Ф смк-103-16 Астана қаласы әкімдігінің



бет2/3
Дата26.11.2023
өлшемі78,09 Kb.
#128347
1   2   3
Түсіндірме жазба

Пән/модуль сипаттамасы:


БМ 2. «Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану» базалық модулінің жұмыс оқу бағдарламасы МЖМБС ТжКБ талаптарына (ҚР БҒМ 2018 ж. 31.10. № 604 бұйрығы, 2021 ж. 23.07. № 362 және 2022 ж. 03.08. № 348 толықтырулар мен өзгертулермен) сәйкес әзірленген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
БМ 2. «Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану» базалық модулін оқу мақсаты білім алушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады. Білім алушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек. Бағдарламаның басқа мақсаты білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
БМ 2. «Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану» базалық модулінің жұмыс бағдарламасында 6 бөлім қарастырылған:
1 – ші бөлім : «Аппараттық және программалық қамтамасыз ету»;
2 – ші бөлім : «Деректерді ұсыну»;
3 – ші бөлім : «Ақпараттық процестер мен жүйелер»;
4 – ші бөлім: «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»;
5 – ші бөлім: «Қосымшаларды әзірлеу»;
6 – ші бөлім:«Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік»;
БМ 2. «Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану» базалық модулінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі – 48 сағатты құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:
- оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;
- оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);
- оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.

Қалыптастырылатын құзіреттілік:



Заманауи ақпараттық-коммуникативті дағдыларға ие болу, нақты арнайы пәндерді оқып-үйрену үшін қажетті білімдерді игеру, олардың қызметіндегі қабілеттер, оны жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды анықтау, оған жету процесін жоспарлау және ұйымдастыру, атап айтқанда: заманауи ақпараттық технологияларды іс жүзінде тиімді пайдалану үшін техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыру, мәліметтерді ұсыну, ақпараттық процестер мен жүйелер, ақпараттық объектілерді құру және өзгерту, компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік салалары.

Постреквизиттер:

информатика, ағылшын тілі, математика

Пререквизиттер:

арнайы пәндер, курстық, дипломық жұмыс

Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар:

Анықтамалық материалдар, оқулықтар, презентациялар, бейнероликтер, әдістемелік ұсыныстар, дидактикалық материалдар, электронды оқулықтар, бағдарламалық жасақтама

Қажетті әдебиеттер:

1) В. Яворский, Г. Яворская Введение в информационно-коммуникационные технологий Изд.: Фолиант, Астана -2010. Учебное пособие
2) Мамраев Б.Б., А.М. Алимбаева, А.А. Джусупов, Е.В. Малышевский Форсайт ИКТ и связи РК, Усть-Каменогорск 2009, Монография
3) Трофимов В. В., Барабанова М. И., Кияев В. И., Трофимова Е. В. Информационные системы и цифровые технологии: Часть 1, Изд.: НИЦ ИНФРА-М, Москва-2021





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет