83. Жоғарғы жақсүйек қойнауының тесілуі мен жыланкөз жолы. Клиникалық көрінісі, Нақтамасы, салыстырмалы нақтамасы.Емдеу ерекшеліктері Клиникалық мәліметтерге қарағанда гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-тен 90%-ке дейін тіс жүлу операциясына байланысты. Жоғарғы жақ қуысының түбі жиі жағдайда жоғарғы үлкен және кіші азу тістерді жұлғанда тесіледі, ол әдетте қуыспен тіс түбірлерінің өзара анатомиялық қарым-қатынасына немесе тіс түбірлеріндегі созылмалы қабыну процестеріне байланысты
Егер түбі тесілген гаймор қуысында қабыну процесі дамымаса немесе оған бөгде заттар кірмесе (тіс түбірі, тампон т. б.) бүл асқынған түрі, ал гаймор қуысында қабыну процесі дамыса, тіс түбірі кірсе, жұлынған тіс ұяшығында остеомиелит болса асқынған деп есептейді.
Кейбір науқастардың гаймор қуысында қабыну процесі кезінде, жоғарғы азу тістерін жұлып жатқанда қуыс түбі тесілуі мүмкін. Гаймор қуысымен ауыз қуысының арасындағы тесік ұзақ мерзімге созылса, жара өзегі эпителизацияланып жұлынған тіс ұяшығының аумағында жыланкөз дамиды.
Науқастың шағымына, анамнезіне, арнайы зерттеу (зондпен тексеру, қуысты жуу, рентгенография т. б.) мәліметтеріне сүйене отырып гаймор қуысының тесілгеніне диагноз қойылады.
Емі.Егер қуыс түбі тесілуімен қатар, аз көлемді қабыну процесі болса алдымен консервативті ем қолданады. Гаймор қуысын антисептик ерітінділерімен жуып соңынан сульфаниламйдтер, антибиотиктер, протеолитикалық ферменттер жібереді. Хирургиялық ем тек тесікті жабумен шектеледі
84. Жақ сүйектері сынғанда ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңде алғашқы көмек көрсету. Жақсүйектердің уақытша (транспорттық) иммобилизациясы.
Шұғыл көмек: жарақаттың сипатына байланысты. Ең алдымен қан кетуді тоқтату керек, сосын, жараның айналасын 5% йод тұнбасымен өңдеу керек және асептикалық таңғыш салу керек. Жұмсақ тіндердің аймақтық үлкен жарақаттарында, сүйектердің, буындардың зақымдалуында, транспорттық иммобилизация көрсетілген.
Ашық сынықтар сыртқа қан ағуымен және жараның іріңдеуімен қауіпті. Сондықтан бірінші көмек қан ағуды тоқтату (асептикалық таңба), иммобилизация.Сынықтардың Ығысуымен болған толық сынық айқын ауру сезімін
шақырады, сондықтан ауыру сезімін басу үшін алдын - ала 50% -0,1 мл жасына анальгин немесе 1% -0,1 мл өмір жасына промедол салады, асептілікпен ауруханаға тасымалдауды қажет етеді.