Ф-об-012/060 №2 практикалық сабақ



бет11/15
Дата10.02.2022
өлшемі70,57 Kb.
#25199
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2 практика

Есте сақтау!

А)крафт пакеттегі медициналық құрал - саймандардың стерильдігі 3 тәулікке дейін сақталады.

Б)ашық эмальды астаушадағы медициналық құрал- саймандар тез арада қолданылуы керек.

В)бұл шкафқа жұмсақ бөз орамын салуға болмайды.



Ауалы стерилизаторларда (құрғақ ауалы шкафтарда)

жұмыс істеу тәртібі.

1. Саймандар суық стерилизаторға орналастырылады.

2. Қыздыру.

3. Залалсыздандыру (180˚С – 60 минут).

4. Суыту 40-50˚С –ке дейін.

5. Батып алу.



Химиялық заттармен залалсыздандыру.

Залалсыздандыру үшін сүтегінің асқын тотығының 6% ерітінді қолданылады – экспозиция 180 минут, температура 50˚С, полимер, резина, шыны және коррозияға төзімді металдарды толық батыру – экспозиция 360 минут, температура 18˚С болу қажет. Осы уақыттан кейін саймандар 2 рет залалсызданған сумен шайылып, залалсызданған контейнерге орналастырып, қақпағы жабылады (залалсыздану мерзімі – 3 тәулік) немесе қолдану үшін залалды аспаптарды үстел үстіне жайып қойылады.

«Дезоксон-1» - түссіз, сірке қышқылына ұқсас иісті, суда, спиртте жақсы ериді.

Залалсыздандыру үшін 1% жұмысшы ерітінді қолданылады (препараттың 200 мл – 800 мл сумен араластырылады) – экспозиция 45 минут температура 180˚С, ерітінді 1 тәулікке жарамды, тек 1 рет қолданылады.

Залалсызданған саймандар залалсыз сумен 3 рет шайылады, сосын залалсызданған стерилизациялық қорапшаға залалсыз жайма үстіне орналастырылады. 3 тәулікке дейін сақтауға болады.

Залалсызданғандықты бақылау.

Бактериологиялық, техникалық, термиялық әдістер арқылы жүргізіледі.



Бактериологиялық әдістер - өте анық, бірақ орындау үшін уақытты талап етеді. Стерилизатор жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Техникалық әдістер – камераларға термометр, жұмысты бақылау манометрлерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Термиялық әдістер – күнделікті жүргізіледі. Ол кейбір ұнтақ түрінде заттардың белгілі температура әсерінен түсін өзгерту және еру қасиетіне негізделген. Бақылау үшін температуралы қысымды уақытқа анықтау саймандары, химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар, биотесттер қолданылады.

Келесі заттар қолданылады:

•мочевина (132˚С);

•тиомочевина (180˚С);

•янтар қышқылы (180-192˚С).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет