Суытылған етті сақтау. Суытылған ұша мен жарты ұшаны шамамен –1 С температурада, 85% ылғалдылықта, табиғи ауа айналымында (0,1 м/с) сақтайды. Шекті сақтау мерзімі сиыр жарты ұшасы мен ширек ұша – 16 тәулік, бұзау жарты ұшасы – 12 тәулік.
Сиыр етін сұрыптық мүше түрінде вакуумда полиэтилен целлофан немесе басқа құрама пленкаға оралған түрде сақтаған жөн. Бұндай орама сұрыптық мүшелерді 0 С температурада 7–10 тәулік, -1,–1,5 С температурада 28 тәулік сақтауға мүмкіндік береді.
Суытылған күйде етті сақтау мерзімін ұзарту үшін суықпен бірге көмірқышқыл газы, ультракүлгін сәулелер, озон, азот және микроағзаларді өлтіретін заттар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |