Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

көз 
тігіп тұр еді.
Шаханов.
  Алыс  мадияр  жеріндегі  түбі  бір  туысымыз
-   үлкен  ғалым,  профессор,  марқұм  Қоңыр  Ипггван  Ман- 
доки 
бір жүздескенімізде:
-  Муха,
Барар жерің Балқан  тау,
Ол да  біэдің барған тау...  —
деген 
жырды  естіген  шығарсыз.  Сіздер  қалың  елдің 
ішінде,  туған  топырақта  табан  тіреп  қалдыңыздар  да, 
біздің  бабаларымыз  Қотан  ханға  еріп  барып,  Балқан  тау- 
ды  қоныстанды.  Әйтпесе,  шыққан  тегіміз  де,  жаратылған 
қанымыз да бір.  Ж ат болсақ,  кейіннен  жат болдық,  -  деп 
мұңая  күлімсірегені  бар.
— Оның рас.
Беліме  буынғаным  кемер  белдік,
Дуние-ай, 
сол арадан  неге келдік!  -
деген  өлең де  өткен  дәуірдің  көзі  ғой.  Мойыма,  бауырым, 
ажырап  кеткен  бір  халық  өзіңнің  арқаңда  түп  арнасын
қайта тауып жатыр,  -  дегенмін.
Тағдырдың  кейде  сан  соқтырып,  өкініш  қарматып  ке- 
тетінін  айтсаңшы,  араға аз уақыт салып,  К,оңыр Дағыстан 
жерінде  кенеттен  көз  жұмды  да,  өз  өтініші  бойынша  ба- 
баларының  құтты  мекені  —
 Алатау  баурайындағы  Кеңсай
зиратына жерленді.
Иө,  Қотан  хан  да  халқьшыздың  тарихынан  өз  орнын
алуға  тиіс  аса  күрделі  тұлғаның  бірі.  Киев  князі  Мсти­
слав  Романовичке  қарата  айтылған:  "Егер  бізге  көмектес- 
песеңдер, 
бүгін 
біз 
қырыламыз, 
ертең 
сендер 
қырыласыңдар"  деген  бір  ауыз  сөзі  "Лаврентий  жылна-
масында  "  қалған К,отан хан  кім еді?
Ол  -   Шыңғыс  ханның  қанды  жорығына  қарсы  көте- 
ріліп,  елін  азаттыққа  үндеген,  ақырғы  демі  біткенше 
басқыншы  жауға  бас  имей  өткен  Дешті  Қыпшақ даласы- 
ның  ержүрек  ханы.  Тарихтан  мөлім,  қаһарлы  қаһаннан 
қыпшақ  ұлысын  еншіге  алған  Жошы  хан  1227  жылы 
қайтыс  болып,  таққа  екінші  ұлы  —  Бату  отырады. 
Әкесінен  қалған  ұлан-ғайыр  мекенді тақымына тар  көрген 
Бату  1236  жылы  қалың  әскерін  бастап,  Ж айық  өзенін

көктей  өтіп,  Еділ  бойының  бұлғарлары  мен  Владимир, 
Рязань  және  Мәскеу  князьдіктеріне  шабуыл  жасайды. 
Бас-аяғы  жеті  жылдың  ішінде  Киевті,  Польша  мен  Венг- 
рияны,  Молдавия  мен  Чехияны  бағындырған  монғол 
әскері  Ертіс  өзенінен  көгілдір  Дунайға  дейінгі  ара- 
лықтағы  байтақ өлкені  иелігінде  ұстаған.
Айтматов.
  Бұл  олжалы  жорықтан  соң  Вату  хан  Ал­
тын  Орданың  астанасын  Сарай  Батудан  Еділ  сағасындағы 
Сарай  Беркеге  көшіріп,  Арал  теңізінің  шығысы  мен 
солтүстігіндегі  жерді  ағасы  Орда-Еженге  беріп,  Ақ  Орда 
ататып,  осы  теңіздің  солтүстігін  інісі  Шайбанға  сыйлап, 
Көк  Орда дегізген ж оқ  па еді?
Шаханов.
  Иә,  тарихи  дерек  осыған  саяды.  Менің  ай­
тайын  дегенім,  Бату  қыпшақ  ұлысын  билеген  кезеңде 
теке  тіреспен  жүріп,  ақыры  майдан  кешіп,  жеңіліп, 
қалың  қолымен  елден  кеткен  Қотан  хан  орыс  жерінде 
ата  жауымен  қайтадан  жүздеседі.  Монғол  әскерінің  аяу- 
шылық  білмес  қанқұйлы  әрекетіне  жастай  қаны қ 
Қотанның  "Лаврентий  жылнамасында"  қалған  әйгілі  сөзі 
осы  тұста  айтылған.  Қалың  қыпшақ  жасағын  бастаған 
Қотан  хан  күйеу  баласы  —  князь  Мстислав  Удалыймен 
қанаттас  жүрсе  де,  өзге  князьдіктермен  басы  пісе 
қоймады...  Ж ау  таяп  қалғанда,  Киев  князі  Мстислав  Ро- 
мановичтің 
сатқындық 
әрекеті 
орыс 
жерінің 
от 
құшағында  қалуына  себепкер  болды.  Қара  құрттай 
қаптаған  монғол  әскері  жеке-жеке  бас  баққан  княз- 
діктердің  бірінен  соң  бірін  таптап  өтіп,  майдан  даласында 
өлік тау-тау боп  үйілді,  кісі  қаны  сай-жыраларда өзен  боп 
ақты.  Ғүлама  ғалым  Л.Гумилев  өз  еңбегінде  бұл  жайын- 
да:  "Сол  шайқаста  орыстардың  90  проценті  қырылды",  — 
деп  аса ©кінішпен  жазды.
Бұл  қырғыннан  аман  қалған  Қотан  хан  мен  Мстислав 
Удалый  жауға  соққы  бере  отырып,  шегініп,  Днепр  өзені- 
нен  өткен. 
Монғол  әскерінің  жолын 
бөгеу  үшін, 
қайықтарды  түгелдей  өртеп  жіберген.  Артынан  өкшелей 
қуған  жаумен  қиян-кескі  соғыс  салған  Қотан  хан  ақыры 
сарбаздарын  алып,  Новгородтан  Киевке  қарай  ығысқан. 
Әзара  қырқысқан  орыс  князьдерін  жаппай  бодандыққа 
алған  Бату  1238  жылы  Козелск  қаласының  маңында 
қыпшақ  ханының  жасағымен  қайтадан  ашық  майдан 
алаңына  шыққан.
Соңынан  ерген  жасағымен  бірге  жат  жерде  жапа 
шеккен  Қотан  ақыры  шегіне-шегіне,  Венгрия  жеріне  ат 
тұяғын  іліктіреді.  Бүл  кезде  поляктар  мен  немістердің, 
венгерлер 
мен 
хорваттардың 
ұйымдасқан 
әскерін

талқаядаған  монғолдар  Венгрияға  да  кіріп  үлгерген. 
Қотан  ханиың  одан  арғы 
қ ы р с ы қ  
шалған  өмірін 
Л.Гумилов  былайша  суреттейді:  "IV  Бела  қыпшақ  орда- 
сының  ханы  Қотанды 
қолтығының 
астына 
алды. 
Қыпшақтар  келісім  бойынша,  католик дініне  кірді де,  тек 
қана  корольдің  өзіне  бағынатын  қуатты  жасаққа  айнал- 
ды.  Алаида  тақ  иесінің  күшейіп  кетуінен  қауіптенген 
венгер  төрелері  Пешт  қаласында  Қотан  ханды 
ж әне 
өзге 
де  шоқыншықтарды  сатқындықпен өлтірді.  Мұны  естіген 
қыпшақтар  жаппай  көтеріліп,  Балқан  тауына  көшіп
кетті
айтқан  Балкан
Бұдан  7  ғасыр  бұрын  туған  топырақтан  зордың 
күшімен  ауа  көшіп,  жат  елді  жайлаған  бауырластары- 
мыздың  бүгінгі  ұрпақтары  сол  Венгрия  жерінде  өмір 
сүріп  жатыр.  Қыпшақ  тілін  XVIII  ғасырдың  орта  шеніне
дейін  ұмытпай,  салт-дәстүрін,  тұрмыс-дағдысын,  тіпті
ұлттық  ерекшелігін  де  сақтап  келген.  Бірақ  уақытқа
үстемдік  жүре  ме...  Әлі  де  болса өзін  мадияр  атап  кеткен
қыпшақ нөсілдері  ата-бабасының өсіп-өнген жері -  қазақ
даласы  екенін  ұмытпаған.  Мәселен,  халқымыздың  "бір
дегенім  -   білеу,  екі  дегенім  -   егеу"  деп  басталып,  "он
дегенім  —
 оймақ,  он  бір  —
 қара  жұмбақ"  деп  бітетін  сана-
мақ  ойынын  қандастарымыз 
әлі 
күнге  сол  қалпында  са-
нап,  жұмбақ  жасырып  ойнайды  екен.  Өздерінің  Үлкен
Қыпшақ,  Кіші  Қыпшақ  деген  жер  атаулары,  Қотан  хан-
ның  құрметіне  қойылған  Қотан  деп  аталатын  қаласы 
бар.
Еркіндігімді 
жоғалтпаймын 
деп, 
күші 
басым 
қарсыласымен  арыстандай  арпалысқан  Қотан  ханның 
тағдьфы  осылай төмамдалды.
Айтматов.
  Алтын  Орда  мемлекетінің  күйреуіне  1380 
жылғы  Куликов  соғысы  барынша  өсер  етсе,  ал  оның  та­
рих  сахнасынан  біржола  жойылып  кетуін  Әмір  Темірдің 
тосын 
шабуылы 
тіптен 
тездетіп 
жіберген 
еді. 
Қарамағындағы  елге 
ізгілігі  һәм  ақыл-парасатымен 
жаққан, 
өз 
заманында 
өнер 
иелерінің 
бірден-бір 
қамқорына  айналып,  көреген  атанған  Темірдің  Алтын 
Орданың  ақырғы  ханы,  өз  туысы  Тоқтамысқа  1391  -   95 
жылдар  ішінде  екі  жорық  жасап,  іргелі  мемлекетті 
талқандауының  себебін  бізден  гөрі  баба-тарих  жақсы 
бағалар.
Шаханов.
  Ақсақ  Темірдің  бүл  жорығы,  біріншіден, 
Алтын  Орданы  біржола  тұралатып,  орыс  князьдіктерінің 
толық  бостандық  алуына  жол  ашып  берсе,  екіншіден,

Орданың  өз  ішіндегі  жеке  билікке  ұмтылған  сұл- 
тандардың бөлінш  шығуына мүмкіндік туғызды.
Тағы  бір  қырынан  алып  қарар  болсақ,  Батыстағы  ве­
рен  қақпаны  құлату  арқылы  түркі  халықтары  Қазан, 
Астрахань,  Қырым  хандықтарын,  яғни  қарамағындағы  ел 
мен жерді уысынан түпкілікті шығарып  алды...
Сөз  жоқ,  Алтын  Орда  заманында  Еуропа  мен  Азия 
құрлығын  қамтыған  орта  ғасырдың  ең  ірі,  айбынды  мем- 
лекеттерінің  бірі  болды.  Тарих  алдындағы  талассыз 
шындық  -   осындай  іргелі  елдің  түбіне  жеткен,  бұдан 
бұрын  өзіміз  әңгімелеген,  Тарағай  бектің  ұрпағы  Темір. 
Барлас  руынан  шыққан  болашақ әмірші  сол  кезгі  М °ғ°л" 
стан,  Шағатай,  Ирандағы  Хұлағу  ұлысына  тән  қырық 
пышақ  қырқысты  көріп  өсті.  Шыңғыс  әулеті  болмаған 
соң,  билік  басына  келе  алмайтынын  түсінген  Темір 
Балқы  мен  Самарқанттың әмірі,  туған  жездесі  Хұсейнді 
мерт  етті.  Осыдан  бастап  отыз  бес  жыл  ат  терлігін
құрғатқан жоқ.
Іргесіндегі  Үргенішке  бес  мәрте  шабуыл  жасап,  тас- 
талқан  еткен  ол  келесі  кезекте  Хорезм  мен  Түрікмен- 
станды,  Депггі  Қыпшақ  даласы  мен  Жетісуды,  Түрік 
сұлтандығын,  Үндістан  мен  Иранды,  Иракты  жермен-
жексен  қылды.
Әмір  Темір  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  кейбір 
қалаларына  сәулетті  құрылыстар  жүргізіп,  әсем  ғимарат- 
тар 
г д л д ы р д ы . 
Ол  Түркістанда  Ахмет  Йасауи,  Са- 
марқантта  Шаһи  Зинда  және 
Гөр  Әмір 
кешенін
тұрғызды.
Түркі  тектес  тайпалар  ортақ  орда  көтеріп,  жер  көле- 
мі,  халқының  саны,  әскери  қуаты  жағынан  алғанда 
Еуразияда  үстемдік  құрып  келген  Алтын  Орда  осылайша 
ыдырады.  Түркі  халықтарының  одан  кейінгі  ірге  ажыра- 
тып,  ыдырауын  қазақтың  белгілі  жазушысы  Мұхтар 
Мағауин  былайша сипаттайды:
"Еділ  өзенінің  бойында,  байырғы  бұлғар  жерінде, 
Қазан хандығы  шаңырақ көтерді.
Еділдің  төменгі  ағысында  Хажы  Тархан  хандығы 
бірікті.
Қара теңіз  маңында Қырым хандығы  құрылды.
Еділ  мен  Ж айықтың  ортасында  Ноғай  Ордасы  ту  кө- 
терді.
Ал Сібірде  Сібір  хандығы  негізін  қалады.
Көк  Орда жерінде  кәдімгі  Қ азақ Ордасы  ұйымдасты.
Еділден  Дон  өзеніне  дейінгі  аралықта  Үлы  Орда  ірге 
көтерді.

Сөитіп,  екі  ғасыр  бойы  туркі  жұртының  мызғымас 
темірқазығына  айналған  Алтын  Орда  тарих  сахнасынан 
кетіп,  жеті бөлікке  бөлінді".
Көк  Орда  жеріне  қоныс  тепкен  Қазақ  Ордасының 
қуаты  артып,  Тәуекел ханның  заманында  іргелі  ел  болта­
ны  тарихтан  мөлім.  Осы  дәуірде  орыс  әскерінің  қолына 
түсіп,  тұтқын  болған  Оразмұхаммед  (Тәуекелдің  туған 
ағасы  Шығай  ханның  ұлы  —  Ондан  сұлтанның  баласы) 
ақыры  Мөскеу  князьдігінің  құрметті  адамының  біріне 
айналғандығы,  бүкіл  орыс  әскерінің  бас  қолбасшысы 
атанып,  Хан-Кермен,  яғни  Касимов  патшалығын  биле- 
гендігі  жайлы  Мұхтар  Мағауин  "Аласапыран"  атты  тари- -V 
хи дилогия  жазған.  Сөйтіп,  орыс  шежіресінде  аты  қалған 
қазақ  елінің  ұлы  перзентінің  бірін  араға  бес  ғасырдай 
уақыт салып,  халқымен  қайта қауыштырды.
Иө,  сол жорықта  Алтын  Орданың  астанасы  Берке  са- 
райы  аяусыз  тоналып,  өртелген.  (Қазірде  үйіндісі  Ресей 
жерінде  — Астрахань  облысы,  Ақтөбе  өзенінің  бойында 
жатыр.)  Сөйтіп,  Депггі  Қыпшақ  даласының  батыстағы  ең 
әлуетті  де  салтанатты  қаласы  тарих  бетінен  өшіп, 
құрдымға  кетіп,  құм  басқан  төбеге  айналды.  Қираған 
қаланың  ақ  тастарын  бір  жарым  ғасырдан  соң  Хажы 
Тархан  (Астрахань)  қаласына  орыс  көпестері  тасып 
өкетіп,  сондағы  кіші  Кремль  құрылысына  пайдаланды... 
Заманында  түркі  халықтарының  орталығына  айналған 
үш  орданың  (Ақ  Орда,  Көк  Орда,  Алтын  Орда)  бірі  еді, 
қазып,  зерттесек,  небір  қымбат  қазыналарға  кезігерміз, 
тарихи  жадымызды  түгендерміз  деп  еңбектеніп  жатқан 
археологтеріміз  аз.  Не  Алтын  Орданың  орнында  ашыл- 
маған  алтын  көмбеге  айналып  жатқан  Берке  қаласын 
тарихи-мөдени  ескерткішіміз  деп  қамқорлыққа  алып 
жатқан  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  үкімет  орындарын 
көрмедік.
Өкінішке  орай,  біз  осылай  марғау жүргенде,  бас  пай- 
дасын,  өз  құлқынын  ойлағандар  қала  орнын  қазып,  шет- 
тен үңгіп,  керектісін жырымдап тасып әкетіп жатыр.
Осыдан  он  шақты  жыл  бұрын  жергілікті  жерден 
құрылған  жабайы  экспедицияға  қатысқан,  Берке  са- 
райының  орнын  қазған  бір  жас  жігітпен  өңгімелескенім 
бар.  Сонда ол:
-  
Жыл  сайын  көктемде  не  күзде  қолымызға  кетпен, 
күрегімізді  алып, 
осы  ескі 
мекенді  төңіректейміз. 
Қаланың айналасы  өткен  ғасырлардағы  ыдыстың  сынығы 
мен таға,  ауыздық,  оқтың қалдығынан  аяқ алып  жүргісіз. 
Әсіресе,  биыл олжалы  болдық.  Қаланың қақ ортасы  осы-

ау  деп  белуардан  қазып,  жан-жағын  үңги  бастап  едік, 
аузы  бітеу  үлкен  құмыраға  кезіктік.  Қуанышымызды 
айтпаңыз  енді.  Ғажап  олжаға  кезіктік  дестік.  Өзі  кісі 
құшағы  толар  көлемді,  аузы  тұтас  құйылған  бітеу  болса, 
іші толы  алтын  шығар  деп  айналдыра  бастадық.  Қарасақ, 
құмыраның  жиегі  мен  бүйірінде  араб  жазуы  самсап  тұр! 
Құмыраны  құйған  шебер  жазуды да  бірге  жазған  сынды. 
Ж ерге  ұрып  сындырып  ек,  ішінен  адамның  сарытап  бо­
лып  қалған  бас  сүйегі  шықты.  Кімдікі  екенін  қайдан 
білейік,  алтынға  аңсарымыз  ауып  отырғанда,  көңіліміз 
мұндай  құлазымас.  Сайға  қарай  құлаштап  лақтырдық та, 
әрмен  қарай  қаза  түстік.  Араға  бір  жұма  салып,  жазуы 
бар  алтын  мөр  мен  күміс  тоетағанға  кезіктік.
Екеуі  де  адамның  ақ  сөңке  болып  қалған  қу 
сүйегімен  бірге  шықты.  Олжамызды  Астраханьның  база- 
рына  апарып  саудалағанбыз.  Кавказдан  келген  бір 
құмық  шалы  мөрдегі  жазуды  оқып:  -   Мынау  Бату  хан- 
ның  мөрі  ғой,  — деп,  қуанғаннан  айқайлап  жіберді.  Сүйді 
ме, 
тәу  етіп, 
маңдайына  тигізді 
ме, 
ақыры 
сұ- 
рағанымызды  артығымен  беріп,  күміс  тостаған  екеуін 
қоса сатып  алды,  деген.
Қандай  қымбат  қазынадан  айырылғанымызды  сезіп 
отырған  шығарсыз?  Әлгі  жігітті  өлердей  жек  көріп 
кеттім.  Қарап  отырып  тынысым  тарылып,  өз-өзімнен 
алқындым.
Орыстың  ұлы  ақыны  Пушкин  бақта  қыдырып 
жүргенде  Анна  Керн  сүрініп  кеткен  тасты  қайтар  жолда 
ала  келіп,  үстелінің  үстіне  қойған  екен.  Қазірде  сол 
қарапайым  тастың  өзі  құнды  ескерткішке  айналып  отыр. 
Ал біз  ш е і .
Құмыраға  салынып  құрметтелген  кімнің  басы  болды 
екен?  Ж азуын  оқыса,  небір  құпиясын  ашар  еді-ау, 
шіркін!
Айтматов.
  Халқымыздың  бастан  кешкен  тағдыр- 
талайы  өлшеусіз  көп  болса  да,  әлі  күнге  жұқалау  тари- 
хымыздың  алтын  әріптермен  өрнектелетін  бірнеше  па- 
рағы  әлгіндей  парықсыздардың  қолында  жыртылып  кетті 
десеңші!
Тарихтан  мәлім,  Шыңғыс  ханның  әлем  халықтарына 
дүрбелең  әкелген  аса  тегеурінді  жорығы  кезінде  Орта 
Азия  мен  Қазақстан  жерін  мекендеген  түркілердің  қайы 
тайпасы  монғол  әскерімен  соғыс  сала  отырып,  туған 
өлкеден  ж ыраққа  қоныс  аударған  ж оқ  па?  Сөйтіп,  Кіші 
Азияның 
солтүстік 
бөлігіне 
табан 
тіреп, 
Селжүк 
сұлтанатының  құрамына  кірген.  Олар  —  билеушісі

Османның  есіміне  байланысты  Осман  түріктері  атанып 
кеткен  бүгінгі  Түркия  мөмлекетінің  нөгізін  құраған 
бауырларымыз.  Бүл  тайпа  қажырлы  күрестің  нәтижесінде 
1299  жылы  селжүктерден  өз  бостандығын  алыпг  еркіндікке 
қол  жеткізген.  Бөй  атанған  Османның  қарамағындағы 
халқына  кең  қоныс,  малына  мол  өріс  әперем  деп,  ж арғақ 
құлағы  ж асты ққа тимейтіні дө  осы  түс. 
/
Ш аханов.
 
Заманында 
тарихи 
шым-шытырық
оқиғалардың  негізінде  Тұран  ойпаты,  Түркістан  топы-
рағынан  қозғалған  бүл  нәсілдің  көшөгі  Көмал  Ататүрік
сынды  сұңғыла  қайраткер  билік  құрған  дәуірге  дейінгі
өмір 
жолына 
зер 
салып 
отырсаңыз, 
небір 
шап-
қыншылықтар  мен  қанды  қырғындарды  бастан  кеш-
кеніне  куә  болар  едіңіз.  Ак,  сөйлеу  — парыз,  көбіне-ак,  ат
арытқан  қаш ы қ  өлкелердегі  талай-талай  қиян-кескі
ұрысқа  осман  түріктері  себепкер  болмады  ма?  Мәселен,
1326  жылы  Румның  ең  ірі  қаласы  Бруссты  өздеріне
қаратып,  мемлекеттің  астанасына  айналдырған  түріктер
іле^  Кіші  Азиядан  Мәрмәр  теңізіне  дейінгі  аралықтағы
байтақ  өлкені  бағындырып  үлгерді.  Артынша  Қара
теңізді  көктей  өтіп,  Балқан  даласында  ат тұяғын  ойнатты.
Сербтер  мен  болгарларды  жаншып,  Венгрияға  қатер 
төндірді.
Айтматов.
  1383  жылы  15  тамызда  Косово  даласында 
түріктер  мен  сербтердің  арасында  қанды  қырғын  өткені- 
нен  хабарың  бар  шығар.  Осы  шайқаста  М үрат  сұлтан 
серб  королі  Лазарьды  айқын  басымдықпен  жеңіп,  өзінің 
вассалы  еткен.  Мұны  айтып  отырған  себебім,  Балқан 
бойы  елдерінің  ауыз  әдебиетінде  "Мұрат  Қосаба  дала­
сында"  деген  ұ зақ   та  тарихи  жыр  әлі  күнге  айтылады. 
Тебіреністі,  сызылтып  салар  әні  де  бар.  Бұл  -   "Игорь
жасағы  жаилы  жыр"  сынды  аса  көлемді  болмағанмен, 
шежіреге  бай,  әрі  көркем дүние.
Шаханов.
  М ұрат  атанған  әмірші  -   қол  астындағы 
түріи  жұртын  1421  -   1451  жылдары  билеп,  ж ер  көлемін 
кеңейтуді  аңсап  сонау  Дунай  бойына  дейін  ж оры ққа 
аттанып,  Варна  қаласы  маңында  чех-венгер  әскерімен 
бетгесетін  аса  қатал  да  қатыгез  сүлтан  ғой.  Сол 
шайқйста  Янош  Хуньядидің  қалың  қолын  талқандаған. 
Олар  1475  жылы  Қырымды  да өз  иелігіне  алды.
Жалпы,  Осман  түріктерінің  Еуропа  құрлығына  жа- 
саған  тынымсыз  шабуылы  кезінде,  әсіресе,  қарапайым 
серб  халқы  көп  азап  тартты.  Осы  қантөгістерден  зөрезап 
болған  серб  патшасы  Стефан  Душан  1349  жылы  кәдімгі 
Әз  Тәукенің  "Ж еті  жарғысы”  сынды  201  бабтан  тұратын

заң  шығарып,  ж ұртш ы лы ққа  ж ария  еткен.  Оның  21-бабы 
мынадай:
"Кімде-кім  христиан  дінін  бөгде  дінге  айырбастап, 
сатқы нды қ ж асар  болса,  қолы  шабылып,  тілі  кесілсін".
Бұл  заң  елін  сыртқы   жаудан  қорғаудың  бірден-бір
амалына  айналды. 
»
Айт мат ов.
  Стефан  Душанның  әділдігі  мен  шыншыл- 
дығының  арқасы нда  елдегі  ұ сақ   билеушілер  арасындағы 
ішкі  ала  ауы зды қ  жойылып,  бірлік  бекемделді.  Адамдар- 
дың  бір-біріне деген  құрм еті  артты,  тәртіп  нығайды.
Патш аның өз  қолымен жазылған:
“Кімде-кім  әкесін  не  шешесін,  немесе  аға-інісін,  бол- 
маса  баласын  қастанды қпен  өлтірсе,  мұндай  қаніш ер 
отқа  өртелсін"  деген  баб  жолдары  осы  сөзіміздің
бұлтартпас дәлелі  еді.
Ш аханов.
  Шіке,  ой  ағымына  орай  бірнеш е  ғасыр  бері 
секірелік. 
"Дабысым 
Ресейге 
кетер 
ж алпақ" 
деп 
ұлылықпен  жырлаған  А.С.Пушкин  1833  жылдың  қоңы р 
кузінде  Пугачев  көтерілісін  зерттегелі  П етербургтен 
шығып,  Орынбор  ш екара  комиссиясына  келетіні  бар 
емес  пе?  Сол  сапар  ж аны на  досы  —  әдебиет  білгірі,  әрі 
ш екара  комиссиясының чиновнигі  Владимир Дальді  алып, 
қ а за қ   ж ерін  қос  ат  ж еккен  фаэтонмен  басып  өтіп,  О рал 
(Яицк)  қаласы на  келіп  түскен.  ¥лы   ақы н  Ж ай ы қ   жаға- 
сында  өткізген  үш  тәулік  ішінде  Пугачевтың  көтеріліс 
жасаған  жерін,  Шаған  өзені  бойындағы  қару-ж арақ 
соқтырған  ұста  дүкенінің  орнын,  кейінгі  әйелі  Устинья- 
мен  дәм-тұз  жарастырып  тұрған  ағаш  үйін  (әлі  күнге 
бар)  аралап  көрген,  көнекөз  қариялармен  ем ен-ж арқы н 
тілдескей.
Айт мат ов.
  Александр  Сергеевич  сол  сапардан  кейін 
"Капитан  қызы"  повесін  жарияламады  ма?  Бір  қызығы, 
повестегі  басты  кейіпкердің  бірі  -   М иронов  балалық 
шағын 
Ж ай ы қ  
өңірінде 
өткізген 
орыстың 
ұлы 
сы қақш ы сы   Иван  Крыловтың  әкесінің  прототиві  екен. 
Кейінгі  пушкинтанушылар  солай деп дәлелдеп  шықты.
Ш аханов.
  Иә,  сол  жолы  Пушкинмен  патшаның  отар- 
шылдық  саясатына  қарсы  Бөкей  ордасында  өткен  1833  — 
38  жылдардағы  көтерілістің  жалаугер  батыры,  қазақты ң 
әйгілі  ақыны  Махамбет  Өтемісов  кездескен.  Батыр  өзінің 
Нұрсұлтан  есімді  ұлын  Орынбордағы  кадет  корпусына 
оқуға  жөнелту  үшін,  құж аттарын  туралау  мақсатында 
келіп,  Орал қаласына тоқтаған  беті  екен.  Ж аны на  Ж анкісі 
есімді  ж ы рау  ілесе  жүрген.  Пушкин  мен  Махамбеттің  та- 
нысуына  дәнекер  болған  Даль  сыңайлы.  Өйткені  ол

Махамбетпен  бұрыннан  таныс,  дос-жар  болған,  батырдың 
Дальге  жазған  екі  хаты  мүрағат  қорында  әлі  күнге 
сақтаулы.  Сол  қы сқа  қайырым  жүздесу  үстінде  Пушкин 
жыраудан  халқымыздың  "Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу"  атты 
лиро-эпостық жырының мазмұнын жазып алған.
Осы  деректі  150  жылдан  соң  "Русский  вестник"  жур- 
налынан  тауып,  бұл салада  едәуір  жаңалық  ашқан,  соның 
негізінде  "Ж ұлдыздар  құлаған  жер"  атты  көркем  туынды 
жазған  -   біздің  Елшіліктің  қызметкері,  өзіңіз  жиі  көріп 
жүрген  Рахымжан  Отарбаев деген жігіт.
Қырғыз  ж еріне  келген  аз  уақыт  ішінде  оның 
"Әбутәліп  әпенді",  "Абай  -   сот"  атты  екі  пьесасы 
қойылып,  көрермендерден  тәуір  баға  алды.  "Абай  -   сот- 
ты"  өзіңіз  де  көріп,  ж ақсы  пікір  білдіргенсіз.  Өз  басым 
қазақты ң  осы  қарапайым,  қанатты  жігітінен  көп  үміт 
күтемін.
Ал  Пушкин  мұражайында  "Қозы  Көрпеш  -   Баян 
сұлудың"  ақын  қолымен  жазылған  сегіз  беттік  қысқаш а 
мазмұны  қазірде  көрнекті  экспонаттың  біріне  айналып 
тұр.  Ақын  қ азақ   жырының  негізінде  "Руслан  мен  Люд­
мила"  сынды  кең  тынысты  эпикалық  өлең-роман  жаза- 
мын деп  жоспар  құрса  керек.
Айтматов.
  Назар  аударарлық оқиға екен.
Ш аханов.
  Ал,  Ж ай ы ққа  келетін  болсақ,  заманында 
осы  өзеннің  бойында  жасақталып,  қаһарлы  күшке  ай- 
налған  Емельян  Пугачев  бастаған  шаруалар  көтерілісі 
күллі  Ресей  империясының  түкпір-түкпірін  тегістей 
дүрліктірді 
емес 
пе? 
Билеуші 
топтың 
зөре-құтын 
қашырған  бұл дүрбелеңге  башқұрт,  татар  шаруаларымен 
қатар,  қ азақ   кедейлерінің  жасағы  да  қатысқаны  белгілі. 
Путачевтың  өзі  тұтқындалып,  көтерілісшілер  аяусыз  жа- 
заланған 
соң, 
Ресей 
империясы 
Ж ай ы қ 
деген 
қорқыныпггы  атауды  халық  санасынан  мүлдем  өшіргісі 
келді.  Сөйтіп,  императрица  II  Екатерина  (1762  —  1796) 
арнайы  ж арлы қ  шығарып,  Орал  тауынан  бастау  алып 
жатқандықтан,  Ж ай ы қ өзенін Урал деп өзгертті.
Біздің  жыл  санауымызға  дейін-ақ  сол  өңірде  дүниеге 
келген  Зоротупггра  пайғамбар  атын  суарған  бұл  ұлы  да- 
рия  содан  бастап  зорлықпен  таңылған  есімді  иеленіп, 
Урал атанып  кете  берді.
Бүкіл  қ азақ   халқының  еңкейген  көрісінен  еңбектеген 
баласына  дейін  Ж ай ы қ  деп  айтудан  бір  жаңылмаса  да, 
географиялық карта  мен  орыс  басылымдарында өлі  күнге 
дейін  II  Екатерина  "өжеміз"  берген  жанама  ат  үстемдік 
танытып  келеді.

Кешегі  тоталитарлық  ж үйенщ   түсында  ж үздеген 
ұлттар  мен  ұлыстар  тарихи  жадынан  аж ырап  қала  ж аз- 
дады  ғой.  Өйткені  түркі  халықтарының  өткен  дәурен, 
кеткен  күндерінің  көбі  өз  қолымен  жылнама  беттерінде 
емес,  өзге  халықтардың  әр  алуан  тарихында, 
ше- 
жірелерінде 
жазылып 
қалды. 
Бір 
халықтың  түтас 
тіршілігін,  үлтты қ  кәсібі  мен  психологиясын  әркім  өз 
талғам,  түсінігі,  көзқарасы мен  көргендіктен,  од  мұ- 
ралардың  ішінде  үнамдысы  мен  жағымсызы,  ақиқаты  
мен  жалғаны  аралас-құралас  жүрді.  Осы  әрқандай  араб, 
қытай,  орыс,  ағылшын  мен  неміс  тілдерінде  қағазға 
түскен  баба  тарихымызды  талмай  зерттеп,  тірнектеп  жи- 
нап,  том-том  ғылыми  еңбек  ж азған  оқымысты,  аяулы
азаматтар  баршылық.
Туған  халқының  мәрт  мінезін,  шынайы  зиялылығын
бойына  сіңірген  орыстың  ғұлама  перзенті  Лев  Гумилев 
бар  саналы  ғұмырын  түркі  тектес  халықтардың  тарихын 
зерттеуге  арнады.  Осы  бір  энциклопедиялық  білімі  бар 
ж анны ң 
адам 
айтса 
нанғысыз 
қаж ы р-қайраты ны ң 
арқасы нда  қанш ама  ғасырлық  ш ежіреміз  жинақталып, 
ұлт  игілігіне  айналды  десеңізші!  М ұндай  қайталанбас 
тұлғаға  ж ай  рақм ет  айтудың  өзі  аз,  еңселі  ескерткіш  
соқса,  арты қты қ  етпес  еді.  Сонымен  қатар  А.  Левш иннің 
"XIX  ғасырдағы  қы рғы з-қазақ  немесе  қы рғы з-қайсақ 
ордалары  мен  далаларының  сипаттамасы"  (3  том),  Н.  Би- 
чуриннің 
"Енесей  қырғыздары", 
"Орта  Азия 
ж әне 
Қ азақстан 
шежіресі", 
В.Радловтың 
"Ежелгі 
монғол, 
үйғыр,  О рхон,' Енесей  ж азбалары   ,  С.  М аловтың  Көне 
түрік  ж азба  ескерткіштері",  Н.  Аристовтың  "Түрік  тайпа- 
лары",  В.  Бартольдтың  "Орта  Азия  ж әне  Түркістан  тари- 
хы"  т.б.  -   бүкіл  ел  атынан  алғыстауға  лайы қ  сүбелі
шығармалар.
Осы  салада  ұ зақ   жалдар  көз  майын  сарқып  ізденіп, 
қ азақ   тарихын  кереметтей  байытқан  ұлы  ғалым  Әлкей 
Марғұланның,  тарихшы-зерттеушілер:  К.Ақышев,  М.Қо- 
зыбаев, 
М.Ақынжанов, 
Ж .Қасымбаев, 
ААманжолов, 
Р.Бердібаев,  М.Мағауин,  Ә.Дербісәлиев,  У.  Шалекенов, 
К.Байпақов,  М.Қадырбаев,  С.Ақынжанов,  Л.Ерзакович, 
Б.Көмековтердің 
және 
"Көмбе", 
’ Алтын 
тамыр  , 
"Қазақтар"  атты  трилогия  жазған  Қойшығара  Салға- 
риннің,  "Дулыға"  деген  дилогия  берген  қаламгер  Тұрсын
Ж ұртбаевтардың еңбегі  айтарлықтай  зор.
Қырғыз  халқының  арғы-бергі  ш ежіресін  талмай  зерт­
теп,  тарихи  ақтақд,ақтардың  орнын  толтыруда  ерекш е 
қайрат  көрсеткен  қы рғы з  ғалымдары:  А.Тыныбеков,

О.Сыдықұлы,  Х.Қарасаев,  К.Юдахин,  Б.Жамгеринов, 
К.Үсенбаев,  А.Батманов,  О.Қараев,  Ю.Худьков,  В.  Пло­
ских,  В.Мокринин,  Ш.Өміралиев,  Ә.Өміралиев,  Қ.Эсен- 
ұлы,  Т.Бейшеналиевтердің  зерделі  зерттеулері,  байыпты 
ойлары  таным  көкжиегін  барынша  кеңейтті.
Айтматов.
  Мәселен,  Ж апонияда  мектеп  оқушылары 
ә  дегеннен-ақ  өз  елінің  тарихын,  мәдениетін,  әдебиетін, 
музыкасын, 
сәулет 
өнерін 
(өзге 
пәндермен 
бірге) 
меңгеруге  күш  салады  екен.  Ата  жұртының  барлық  өмір- 
баянымен  сусындаған  оқушы  кейінгі  кезекте  өзге  ел- 
дердің  тарихымен  танысуға  мүмкіндік  алады.  Ал  бізде 
бәрі  керісінше  болды  емес  пе?  Шетелдің  Людовиктері 
мен  Вильгельмдерін  сұрасаң,  алдына  қара  салмай  түрған 
шәкіртің  өз  елдеріміздің  тарихын  құраған  тұлғаларға 
келгенде,  күмілжіп  қалады.  Шүкір,  қазір  бұл  салада 
қозғалыстар  ж о қ  емес...
Ш аханов.
  Тарихшыларымыз  Шыңғыс  хан  шапқын- 
шылығы түркі  тектес  елдердің дамуын  300  жылға  шегерді 
деседі.  Егер  бұл  апаттан  аман  қалғанда,  біздің  ел- 
деріміздің  де  Ж апонияның  дәрежесінде,  бәлкім,  соған 
ж ете-қаба  дамуы  мүмкін  еді  деген  жорамал  айтады  ға- 
лымдар.  Кім  білген?
Шыңғыс  ханның  әскері  отырықшы  өлкелерді  ойран- 
дап,  қарсылық  көрсеткен  қалаларды  талқандап,  жер- 
гілікті 
халықтардың 
тұрмысына, 
шаруашылығына, 
мәдениетіне  зор  залалын  тигізгенмен,  кейіннен  Алтын 
Орда  мемлекеті  нығайған  соң,  қарамағындағы  елдің  де 
әл-ауқаты  арта  берді.  Тіпті  XIII  —  XIV  ғасырларда  ж ер 
шарының  небір  ілгері  дамыған  елдерімен  сауда,  эконо- 
микалық,  мәдени  байланыс  орнатқан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет