Тауарлық сараптаманы жіктеу. Тауарлық сараптаманы жіктеу, сараптап бағалау үшін қолданылатын номенклатуралық талаптарды ескеріп жүргізіледі. (1.1-сурет). Тауарлық сараптаманың жіктелуі 1.2-суретте келтірілген.
Тауарлық сараптаманың нысандары мен субъектілері. Сараптау нысандары. ТС негізгі нысандары тұтынушылық тауарлар болады. Бірақта кейбір жағдайларда, кешенді бағалау сараптамасын жүргізгенде Тауарлық сараптаманың қосымша нысандарды енгізуге қажеттілік туындайды. Оларға жататындар: шикізаттар; материалдар; жартылай фабрикаттар; құжаттар: өндірістік технологиялық үдерістерге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге дайындауға; қызмет көрсету бойынша: буып-түюге, маркілеуге, сатылған соң қызмет көрсетуге; тауарлардың құнын анықтауға; тұтынушының қолдану немесе пайдалану ережелері. Тауарлық сараптаманың нысандары 1.3-суретте берілген.
Тұтыну тауарлары – тұтынушыға өткерілген және олардың жеке мақсаттарына қолданылатын өнім.
Тауарлық сараптаманың мақсаты және оның болжанатын соңғы нәтижелері сараптап бағалау кезінде қойылатын тауарлардың қасиеттерін таңдауды анықтайды. Сондықтан мұндай таңдау критерияларын білу сарапшы үшін өте маңызды.