Дайындау кезеңі. Сараптау ұйымдары, тапсырыс беруші ұйымдарға тауарлық сараптама бойынша орныққан келісім формасы негізінде қызмет көрсетеді. Сараптама жүргізуге, тапсырыс беруші жағдай туғызуға және шығындарды өтеуге, ұзақ мерізімді жазбаша кепілдеме хат береді.
Сараптама жүргізер алдында оны жүргізуге негіз қарастырылады және ол сараптаманың міндеттері мен мақсатын анықтайды. Сонан соң сараптама жүргізудің әдістемелері және құралдары таңдалады.
Сараптаманы дайындау кезеңінде тауарлық сараптаманың арналуы туралы құжатты алады. Оған жататындар: сараптама жүргізуге тапсырыс берушінің өтініші және сараптама жүргізуге наряд. Сарапшы дайындық кезеңінде сараптама жүргізуге сәйкесетін қажетті нормативтік құжаттармен (стандарттар, ТШ, нұсқаулар және т.б.) танысуға міндетті.
Оның басталуы деп сарапшы сараптамаға тапсырыс берушіге келуі кезеңі немесе сараптама бағалауды жүргізу үшін жұмысшы топтың жиналуы (мысалы, дәмтату, немесе жаңа тауарларды сараптау) кезеңі саналады.
Сандық және сапалық тауартану сараптамасын жүргізгенде тапсырыс беруші сарапшыға келесі техникалық құжаттарды беруге міндетті: тауарлық жолдама құжаттар; тауарлық көліктік жүкқұжаттар, сертификаттар, сапа туралы куәлік, шот-фактура және тауар туралы ақпараттар, тауартану сараптамасына ұшырайтын басқа да құжаттар; жабдықтаушының шақыру қағазының сендірілген көшірмесі, егер де ол шақырылса; қабылдау актілері, жабдықтаушы мен алушының арасындағы келіспеушілік актісі (келіспеушілік туындауына байланысты сарапшы шақырылғанда акті талап етіледі); алғашқы сараптаманың актісі (екінші рет сараптама жүргізгенде немесе бақылау тауарлық сараптама жүгізгенде); коммерциялық актілер; сынама алу актілері; қорытынды немесе тауарлардың үлгілерін сынау хаттамалары; сату-алу немесе беру келісімі; басқа қажетті техникалық немесе нормативтік құжаттар.
Сарапшы құжаттардың түпнұсқасы екендігін тексеру үшін, барлық қажетті реквизиттердің барлығын, растауға мүмкіндік беретін сандық, сапалық, ассортименттік тобын, шыққан елін, дайындаушыны немесе тауарды жабдықтаушыны анықтауы керек. Қажетті құжаттардың болмауы, оларда көрсетілген ақпараттың дәл еместігі, сараптама жүргізуден бас тартуға негіз бола алады.
Соңғы кезең. Бұл бір ең жауапты кезең. Мұнда алдында жүргізілген жұмыстардың жинақталуы жүргізіледі. Бұл кезеңнің мақсаты алынған нәтижелерді талдау және бағалау, және оларды құжаттық дайындау болады. Нәтижелердің жеткіліксіздігі, дәл еместігі және анық еместігі оларды сендіруге, бағалаудың дұрыс жүргізілгеніне күман келтіреді.
Сараптаудың нәтижелері сараптау актісі түрінде немесе дегустация хаттамасы немесе басқа формада дайындалуы мүмкін. Сараптама нәтижелерін дайындау үшін арнайы формадағы бланк қолданылады және жоғары сараптау ұйымының жетекшісімен бекітілуі мүмкін. Сараптау актісі немесе қорытынды үш негізгі бөліктен тұруы керек: жалпы (хаттамалық); негізгі (фактіні көрсететін) қорытынды. Әрбір бөліктерге сараптаманың мақсатымен анықталатын нақты мәліметтер тізбесі тән.
Достарыңызбен бөлісу: |