Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Айтматов.
  Қоғамның  қолдауымен  тұрмыстың  теп- 
кісіне  түскен  әйелдердің өзі  осы  бір  тұрпайы  саясатымыз 
бен  өмірдің тәлкегіне  сын  көзбен  қарап:
Я  и лошадь,  я  и  бык,
Я  и  баба  и  мужик,
  —
деп,  орыс  әйелдері  сол  мүсөпір  күйін  сы қақ  өлеңге  ай- 
налдырып, 
егіс 
далаларында 
шыркдушы 
еді. 
Тіпті 
қымсынудың  орнына  социалистік  реализм  өдісін  нысана 
тұтып,  еңбек  үстінде  сатылап  өсіп,  парторг,  кеңшар  ди­
ректоры,  аупартком  хатшысы  міндетінде  жүрген,  еркек- 
шора  киінген  әйелдердің  көркем  образын  әдебиетімізге 
әкеле  бастадық.  Қ ара  күші  жағынан  құдай  теңестірмеген 
әйел  мен  еркекті,  сөйтіп,  партия  пөрмені теңестірді.

Ш аханов.
  Әңгіме  орайына  қараи,  осыдан  көп  уақы т 
бұрын  жазылып, 
ж арияланбай 
мұрағатымда  жатып 
қалған  "Ла  Валетта  маңындағы  түн"  деген  өлеңімді  алға
тұтайын. 
і
Мальта  қызы  жиырма  үиіке  толғанда,
Иек  артып  арманға,
Ж анары   жайнап,
Шаиіына  аляндр гүлінен  жемелек  байлап,
Қоштасып  бал  дәурен  шағымен  саялы,
Өртеніп  іиітен,
Толғанып,  алқынып,
Нән  үлкен  ыдысты 
Терезе  алдына  қояды,
Әбден  қызарып  піскен 
Алма  мен  бананға  толтырып.
Бүл  —бойжеттім  дегені.
Міне,  осылай  сынға  түспек  сүлу қыздың  беделі.
Ал  үміткер  жігіт  біткен  қақпа  алдына  түра  қап, 
Алма-кезек  өз  бақытын  сынамақ.
Кім  үнамак,  бүл  сайыста,  кімнің  даңқы  қүламақ?
Қыз  отырар т ерезенің жабығынан  сығалап.
Бірі  мүңлы  гитар тартып,  бірі на'зды  ән  салып,
Бірі  қыздың  сүлулығын  жырға  к,осып  тамсанып,
Күн  баіщ анш а  өз  өнерін  көрсет еді жан  салып,
Ж анын  салған  өнерпазда  ерлік жатар  қаншалық! 
Егерде  қыз  т ерезеден  саған  күліп  қараса,
Той  қамына  кірісе  бер,  бағың жанды.  Тамаша! 
Бәсекелес  достарыңды  мүлдем  естен  тандырып, 
Үйленесің,  және  де  бүл  үйленуің мәңгілік.
Үйлендің  бе,  бітті  әңгіме,  жолың  болсын,  мархаба! 
Ажырасу түралы  заң  атымен  жок,  Мальтада.
-Ж а р ы ң   жайсыз  боп  жольщса,  бақыт  іздеп  жаңадан 
Әуреленбе,  өліп  қана  қүтыласың  сен  одан,  -  
деді  Мальта  тарихшысы  көзбен  қарап  жүмбақты, 
Ж анарында  сөзбен  айтып  жеткізе  алмас мүң  жатты. 
Мүңыңды  үғар  жан  табудан  не  бар  екен  қымбатты! 
Көк т еңізді кешіп  барып,  алауланып  күн  батты.
Сары  аралдың  сәні  болған  сары  м әрнәр  қакдалы 
Жымыңдайды  Ла  Валетта  қаласының  оттары.
Осы  маңның  бүкіл  тыныс-тіршілігін  қолға  алып, 
Арнасына  шалк^иі  симай  теңіз  жатты  толғанып. 
Толғанбаса  теңіз  —теңіз,  адам  -а д а м   бола
  ма?
Біз  бөлініп  шетке  шықтык,,  үнсіз  түрдьщ  жағада.
Үнсіз  түрдьщ.  -А ғ а ,  - д е д ің   біраздан  соң  сен  маған.  -

Ага,  -  дедің,  — мен  бір жанмын  бак, жүлдызы жанбаған. 
Сырымды  ашсам
  — 
сенгендігім,  бүйырмаңыз  айьища, 
Кейде өзімді  үқсатамын  ескегі жоқ қайыққа.
Қандай  қорлық,  иіынымен-ақ ескексіз  боп қалдым  ба?
Осы  үзақ  саяхатқа  шығар кездің  алдында 
Шорт  үзіліп  үмітім,
Ойда-жоқта  тастап  кетті  сенген,  сүйген  жігітім. 
Көкірегімде  өшпенділік  барда  мен  де  өшпеймін,
Бүл қылығын  қашан  көзім жүмылғаниіа  кешпеймін!
-  Жоқ,  сен  оны  сүймейсің,  сүймегенсің және  де,
Шын  махаббат,  к,алк,ам-ау,  қара  күиіке  көне  ме?
Шын  махаббат
  -  
к,асиеттен  қүралатын  мүнара, 
Қасиетке  сызат  түссе,  мүнара  аман  түра  ма?
Ғашык,  адам  сүйгеніне  өзінің 
Жаманшылык,  ойлай  ма  екен  сірә  да.
Тек жүрегін  салар жерде  білек күшін  таныпщан,
Білек күшін  танытам  деп,  тілек күшін  арытк,ан 
Тура  сенен  айнымаған  сүлу қыз 
Бір кез маған  жолыққан.
О, тәңір-ай,  шык^андайсың  екеуің  бір к,алыптан,  -  _  
деп  едім мен,  жалт  бүрылдың  сен  кенет,
Жалт  бүрылдың  көкірегіңді  бір қара  күш  желкелеп. 
"Токдіа,  токдіа,  қара  күиипің  адымы  әр кез келте"  деп, 
Тобығыңнан  теңіз  суы  к,ағып  жатты  еркелеп. 
Қайрылмадың,  жауабымды  ауыр  алдың  көңілге,
Адал,  батыл  мойындау да  түспес,  к,алк,ам,  жеңілге.
Тек т абу дан,  жоғалтудан,  іздеуден 
Түратүтын  мына  қатал  өмірде!
Айтматов.
  Өте  дұрыс  аңғарғансың.  К,арапайым 
қағидаға  сүйенсек,  адам  өзі  құлай  сүйген  адамына  еш 
уақытта  жамандық  ойламауы  тиіс.  Махаббат  пен  жануы- 
нан  өшуі  тез  жай  сезімдердің  айырмасы  да  осында. 
Сүйген  ж үрек  сыңарына:  "Мен  не  болсам  болайын,  сен 
аман  бол!"  деп,  ізгілік  тілеп  қалушы  емес  пе  еді?  Сенің 
кейіпкерің  —  бак,ай  есептің,  баянсыз  өшпенділіктің  ада- 
мы.  Осы  көрініс,  осы  пиғыл  кешегі  күні  біздің  өмірімізге 
де  өз  салқынын  тигізбеді  ме?  Сол  кезгі  саясатты  арқа 
тұтқан  кейбір  төмен  етекті  замандасымыз  қалтасында 
қызыл 
билеті 
бар 
күйеуін 
қит 
етсе, 
партияның 
пәрменімен  жасқап,  түқыртып  ұстады.  Дәм-тұзы  жарас- 
пай,  ажырасқысы  келгендерді  бүгін  парткомның  талқысы, 
ертеңгі  аупартком  бюросының  соққысы  күпп  тұратын. 
Иә,  өмір  бақи  иттей  ырылдасып,  бір  шаңырақтың  астын- 
да  өтесің.  Немесе  қызыл  билетіңді  столға  қойып,

қызметіңмен  қоштасып,  үй-күйіңнен  айырылып,  алимент 
төлеп  (тіпті,  басым  кінә  әйел  жағында  ж атса  да),  ел- 
ж ұртқа  азғын  атанып,  өз  басыңмен  өзің әлек  боп  кетесің.
Бұл  ең  "әділетті"  деген  қоғамның адам  құ қы н а  партия 
арқылы  аса  мәдениетті  қол  сұғуы  еді.  Осы  ж ағы нан  ал- 
ғанда, 
біздің 
көптеген 
келінш ектеріміз 
өзімен 
бір 
ш аңырақтың  астында  күйеуін  тырп  еткізбей  ұстап  кел­
ген!  үшін  кешегі  парткомдарға  қарыздар.
Ш аханов.
  Қоғамдағы  еркек  мінездес  әйелдер  мен 
әйел мінездес  еркектердің проблемасы жас  келіншектердің 
тәрбиесіне де  үлкен әсерін тигізіп жатты.
Өз  басым  мектепте  оқып  ж үрген  кезде  ер  мұғалімдер 
басым  еді.  Солардың  кейбіреуіне  еліктедік,  мінездерін 
бойымызға  ж ұқты рды қ.  Тіпті  кейбірін  өзімізге  идеал 
түтып  өстік.
Айт мат ов.
  Кеңес  дәуірінің  соңғы  он  бес-жиырма 
жылы  көлемінде  мектепте,  ж оғары  оқу  орындарында 
әйел  мүғалімдердің  саны  барынш а  артты.  Қ азіргі  ұ рп ақ 
балабақшада,  мектепте,  тіпті  ж оғары  о қу  орындарында 
да  әйел  тәрбиесімен  өсіп,  ерж етіп  келеді.  Еркектің 
тәрбиесін 
жөнді 
көрмеген 
жасөспірім 
ұстаздары на 
еліктеп,  әйел  тақілеттес  болып  ш ықпағанда  қайтеді.  Ке- 
сек  мінез,  берген  сөзі  мен  серті  үшін  өлуге  бар  мәрт  аза- 
маттардың  сиреуі,  оның  орнын  өсек-аяңға,  ж ан  аярлы ққа 
үйір  еркектердің  басуы  қоғамның  ой  сыздатар  үлкен 
проблемасын  тудырды.
'  Сен  оқыған  өлеңдегідей,  табу  мен  жоғалтудан  жөне 
іздеуден  тұраты н  айналма  ғұмырда  Гомер  мен  Ш експир 
жырлаған  әйел  нәзіктігі  мен  ұлылығы,  қоғам  қанш ама 
өзгеріске  түссе  де,  оның  адамгершілік  этикасы  сақталуға
Т И ІС .  : 
: К- 
,,
 V.;-,-
Ш аханов.
  Ендігі  ж ерде  сұхбатымызды  өзімізге  қарай
бұрсақ деймін.  Адамға тән  қасиеттердің  қай-қайсы сы ны ң
бізді  айналып  өткені  ж оқ.  Егер  пәлен  ауылдағы  біреу
екінші  біреуте  ғаш ық  болса,  немесе  бір  жігіт  он  қы збен
қатар  ж үрсе  де,  оған  ешкім  назар  аудармауы  мүмкін,  ал
Айтматов  секілді  күллі  әлемнің  аузында  ж үрген  тұлғаның
басқан  әр  адымы  ж үрт  көзінен  бір  сөт  те  қағыс 
қалмайды...
Сізге  іні  болып,  қатар  ж үрген  ұ за қ   жылдар  ішінде 
ішкі  сезімдеріңіз  жайында  бір  ауыз  тіс  жарып,  өңгіме 
қозғап  көрмеппін.  Енді  ж ан  дүниеңізді  толқытқан,  талай 
таңды  дөңбекшумен 
атыруға  себепш і 
болған 
асыл 
сезімдеріңіз  жайында  сыр  суыртпақтасам  -   айып  ет- 
пессіз?

Айтматов.
  Эр  адамның  өз  пешенесіне  жазылған 
тағдыры  бар.  Мынау  ғалам  қандай  шексіз  болса,  ол  да 
сондай  шек-шетсіз,  құпиялы  да  күрделі.  Әркім  өзінің  өм- 
ір  жолында  бұйырған 
адамына  жолығады. 
Бірігіп, 
әрқайсысы  өз  түсінігіндегі  бақытын  іздеуге  аттанады.
Қазірде  естелікке  айналса  да,  ойыңа  түскендо,  көкі- 
регіңді  шым  еткізетін  қимас  сәттер  біздің  бастан  да  өтк- 
ен.  Ж асыратыны  жоқ,  студент  кезде,  ж асты қ  шақта  би 
алаңында,  той-томалақта  талай  қы збен' танысқан  болар- 
мыз.  Ең  бір  тәтті  сөздерді  тізбелеп  хат  жазған,  хат  алған 
күндер  де  бастан  өтті.  Есіміңді  шетіне  әдемі  жіптермен 
өрнектеп  жазған  сұлулар  сыйлаған  орамалдың  қаншасын 
қалтаға  салдық  екен?!  Күлесің,  соған  қарағанда  сенің  де 
қалтаңа талай  орамал түскен-ау,  шамасы...
Бірақ  бәрі  жанды  да,  өшті.  Гүл  басына  көбелектің 
қонып-ұшқаны  сынды  қас  қағым  сәт.  Олар  маған  пә- 
лендей  эсер  ете алған  жоқ.
Солардың ішінде  өзінің жанымен де,  тәнімен де,  бүкіл 
бітім-болмысымен  еркімді  билеген  бір  сәулелі  махаббат 
есімде  қалып  қойды.  Әдейі  іздеп  кездескеніміз  жоқ.  Кез- 
дейсоқ  табыстық...  Сол  кездейсоқтық  мен  үшін  барша 
мақсаттан  да  биік,  жоғары  еді.  Ол  —  қырғыз  өнерінің 
маңдайына  біткен  атақты  бишісі  Бүбүсара  Бейшеналиева 
болатын...
Әлі  күнге  түсіме  еніп,  елесімен  жебейтін,  көңілімді 
еліктіріп,  өткен  күндерге  қиялмен  болса  да  оралтатын 
сол  қымбат  бейнемен  қалай  кездескенім  қазірге  дейін 
көз  алдымда.  50-жылдардың  соңы.  Мәскеуде  оқу  бітіріп, 
шығармаларым  орталық  баспасөзде  жарияланып,  ел  ау- 
зына  еркін  ілінген  шағым.  Балтық  флотында  өскери 
қызмет  етіп  ж үрген  қырғыз  жігіттеріне  шефтік  көмек 
көрсетейік  деген  оймен  делегация  жасақталды.  Фрунзе 
қалалық  партия  комитетінің  сол  кездегі  бірінші  хатшысы 
Тұрдахун  Усубалиев 
шақырып  алып, 
делегацияның 
құрамымен  бірге  Ленинградқа  жүр,  теңізшілерге  сый- 
сияпатымызды  көрсетіп  қайтайы қ  деген  соң,  қоса  атта- 
нып  кеттім.
Қырғыздың  "Шолпон"  деген  классикалық  балеті  бар 
еді.  Біздің  алдымызда  олардың  да  Балтық  бойына  сапар 
шегіп,  Ленинград  балетімен  бірге  фильмге  түсіп  жатқан 
тұсы  екен.  Небір  ыстық  жүздесулер  өткіздік.  "Шолпон" 
балетінде  басты  рөлді  орындап  жүрген  Бүбүсара  Бейше- 
налиевамен  сол  жерде  алғаш  рет  кездестім.  Мұның 
тағдырдың жазуы  екенін  кейін  ұғындым.  Жанымда  екі-үш 
матрос  бар  моторлы  қайықпен  "Аврора"  крейсеріне

жақындап  келгенімде,  біздің делегация  палуб ада  тұр  екен. 
Орталарында  я қ т а   ж үзі  қуаныпгган  гул-гүл  жайнаған, 
сұңғақ  та  сымбатты  Бүбүсара.  Ш апш н  теңіздің  майда  са- 
малы  еркелете  тарап,  бізге  қол  бұлғады.  Бұрын  бір- 
бірімізді  сьфттай  білгенмен,  онша  таныс  емес  едік.  Тез 
сырласып  кеттік.  Тіпті  тілмен  айтып  ж еткізу  мүмкін  емес. 
Сезіміміз  от  секілді  тұтанды  десем,  сенбессің.  Осы  кезге 
дейін  кездеспей  қалай жүрдік екен деп таңғалыстық.
Айналамдағы  адамдар  да,  тіпті  сайраған  құ с  та,  сыб- 
дырлаған  ж апы рақ  та,  теңіздің  шулаған  толқындары  да 
көзіме  басқаш а  көрінеді.  Д үние  бұрынғысынан  шырай- 
ланып,  құлпырып  сала берді...
Ленинградтың  а қ   түндеріне  шомылып,  Н ева  бойлап 
қыдырған,  армансыз  сы рласқан  сол  сәттер-ай!  Елде 
қалған  ж еңгең  мен  екі  бала  да  естен  ш ы ққандай,  ға- 
ж айы п  бір  сал дәуренді  бастан  өткердік.
Сапар  мерзімі  біткен  соң,  делегация  мүш елері  елге 
ж үріп 
кетті. 
Өзімнің 
кеткім 
ж оқ, 
бөгеле 
бердім. 
Ж үрегім нің  ж артысы н  Н ева  жағалауына  қалдырып  бара 
ж атқан  тәріздімін.  Ақыры  М әскеуде  жұмысым  бар, 
пойызбен  қайтамын  деп  сылтауратып, 
Ленинградта 
қалып,  Мөскеуге  екі-үш   күннен  соң  аттандым.  Іле-шала 
алып-үшып  Бүбүсара  да  жетті.  "Москва"  қ о н ақ   үйінде 
бір  күн,  бір  түн,  екеуден  екеу  оңаш а  қалып,  небір  руха­
ни  түйсік  табу,  ы сты қ  сырласу  сәттерін  бастан  кештік. 
Қ айта-қайта  қопггасып,  бір-бірімізді  қи я  алмай,  ақы ры  
ж ұп  ж азбаған  қалпымызда  Бүбүсараны   электричкамен 
Л енинградқа  апарып  салдым.  Орыс  орманының  көк 
шалғынды  даласын  көктей  өтіп  зулаған  "Стреланың" 
үстінде  тербеліп  кетіп  бара  ж атқан  сол  бір  қайта  айна- 
лып  келмес  ш ақтар  есімнен  әлі  күнге  дейін  бір  сөт  көмес- 
кіленген  емес...  Л енинградқа  келген  соң,  Бүбүсара  мені 
кері  —  М әскеуге  дейін  шығарып  саламын  деп  еді,  өзім 
өтініш  жасап,  өрең тоқтаттым.
Осыдан  бастап,  Бүбүсара  қайтыс  болғанға  дейін  он 
терт  ж ыл  бойы  алаулаған  ж ү р ек  жалыны  бір  сөтке  де 
бөсеңдеген  ж оқ.  Ө сек-аяңның  өрті  де  осы  жылдары  бізді 
аямай  шарпыды...
Бүбүсара  Ленинградта  оқып,  білім  алған,  театр,  кино 
мен  өдебиетке  келгенде  ерекш е  зерек,  парасат  иесі  еді. 
М інезі  мен  көркіне  өнері  ж арасқан  біртума  тұлғаның 
менің  өмірім  мен  шығармашылығыма  тигізген  әсерін  ай ­
тып  ж еткізу қиын.
"Мың  бір  түннің"  хикаясындай  екеуінің  ғаш ықтығын 
естімей  қалған  ешкім  ж оқ,  ендеше  не  себепті  қосылмады?

деген  сауал  туар.  Мен  емеурін  танытсам,  Бубусара  ылғи 
да өңгіме  бетін  аулаққа  бұрып,  кешеуілДете  беретін.  Кез- 
дейсоқтық  дегенді  қойсаңызшы,  екеуміздің  де  жаңадан 
алған  пөтеріміз  бір  үйдің  көрші  подъезі  болып  шықты. 
Оңаша  бір отырып  сырласқанымызда,  Бубусара:
— 
Ачинов  (фамилиям  мен  атымның  алғашқы  әріптері- 
нен  құрап  алған  есімі),  ойынды  оқып  отырМын,  -   деп  наз- 
дана  кулімсірегенімен,  жузінде  кіреуке  мұң  тұрды.  — 
ІІІын  ғашықтар  қосылмайды  деген  бар  ғой.  Бәлкім,  сол 
дұрыс  та  шығар,  —  деді  енді  ол  ойлы  кейіпке  түсіп.  -  
Өйткені  үйленгеннен  кейінгі  тірліктің  күйбеңі  ұлы 
сезімдерді  ж еп  қояды.  М ахаббатымызды  некеге  байлап 
қайтеміз.
Ж ұбайлы қ  өмірді  қай  әйел  аңсамайды  дейсің.  Кейін 
аңғарсам,  бұл  Бүбүсараның  менің  шығармашылығыма 
кесірім  тимесін  деген  тілекпен  істеген  әрекеті  екен.  Ол 
кезді  өзің  білесің,  әйелімен  ажырасқан  адамды  мораль- 
дық  жағынан  азды  деген  желеумен  лезде  есекке  теріс 
мінгізіп  жіберетін  еді ғой.
Шаханов.
  Иә,  ондай науқан біздің қазақта да өріс  алған. 
Классик қаламгер  Ғабит Мүсірепов,  даңқты  батыр,  жазупш 
Бауыржан  Момышүлы,  әйгілі  әнші  Ермек  Серкебаевтар  от- 
басын  қайта  қүрғаны  үшін  айыпталып,  фельетонный, 
кейіпкеріне  айналып,  небір құқайды бастан кешкен.
Айтматов.
  Не  десек  те,  Бүбүсара  менің  жұлдызым- 
ның  қашанда  биіктен  ж ана  беруін  ойлап,  өзінің  ж еке 
бақьггынан  бас  тартқан  екен.  Сабыр-ақылдың,  сезім- 
жүректің  иесі.  Бір-біріне  бағына  бермейтін  осы  екі 
қасиетті  ортақ  мақсатқа  жүгіндіріп,  сырттай  өзі  сүйген 
адамға  тілекші  боп  қалу  —  үлкен  адамгершіліктің 
қолынан  ғана келер  іс.
Бір 
жолы 
Бүбүсара 
екеуміз 
ұш аққа 
мінбей, 
Мәскеуден  Фрунзеге  "Мәскеу-Алматы"  жүрдек  пойызы- 
мен 
қайттық. 
Екі 
адамдық 
оңаша, 
жайлы 
купе. 
Әдеттегідей  ешкім  телефон  соғып,  не  есік  қоңырауын 
қағып,  мазаламайды.  Барша  өлемнен  бөлектенген  қалпы 
үш  күн,  үш  түн  қатарынан. айтып  тауыса  алмас  ертегідей 
ғажап дәурен  кепггік.
Япырай,  сондағы  біздің  сан  салалы  әңгімелеріміз, 
суыртпақтап  ж үректің  терең  түкпірінен  тартқан,  бұрын 
жан  баласына  тіс  жарып,  ашып  көрмеген  сырларымыз, 
өмірдің  мөңгілігі  мен  баянсыздығы  туралы,  өдебиет  пен 
өнердің  күрделі  қасиет-мінезі  жайлы  пікірлеріміз  қандай 
жымдасып,  бір-бірін  толықтырып,  жанымызды  рақат 
сезімге  бөлеп  еді.  Өзіңе  ойы,  рухы,  мінез-сана  табиғаты,

ж ан  кеңістігі  сай  адам  табудан  арты қ  бақы т  ж о қ   екенін 
сол жолы  тұңғыш  рет өз  ж үрегіммен  сезініп  едім.
— 
Ғасырға  бергісіз  күн  болады.  Ендеше,  бұл  —  менің 
өмірімдегі  ең  бақытты  күнім!  — деді  Бүбүсара да толқып.
Ө зара  шексіз  түсінік  тапқан  көңіл-күйімізді  пойыз 
доңғалақтары  да  тынымсыз  құптап,  тастақ қа  салған 
жорғадай  ж ұлқы на  дүрсіл  қағады.  А уы қ-ауы қ  терезеге 
үңіліп,  табиғатты  тамаш алаймыз.  Соңымызда  орыстың 
жасыл  ормандары  қол  бұлғап,  қазақты ң   пейіліндей  кең 
ж азы қ даласы  жарысып  қалар  емес.  Арал  қаласы на  келіп 
тоқтағанда,  вагоннан  шығып,  таза  ауа  ж ұтты қ.  Теңіздің 
ол  жылдары  арнасы  тартылмаған,  айдыны  толы  шағы. 
Ерке  толқындары  күнге  шағылысып,  ж ар қ -ж ү р қ   етеді. 
Одан  бері  Қызылорда,  Арыс,  Ш ымкент,  Түлкібас...
Есінде  ме,  бірде  екеуміз  сенің  машинаңмен  Ташкент- 
тен  Бішкекке  келе  жаттық.  Күн  ұясына  қы зары п  батып, 
айнала  шымқай  қы зам ы қ  сәулеге  малынып  тұрған  әсерлі 
ш ақ  еді.  Түлкібасқа  жақындағанда  қапталдаса  жарысып 
ж үрген  темір  жол  биік  қырды  жағалап,  үлкен  доға  жасап 
бұрылады.  Көктемде,  ж азда  бұл  ара  ерекш е  құлпырып, 
жайнап,  өзгеше  сипат  алады.  Мен  сенен  машинаны 
тоқтатуды  өтініп,  сыртқа  шықтым.  О,  керемет,  бұдан  25 
жыл  бұрынғыдай  биік  қырды  жиектеп,  Алматыға  қарай 
пойыз  кетіп  барады.  Қыста  биіктен  құлаған  көшкін  қар 
темір  жолды  басып  қалмасын  деп,  қы р  жағалай  қойылған 
екі-үш  қатар  темір  ш арбақтар  да  өзгеріссіз  тұрғандай. 
Ж үрегім  шым  ете  қалды.  Баяғыда  н ақ  сол  арадан  өткенде 
Бүбүсараның  ерекш е  бір  қуаны ш қа  бөленіп,  қазақты ң  сан 
түрлі  ұлы  табиғатының  әсем  бір  бөлшегіне  ш ексіз  риза 
болған  сәті есіме түсіп,  көңілім толқыды.
Бүбүсарамен  бірге  жүрген  қанш ама  ж ыл  ішінде  талай 
қалалардың  мәдениет  ошақтарында  болып,  тарихи  жер- 
лерін  араладық  екен?  Немесе  бір  ғана  Бішкек  қаласын 
алайық.  Кейбір  үйлердің  тұсынан,  көше  қиылысынан, 
белгілі  мәдениет  орындарының  алдынан  өткенде  дәл  сол 
арада 
қандай 
әңгіме 
айтқанымыз, 
күлгеніміз, 
қуанғанымыз,  мұңайғанымыз  -   бәр-бәрісі  үтір-нүктесіне 
дейін  есіме  сап  ете  қалады.  Өткенде  екеуміз  Қырғыз  мем- 
лекеттік  Опера  ж әне  балет  театрына  бір  жиынға  барма- 
ды қ  па?  Ж ұ р т  назары  басқада.  Мен  өз  ойыммен  әлекпін 
Бүбүсараның  өнердегі  ешкім  қайталай  алмас  асау,  ерке 
дарыны  осы  театрдың  сахнасынан  қанат  қақты   ғой. 
Бүбүсараға  қатысты  талай  оқиғалар  бірінен  соң  бірі  киме- 
леп,  көз  алдымнан  кино  таспасындай  өтіп  жатты.  Сахнаға 
қарасам,  н ақ  қазір  аппақ  аққу   бейнесінде  соншама  ұ за қ

жылдар  бойы  қиял-ойымды  тұтқындаған  іңкәр  сұлу  мүсін 
шыға  келіп,  билеп  ала  жөнелетіндей.  Жалпы, 
мен 
Бүбүсара  рухының  көнермес,  өзгермес,  тірі,  бірақ  құпия 
естелігі сияқтымын.
Ол  бір  сапардан  ауырдым  деп  оралған.  Артынша 
омыраудан  түскен  қатерлі  ісік  диагнозымен  Кунцово  ау- 
руханасында  жатты.  Бір  жарым  жыл  қатты  қиналды.  Ай- 
тудың  өзі  оңай  емес...  Кунцованың  аумағына  арнайы 
рұқсат  қағазбен  кіргізетін.  Бүбүсарамен  бір  палатада  дәл 
сондай  дертке  шалдыққан  Кеңестер  Одағының  халық 
артисі  Ольга  Андровская  да  жатты.  Менің  алғашқы  по- 
вестерімді  өзінің  "Новый  мир"  журналына  басып,  ақ   жол 
тілеген,  иманы  салауат  болғыр  Александр  Твардовский  де 
осы  қатерлі  ісіктің  тұзағына  қармалған  екен.  Әр  барған 
сайын  көңілін  сұрап  тұрдым.  Ж үдеп,  шаршап  қалыпты. 
Артынша о дүниелік  боп  кетті.
Бүбүсара  бірте-бірте  семе  берді.  Орнынан  көтерілуге 
де  әлі  жетпеді.  Әдемі  ж үзі  суалып,  аялы  да  мейірімді  көз- 
дерінің  оты  сөніп,  шүңірек  тартқан.  Оның  бұл  фәнилік 
еместігін  алғаш  сезінгенімде,  көз  алдымда  дүние  шыр  ай- 
налып,  басайын  десем,  аяғым  жерді  таба  алмай  қалды. 
Ақыры  жүріп-тұруының  өзі  күшке  айналған  соң,  Бүбүса- 
раны  Фрунзе  ауруханасына  ауыстырды.  Ж ұмыста  да 
дегбір  тауып  отыра  алмай,  әлсін-әлсін  аурухананы  төңі- 
ректеймін.  Тағдырдың  қатал  үкіміне  іштей  мойынсұнып 
жатқанымен,  мен  кіріп  келгенде,  Бүбүсараның  суалған 
жанарында  қуаныш  ұшқыны  ж арқ  ете  қалушы  еді.  Бәл- 
кім,  бұл  жанын  жегідей  жеген  ауыр  дертті  маған  сез- 
діргісі  келмегені,  яғни  мені  қиналмасын  дегендегісі  бо­
лар.
Ақыры,  1973  жылы  11  мамыр  күні  Бүбүсара  мәңгілік 
көз  жұмды.
Ш аханов
.  Опера  және  балет  театрындағы  азалы 
жиында,  марқүммен  қоштасу  сәтінде  сізді  ағыл-тегіл  жы- 
лады дейді  көргендер.  Тіпті,  шыдамы таусылған  сол  кездегі 
республиканың  бір  басшысы:  "Ана  қасқаны  біреуің  барып 
қойдырсаңдаршы!"  —  деп  айналасындағыларға  жекірген 
екен.  Тіпті,  қы ры қ  жыл  отасқан  әйелі  өлсе  де,  көзінен 
тамшы  жас  шықпайтын  әлдекімдерге,  бәлкім,  сіздің  бұл 
қылығыңыз  тосын  көрінген  шығар.  Тоталитарлық жүйенің 
түсынДа  атақ-абыройыңыз,  отбасыңыз,  қызметіңіз,  парт-
билетіңіз  бар  сізге  осының  бәрін  аттап  өтіп,  бар  жан 
дүниеңізбен  құлай  қайғыруға  және  оны  ешкімнен  жасы- 
рып,  жаппауға  итермелеген  оңай  сезім  емес  екені  айдан
анық.

Ө зара  сырласу  үстінде  қырғыздың  заңғар  ақы ны  
Сүйінбай  Эралиевтің  осы  оқиға  төңірегінде  былай  дегені 
есімде  қалыпты.
"Бүбүсара  -   көркіне  ақыл-парасаты  сай,  қы рғы з 
қы зы на  тән  мінездер  тал  бойынан  түгел  көрініс  берген 
аяулы  ж ан  еді.  Кезінде  басқа  ақы ндармен  қатар,  мен  де 
оған  өлең  арнағанмын.  Оның  қазасы   бүкіл  қы рғы з 
ұлтының  қабы рғасы н  қайыстырды.  Әдебиет  пен  өнер 
қайраткерлері  ортасында  ж алт  еткен  ж анар  оты  назар- 
дан  тыс  қалған  ба?  Ш ыңғыс  екеуінің  арасы нда  ұ за қ  
жылдардан 
келе  ж атқан  
үлкен 
м ахаббатқа  тамыр 
ж іберген  таза  сезім  барын  сырттай  естіп  ж үретінбіз. 
Бүбүсараны   соңғы  сапарға  шығарып  салар  қаралы  
ж иы нға  Шыңғыс  екі  көзі  бұлаудай  боп  ісіп,  бастан-аяқ 
қара  киім  киініп  келді.  Кейбіреулер  оның  бұл  қылығын 
оғаш  санап,  "әйелі,  бала-шағалары  бар,  мұнысы  несі" 
десіп,  өсектің  қы зы л  шоғын  көсеп  жатты.  Ал  өз  басым: 
"Айналайын  Шыңғыс  әдебиетте  қандай  үлы  болса,  ма- 
хаббатын  ж ерге  берерде  де  сондай  ұлы,  жігіттік  мінез 
танытты деп,  марқайып  түрдым."
Айт м ат ов.
 
С үйекеңнің 
көңіліне 
рақмет. 
Иә, 
Бүбүсарадан  айырылу  —  мен  үшін  ж арты   тағдырымды 
жоғалту екенін  өзге  ж ұ р т қайдан  ұқсы н.
Ш аханов.
  "Манас"  эпосының  1000  ж ы лды қ  тойы 
қарсаңы нда  қы рғы з  мүсін  өнерінің  майталман  ш ебері 
Тұрғынбай  Садықовтың  Біш кек  қаласы ны ң  әсем  бір 
алаңына  орнатқан  "Ел  құты"  атты  алып  монументі  салта- 
натпен  ашылды.  Бұл  —  күллі  қы рғы з  халқы ны ң  өміріне, 
өнеріне,  әдебиеті  мен  ғылымына  ересен  еңбегі  сіңген,  ел 
тәуелсіздігі  жолында  күш -жігерін  сарп  еткен  үлкен  тұл- 
ғаларды  қы ранны ң  қос  қанаты на  қондырып  бейнелеген, 
көрген  ж анны ң санасында  қалар  ғажайып  ескерткіш .
Сол  қы ран  қанаты ны ң  бір  ж а қ   бетінде  ой  теңізін 
кешіп  Сіз  түрсы з  да,  ал  екінші  бетінде  өнер  аспанында 
аққудай  қалы қтап  өткен  Бүбүсара  Бейш еналиеваны ң 
сұлу мүсіні... 

 
'  , 
.'і 
і
К ездейсоқты қ  па,  әлде  мүсінші  қиялыны ң  ж емісі  ме, 
тірлікте  тағдырын  бір-біріне  жалғай  алмаған  қос  адам 
бұл  жолы  да  қатар  тұра  алмай,  өздері  ш ексіз  сүйген 
қырғыздың  ұлы  тауларына,  даласы  мен  көліне  екі  бет- 
кейден  көз  салады... 
!
Республика  мәдени  өмірінде  зор  оқиға  болған  ес- 
керткіш тің  ашылу  салтанатында  қасы ңы зда  тұрдым. 
Байқағаным, 
ж ез 
мүсінді 
көзіңізбен 
аялап, 
тілсіз 
тебіреніп,  ұ за қ   бөгеліп  қалдыңыз... 
і

Айтматов.
  Бүбүсара  дүниеден  озған  соң  көп  өтпей 
Италиядан  шақырту  алдым.  Түн  ішінде  кемемен  Сици- 
лияға  беттедік.  Ашық  теңіздің  үсті.  Ай  сүттей  жарық, 
майда  самал  еседі.  Алыста  түрлі  түсті  ж арқ-ж ұрқ  еткен 
шамдар.  Осы  сөтте  Бүбүсара  екеуміз  ж ақсы  көретін  бір 
музыка  ойнап  қоя  берді.  Толқынмен  бірге  тербеліп  келе 
ж атқан  кеме  үстіндегі  жас  та,  жасамыс  та  әлгі  әуеннің 
ырғағымен  билей  жөнелді.  Көз  жасыма  ерік  бере  алмай, 
палубаға сүйенген  күйі,  сұлқ тұрып  қалдым...
Теңіз,  түн,  ай,  елсіз  аралдар  және  көңілдің  түнгі
жалғыздығы.
Қазірде  де  сол  музыканы  естісем  болды,  Бүбүсара 
есіме  түсіп,  өз-өзімнен  толқып  кетемін.  Оны  саған 
түсіндіруге тіл құдіретім  жетпейді.
"Кассандра  таңбасы"  атты  романымның  қаһарманы 
делегация  құрамында  Ж апонияда  болғанда  түнде  кемеде 
жүзіп  келе  жатады  — онда да әлгі  сурет,  әлгі  өткенді  еске 
түсіру,  жапон  музыкасының  әуендері  шақыртқы  болған 
күйзелістер.  Сол  көрініс  Италия  сапарымда  өз  басымнан 
кешкен,  Бүбүсараны  жоқтап,  жалғыздықтың  құрсауына 
қамалғандағы  мұңды  суреттер  еді.
Шаханов.
 
Жетпісінші 
жылдардың 
орта 
шенінде 
Мәскеуде  кездесіп  қалып, 
өзіңіз  түскен  қонақүйге 
шақырып  едіңіз.  Сол  сапар  қасыңыздан  Мариям  жеңгейді 
алғаш  көріп,  құдайға  шүкір,  Шікеңе  иман  жүзді,  адам- 
гершілігі  мол  әйел  жолыққан  екен  деп  түйгенмін.  Ойым 
алдамапты.  Қара  басыңызды  хан  тұтып  сыйлайтыны  өз 
алдьша,  шығармашылығыңызға  да  тигізген  игі  әсері  мол 
екені 
анық. 
Өзі 
-  
жүйелі 
парасаттың, 
шырайлы 
мәдениеттің  адамы.  "Боранды  бекет"  атты  романыңыздағы 
мәңгүрт 
тақырыбына 
жазған 
киносценарийін
"Түрікменфильм"  студиясы  экранға  шығарды.  Қасыңда 
жан  дүниеңді  ұғынып,  ойывды  өрістетіп  отыратын  осын­
дай жарыңның болуы  зор ғанибет емес  пе?
Айтматов.
  Бүбүсарадан  соң  қаңырап,  бос  қалған 
көңілімді  еш  нәрсемен  толтыра  алмай-ақ  қойып  ем... 
Міне,  енді  керек  кісіме  кездестім...
Иө,  солай,  М ұхтаржан,  менің  өмірімде  арманым  боп 
кезігіп,  азабым  боп  ажырасқан  осындай  махаббат  болған.
Ж ан  күйзелісінен  шыға  алмай  жүрген  шағымда  тағдыр 
Марияммен  табыстырды.  Көңілдің  олқысы  бүтінделгендей, 
жан жарасы жазылғандай сөулелі ғұмыр кешудемін.
Ш аңырақтың  желбауындай  үйелмелі-сүйелмелі  Шы- 
рын  атты  қызымыз,  Эльдар  деген  ұлымыз  бар.  Шешесі 
екеуміз,  мейлі,  олар  өсе  келе,  қай  мамандықтың  иесі

атанса  да,  ең  алдымен,  туған  елш е  сәулесін  түсірер 
қанатты   перзент  болса деп  армандаймыз.
Ш аханов.
  Өткенде  қызыңыздың  бір  мінезіне  ерекш е 
риза  болдым.  Алматы  эуеж айы на  М ариям  ж еңгей  мен  екі 
перзентіңізді  Брюссельге  шығарып  салуға  барды қ  емес 
пе.  Сонда  Шырын:
—  Аға,  папамның  қант  диабеті  бар  ғой.  Қ онақта 
отырғанда  кейде  байқамай  тәтті  тағамдарды  ж еп  қою ы  
мүмкін.  Өзіңіз  көз  қы ры н  салып  жүріңізш і,  —  деп  сізге 
естіртпей  менің  құлағыма  сыбырлады.
Айт мат ов.
  Соңғы  кездері  ылғи  екеуміз  бір  ж үрміз, 
сосын  саған  әкесін  аманаттап.ж атқаны   ғой...
Шаханов.
  Ж әнібек  Ж ан ұзақ  деген  журналист  әркімнің 
аузына  диктофон  тосып,  өміріңіздің  әр  кезінде  жолыққан 
әйелдер  жайлы  "мәлімет"  жинап,  "Айтматовтың  айымдары" 
атты  кітапша  шығарыпты.  Әлгі  "зерттеу  еңбектің"  кітап 
дүкендерін  былай  қойып,  кейбір  аудан  орталықтарында,  ас 
дүкендерінде де сатылып жатқанын  көрдім...
Айтматов.
  Рұқсатсыз  біреудің  ж ан  сарайына  үңілу  — 
ж ақсы   әдеп  емес.  Мейлі,  өзіне  лайы қ  көрсе,  ж аза  берсін, 
қай жазғыпггың қаламына тосқауыл боламыз?
Керез  —  алғашқы  жүбайым, 
жастық, 
студенттік 
шақтың  албырт  та  қиын  асуларын  бірге  астық.  Анам 
Нағима  марқұм  екеуі  шешелі-қыздай  сыйласып,  көп  жыл 
тату-тәтті  тірлік  кепггі.  Керезден  Санжар,  Асқар  есімді  екі 
ұл  көрдім.  Қазір,  құдайға  шүкір,  екеуі  де  ел  жүтін  көтеру- 
ге ж арап  қалды.
Ал  Тәттібүбү  Тұрсы нбаева  болса  -   бір  кезде  көңіл 
төрінде  жанып-өш кен  аяулы  бейне.  Ол  да  қы рғы з  театр 
өнерінің  бағына  туған  ж анны ң  бірі  еді.  Тағдырымның 
бұралаң 
жолдарында 
бұлардан 
басқа 
да, 
әлгіндей 
ж азғы ш тарды ң  қалам ы на  іліне  қойм аған  әйелдер  бол- 
ран...  Сондықтан да түйіп  айтарым  мынау:
Өмірімнің  ең  бір  шабытты  да  мерейлі  жылдары, 
ж арқы н  елестері,  ж айсаң  кештері,  жүлдызды  сәттері 
осындай 
әйелдермен 
бірге 
өткенін 
ылғи 
да 
зор 
құрметпен,  зор  ризаш ы лы қ сезіммен  еске  аламын!
Ш аханов.
  Қырғызстанға  елші  боп  келген  жылы  ха- 
лы қаралы қ  "Руханият"  қауымдастығы  Тоқтағұл  атындағы 
мемлекеттік  филармония  залында  менің  поэзия  кешімді 
өткізді.  Кеш  соңында  бір  бәйбіше  адам  жылы  ұш ы рай 
амандасып:
-   М үхтар  қалқам,  мені  танымаған  шығарсың,  К ерез 
жеңгеңмін  ғой.  Өзіңнің  Шыңғыс  ағаңның...  -  деп  мүдіріп 
қалды.

Ол кісіні  бұрын-соңды  көрмеген  соң,  алғашқыда  аз-кем 
тосылып  қалдым да,  денсаулығын,  хал-жайын  сұрадым.
— 
Қырғыз  бен  қазақты ң  арасын  жалғастыруға  ағаң 
көп  еңбек  сіңірген.  Сол  жолды  енді  өзің  жалғап 
жатқаныңа  сырттай  разы  боп  отырамыз...  Ал  Шыңғыс 
ағаңа  келетін  болсақ,  ол  бір  ғасырда  бір-ақ  рет  туатын 
дара  тұлға  ғой.  Онымен  бірге  өткізген  шақтарым  өмірім- 
нің  ең  бір  сәулелі  жылдары  екен,  — деді  көңілі толқып...
Айтматов.
  Рақмет.  Ж ә,  осы  әңгімеміздщ  тұздығы 
ретінде  мағынасыз  үш  мың  жыл  өмір  сүруден  — үш  жыл 
махаббатпен  ғұмыр  кешу әлдеқайда  артық  екенін  суретте- 
ген  балладанды  оқышы.  Түсінген  адамды  бұл  өлең  терең 
ойға тартады...
Шаханов.
Ғүмыр
Ғүмыр келте  деп  налисың,  досым-ау.
Бүдан  миллион  ғасыр  бүрын,
Ж ер  ғарышқа  тең  иіашып  жасыл  нүрын,
Мимырт,  иіабан  тіршіліктің  қүшағында  күліпті,
Ал  адамдар  үиі  мың  жылға  дейін  өмір  сүріпті.
Сан  балапан  ғасырларды  алақанда  сөйлеткен,
Үзак, ғүмыр,
Үзак,  ғүмыр,  ой,  неткен!
Ж асы  к,ашан жеті жүзге  жеткенше,
Уыз  сәби  саналыпты  бойжеткен.
Ара-түра  бой  қылтитқан  Күдікке 
Бір жайсаң  сөз  айта  алмапты  Үміт  те.
Ж ет і жүзге жасы  жетпей  (заң  солай),
Үйленуге рүқсат  жоқ жігітке.
Бірақ  бірде  болды  оқиға  сүрапыл...
Қыз  бен  жігіт  бір  өлкеде түратын,
Қосып  арман-тілегін,
Қосып  мүңьш,  мүратын,
Тіл  бітірер  сезімменен  тасқа  да,
Тек  сезімді  етіп  іңкәр  астана,
Ж асы  жүзге жетпей жатып,
Бір-біріне ғашық  бопты,
Масқара!
Күннен  күнге лаулай  түскен  қүиітары?!
Бүл не  пәле  салт-санадан  тысқары?!
Тумай  жатып  қағынғаны  қалай  деп,
Ж үрт жағасын  үстады.
Ал жігіттің  әкесі айтты:


 
Қу балам,
Ит  боп  шықтың  жақсы  атаққа  тумаған. 
Дәтің  барып  қалай  дәст үр  бүзбақсың, 
Ж үрттан  қайда  қаиипақсың  сен  шулаған? 
Ж ет ер  қайғы  сыйладың  сен  өлгенше, 
Өлген  жақсы  бүл  қорлыкдіы  көргенше.
Ақылга 
кел,
Үйленбестен  қоя  түр,
Тым  болмаса,  алты  жүзге  келгенше.
Ел  тағлымын  аяк,  асты  төсенбе,
Той  аз  болмас  әлі  сенің  көиіеңде,
Бес жүз жыл күт.
Сонан  кейін  рүқсат,
Он  бес  қызды  қабат  алам  десең  де!
Ж ігіт   өкси  мүңын  шақты:
—Болмайды,
Бүл  пәлсапаң  ақылыма  к,онбайды.
Тасқа  үрсаң  да  мына  мендік маңдайды, 
Әнім  ән  боп  самғайды.
К әрі  емендей  қасарыса  бергениіе,
Қайран  әке,  үғынсаңшы  мән-жайды. 
Түйыкдіалса  перзентіңнің  арманы,
Сені  де  ілер  қайғы-мүңның қармағы.
Одан  қайта  қол  үшын  бер,  қүда  түс,
Қыз  үйіне  бар-дағы.
Бірақ  әке,  секілденіп  тас  қамал,
Үндемеді.
Таусылды  енді  басқа  амал.
Ж аңалыкда  көз  аз  болмас  окдіалар,
Бой  көрсетші түсаулар  мен  ноқталар. 
Қорғау,  қолдау көрмеген  соң  ешкімнен,
Қол  үстасып  тауға  қаиіып  кетті  олар. 
Бүл  оқиға  шартараіща  жайылды.
Д інге  берік қатал қолдар  байырғы 
Қос  ғашыкдіы  іздеп  тауып  алды  да, 
Бір-бірінен  айырды.
Енді лезде  байтақ  аспан  тар  болып, 
Көңіліне  ызғар  толып,  қар  қонып, 
Күні-түні  еңіреді  екеуі,
Қас-қағым  сәт  көрісуге  зар  болып.
Екі  ғашық  алып  үшып  жүрегі,
Тағдырынан  былай  тілек тіледі:
"Төсте  тойы  тарқамаған,
О,  Жер-анам,  дарқан  анам,
Үл  керек пе  саған  мықты?

Өзгерт  онда  шабандьщты,
Сен  үшін  бүл қиын  іс пе  сониіалъщ?
Шабандыкдіа  қырсык,  жатыр  қаншалық.
Біздер  үзак,,  мағынасыз  ғүмырдың 
Іш  пыстырар мінезінен  шаршадық.
Қайтіп  тірлік кешеді жүрт  самғамай,
Арындамай,
Ағындамай,
Таңдамай.
Махаббатсыз  өткен  күннің  бәрі  ізсіз,
Суға  жазған  таңбадай.
Ж үрсек мейлі,  қай  белеете,
Дөңесте,
Сағынышпен  атқан  таңның  бәрі  есте.
Мағынасыз  үш  мың  жылдан 
Мағынамен,
Мәнмен  өткен,
Махаббатпен,
Әнмен  өткен
Үш  жыл  артық  емес пе?
Егер  оны  көп  десең,
Айналайын  алып  түлға,
Қасиетті жүмыр жер,
Ғашығыма  жолықтыр да,
Үш-ақ  күндік,  үш-ак, күндік ғүмыр  бер!
Сеэінбестей  ет  кессе  де  етімнен,
Лапылдайын  інжулі  іңкәр  отыммен,
Тек  үш-ак, күн,
Тек  үш-ак, күн  бере ғой,
Сонан  кейін  басымды  алсаң,  өкінбен".
Қайсар  ғалам  жібітіп  тас көңілін,
Қос  ғашықтың  қайтпасын  деп  меселі,
Ж ер  бетінде  адамдардың  өмірін 
Отыз  есе  қысқартыпты  деседі...
...Ал сен  ғүыыр  келте  дейсің!...
Айтматов.
  Мұндай  мөн-мазмұны  терең  жыр  жазған 
ақынньщ өзі махаббат Эвересіне  көтеріле алды ма екен?
Шаханов.
  Бозбала  шағымда  көңіл  теңізін  ұлан-асыр 
тулатқан,  ұ зақ   жылдар  бойына  күндіз  есімнен,  түнде 
түсімнен  кетпей  келе  ж атқан  бір  оқиға  болды...
Айтматов.
  Өзің  жөнінде  өр  түрлі  өңгімелер  (өсіресе 
қаламдастар  арасынан)  есітіп  қалам.  Ж асыратыны  жоқ, 
бір-екі  рет  сұрауға  оқталғаным  да  есімде...  Реті  енді  кел­
ген  екен.  Сыр  ашу  пікірлес,  рухани  түсінік  тапқан  адам-

дардың  ара  қатынасын  одан  саиын  ж ақы ндата  түспеи 
ме?  Қысылмай  бастай  бер..  М ен  сенің  сөзіңді  бөлмей
тыңдауға тырысайын.
Ш аханов.
  Шіке,  ол  кезде  қиял  шылбырын  ізгілік 
тауына  қарай  сүйреген  биік  идеяларымыз  бар-ды.  Асан 
деген  досым  екеуміз  күн  сайын  тым  құры ғанда  бір  адам- 
ға  ж ақсы лы қ  ж асаймы з  деп,  алдымызға  серт  қойғанбы з. 
Бұл,  бірінші  кезекте,  өзімізге  өз  азам атты қ  бағыт- 
бағдарымызды  түзу  жолға  салу  үш ін  керек  еді.  Осы  ой­
мен  Ш ымкентті  кезіп,  біздің  жақсылығымызға,  яғни 
қолғабысымызға 
зәру 
адам 
іздейміз. 
Көше 
толы 
жүргінші,  әрлі-берлі  ағылып  жатады.  Адасып,  жөн  таба 
алмағандар,  қол  ж үгін  көтере  алмай,  қиналып  түрғандар 
күнде  алдыңнан  жолыға  да  бермейді.  Б ірақ  қайткенде  де 
күн  сайын,  ең  кем  дегенде  бір  адамға  ж ақсы лы қ  ж асау 
керек  деген  сертті  орындау  парыз.  Сол  ойдың  жетегінде 
базар  жағалаймыз.  Қол  күш іне  зәру  кемпір-гаалдарға, 
ғаріп-қасірлерге  жәрдемдесе  кетеміз.  Арбадан  ауыр  ж үк 
түсіру,  тиеу  немесе  қаж етті  орынға  ж еткізіп  беру  бізге 
бұйым  емес.  Ж ү к   иесінің  ауыз  толтыра  айтқан  алғысы 
төбемізді  көкке  ж еткізердей  қуанамыз.  Келе-келе  бұл 
қарекеттен  де  тыйылуға  мәжбүр  болдық.  Көрген  таныс- 
тарымыздың  бәрі  дерлік  бізді  базарда  ж үк  тасып,  содан 
ақш а тауып ж үр деп  ойлапты.
Беймаза  ізденіс  мені  ақы ры   қасиетті  өлең  өлкесіне 
алып  келді.  Өзіңіздің  "Ж әмила"  повесіңізді  жариялап, 
оқырмандардың  ықыласына  бөленген  "Лениншіл  жас" 
газеті  он  алты  жасымда  өлеңдеріме  бір  бетке  ж у ы қ  орын 
бёріп,  сәт  сапар  тіледі.  Трактордың  тіркеуш ісі  болып 
ж үрген  кезім  еді.  Май-май  кепкімді  милықтата  киіп 
түскен  суретімді  өлеңіммен  ж әне  сол  кездегі  ж ас  ж урна­
лист  М ыңбай  Ілесовтың  мен  туралы  редакцияға  жолдаған 
хатын  қоса  басыпты.  Ертеңді-кеш  трактордың  соңында 
шаң  қауып  ж үрген  бозбалаға  мүнан  өткен  қуаныш   бар 
ма?  Артынша  газет-журналдарға  жазғандарым  ж иі  ж а- 
рияланып,  ел-ж ұртқа  едәуір  белгілі  боп  қалдым.
Осындай  арман  қуған  алғашқы  албырт  күндердің 
бірінде  Шымкент  педагогика  институтында  өтетін  поэзия 
кешіне  шақырылдым.  Ж аңадан  шығып  келе  ж атқан  жас 
ақындар  бас  қосқан  екен.  Бірімізден  соң  біріміз  мінбеге 
суырылып  шығып,  өлең  оқып  жаттық.  Әр  ақынның  қалам 
қуатына,  дарынына  берілген  бағаны  кең- аудиторияда  көз- 
дері  жанып,  ж үздері  алаулап  отырған  студенттердің 
алақан  дуылынан  аңғаруға  болар  еді.  Бірнеше  өлеңді  үсті- 
үстіне  төгіп  оқып,  мінбеден  түскен  кезімде  қы зы л  шырай-

лы,  бетінің  сүт  шұңқыры  оиылған,  еліктің  лағындай  бір 
сүйкімді  қыз  қолтаңба  беруімді  өтініп,  өзінің  студент 
дәптерін  қолыма  ұстатты.  Қарақаттай  екі  көзі  мөлдіреп, 
төбесіне түйген  шашы  өзіне  ерекше  сән  беріп тұр.  Дәптері 
де  әдемі  екен,  сыртына  қатты  қағаз  тігіп,  оны  ж ұқа  жыл- 
тырақпен  қаптап  қойыпты.  Ішін  ашқанда,  алдымен  көзіме 
түскені  — өзімнің  газетке  шыққан  екі  шумақ  өлеңім  мен 
кепкі  киген  суретім  болды.  Газеттен  қиып  алып,  бояу 
қарандашпен  оюлап,  жапсырып алыпты.
Қыздың  есімі  Күләнда  екен.  Қапелімде  аузыма  өлең 
келмей,  дәптеріне  қарасөзбен  қолтаңбамды  түсірдім.  Ол 
менің 
шығармашылық 
жолымдағы 
ең 
алғашқы 
қолтаңбам еді.
Күләндамен  осылайша  ойда  ж оқта  таныстым.  Сол 
кеш  жанымызға  нұр  сепкен  сәулелі  шақтардың  бастауы- 
на  айналды.
Менің  балауса  жырларымды  алғаш  рет  ж атқа  айтқан 
да  сол  Күләнда.  Шыны  керек,  ол  шақта  болашақта  ақын 
атанатыныма  өзім  аса  сенбеуші  едім.  Анық  ақынды  кім 
көрген,  олар  маған  ылғи  да  басы  қазандай,  ерекше  жара- 
тылған  адам  ретінде  елестейтін.
-   Сіз  өсе  келе,  үлкен  ақын  боласыз,  -  дер  еді  ол  менің 
кеудеме  сенім  шуағын  құйып.  Ол  кезде  қазіргідей  емес, 
Шымкент қаласының батыс  жағында жағалай қалың қамыс, 
жабайы жыңғыл,  тал өскен үлкен тоғай  бар-тын.  Күләнданы 
сабағынан  шығысымен  күтіп  алып,  үйіне  ұзатып  саламын. 
Өзі  әлгі  тоғай  маңына  салынған  бес  қабатты  үйдің  үш 
бөлмёсінде  аға,  жеңгесімен бірге тұратын.
Әсіресе,  сенбі,  жексенбі  күндерін  тағатсыздана  тоса- 
тынбыз.  Ондайда  қала  шетіне  дейін  автобуспен  жетіп  ала- 
мыз да,  у-шудан  құтылып,  елсіз  жазықпен жаяу тартамыз.
Күләнда  әр  гүлді  жазбай  танып,  өр  шөптің  атын  атап, 
оның  қандай  ауруға  ем  екеніне  дейін  жіктеп  беретін. 
Әншейінде  өзім  мән  бере  бермейтін  жалбыз,  таңқурай, 
дерменелердің  керемет  қасиетін  алғаш  рет  Күлөнданың
аузынан  естігенмін.
Оның  кітабы  мен  дәптерлерінің  арасынан  кеуіп,  тіпті 
хош  иісін  сақтап  қалған  гүлдердің  алуан  түрін  табуға  бо­
лар  еді.
Бірде  тоғай  арасындағы  жол  жиегінде  тырбиып,  өліп
ж атқан торғайдың  үстінен  түстік.
—  Қандай  аянышты!—  деді  Күләнда.  —  Бейшара  құс 
неден  өлді  екен?  Көкте  еркін  қалықтап  жүргенінде  жы- 
лан  арбады  ма,  өлде  біреу  қастандық  жасады  ма?  Мейлі, 
не де  болса,  құрметпен  жерлейік.

Екеуміз  ж үремізден  отыра  қалып,  ш ы бы қпен  ж ер 
қазы п,  торғайды  әспеттеп  көмдік.  Күләнда  болса  тап  бір 
қимасынан  айырылғандай  ж үзіне  мұң  үйіріліп,  бата  ғып, 
бетін  сипады.
— 
Аяқ  астында  қалмағаны  дұрыс.  Біз,  адамдар,  сондай 
қаталмыз  ғой.  Қас  қағым  сәт  сайын  табиғат  бір  әсем 
тіршілігінен  айьфылып  жататынын  қаперімізге  де  алмай- 
мыз.  Мысалы,  көбелектің  алты-ақ  күн  ғұмыры  болады 
екен... 

  N
Ауылда,  бай  табиғаттың  ортасында  өсіп,  құсты ң  неш е 
түрін  көріп,  алуан  шөпті  белуардан  кешіп  жүріп,  оларға 
ж ете  назар  аудармаған  екенмін.  Күләнданың  нәзік  ж ара-
тылысының  әсері  шығар,  енді  қорш аған  ортаға  өзгеш е 
көзбен  қарай  бастадым.
Ол  менің  күн  сайын  бір  адамға  ж ақсы лы қ  ж асау  ке* 
рек деген  идеямды  аса ж оғары  бағалайтын.
— Бүкіл  адамзатқа  сәулесін  түсіретін,  мейірім  нгуағы- 
на  бөлейтін  үлкен  істердің  алғаш қы  қадамы  осыдан  бас- 
талады,  — деді  ол  бірде.  — Егер  адамдар  ж ақсы лы қ  жасау- 
дан  қалса,  бір-біріне  қуаныш   сыйлауды  ұмытса,  дүниені 
қатыгездік жайлайды.
Күләнда өзі  оқы ған  кітаптардан  осы  ойы н дәлелдейтін 
түрлі  мысалдар  келтіріп,  үлы  адамдардың ж еке  өмірі,  көз- 
қарастары   хақы нда  ұ за қ   сыр  қозғайтын.  Дон  Кихот  пен 
Санчо  Панчоның  қы зы қты   хикаяларына  ж иі-ж иі  орала- 
тынбыз.
"Кто  потерял стыда,  уж е  не люди"  деген  ұлағатты  сөзді 
(қай  жазуш ының  пікірі  екені  тап  қазір  есімде  ж оқ)  алғаш 
рет  Күләнданың  аузынан  естідім.
— ¥яты   бар  бет  — әдемі.  Оны  ж оғалтқан  адам  бәрін  де 
жоғалтады.  Біздің  қоғам  үшін  де  ең  үлкен  қауіп  осы 
шығар...  Менің  кей  құрбы   қыздарым  тізеден  жоғары  көй- 
лек  киюге  құш тар.  Сырт  көздің  сүғына  ілінгенде,  табары  
не?  М ұның  түбі  ұятсы зды ққа  ұласпаса  ж арады ,— деген 
ойлары  көңілімде  қалып  қойыпты.
Ол маған  ылғи да  атымды  атамай,  Сіз дейтін.
-   Бір-бірімізді  жеткілікті  білеміз.  Бөтен  адамдардай 
Сіз  деп  сызылғанша,  қазіргі  қалы птасқан  ж аңа  мөдениет- 
ке  сай  Сен десіп,  еркін  ж үрмейміз  бе?  — дегенімде:
-   Әжем  атамды  өлі  күнге  дейін  Сіз  деп  атайды.  Қ азір 
қалалы қ  қазақтар   әкесінің  өзіне  де  сен  десіп  ж ата дм 
Соны  естігенде,  қарадан  қарап  түры п  қысыласың.  Б ұ л - 
ғасырлар  бойы  қалы птасқан  салт-сананы  б ү зу   гой,  — деп 
шыр-пыры  шығып,  ызаланғанын  көргенімде,  бүлдіршін 
қы зды ң  орны қты   тәрбиесіне,  ақылды  лебізіне  сүйсініп,

Ауыл мен әлемді жалғастырған қасиетп
11-235
і

Қазаңстан  Парламенті  Сенатының  Төрағасы  Ө.Байгелди,  Ш Айтматов, 
М.Ш аханов,  Қырғызстанньщ  мәдениет  министрі  Ш.Назарбаев  Бішкек 
көшелерінде.  1994 ж.
N
У
  Ли

П резиденттер:  И.Каримов,  Н .Н азарбаев,  А.Аңаев  ж әне  Қырғыз 
Ре сп у блика с ын ың 
П рем ьер-м инистр і 
А .Ж ұмағұлов 
Қ азақстан 
елшілігінде.  Бішкек.

М .ІІІаханов кітабының Ж апониядағы  тұсаукесер  рәсімі.  Сөйлеп  тұрған 
ақы н" аудармаш ы А.Токудзе.  Кобе.  1993 ж .  *
#
4
Қытай Х алы қ Республикасының Төрағасы Ц зян  Цземинмен  кездесу  сәті.

Ш .Айтматов 
пен 
М .Ш аханов 
КСРО  ж азуш ы лары ны ң 
VII  съезінде.  Мэскеу.  Кремль.  1981  ж.
Ш-Айтматов 
(сол  жақта) 
әкесі 
Төреқұл, 
анасы Нағима  жане інісі Ильгизбен бірге.

Ш .Айтматов  -   К.И.Скрябин 
аты ндағы   ауы л  ш аруаш ы лы ғы  
институтыньщ 5-курс сгу д еш і  1952 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет