Субтропикалық жемістерге цитрусты жемістер (апельсиндер, мандариндер, лимон, грейпфрут), анар, құрма, інжір, фейхоа жатады.
Цитрусты жемістер жуан қабықтан, бөліктерге бөлінген жұмсағынан және тұқымдардан тұрады. Жеміс қабығында барлық дерлік эфир майлары (1,22,5%), С, Р, каротин дәрумендері, пектин заттары, гликозидтер жинақталған. Цитрусты жемістерді балғын түрінде, шырын, тосап, желе, цукат жасауда қолданады.
Апельсиндер – қызыл сары немесе қызылдау қабықты домалақ, шар тәрізді жемістер. Жұмсағында 9% дейін қант, 1,5% дейін органикалық қышқылдар (негізінен лимон қышқылы), пектин заттары, С, каротин, В дәрумендері бар.
Мандариндер – қызыл сары түсті жазық-домалақ формалы жемістер, қабығы жұмсағынан жеңіл ажыратылады. Піскен жемістердің жұмсағы нәзік, шырынды, ароматты және тәтті. Оның құрамында 10,5% дейін қант, 1,0% дейін органикалық қышқылдар, пектин заттары, С, каротин, В дәрумендері бар.
Лимон – сопақ немесе жұмыртқа тәрізді формалы жемістер. Лимон бөліктері өзара және қабығымен тығыз жабысқан. Дәмдік қасиеттері бойынша лимонның помологиялық сұрыптарын келесі топтарға бөледі: кәдімгі (қышқыл) – 5–8% қышқыл бар; тәтті – 7–9% қант бар.
Манап (грейпфрут) – массасы 500 г-ға дейін ірі шырынды жемістер. Жұмсағы сары, оте шырынды және ароматты, дәмі ащылау-тәтті.
Достарыңызбен бөлісу: |