Материалдық мәдениет) ( рухани мәдениеті) Орталық Азияда



бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі20,92 Kb.
#44577
  1   2   3   4
Байланысты:
f616d59e1e82710


Тақырып: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі
(материалдық мәдениет)
( рухани мәдениеті)


Орталық Азияда жүргізілген археологиялық казба жұмыстары кезінде көптеген жәдігерлер табылды: олардың қатарында кыштан, тастан, сүйектен, мыстан, қоладан және темірден жасалған еңбек құралдары мен қару түрлері, тоқыма бүйымдар болды. Бұл бұйымдардың барлығы -56 материалдық мәдениеттің дамығандығының айғақтары. Б.з.б. IV-I мыңжылдықтардағы халықтардың даму деңгейі жоғары болды.
Көшпелі өркениет табиғаттағы қуаңшылыққа байланысты пайда болды. Неолит дәуіріндегі аңшы біртіндеп малшыға, кейін көшпелі мал өсірушіге айналып, маусымдык көішіп-қонуды меңгерді. Бұл олардың малдарының көбейіп, отбасының қамсыз өмір сүруіне жағдай жасады. Көшпелілердің атка салт мінуі, жауынгерлікті меңгеруі өз жайылымдарын қорғауына және отырықшы өзге өркениетке қарсы түруына ықпал етті. Әскери өнер көшпелілерді қаһарлы күшке айналдырды.
Ал отырықшы егіншілер жерді суарып баптауды меңгеріп, әртүрлі ауылшаруашылык дакылдарды өсіруді үйренді. Көптеген егіншілік және қалалық мәдениет ошақтары калыптасып, сәулет өнері, қолөнер, сауда дамыды.
Далалық мәдениет пен отырықшы-егіншілердің мәдениеті арасында үлкен айырмашылық болды. Мысалы, айналмалы кондырғыны қолданбай жасаған далалык қыш бұйымдары егіншілер мен қала орталықтарында жасалған қыш бүйымдарға қарағанда, жүқа әрі нәзік болды. Далалықтар ыдыстарға қарапайым өрнектер (шырша, ирек, үшбүрыш) салып безендірсе, отырыкшы ауданның қышшылары өз бүйымдарына күрделі өрнектер салды. Ұлы Даладағы ежелгі қалалар жобасы мен материалдары (топырақ пен балшық) бойынша, оңтүстіктің тас пен кірпіштен қаланған қалаларынан үлкен айырмашылығы бар. Андрондык жартылай жертөлелер мен жеңіл қабырғалы үйлер оңтүстікте кең таралған шикі кірпіштерден салынған үйлерге ұқсамайтын еді. Осындай айырмашылықтарға қарамастан, екі өркениет те адамзаттың материалдық мәдениетіне елеулі үлес косты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет