Ф-об-001/033 Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі


ҚОРЫТЫНДЫ Спорттық күрес түрлері



бет17/18
Дата25.04.2023
өлшемі298,5 Kb.
#86735
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
дене мадени аркылы болашак мамандтарбиелеу

ҚОРЫТЫНДЫ


Спорттық күрес түрлері – жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын ұлтқа тән рухани қазына. Ұлтқа тән дейтініміз, ұлттық күрес түрлері сол ұлттың өсіп жетілу барысында пайда болып, оның мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналып, ұлттық болмысымен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін, ұлттық ерекшеліктің бір қыры болып табылады.
Күрес түрлері ұлттардың ғасырлар бойы іріктеліп, сұрыпталып бізге жеткен мәдени мұраларының заңды бір саласы ретінде бағалы. Ол ел игілігіне қызмет ететін, жас ұрпақты жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндігі зор тәрбие құралы. Ұлттық күрес түрлері, яғни балуандық өнер атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына. Ол халықтың сәби шағы мен бүгінгі өскелең дәуірінің ұласымды көрінісі ретінде зерттеудің, үйренудің нысаны және бүгінгі ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар, ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп келе жатқан тәрбие үрдісі болып табылады.
Сөз соңын қорытындылай келе ұлттық ойындар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шешуші рөл атқарады. Ол жеке тұлғаның қалыптасып, оның жан-жақты дамуына, күшті де қайратты болып өсуіне және Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді. Балуандық өнер балуандарды табандылық пен қайсарлыққа тәрбиелейді, олардың жеңіске деген бүкіл күш қуатын жұмылдырады. Тез шешім қабылдауда шапшаң қимыл мен айла тәсілдерді дер кезінде қолданады. Балуанның өзін-өзі ұстауы, байсалдылық танытуы қарсыластың қауқарын әлсіретеді. Спорт – бұл үлкен сая­сат. Ол арқылы ел елді танып жатады, спорт арқылы ел өзінің әлем алдындағы беделін көте­реді. Әр елде өтетін спорттық жарыстарда спортшының жеңімпаз болуы да сол елдің ерлігінің символы іспеттес.
Олимпиадалық ойындарда Қазақстан өзін әлемге таныта бастады. Қазақстанды әлемге танытатын спорт түрлері, оның ішінде, қазақ күресі, дзю-до,еркін күрес,грек-рим күресі.
Қазақ ес білгелі спорттан қол үзген халық емес. Жай күндері, той жиыны, ас беруі бәрінде де дене шынықтыру мәдениетін бірінші орныға қойған.
«Еліміз жас ұрпақты жас кезінен дене күші рухани күшіне сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді дене тәрбиесі саласының аса маңызды міндеттерінің бірі деп санайды. Жан-жақты үйлесімді дамыған азамат тәрбиелеудің негізі мектеп қабырғасында, әртүрлі оқу орындарында дене тәрбие ісін жақсартудан, маңызын халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады. Халықтық тәрбие, ол ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи көне процеске жатады.
Сөз соңын қорытындылай келе ене мәдениеті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шешуші рөл атқарады. Ол жеке тұлғаның қалыптасып, оның жан-жақты дамуына, күшті де қайратты болып өсуінежәне Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді
Әртүрлі спорт түрлерінде келесі тәуелділік корінеді - әрекеттін көлемін уакыт бірлігіне немесе козғалыс жылдамдығын арттыру, тәртіп бойынша, бүл әрекеттерді орындау кезеиіндегі басьмырақ жүктемені әкелетін, куат жүйелеріне қойылатын тапапттардың тепе тең емес өсуімен байланысты.
Жұмыс көлемі спорттық жаттығу процесінде созылу ұзақтығы әртүрлі жаттығулар, яғни бірнеше секундттық 2-3 сағатгарға және одан да көп уақыттарға созылатын жаттығулар пайдаланылады. Бұл әрбір нақтылы жағдайда спорт түрінін жекелегеи жаттығулар немесе жаттығулар шешетін ерекшелігімен аныкталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет