Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет13/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Кешенді сараптау – сарапшымен тауардың барлық сипаттамаларын оларды сынау және құжаттық талдау негізінде бағалау. Ол тауартану және құндық сипаттамаларын қосып алады. Кешенді сараптама тауартану сараптамасының басқа сандық, сапалық, ассортименттік және құжаттық түрлерін қосып алатындықтан, олардағы пайдаланылатын барлық құралдар мен әдістер сараптаудың жинақталған түрінде қолданылады.

Санитарлық-гигиеналық сараптама – тауарлық сараптаудың маңызды түрлерінің бірі, себебі оның мақсаты тұтұнушылар үшін тауардың қауіпсіздігін дәлелдеу болады. Санитарлық-гигиеналық сараптама, тауартану сараптамасын тауарлардың қауіпсіздігін растаумен толықтыруы маңызды болады және кешенді тауартану сараптамасы оның бір ғана нәтижесі емес. Сарапшылар гигиеналық сараптама жүргізген кезде, мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық нормалау және ҚР Мемлекеттік санитарлықэпидемиологиялық қызмет туралы ережелерді басқаруға алуы керек.

Санитарлық-гигиеналық сараптаманы субъектілерге байланысты зерттеулер шикізаттарды гигиеналық, және өнімдерді (тауарларды) технологиялық, фитосанитарлық және медициналық сараптамаға айырады.



Гигиеналық сараптама – орнатылған гигиеналық талаптарға шикізаттың, өнімнің және буып-түюдің сәйкестігін сарапшымен бағалау. Гигиеналық сараптаманың мақсаты – өмір үшін тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сараптаманың бұл түрлеріне кіретін міндеттер: орнықтырылған ұтымды номенклатуралық көрсеткіштер; көрсеткіштердің шын мәндерін анықтау;

Онықтырылған талаптарға көрсеткіштердің шын мәндерінің сәйкестігін растау. Гигиеналық талаптарға қосылады:


  1. Тауарлардың органолептикалық касиеттерін жақсартатындар (түс, құрылым, иіс, тамақ өнімдеріне – дәм);

  2. Арналған функционалдық көрсеткіштерін жоғарылататындар (мысалы, тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығын арттыратын амин қышқылдарын және витаминдерді, полимерлік материалдардың пластикалық қасиеттерін жақсартатын пластификаторларды қосу).

  3. Сақталуын, соның ішінде сақтау мерізімін арттырғыштар

(консерванттар).

Фитосанитарлық сараптама – өсімдік өнімнімдерін оның карантиндік (тыйым салу) қауіпсіздігін растау үшін бағалау. «Фитосанитария» деген термин «фито» (өсімдік) және «санитария» екі сөздің қосындысынан шыққан.

Фитосанитарлық сараптаудың мақсаты – карантинге жатқызылатын ауылшаруашылық зиянкестерінің таралуын болдырмау.

Фитосанитарлық сараптама нысандары карантинге, карантин емеске бөлінетін өсімдік шикізаттары, өнімдер, оларды зақымдайтын зиянкестер және микроағзалар болады.

Фитосанитарлық сараптама субъектілері: тапсырыс бойынша сараптама жүргізетін карантиндеу органдарының сарапшылары, және тапсырыс беруші – ауылшаруашылық және сауда ұйымдары.

Елде карантиндік қызметтің тарамдалған желілері бұрыннан құрылған.

Карантиндік зиянкестер – ауылшаруашылық мәдени дақылдарына, өсірілген өнімдердің сапасын нашарлатып, өнімдерді құртып немесе төмендетіп орасан залал келтіретін жәндіктер.



Технологиялық және медициналық сараптама. Технологиялық сараптама – өндірістік үдерістердің, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және тауарларға қойылған санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін сарапшының бағалауы.

Бұл санитарлық-гигиеналық сараптаудың түрлері, тауартану сараптамасының бір бөлігі болады. Сондықтан тауартанушы-сарапшылармен өз бетінше жүргізіле алады немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің сарапшыларымен бірлесіп жүргізіледі.

Бұл сараптаудың мақсаты – тауарларды өндіру және сақтау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сараптаудың нысандары – тауартанудың барлық немесе жеке кезеңдеріндегі технологиялық үдерістер.

Өндірістіегі және қызмет етушілерді медициналық сараптама – өнімдерге жанасу арқылы тұтұнушыларға беріліуі мүмкін ауруды анықтау үшін қызмет етушілерді тексеру.

Бұл сараптаудың мақсаты – өнімнің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Медициналық тексеруді 3 айда бір реттен кем емес санитарлық дәрігерлер жүргізеді. Медициналық сараптаманың белгілі мерізіммен және жүйелі жүргізілуі – тасымалдаушы болатын және қауіпті ауруларды жұқтырған жұмысшыларды уақытында анықтаудың кепілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет