Ф-об-012/060 №2 практикалық сабақ


Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді



бет3/15
Дата10.02.2022
өлшемі70,57 Kb.
#25199
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2 практика

Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді:

  1. Аурухана жайларының орналасуы, қалдықтарды жинау және санитарлық ережелерін орындау Сан Норма мен Ережелер бойынша жүргізіледі.

  2. Инфекция ошағында (ауруханада) зарарсыздандыруды жүргізу.

  3. Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды жүргізу.

  4. Асептика және антисептика талаптарын орындалуын қатаң сақтау және бақылау.

Аурухана қала жанындағы аймақта орналасуы қажет. Темір жол мен автокөлік жолдарынан тыс жерде болуы керек. Аурухана территориясы көгертілген және жақсы жабдықталған болуы қажет. Қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды шығару күнделікті жасау міндетті. Оларды арнайы бөлінген жерде жинап отырады. Тері-мерез ауруханасы, онкологиялық, хирургиялық соның ішінде акушер гинекологиялық бөлімшелерде қалдықтарды жабық ыдыста шығарылып, арнайы бөлінген жерлерде жағылып, жойылуы керек.

Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуы кез-келген медициналық мекемелерде маңызы зор. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің ережелерін сақтау барлық медицина мекемелерінде қатаң сақталып, тексеріліп отыруына көп көңіл бөлінуі тиіс, әсіресе науқастарды емдеуде және күтімді ұйымдастырудың басты бір бөлігі болып саналады. Емдік мекемелерде арнайы микроклимат жағдайы жасалады. Жарықтандырудың, жылу берудің, ауа тазартудың (тұрақты ауа температурасы, ылғалдылығы) негізгі ережелерін сақтаумен байланысты іске асырылады.

Науқастардың палатасында, дәрігерлер бөлмесінде, егу бөлмесінде, таңу бөлмесінде, операция жасайтын бөлмеде, әйелдердің босану бөлмесінде, мейірбике постында, нәрестелер палатасында қол жуғыш болуы керек. Онда барлық уақытта ыстық, жылы су болуы қажет. Палаталарда әр кереуеттің жанында тумбочкалар, орындықтар болу керек. Бөлме ылғалдылығы 55-60% болуы міндетті. Терезе форточкалары арқылы күнде желдету жасалып тұру керек. Күн сәулесі науқас бетіне тіке түспеу керек, науқасқа ыңғайлы болуы қажет. Палатада қысқы уақытта t 20˚С төмен болмауы керек, ал жазда t 23-24˚С аспауы қажет. Палаталардың санитарлық жағдайын мейірбике қадағалайды. Палатаны ылғалды жинау күніне 2 реттен кем өткізбеу керек.

Санитарлық тәртіптің медицина қызметкерлеріне қоятын негізгі талаптарының бірі, ол медицина қызметкерлерінің дер кезінде және үнемі медициналық тексеруден етіп тұруы керек. Медициналық тексерілу кезінде міндетті түрде флюорографиядан етуі керек, микрореакциялық анализ тапсыруы керек, дәрігерді жалпы қарап тексеруі және асхана жұмысшылары бактериологиялық тексерілуден және т.б, өтуі керек. Медициналық тексерілуден өткендігі туралы белгі жеке санитарлық кітапшаға қойылады.

Медициналық кызметкер жалпы тәртіпке сай таза халатпен, керек болса қалпақ пен маскамен жүруі керек. Арнайы киімдерді, төсектерді және т.б. орталықтандырылған жуғыштарда кір жуғыш заттармен жуылып бөлімшелерде үтіктеледі. Хирургиялық халаттар, маскалар және бахилалар жуылғаннан кейін автоклавта өңделеді.

Сонымен ауруханадағы жайларда қажет санитарлық жағдайды сақтау медицина қызметкерлермен, науқастардың жеке басының тазалығын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет