрінісі.
Халықаралық тәртіптердің тарихи қалыптасқан негізгі түрлері:
Вестфаль;
Вена;
Версаль-Вашингтон;
Ялта-Потсдам.
Қазіргі халықаралық тәртіп және халықаралық қатынастар жүйесі өзінің бастауын 1648 жылдан, Вестфаль бітім шарты арқылы отыз жылдық соғыс аяқталып, Ұлы Рим империясы тараған кезеңнен алады. Вестфаль бітім шарты арқылы ұлттық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы бекітіліп, ұлттық мемлекеттер құрылды. Бұл кезеңдегі халықаралық тәртіптің үстем қағидаты – ұлттық суверенитет мәселесі болды.
Халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың теңдігі идеясы 1815 жылға дейін, яғни Наполеон соғыстарынан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіне дейінгі кезеңде сақталды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Вена конгресінің нәтижесінде құрылған Қасиетті Одақ тарап, оның орнына екі негізгі әскери-саяси топ – Үштік Одақ және Антанта құрылады. Бұл кезеңдегі әлемдік тәртіп Версаль – Вашингтондық халықаралық тәртіппен бекітілген. Аталған халықаралық тәртіп те халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге күші жетпей, нәтижесінде екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Ялта-Потсдам шарттарында ( Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ялта(4 — 11 ақпан. 1945) мен Потсдам (1945жыл, 17 маусымнан 2 тамызға дейін) қалаларында өткен конференциялар нәтижесінде бекітілген әлемдік тәртіптің жаңа көрінісі) бекітілген халықаралық тәртіпте дүниежүзі екі жетекші орталықтың ықпалымен екіге бөлінді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан халықаралық тәртіп – биполярлық құрылым ретінде танылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған АҚШ және КСРО ұстанымдары және мүдделерін сипаттайтын Ялта-Потсдам жүйесі 1991 жылы КСРО күйреуімен бірге ыдырады. Нәтижесінде Рейкъявиктегі және Мальтадағы келісімдер арқылы Ялта-Потсдам жүйелері күйреді. Бұл кезең 1997 жылы НАТО ның Мадридтегі саммитімен аяқталды. Мұның негізгі нәтижелері төмендегідей:
КСРО геосаяси шынайылық ретінде өмір сүруін тоқтатты;
екі Германия бірікті;
Югославия федерациясы ыдырады;
Кеңес әскерлері Ауғанстаннан әкетілген соң елде саяси хаос басталды;
Ирактағы соғыс нәтижесінде аймақ азаматтық, этникалық, діни қақтығыстар режиміне кірді;
НАТО территориялық кеңістіктегі ықпалы артты.
Сол кезден бастап әлемдік саясатта бір полярлы жүйе, яғни АҚШ гегемониясын құру туралы идеямен ерекшеленеді.
Бұл негізінен әлемдік тәртіптің келесі бесінші жаңа кезеңіне өту болып табылады. Оның негізгі шарттары:
АҚШ әлемдік держава ретінде мойындау және оның саяси, экономикалық және мәдени үлгілеріне халықаралық процестің басқа да қатысушыларының бейімделуі;
ұлттық суверенитет қағидаттарының өзгеруі және оның орнына «бүкіл әлем – әлемдік державаның стратегиялық мүдделерінің аймағы» деп қарастырылатын идеяның келуі;
ғаламдық қауіпсіздік (НАТО үстемдігін дәріптейтін) және Батыс әлеміне қарсы тараптарды «бейбітшілікке күштеп мәжбүрлеу» идеяларын институционалды түрде рәсімдеу (2011 жылғы Ливиядағы, 2007 жылғы Ирактағы, 1998 жылғы Югославиядағы НАТО әскерлерінің әскери операциялары).
Ал, ХХІ ғасыр қойнауында орын алып отырған халықаралық тәртіп бойынша қызу пікірталастар әлі күнге дейін өз шешімін таппаған. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Жаңа әлемдік тәртіп» терминологиясы жиі қолданылуда. Жаңа әлемдік тәртіп (ағылш New World Order) – саясатта қолданылатын әлемдік саясаттағы түрлі құбылыстар және әлемдік құрылымның болашақтағы сипатына болжау жасау. «Жаңа әлемдік тәртіп» түсінігінің негізгі мәні – бір мемлекеттің ғаламдық саяси және экономикалық көшбасшылығын орнату. Мұндай тәртіптің негізгі идеясын қондыру мақсатында, АҚШ президенті В. Вильсон 1919 жылы Париж бейбіт конфренциясында «АҚШ дүниежүзінің құтқарушысы», деп мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда американдық саясаткерлер Генри Киссинджер және Збигнев Бжезинский ұсынып отырған «Жаңа әлемдік тәртіп» - бұл ғаламдық деңгейде АҚШ үстемдігін орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет