Ф-об-001/033 Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі


Балуандардың спорттық жаттығу процесін жоспарлау технологиясы



бет9/18
Дата25.04.2023
өлшемі298,5 Kb.
#86735
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
2.2 Балуандардың спорттық жаттығу процесін жоспарлау технологиясы

Спорттық жаттығу процесін жоспарлау технологиясы, бұл єдістемелік және ұйымдастыру әдістемелік мақсат, яғни нақтылы уақыт аралығында, нақтылы міндеттерді анықтайтын, барынша мақсатқа лайықты құралдарын, әдістерін, шұғылданудың ұйымдастыру формаларын, материалдық-техникалық қамсыздандыруды, сонымен бірге нақтылы жаттығу құжаттарын дайындауды іріктеп үйлестіру және ықпал жасау болып табылады. Ол спорттық дайындық процесінің ұйымдастыру стратегиясын, әдістері мен тәсілдерін анықтайды.


Жаттығу-жарыстық процестің жоспарлау тақырыбы, спортшы жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған спорттық жетістікті дамытудың объективті заңдылықтары негізінде айқындалған оның мазмұны, формасы болып табылады. Жаттығу процесінің әртүрлі кезеңдерге мақсаты мен міндеттері анықталып белгіленеді. Алдыңғы жылдардағы жүктеме динамикасын талдау негізінде жаттығу жүктемесінің шамасын, оның көлемін және қарқындылығын белгілейді. Сонымен бірге, оның құралдарын , әдістерін бақылау сынақ талаптары мен басқа көрсеткіштерін айқындайды.
Жаттығудың жоспарын дайындау кезіндегі негізгі міндеті мыналардан тұрады, яғни спортшының дайындалғандық деңгейі, оның жасы спорттық дәрежесі, спорт түрінің ерекшелігі, спорт жарыстарының к‰нтізбесі (каленьдары) ескеріліп оқу-жаттығу процесін өткізу жағдайын жоспарланған уақыт кезеңіндегі спортшының үлгіленген жағдайының көрсеткіштері анықтайды, жаттығудың үйлесімді бағдарламасын белгілейді.
Көпжылдық спорттық дайындықтың әртүрлі сатыларындағы жоспарлау келесі формада іске асырылады: 1/ келешектік (бірнеше жылдарға); 2/ ағымдағы (1 жылға); 3/ жедел, оперативті (1 айға, аптаға, жеке жаттығу сабағына).
Келешектік жоспарлау құжатына оқу жоспары, оқу бағдарламасы, команданы дайындаудың көп жылдық жоспары, спортшыларды дайындаудың көпжылдық дербес жоспары жатады.
Оқу жоспары белгілі бір шұғылданушылар контингенті үшін оқу жұмысының негізгі бағыты мен созылу уақытын анықтайды. Ол оқу материалдарының өтілу жүйелілігін, негізгі тараулардың мазмұның әрбір тарау бойынша сағат көлемін, әрбір сабақтың созылу ұзақтығын алдын ала қарастырады.
Тәртіп бойынша, оқу материалы мына екі негізгі тарауға бөлінеді: ілімдік және практикалық .
Оқу бағдарламасы оқу жоспарының негізінде дайындалады және шұғылданушылар меңгеруге тиіс білім, біліктілік және дағдылардың көлемін анықтауы тиіс.
Бұл құжатта педагогикалық жұмыстардың барынша мақсатқа лайықты әдістері мен формалары айқындалады, сонымен бірге белгілі бір шұғылданушылар контингенті үшін оқу материалдарының ілімі мен практикасының негізгі мазмұнын береді (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі дене мәдениеті ұжымдарының секцияларында таңдаған спорт түрімен шұғылданушылар).
Бағдарлама, тәртіп бойынша, келесі тараулардан тұрады: түсіндірмелік жазба; 2/ бағдарламаның материалдық мазмұны; 3/ бақылау нормалары мен оқу талаптары; 4/ ұсынылатын оқу құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет