Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет246/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

8.3.1. Маргарин сапасына сараптау


Маргаринді органолептикалық бағалауда түсін, иісі мен дәмін, мөлдірлігін мен концистенциясын бағалайды.



Түсін күндізгі жарықта көзбен қарап анықтайды, май температурасын 15– 20 ºС болу керек. Маргаринсынамасын сүт шынысынан жасалған пластинаға 5 мм қалыңдықпен жағып көреді. Маргаринтүсі оның тауарлық сипаттамасы болып табылады,түсі оның сапасы туралы айтуға болады. Маргаринді сақтау кезінде жасыл рең пайда болуы құрамындағы пигменттердің тотығуын білдіреді. Маргаринге тән емес сары түстің пайда болу оның ашуын білдіреді.

Дәмі мен иісін май температурасы 15–20 ºС болғанда анықтайды.

Оның консистенциясын анықтау үшін майды металл шпательмен басып көріп анықтайды.



Еріген маргарин мөлдірлігін органолептикалық әдіспен немесе фотоколориметр көмегімен анықтайды.

Органолептикалық анықтау кезінде түссіз шыныдан жасалған пробирка жартысына май толтырып, 60–70 ºС температуралы су моншасына еріту үшін қояды, содан соң 60–70 ºС температурада мөлдірілігін күндізгі жарықта қарап анықтайды.

Асханалық маргариндер жоғары және бірінші сұрыпты болып өндіріледі. Маркалы және дәмдік қоспалары бар маргариндер сұрыптарға бөлінбейді.

Барлық маргариндердің дәмі мен иісі таза, сүтті сүт қышқылды хош иісі бар болуы керек. Маргарин консистенциясы 10 С температурада жеңіл еритін, біртекті, созылмалы, жылтыр. Бірінші сұрыптың жылтыры төмендеу болады.

Маргарин түсі ашық-сары, құрамы біркелкі болуы қажет.

Маргарин құрамындағы ылғалдың мөлшері 16–17 % аспауы керек. Балқу температурасы 27-ден 32 С дейін.

Маргарин ақаулары:

Ашыған дәм – маргарин өндіруде сапасыз шикізат қолданғанда және маргаринді дұрыс сақтамағанда пайда болады.

Айқын білінетін өсімдік майының дәмі жеткіліксіз мөлшерде рафинадталған майды қолданғанда пайда болады.

Таза емес дәм майларды дұрыс дезодораттамағанда және маргаринді дұрыс сақтамағанда пайда болады.

Маргарин бетінде су тамшыларының шығуы – майды дұрыс эмульсияламағанда пайда болады.

Үгілгіш консистенция немесе қатты консистенция маргарин өндірудің технологиясы бұзылғанда пайда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет