Ф-об-012/060 №2 практикалық сабақ


Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі



бет5/15
Дата10.02.2022
өлшемі70,57 Kb.
#25199
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2 практика

Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі

Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады.

Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:


  1. Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру.

  2. Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.

  3. Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету.

Бөлімшеде тыныштықты сақтау керек, акырын сөйлесу керек, емделушілерге радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі күн тәртібінің сақталуын талап ету керек.

Медицина қызметкерлердің негізгі қағидасы медициналық этика мен деонтологияны сақтау болып табылады. Емделушіге айтқан сөздің оның денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашан да естен шығармау керек. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:

1.Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі керек.

2.Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұрылуға, белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.

3.Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.

4.Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.

Емделушілер аурухана тәртібін бұзса өз денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, кейбір жағдайлары өлімге әкеліп соқтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет