Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлерімен, жұмыс істеу тәртібімен, таныстыру. Аурухана ішілік инфекциялар және оның туындатушы факторлары жөнінде түсінік қалыптастыру,олармен күресу шараларын үйрену. Студенттерге науқастармен жұмыс істеу барысында антисептика мен асептиканың ережелерімен таныстыру.Медициналық құрал жабдықтар мен бұйымдарды зарарсыздандырудың түрі мен залалсыздандыру жүргізудің ережелерін үйрену.
Сабақтың мазмұны:
Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз ауруханаішілік инфекцияның таралмауының алдын алуға бағытталған санитарлық алдын алу және эпидемияға қарсы іс шаралар жиынтығы. Емдеу-сауықтыру мекемесінің санитарлық эпидемияға қарсы тәртібі оның бағытына қарай анықталады.
Емдеу сауықтыру ұйымдарына (ЕСҰ) жұмыс жасайтын мейірбикенің қызмет міндеттерінің ең негізгі бағыты – санитарлы-эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету және орындау.
ЕСҰ санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің мақсаты – ауруханалық (нозокомиялық) инфекциялардың алдын алу. Ауруханалық инфекция – стационардағы науқастарда немесе оларды күтіп және емделіп жүрген медицина қызметкерлерінде дамитын инфекциялық аурулар. Бұл асептика және антисептика ережелерін бұзу салдарынан, яғни әр түрлі ауру қоздырғыштарына қарсы шаралардың ережелерін сақтамағанда дамиды. Мысалы, тұмау, вирусты В және С гепатиттері, т.б нозокомиальды инфекциялар бұрын-соңды ауырмаған адамдарға аурухана ішінде жұқтырылған инфекция. Мұндай аурухана ішілік инфекциялар өте тұрақты микроорганизмдермен шақырылады, себебі олар осы аурухана ішінде кең спектрлі антибактериялық дәрілер қолданып жүрген ортада тіршілік етеді. Ауруханаішілік инфекциялардың ішінде ең жиі кездесетіні стафилококктар.
ЕСҰ санитарлық эпидемияға қарсы тәртібі оның кәсіптік бағыты арқылы қамтамасыз етіледі. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің негізгі талаптары ҚР ДСМ инструкцияларымен, бұйрықтарында көрсетілген:
ҚР заңы «Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық саулығы тура лы» 4. 12. 02. № 361. 11-30 к.
Сан Норма мен Ереже № 3.01.083.02. ұйымдардың және ана мен баланың ауруханалық қорғау ұйымдастыруы және құрамына талаптар.
Сан Норма мен Ереже № 8.01.013.03 от 31.01.03 ж. «Медициналық құрал-саймандардың залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасына санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптары».
ҚР ДС бұйрығы № 661.26.10 ҚР «Вирусты гепатиттердің ауруханадағы алдын алу шаралары».
ҚР ДС Министрлігінің № 476.11.10.1999 ж бұйрығы «Аурухана ішіндегі инфекцияларға инфекциялық бақылауды ұйымдастыру».
ҚР ДС Министрлігінің № 462.17.09.97 ж бұйрығы «Бөртпе сүзек және Брилл ауруы ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және орындау».
ҚР ДС Министрлігінің № 49.19.01.04 ж бұйрығы ҚР «Қышыма ауруын анықтау және емдеу шараларын жетілдіру».
ҚР № 445.23.11.94 ж бұйрығы «ЖИТС ауруын алдын алу».
ҚР № 471. 18.05.01 ж бұйрығы «Туберкулезбен күресті күшейту шараларымен жағдайлар»
ҚР № 720.31. 07.78 ж бұйрығы «Іріңді хирургиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмекті жақсарту және аурухана ішіндегі инфекциямен күрес іс шараларын күшейту».
№.528.15.10.1977ж бұйрық «Сіреспе ауруымен күрес шараларын жетілдіру».
ҚР № 148. 26. 05.1992 ж бұйрығы «Зарарсыздандыру ісінің алдын дамуының іс әрекеттері».
ҚР № 224. 3.11.05 ж бұйрығы «Залалсыздандыру ісін күшейту».
ҚР №533. 07.06.2008 ж бұйрығы «Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы жалпы ережелерді әрбір медицина қызметкерлері білуі тиіс.
Санитарлық - алдын алу іс шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі емдеу сауықтыру ұйымының бас дәрігеріне, бас мейірбикесіне және емдеу бөлімдерінің аға мейірбикелеріне жүктеледі.
Қажеттті санитарлық тәртіпті (стационар бөлмелерін ылғалды тазалау, ондағы тазалық тәртібін сақтау, науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу) сақтау орта және кіші медицина қызметкерлерінің міндетіне кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |