20-21 ғ. тоғысыдағы батыс әдебиеті
Апта: 1
Орындаған: Бакиров Н. А.
Тақырып: 20-21 ғасырлар тоғысындағы батыс әдебиетінің қазіргі кездегі зерттелу мәселелері
Әлем әдебиеті процесінің дамуындағы түрлі ағымдарды классификациялап келе жатқан және әлі де классификациялай беретін субъект – ол Батыс әдебиеттануы. Әсіресе, АҚШ пен Батыс Еуропада ХХ ғасырдың басында-ақ жаңа ғылым дәрежесіне жеткен әдебиеттану мен әдеби сын келе-келе әдеби шығармаларды жетекке алатын деңгейге көтеріле бастаған. Әйткенмен әдебиет тарихын зерттеу формасындағы ғылыми сынның жаппай етек алуы ХХІ ғасырда, тіпті соңғы 40 жылда Еуропа жазушыларының көпшілігін ойландырып тастады. Әдеби ағымдарды классификациялап, қазақша айтқанда, жіктеп, жіліктеп тастауға құмар әдебиеттану жалаңдап ұмтылған сайын қазіргі Батыс қаламгерлері өздерін белгілі бір ағымға жатқызудан іргесін аулақ салып отыр. «Мектептер, ағымдар» деген түсінікке әдеби шығармаларын байлап беру стильдік ерекшелікке селкеу түсіріп, тар шеңберге, таптаурын идеяға қамап тастайды деседі.
Қысқасын айтқанда, қазіргі әдеби бағыттарды классификациялау әлі күнге дейін ХІХ ғасырдағы әдеби канондарға сүйеніп жүргізіледі, Францияның, Германияның кейбір әдебиетшілері осыған қарсы. Мектептер мен бағыттарға негізделген бұл әдістеме жанрлық классификация секілді бір мызғымас қағидаға айналып барады, дейді олар. Расында да, әдебиетте жасалатын эксперименттер белгілі бір ағымдарға апарып телитін осыншама жіктеуге мұқтаж емес.
Әсілі, әдеби шығармалар секілді әдеби бағыттар да форма мен мазмұнның талаптарына жауап беруі тиіс. Әсіресе, қазіргі әдебиетте жылдан жыл озған сайын әлсіреп бара жатқан эстетикалық талаптарға. ХХ ғасырдың басынан бастап форма әдеби бағыттарға баға бере алатын анықтауыш критерийге айнала бастады. «Форма» түсінігі ең әуелі осы күнге дейін өзінің диапазонын жоғалтпаған роман жанрына қатысты. «Жаңа роман үшін» атты эсселер жинағын жазып, Францияда 50-60 жылдары «жаңа роман» деген ағымның негізін салған Роб-Грийенің төңірегіне көп қаламгер топтаса қоймаған. Оның үстіне, әдеби сыншылар сол 50 жылдары «бұл қаламгер форма жаңалығына баса назар аударып, мазмұндық жаңалық ұсына алмады» деп сынапты. Содан болар, Роб-Грийе уақыт өте келе өз стилін табады, бірақ кейінгі әдебиетшілер оның прозасын түсініксіз, жұмбақ құрылым деп қабылдаған екен. Тіпті, «Роб-Грийенің лабиринт романдары» деген тұрақты тіркес пайда болған.
Сүйткен Роб-Грийені, тіпті Кортасарды кейбір әдебиет теорияшылары постмодернизм өкілдеріне жатқызады. Ал өздері – Роб-Грийе де, Кортасар да – өздерін ешқашан постмодернист санамаған. Өйткені, постмодернизм эстетикасының маңызды сипаты «мәңгілік құндылық» ұғымынан бас тарту ғой. Бұл ғана емес, әдебиеттегі постмодернизмнің басты эстетикалық категориясы канондарды қабылдамау, өз «менін» жоғалту, белгісіздік, фрагменттік болса, жетекші идеясы –«автордың өлімі» идеясы…
Мәселен, атақты теорияшы Ролан Барт «скриптор» деген түсінік енгізген. Онысын өзі постмодернизм шығармасында автор «өледі» де, скриптор ғана қалады деп түсіндіреді. Әлгі скриптордың бойында сезім де, әсер де, көңіл де болмайды, тек шексіз-шетсіз сөздік қана қалады, содан әлгі автор сапырып отырып мәтін жасайды екен. Сөйтіп, «өліп қалды» деген, яғни жаңа дүние жасауға қабілетсіз авторымыз мәтіндерді ғана цитаталап отырмақ. Ал көркем шығармаға, кешіресіздер, мәтінге, – өйткені, постмодернизмде көркем шығарма деген түсінік жоқ, тек мәтін ғана бар, – мазмұн жасайтын, жан бітіретін автор емес, мәтінді оқыған оқырман болмақ. Қысқасы, өзіндік даярлығы бар, «мәдени кодтарды» шеше алатын оқырман ғана мәтінді, яғни постмодернистік шығарманы оқи алмақ.
Постмодернизмде кейін «интермәтін» түсінігі кең қолданыла бастады. Интермәтін дегеніміз – мәтінге фрагменттерді, басқа шығармалардан цитаталарды енгізу деген сөз. Мұның бірден-бір мысалы Жак Ривэ деген жазушының 1979 жылы жазған «А.-дан келген қыз-келіншек» деп аталатын роман-цитатасы. Бұл интермәтін (роман) – 408 автордың шығармасынан алынған 750 цитатаның жинағы…
Дегенмен, постмодернизм философиясын (және постструктурализм ағымын) қалыптастырған Жак Деррида, Мишель Фуко сықылды француз ойшылдарының еңбектері әлі күнге дейін өзінің тереңдігімен назар аудартады. Франциядан басталса да, постмодернизм АҚШ ғалымдарының арқасында күрт дамыды. Тіпті, әдебиеттегі «постмодернизм» терминін 1971 жылы алғаш рет араб текті америкалық әдебиеттанушы Ихаб Хасан ұсынған.
Кез келген жаңалыққа есігі ашық, принципінің өзі принципсіздікке негізделген постмодернизмге Батыстың қазіргі жазушыларының да, әдебиеттанушыларының да көзқарасы әр түрлі, бірі толық қабылдап жатса, бірі үзілді-кесілді бас тартып отыр. Соңғы 10-15 жылда, яғни ХХІ ғасырдың басында мәдениеттің рухани деңгейі тілге тиек болып, постмодернизмнің дағдарысқа тірелгені туралы әңгімелер жиі айтылып жүр.
Батыс еуропа әдебиеті Абай мұрасының маңызды бір қыры – Еуропа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, талант, дарын іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінің, елінің жаратылысының өзі Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай - дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. Абай мұрасының батыс еуропа әдебиетімен байланыстары әртүрлі тұрғыдан, бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, қоғамдық, әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. Абай мен батыс еуропа әдебиеті н сөз еткенде бүл атаудың шартты түрде алынғанын ескеру керек. Өйткені, дүниенің бір бөлігі - Еуропада толып жатқан халықтар әдебиеттері ішінен негізінде жалпы әлемдік, адамзатқа ортақ ежелгі грек, рим мұраларының жекелеген нұсқалары, ағылшын, француз, неміс, поляк ақын-жазушыларының туындылары қазақ ақынының шығармашылық жолында жақсы игерілген, олармен үндестіктер, сырластықтар, көркемдік ой ізденістердегі сабақтастықтар тапқан, ал бірқатары қазақша аударылған. Батыс Еуропа халықтары көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын шығармаларының кейбір еуропалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер - бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде, Еуропа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Ақын еңбектерінің биік нысаналы өрісінің тағы бір қыры - М. О. Әуезов сөзімен айтсақ, «езінде Еуропа, өзі Еуропада боп, қарға тамырлы боп байланысқаны... Бүл белгі - сүйсінерлік нағыз ірі белгі» (М. Әуезов Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 264-6.). Қазақ филологиясының абайтану саласында Әуезов айқындап кеткен ғыл. тұжырым бойынша Абайдың ақындық қызметінің негізгі үш түп төркіні: алдымен, қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, дамытып жеткізген өз даналығы, ауыз әдебиеті қоры; екінші - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик. көркем поэзиясы, үшінші - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті десек, «ез заманы үшін, әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек» болған Абайдың ақындық білімінің кемелденіп толысуына, өрісінің кеңеюіне апаратын даңғыл жолды тап басатынымыз сөзсіз, бүл Абайтану ғылымында едәуір зерттелген мәселе. Алайда ақынның орыс мәдениеті арқылы Еуропа мәдениетімен байланысы, Еуропадан алған нәр, оның ақындық жолында қандай іздер мен өрнектер қалдырғаны әлі арнайы зерттелген жоқ. азақтарды Батыс Еуропа әдебиеттерінің кейбір үлгілерімен таныстыруда, ол шығармалардың ел арасына ауызша әңгіме түрінде таралуына Абай үлкен қызмет атқарды. Әуезов көрсеткендей Абайдың ауызша айтуы бойынша халық арасында ертекке айналып кеткен А. Р. Лесаждың «Ақсақ француз», Александр Дюманың «Үш ноян», «Он жыл еткен соң», «Патша әйел Марго» романдары соның куәсі. «Қызыл сақал» деген атпен ертек түрінде айтылған инквизиция заманының романы, Африка, Америка, Австралия тұрғындары жайынан әңгімелер, «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» т. б. әңгімелері сол Абай әңгімелеген қалыпта қағазға түсірілмей қалған. Сөйтіп, халықтардың рухани, мәдени қазыналары алмасу арқылы бірін-бірі тану-білу тарихында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Дүние жүзі мәдениеті тарихында маңызы зор болған көне заман деректеріне қазақ ақынының назар аударуы, сол тақырыпта шығарма жазуы, Батыс Еуропа классиктерінің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударуы, біраз әдеби туындыларды ауызша елге таратуы - қазақ әдебиетіндегі тағы бір соны да игі, маңызы зор тың бастама болды
Достарыңызбен бөлісу: |