Бөлімшедегі қызметкерлерді медициналық бақылау мен тексеру
Науқастардың арасында ауруханаішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызметкерлерге кезектен тыс медициналық тексеру жүргізіледі.
Аурухана бөлімшелерінде наукастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5° С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады.
Науқастан жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалы аурулар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін оны оңаша палатаға оқшаулау керек.
Инфекциялық аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және белгілі мерзімге дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай санитарлы эпидемиялогиялық станцияға хабарлайды. Босатылған палатаға соңғы зарарсыздандыру жүргізіледі.
ПРОЦЕДУРАЛЫҚ (МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ) ИНТЕНСИВТІ ЕМДЕУ (РЕАНИМАЦИЯ) БӨЛМЕЛЕРІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ТӘРТІП.
1.Медициналық процедуралар өткізуге процедуралық (манипуляциялық) бөлмелер қарастырылған:
- бұлшық етке, тері астына инъекциялар жасау үшін;
- көктамырға инъекциялар мен ерітінділер құю үшін;
- ауыр халдегі науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге;
- интенсивті емдеу жүргізуге;
- емдік және диагностикалық іс шараларды іске асыруға;
2.Процедуралық (манипуляциялық) бөлмелерің кешені 12-14м²-ден кем болмауы керек, желдеткіш терезелермен, жарығы жеткілікті, қабырға және төбе бактерицидті шамдармен (ОБН-200 немесе ОБН-300 бір адам бөлменің 30м³ есебімен) міндетті түрде жабдықталады. Бактерицидті шамдарды 2 жылдан кейін ауыстыру қажет.
3.Процедуралық (манипуляциялық) бөлмелер аурухана (емхана) жабдықтау табеліне сәйкес үстірт дезинфекция кезінде бүлінбейтін кұралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет.
4.Арнайы құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша зарарсыздандырылады.
5.Процедуралық бөлмеде дезинфекция жүргізу үшін мөрленген ыдыста қажетті концентрациялы дезинфекциялық ерітінді болуы керек.
6.Медициналық құралдарды қолданған соң шайып, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салып қояды.
7.Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында дезинфекциялық ерітіндімен ыдысты шаяды, әрі қарай медициналық арнайы құралдар нұсқау бойынша өңделеді.
8.Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерде журнал және басқа да оқу-есептік құжаттарды толтыруға болмайды.
9.Дәрілік ампулаларды жинау және уақытша сақтау үшін арнайы ыдыс болуы қажет.
10.Процедуралық кабинетте істейтін медициналық қызметшілер арнайы киім (медициналық халат, форма) киюі тиіс. Арнайы киімді күнделікті ауыстырады.
11.Медициналық қызметшілер нұсқау бойынша қанды өңдеп, қан тиген орамалдарды күнделікті және күні бойы кірленуіне қарай ауыстырады.
12.Қажетінше жұмыс күні ішінде залалсыздандырылған медициналық заттарды қолдану және сақтау үшін залалсызданған жамылғымен жабылған үстел әзірлейді. Залалсыздандырылған заттарды сақтау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Залалсыздандырылған үстелді әзірлеу үшін мейірбике үстіне залалсыздандырылған халат, залалсыздандырылған резеңке қолғап немесе залалсыздандырылған пинцет (корцанг) қолданады.
13.Манипуляциядан кейін дезинфекциялық ерітіндіні колданып ылғалды жинау жүргізіледі.
14.Процедуралық бөлме, палата, реанимация бөлімшесінде ылғалды жинау әдісімен дезинфекциялық ерітінді қолдану арқылы 3 рет жүргізеді.
15.Аптасына бір рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия) бөлмелерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфекциялық агент ретінде 0,1% деохлор немесе 6% су тотығы + 0,5% жуу комплексін қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналык кушетка залалсыздандырылады, қоқысты жандырып, еденді мұқият жуады, бактерицидті шамдарды 2 сағатқа қосады да, бөлмені желдетеді.
16.Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті емдеу) бөлмелерінде жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды сақтауға тиым салынады.
17.Мейірбике процедуралық бөлменің ылғалды жинауын арнайы қосымша киіммен өткізеді, ол негізгі арнайы киімнен бөлек сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |