Тұқы (карп) тұқымдастары түрлері көп тұқымдастардың бірі. Бұл балықтарда ір арқа қанатшасы және айқын білінетін бүйір сызығы бар. Қабыршағы ірі, денесіне тығыз жабысқан. Тұқы тұқымдастарына сазан, табан балық, торта, рыбец, тұқы, тарань, чехонь, шармай, дөңмаңдай, қаяз, амур және т.б. жатады.
Тұқы (карп) тұқымдас балықтардың еті нәзік, орташа майлы, дәмді, бірақ майда бұлшық аралық қылтанақтары көп.
Тұқы (карп) – тұщы суда өседі. Оның қабыршақты, қабыршақсыз және жылтыр түрлері болады. Әдетте көбінесе жылтыр тұқыны өсіреді, оның қабыршағы мүлде жоқ, тек бүйірлерінде ғана бірнеше ірі қабыршағы болады. Салмағы 500 грамнан 1,5 килограмға дейін жетеді. Оның еті аспаздық тағамдардың барлық түрін жасауға жарайды.
Сазан – түқылар тұқымдасына жататын балықтардың бірі. Ол Қара теңіз бен Азов, Каспий, Арал теңіздерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінде, Сырдария, Іле, Ертіс, Қаратал т.б. өзендерде көп кездеседі. Сондай-ақ Тынық мұхитқа құятын көптеген өзендерді мекендейді. Сазан – ірі балық (салмағы кейде 16–22 кг жетеді). Ірісінің ұзындығы 33 см жоғары, майдасы – 33 см дейін. Бұл балық тәтті және майлы, етінен неше түрлі аспаздық тағам әзірлеуге болады, Сазанның ірілерінің басы майлы және етті болып келеді, сондықтан оны қайнатып жеген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |