Мүкжидек (клюква) – майда, қызыл, шырынды, қышқыл жидектер.
Итбүлдірген (брусника) – домалақ, қызыл, ащы дәмді жидектер. Оның құрамында қант, бензой қышқылы бар, бұл оларды суға салып қойғанда сақталғыштығына ықпал етеді.
Қара бүлдірген (ежевика) – жидетері таңқурайға ұқсас, тек күлгін түсті.
Жидектердің аурулары. Жидектер саңырауқұлақ ауруларымен зақымданады. Оларға сұр шірік, ақ шірік, оидиум (жүзім бетін басады, содын кейін жүзім жарылып, толығымен шіриді); мильдь (жүзім піскенге дейін солып, кебеді); жасыл зең жатады.
Жидектерді буып түю және сақтау. Жүзімді сыйымдылығы 7 кг жәшіктерге, сиырбүлдірген мен таңқурайды 3 кг-ға дейін себеттерге, қарақат пен крыжовникті 8 кг-ға дейін торларға немесе себеттерге, брусника мен клюкваны көлемі 200 л бөшкелерге немесе 60 кг-ға дейін себеттерге салады.
Жидектерді 0С температурада, 85–90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.