Ф-об-012/060 №2 практикалық сабақ


Асептика және антисептика



бет8/15
Дата10.02.2022
өлшемі70,57 Kb.
#25199
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Асептика және антисептика

Асептика-дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

Антисептика-дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.

Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен сүртуі т.б.).

Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.

Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.

Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға түтік кою, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.

Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.

Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану.

Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.

Қан арқылы берілетін инфекциялардың жұқтыру қауіпі:

ЕСҰ-да 20-дан астам патогендерді микробтарды жұқтыру мүмкін.

Зарарланған инемен жарақаттардың жұғу мүмкіндігі:


  • Гепатит В : 5-30%

  • Гепатит С : 3-10%

  • ЖҚТБ : 0,2-0,3%

Нұсқалар.

  • пациент → пациент

  • медицина қызметкері → пациент

  • пациент→ медицина қызметкері

Кейбір медициналық апатты жағдайларда ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпі:

  • қанмен ластанған құрал-саймандармен жарақаттану;

  • қанның шырышты қабықтарға түсуі;

  • қанның теріге түсуі;

Емделушілердің шалдығуы

    • Инфекция жұққан құралдарды (шприцтер, инелер, скальпельдер және т.б) залалсыздандырылмай және зарарсыздамай қолдану арқылы.

  • АИТВ инфекциясы бар қанды құйған кезде;

Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:

  • науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;

  • дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-гинекологтар, патологоанатомдар.

  • көк тамырдан қан алғанда;

  • көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;

  • ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға жібергенде;

  • жұмыс орнын жинағанда.

Алдын алудың стандартты шаралары:

  1. Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды қауіпті болып есептеледі.

  2. Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын қолдану қажет.

  3. Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.

  4. Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын сақтау.

ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпіне байланысты факторлар:

  • пациенттің ВИЧ-статусы, аурудың кезеңі, пациенттің ретровирустарға қарсы ем алуы;

  • құрал-саймандардың зарарлы материалмен контаминация деңгейі;

  • жарақаттануға алып келген құрал-сайман түрі;

  • медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;

  • жарақатты өңдеу;

  • жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы жүргізу уақыты.

Жеке қорғаныс заттары:

  • резеңке және латекс қолғаптары;

  • бетперде, көзәйнек;

  • халат, алжапқыш;

- жабық аяқ-киім.

ЕСҰ-дағы АИТВ инфекциясының алдын алудағы жан-жақты шаралар:

І. Иненің енген жерін және кескен жерін ағынды сумен жуу, содан кейін

70% спиртпен сүрту.

ІІ. Егер қан, басқа да сұйықтықтар пациенттен кілегей қабыққа түсетін болса, онда жуу керек:



  • көзді 1% -бор қышқылы ерітіндісімен;

  • мұрынды 2% проторгол ерітіндісімен;

  • ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен 1:1000

Жарақат алған кезде 12 сағат ішінде ЕПҰ-жеткізу керек. Жарақат алған науқас 6-12 айға дейін дәрігер бақылауында болады және дәрігерлік алдын алу емін міндетті түрде қабылдауы қажет.

Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру:

  • ыңғайлы және қорғаныс құрылғылары бар медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану;

  • қауіпті медициналық құрал-саймандарды қолданудан қашу, егер оларды қауіпсіз және тиімді құрал-сайманға ауыстыруға мүмкіндік болса;

  • қолданғаннан кейін шприц инесіне қақпағын кигізбей, арнайы контейнерлерге тастау;

  • қолданылған инелерді арнайы контейнерлерде сақтау және тасымалдау.

Өткір, ұшты заттарды беру ережелері:

  • құрал-саймандарды қолдан қолға бермеу;

  • «қоямын», «аламын» деп айту.

Жарақаттануды болдырмау мақсатында инженерлік қорғаныстары бар қауіпсіз құрал –саймандар:

  • СР шприцтер ретракционды инелерімен;

  • Скальпель қорғаныс қақпағымен;

  • Инелерді сақтауға арналған арнайы контейнер;

  • Қанды алуға арналған вакуумды пробиркалар;

Пациенттің қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы жұғатын вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қауіпі жағдайларындағы мейірбике жұмысының ерекшеліктері: манипуляцияны орындау кезінде биологиялық субстраттар мейірбикенің терісіне, көздің шырышты қабығына, мұрынның шырышты қабығына, бет терісіне, киіміне түскен кезде апат жағдайдағы қобдиша қолданылады.

Апат жағдайдағы қобдиша.

Қобдиша құрамына кіреді:



  1. Крафт пакеттегі таңу материалы, стерильді мақта тампондары, турундалар.

  2. Крафт пакеттегі тамызғыштар - 4 дана.

  3. Ерітінділер үшін стерильді ыдыс - 3 дана.

  4. Ундинка (көз жууға арналған стакан)- стерильді 2 дана.

  5. 70% этил спирті – 100мл.

  6. 5% йод -10 мл.

  7. 0,05% калий перманганаты- 10мл

  8. 1% проторгол

  9. 6% сүтегінің асқын тотығы- 100мл

  10. Резеңке саусаққап-2-3 дана

  11. Бактерицидты лейкопластырь-2-3 дана

  12. Қайшы

Манипуляцияны орындаған соң мейірбике міндетті түрде орындауы қажет:

  1. Құрал-жабдықтар және таңу материалдарын дезинфекциялау (көрсетілген дезинфекциялық ерітінділердің біреуімен):

  • 3% хлораминде -60 минут;

  • 1,5% гипохлорид кальций -60 минут:

  • 4% сутегінің асқын тотығы -20 минут.

  1. Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру алдында тазалау, дайындау және залалсыздандыру.

  2. Манипуляциядан соң жұмыс үстелін 3% хлорамин ерітіндісімен (2 рет) немесе басқа ұсынылған ерітіндімен өңдеу.

  3. Дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыста қолды жуғаннан соң, резеңке қолғаптарды шешу.

  4. Резеңке қолғаптарды дезерітіндіге салып қою.

  5. Халат, бет пердені шешіп, лас киімге арналған резеңке қапқа салу.

  6. Қолды ағып тұрған судың астында сабынмен (2 рет) жуу, құрғату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет