Конформизм (конформдық мінез-құлық) – келісімге келу, субъектілік позициядан бас тарту.
Қолдау үлгісі – қалыптасқан əлеуметтік тəртіптерді қолдаудың əрқилы түрлері.
Қақтығыс – субъектінің өзінің позициясының қарама-қарсы тұрған жақпен сəйкессіздігін сезінуі.
Бірегейлікті зерттеудің бастауы З. Фрейдтің «Топтық талдау және Эго талдауы» еңбегінен бастау алады. 1914 жылы жазылған еңбекте бірегейлікті психологиялық тұрғыда қарастырған З. Фрейд, тұлға және әлеуметтік топ арасындаға өзара іс-әрекеттердің маңызды механизмі ретінде тұжырымдаған. З. Фрейд бірегейлікті тұлғаның басқа да адамдармен салыстырғанда өз ерекшелігін, өзіндігін түйсінуі, сезінуі деп қарастырған. Ғалым бірегейлікті, екі түрде қалыптасатын құбылыс ретінде сипаттайды. Бірінші сипатында ол өзгелерге еліктеп, осы топпен ұқсастықтарына оң көзқарас тұрғысынан бағалайтыны ретінде және екінші сипаты, өзіне жат өзгешелерден ерекшеленуі ретінде сипаттайды.