Пісірілген шұжықтарда 55–75% ылғал және 1,8–3,5% тұз болады. Сапасы бойынша жоғары, І және ІІ сұрыпқа бөлінеді. Турама негізі ретінде сиыр және шошқа еті қолданады. Сонымен қатар қыртысмай қолданады. Крахмал, бидай ұны, полифосфат, сүт ақуызы қосылады. Турамаға жоғары сұрыпты сиыр еті (10–45%), шошқа еті (15–75%) және қыртыс май (20–30%), мускат жаңғағын немесе кардамон қосады.
Фаршталған шұжықтармұқият майлардан, сіңірлерден ажыратылған шошқа және бұзау етінен жасалады, қажетінше қыртысмай, тіл, қан массасын, сүт, жұмыртқа қосылады. Бұл шұжықтарды қолмен жасайды. Тек жоғары сұрыпты болып өндіріледі.
Қанды шұжықтар дифибринделген қаннан (фибрин ақуызы жойылған), қыртысмайдын, шошқа етінен, сиыр етінен, татымдықтар қосып жасалады. Қанды шұжықтар қою қызыл түсті жағымды дәмді болады.