Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет85/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Қарлыған (крыжовник) – тас жарғандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда 1 түрі: тікенді қарлыған (G.acіcularіs) бар. Қалың бұта. Республиканың барлық облыстаныда кездеседі. Тастақты жалаңаштау және қырат баурайларында өседі. Сәуірде гүлдейді. Биіктігі 50-100 см. Жапырағы қондырмалы. Жемісі – шырынды, ірі жидек. Құрамында 5-12% қант, 1-2% органикалық қышқылдар, пектин заттар, С дәрумені, каротин бар. Жиедгін шикілей жеуге болады. Одан шырын, тосап, сусын әзірленеді.

Пішіні бойынша қарлыған жидектері домалақ және ұзынша; өлшемі бойынша- майда, орташа және ірі, түсі бойынша сары, жасыл, қызыл, күлгін; бетінің сипаты бойынша түкті және түксіз болады. қарлығанның жемістері қышқыл тәтті, құрамында 10% қант 2% дейін органикалық қышқылдар, пектин заттары С дәрумені және каротин бар.

Десертті сұрыптары: Финик, Английский желтый және т.б.

Қарлығанның жидектері сауда орындарына балғын, таза, бір помологиялық сұрыпты, бір текті түсті, ақаусыз, аурусыз болып түсуі керек.



Таңқурай (малина). Біздің елімізде бақшалық және жабайы таңқурай кең тараған. Бақшалық таңқурай құрамында 9% дейін қант, шамамен 2% органикалық қышқылдар, пектин заттары мен дәрумендер (С, В1, В2, В6, РР, Е, каротин) бар. Таңқурайды балғын түрінде де, сонымен қатар тосап, желе, пастила жасауда қолданылады. Кепкен таңқурай және оның тосабы суық тиіп ауырғанда ем.

Кең тараған сұрыптары: Награда, Рубин, Усанка, Прогресс және т.б. Жидектер таза, балғын, піскен, бір помологиялық сұрыпты, зақымданусыз болу керек.



Бүлдірген (земляника). Бақшалық бүлдірген ерте піседі және ерекше дәм мен хош иіске ие. Бүлдірген жидектерінде 7,2% қант, 1,3% дейін органикалық қышқылдар, ароматты заттар, темір тұздары, С дәрумені бар. Оларды балғын түрінде, емдік мақсатта (қан аздықта, подаграда) қолданады және өңдейді.

Кең тараған сұрыптары: Фестивальная, Заря, Зенга, Зенгана, Рощинская, Виктория, Рубиновая, Муго және т.б.

Сапасы бойынша бүлдірген жидектерін І және ІІ тауарлық сұрыптарына бөледі. І және ІІ сұрыпты жидектер балғын, таза, бір помологиялық сұрыпты, механикалық зақымданусыз болу керек. І сұрыпты жидектердің ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі 2 см болу керек, ІІ сұрыпты жидектерде өлшемі нормаланбайды.

Құлпынай (клубника). Құлпынай жидектері ұзынша конус формалы, қою күлгін түсті. Олар бүлдірген жидектеріне қарағанда майда, бірақ өте жағымды ароматқа ие.

Жабайы жидектерге мүкжидек, итбүлдірген, бүлдірген, қара жидек (черника), мүкқарақат (морошка), көкжидек, шырғанақ және т.б. жатады. Бұл жидектерден негізінен кисель, морс, сироп, тосап дайындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет