Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Кәсіптік балықтарды жіктеу және сипаттамасы



бет313/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

12.3. Кәсіптік балықтарды жіктеу және сипаттамасы


Барлық балықтар тіршілік ету ортасына байланысты төрт топқа бөлінеді:

Теңіз балықтары тек теңізде немесе мұхитта тіршілік етіп көбейеді. Олар ашық теңізде тіршілік ететін пелагиялық балықтар (май шабақ, сардина, скумбрия, тунец және т.б.), теңіз түбінде тіршілік ететін балықтар (треска, камбала, пикша, палтус және т.б.) болып ажыратылады.

Тұщы су балықтары тұщы суда тіршілік етіп көбейеді (сүйрік, нәлім, бахтақ балық, тұқы, дөңмаңдай және т.б.).

Жартылай өрістейтін балықтар әдетте өзен сағасының алдында тұщы теңіз бөліктерінде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу және қыстау үшін өзеннен кетеді (табан балық, сазан, көксерке, жайын және т.б.)

Өрістейтін балықтар теңіздерде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу үшін өзендерге кетеді (бекіре балықтар, албырт балықтары) немесе керісінше өзендерде тіршілік етіп, уылдырық шашу үшін теңіздерге кетеді (угорь).

Балықтарды басқа белгілер бойынша да ажыратады: өлшемі мен салмағы бойынша – ірі, орташа және майда; майлылығы бойынша – арық (2%-ға дейін май), орташа майлы (2-8% май), майлы (15%-ға дейін); өте майлы (15% жоғары), аулау уақыты бойынша және т.б.

Кәсіптік маңызы бар балық тұқымдарына бекіре, албырт, тұқы, алабұға, майшабақ, треска тұқымдастары жатады. Ал қалғандарының кәсіптің маңызы шамалы, бірақ кейбір балық түрлерін көп мөлшерде аулайды – шортан, сом, кефаль, скумбрия, камбала және т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет