Ф ут 703-05-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Смж ут. Бірінші басылым



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата07.04.2017
өлшемі5,89 Mb.
#11216
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Өріс типі 
Сипаттамасы 
Мәтіндік тип (үнсіздік 
бойынша) (текстовый) 
Мәтіндік ақпараттарды енгізу үшін қажет. Оның негізгі 
қасиеті - өлшемі. Ол 256 символдан аспайды. 
Сандық тип (числовой) 
Сандық  мәліметтерді  енгізу  үшін  керек.  Осы  типтегі 
өрістің өлшемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады: 
-  
Күні/уақыты 
(Дата/время) типі 
Күні мен уақытын енгізу үшін қажет. Өріс форматының 
мүмкіндіктері: 
 
Ақшалай тип (Денежный 
тип) 
Ақшалай  көрсетілген  ақпараттарды  енгізу  үшін  қажет.  
Өріс  форматындағы  тізімнен  қажетті  ақша  бірліктерін 
таңдауға, олардың шаблонын беруге болады.  
Есептегіш типі (Счетчик)  Жазбалар  кодын  анықтау  үшін  қажет.  Олар  кәдімгі 
сандық  тип,  бірақ  оның  мәндері  автоматты  түрде  өсіп 
отырады. 
MEMO типі 
Өлшемі  256  символдан  артық  мәтіндерді  енгізу  үшін 
қажет.  Мұндай  типтегі  өрісте  65535  символға  дейінгі 
ақпаратты  сақтауға  болады.  Бұл  типтің  ерекшелігі, 
өрістегі ақпараттар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің 
өзінде 
сол 
ақпараттардың 
қайда 
орналасқанын 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
134 
анықтайтын көрсеткіштер сақталады. 
OLE типі 
Басқа  программалардағы  объектілерді  енгізу  үшін 
қажет. Ол үшін OLE хаттамасын пайдаланып, таңдалған 
объектіні  алмасу  буфері  арқылы  өріске  кірістіру  керек. 
Мұндай  объектілер  қатарына  графикалық  файлдар 
жатады. 
Логикалық тип 
(логический) 
Тек  қана  екі  логикалық  мәні  бар  –  ия/  жоқ  немесе 
ақиқат/жалған немесе 0/1 т.с.с. Оның мәндерінің жазылу 
түрі  өріс  форматындағы  берілген  тізімнен  таңдап 
алынады.  Қай  формат  таңдалса  да  кестеде  логикалық 
өріс  қанатбелгілерімен  кескінделеді.  Қанатбелгіні 
тышқан нұсқағышымен шертіп «Иә» мәнінде 

 белгісін 
орнату  арқылы,  ал  «Жоқ»  мәнін  бос  қалдыру  арқылы 
енгізіледі. 
Гиперсілтеме 
(гиперссылка) 
Әріптер  мен  сандардан  тұратын  және  гиперсілтеме 
адресін  білдіретін  қатар.  Гиперсілтеме  адресі  келесі 
бөлімдерден  тұрады:  өрісте  енгізілген  мәтін,  басқару 
элементі  және  URL  адреске  немесе  файлға  апаратын 
жол. 
Өріске 
гиперсілтеме 
адресін 
қою 
үшін 
Вставка

Гиперссылка командасын орындаймыз.  
Орналастыру шебері 
(мастер подстановок) 
Кестелер  арасындағы  байланысты  орнататын  шеберді 
іске қосу командасы. Бұл негізінен өріс типі емес, өрісті 
сақтау мүмкіндігі.  
 
Орналастыру  шебері  (мастер  подстановок)  –  бірінші  кестенің  өрісін  екінші  бір 
кестедегі  басқа  өріспен  алмастырады.  Шебер  жұмысының  бірінші  қадамында  таңдауға 
тиісті  мәндер  тізімі  бейнеленеді,  яғни  орналастыру  шебері  мәндерді  кестеден  немесе 
сұраныстан алатыны анықталады (9 - а) сурет). Әрі қарай (Далее) батырмасын шерткенде 
мәндерімен  берілген  кесте  немесе  сұранысты  таңдау  сұхбаттық  терезесі  шығады  (9  -  ә) 
сурет) . 
 
  
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
135 
 
 
 
а) 
 
 
 
 
 
 
ә) 
Әрі қарай (Далее) батырмасын басқанда Мүмкін өрістерден орналастыру бағанына 
қажетті өрістерді таңдау ұсынылады (9- б) сурет).  Мұндағы: 
  -  таңдалған  өрісті  оң  жаққа  көшіреді; 
  -  тізімдегі  барлық  өрісті  оң  жаққа 
көшіреді; 
  -  таңдалған өрісті сол  жаққа қайта көшіру; 
 -  барлық өрісті  сол  жаққа 
қайта көшіру. 
 
 
 
 
 
б) 
 
 
 
 
 
 
в) 
Келесі  сұхбаттық  терезеде  (9-  в)  сурет)  орналастыру  шеберінің  таңдалған  өріс 
бағандарының шекарасын қалыпқа келтіріп Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз. Бұл 
командадан  кейін  шыққан  сұхбаттық  терезеде  байланыстан  кейінгі  мүмкін  болатын 
өрістер  бейнеленеді  (9.3.6-  г)  сурет).  Соңғы  сұхбаттық  терезеде  (9.3.6-  д)  сурет) 
орналастыру  өрісіне  қолтаңба  (подпись)  беріледі.  Қолтаңба  үнсіздік  бойынша  өріс 
атауындай  етіп  анықталады,  бірақ  қолданушы  оны  өз  қалауымен  өзгертуіне  болады. 
Сонан соң Дайын (Готово) батырмасын басамыз. 
 
 
 
 
 
 
г) 
 
 
 
 
д) 
9-сурет. Орналастыру шеберінің сұхбаттық терезелері. 
Шебер  жұмысы  аяқталған  соң,  оның  жұмысын  кестенің  құрастырушы  терезесінде 
талдауға  және  кестені  ашып  көруге  болады.  Сонда  Таблица  1  кестесінде  Таблица  2 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
136 
кестесіндегі өріс мәліметтерімен толтыруға мүмкіндік жасалған жаңа өріс пайда болады. 
Ол үшін сол ұяшықта тышқан нұсқағышымен бір рет шерту арқылы Таблица 2 кестесінен 
алынған өріс мәліметтерінен қажетті мәліметті таңдап, оны курсормен бір рет шерту керек 
(10-сурет). 
 
10-сурет. Орналастыру шебері жұмысының нәтижесінде қосылған өрістер. 
Кестені  Кесте  шебері  көмегімен  құру  барысында  программа  өзінде  арнайы  дайын 
тұрған  кестелерді  пайдаланады.  Кесте  шебері  4  қадамнан  тұрады,  оның  әр  қадамына 
сәйкес сұхбаттық терзелер ашылып, онда тиісті жұмыстар атқарылады: 
1-қадам:  Ашылған  сұхбаттық  терезеде  кестелер  үлгісі  тізімінен  таңдалған  өрістер 
үлгісіндегі тізімінен жаңа кестеге қажетті өрістерді таңдап Әрі қарай (Далее) батырмасын 
шертеміз (11-сурет);  
2-қадам:  Ашылған сұхбаттық  терезеде кестеге жаңа атау беріп, оның кілттік өрісін 
анықтау  режиімдерінің  бірін  таңдап  Әрі  қарай  батырмасын  шертеміз.  Кілттік  өрісті 
анықтау режимінің екі жағдайы бар: автоматты түрде анықталатын; құрастырушының өзі 
анықтайтын.  Яғни  біріншісінде,  үнсіздік  бойынша  программаның  өзі  анықтайды, 
екіншісінде  құрастырушының  өзі  сұхбаттық  терезе  сұрақтарына  жауап  бере  отырып 
анықтайды (11- ә) сурет). Кілттік өрісті автоматты түрде анықтауға мүмкіндік берейік, ал 
өрістің атын Байланыстар деп өзгертейік; 
 
 
          а)Кесте шеберінің 1-ші қадамы.   ә) Кесте шеберінің 2-ші қадамы
 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
137 
б) Кесте шеберінің 3-ші қадамы.   В) Кесте шеберінің 4-ші қадамы. 
11-сурет. Кесте шеберінің көмегімен кесте құру. 
3-қадам:  Кестені  басқа  кестелермен  байланыстыру  мүмкіндігін  беретін  сұхбаттық 
терезе  ашылады.Программа  барлық  өрістерге  кілттік  өрістері  бойынша  талдау  жасайды. 
Егер  олардың  ішінде  осы  құрылып  жатқан кесте  өрістерімен  аттас  өрістері  бар  кестелер 
кездессе,  онда  оларды  осы  жаңа  кестемен  байланыстырады.  Ал,  егер  ондай  кестелер 
табылмаса,  онда  бұл  терезеде  олардың  атаулары  алдына  байланыспаған  сөзі  тіркелген 
тізім  көрінеді  (мысалы:не  связана  с  «Таблица  1»  және  т.б.).  Кестелер  арасындағы 
байланысты  қолданушының  өзі  анықтауына  болады.  Ол  үшін  Байланыстар  (Связи) 
батырмасын  шерту  керек.  Байланыс  жұмысы  аяқталған  соң  Әрі  қарай  батырмасы 
басылады; 
4-қадам:  Шебер  жұмысы  аяқталғаннан  кейін  орындалатын  мынадай  үш  режимнің 
бірі таңдалады: 
1)  кестелер  құрылымын  өзгерту  –  жаңа  кесте  үшін  құрастырушы  режимі 
ашылады; 
2) берілгендерді кестеге тікелей енгізу – жаңа кесте кесте түрінде ашылады; 
3)  берілгендерді  Шебер  көмегімен  құрылған  форма  арқылы  кестеге  енгізу  – 
жаңа кесте үшін шебер қарапайым қалып (форма) құрастырады. 
Терезеде  осы  режимдердің  қажеттісі  таңдалған  соң  Дайын  (Готово)  батырмасы 
басылады (12-сурет). 
 
12-сурет. Шебер көмегімен құрылған Байланыстар кестесі.  
Кестелерді  сырттан  әкелу  (импорттау)  режимі  –  MS  Access  программасының  әр 
түрлі  форматтағы  басқа  файл  мәліметтерін  ДҚ  мәліметіне  айналдыру.  Берілгендерді 
импорттау арнайы Шебер арқылы орындалады (13-сурет).  
 
13-сурет. Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі. 
Бұл  режим  параметрлерді  анықтаудан  бастап  алты  қадамнан  тұратын  Шебер 
терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі  Дайын (Готово) 
батырмасын  басумен  аяқталады.  Сонда  бастапқы  алынған  файлдағы  мәліметтер  MS 
Access  ДҚ-ның  мәліметтеріне  айналады.  Сонымен,  импорттау  процесінде  Access 
кестесінің өрістері анықталып, ондағы мәліметтер сырттағы басқа файлдан алынады. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
138 
ДҚБЖ-нің негізгі артықшылығы жеке кестелермен емес, өзара байланысқан кестелер 
тобымен  жұмыс  істеу  кезінде  көрінеді.  Access–те  кестелер  арасындағы  байланыстарды 
құру үшін Берілгендер схемасы (Схема данных) деп аталатын арнайы сұхбаттық терезе 
бар.  Бұл  терезені  Сервис

Берілгендер  схемасы  (Схема  данных)  командасымен  немесе 
саймандар тақтасында 
 батырмасын шерту арқылы ашуға болады (14-сурет).  
 
14-сурет. Берілгендер схемасы терезесі. 
Берілгендер схемасында байланыстыруға қажет барлық кестелер таңдалып болған 
соң, осы кестелер өрістері арасында байланыс құруға кірісу керек. Ол үшін бір кестедегі 
өріс  атауын  екінші  кестедегі  оған  сәйкес  байланысқан  өріс  атауына  қарай  тасу  керек. 
Өрістерді  тасып  болған  соң,  құрылған  байланыстар  қасиеттерін  анықтауға  мүмкіндік 
беретін  Байланыстарды  өзгерту  сұхбаттық  терезесі  ашылады.Орнатылған  кестеаралық 
байланыс  Берілгендер  схемасы  терезесінде  әр  кестенің  екі  өрісінің  арасындағы  сызық 
түрінде  бейнеленеді.  Оның  ішінде  бір  кесте  –  басты,  ал  қалғаны  бағынышты  болып 
табылады.  Басты  кесте  деп  байланысқа  өзінің  түйінді  өрісімен  қатынасқан  кестені 
айтамыз. Түйінді өрістің атауы берілгендер схемасында қарайтылған қаріппен көрсетіледі. 
Кестеаралық байланыстың негізгі міндеті: 
1)мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету; 
2)мәліметтер базасына қызмет көрсетуді автоматтандыру. 
Кесте аралық байланыстардың төрт типі бар: 
1)“көбі-біріне”(

1); 
2)“бірі-көбіне” (1

); 
3)“бірі-біріне” (1

1); 
4)“көбі-көбіне” (

).  
Мұндай  “көбі-біріне”  типтегі  байланыс  кезінде  басты  кестедегі  бірнеше  жазбаға 
бағынышты  кестедегі  бір  ғана  жазба,  “бірі-көбіне”  типтегі  байланыс  кезінде  басты 
кестедегі  әрбір  жазбаға  бағынышты  кестедегі  бірнеше  жазба,  ал  “бірі-біріне”  типтегі 
байланыс  кезінде  басты  кестедегі  әрбір  жазбаға  бағынышты  кестедегі  бір  ғана  жазба 
сәйкес келеді. 
Берілгендер  схемасы  терезесінде  екі  кестені  қосушы  сызықты  ерекшелеп  алып, 
тышқанның  оң  жақ  батырмасын  шертіп,  байланыстың  жанама  мәзірін  ашып,  мәліметтер 
тұтастығын  қамтамасыз  ету  шарттары  көрстеліген  басқару  элементтерін  таңдаймыз  (15-
сурет): 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
139 
 
15-сурет. Мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары. 
Мұнда: 
*Мәліметтердің  тұтастығын  қамтамасыз  ету  (Обеспечение  целостности  данных) 
байланысы кезінде басты кестенің түйінді өрісінен мәліметтерді өшіру мүмкін емес; 
*Байланысқан өрістерді  каскадты түрде жаңарту (Каскадное обновление связанных 
полей)  және  Байланысқан  жазбаларды  каскадты  түрде  өшіру  (Каскадное  удаление 
связанных  записей)  байланыстары  кезінде  басты  кестенің  түйінді  өрісінде  жүргізілген 
өзгерістер автоматты түрде онымен байланысқан кестелерде де жүргізіледі. 
Алмасу  буфері  арқылы  ДҚ-да  кестелердің  көшірмесін  алуға  болады.  Ол  үшін  ДҚ 
терезесінде қажетті кесте белгісін жанама мәзірде Көшіру командасын таңдаймыз. Сонан 
соң  ДҚ  бос  аймағында  тышқанның  жанама  мәзірінде  Кірістіру  командасын  таңдай 
отырып,  Кестені  кірістіру  сұхбаттық  терезесінде  кестеге  атау  беріп,  «Тек  құрылымы 
(только  структура)»,  «Құрылымы  мен  берілгендері  (структура  и  данные)»,  «Кестеге 
берілгендерді  қосу  (добавление  данных  в  таблицу)»  параметрлерінің  бірін  таңдаған  соң, 
ОК батырмасын шертеміз (16-сурет). 
 
16-сурет.Кестенің көшірмесін алу терезесі. 
Кестенің  мәліметтерін  сорттау  үшін  қажетті  өрісті  белгілеп  алғаннан  соң  
Жазба

Сұрыптау

Өсуі 
(Кемуі) 
бойынша 
сорттау 
(Записи

Сортировка

Сортировка  по  возрастанию  (по  убыванию))  командаларынан 
қажеттісін таңдаймыз. 
Кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап, жаңа кесте құру сүзгілеу 
(фильтрлеу) деп аталады. Сүзгілеудің үш түрі бар: 
-таңдама бойынша сүзгілеу; 
-әдеттегідей сүзгі; 
-кеңейтілген сүзгі. 
Сүзгіні қолдану алгоритмі мынадай: 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
140 
1)  Кестені  ашып,  саймандар  тақтасындағы  Фильтрді  өзгерту 
  батырмасын 
басу керек. Сонда Кесте терезесінде сүзгілеу критерийін енгізуге арналған бос жазба ғана 
көрінеді; 
2) Пайда болған бос жазба өрісінің біріне шарт енгізу керек; 
3)  Саймандар  тақтасында  Фильтрді  қолдану 
  батырмасын  басамыз,  сол  кезде 
кестеде сүзгілеу нәтижесі бойынша алынған жазба көрінеді; 
4) Кестені қайтадан өз қалпында көру үшін саймандар тақтасындағы Фильтрді жою 
 батырмасын басу керек. 
Сүзгілеу  шарты  күрделі  болған  жағдайда  Кеңейтілген  сүзгі  (Расширенный  фильтр) 
қолданылады.  Бұл  терезені  Жазба

Сүзгі

Кеңейтілген  сүзгі  (Записи

Фильтр

 
Расширенный фильтр) командасы арқылы ашуға болады (17-сурет). 
 
17-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі. 
Бұл терезенің жоғарғы бөлімінде кестенің өріс атауларының тізімі енгізілген терезе 
көрініп  тұр.  Төменгі  бөлімде  өріс  атауы  ендірілетін  ұяшықты  шерту  қажет.  Ашылған 
тізімнен қажетті өріс атауын таңдаймыз. «Іріктеу шарттары» (Условие отбора) қатарының 
ұяшықтарына  сәйкес  өрістерден  таңдалатын  қажетті  шарт  өрнектерін  енгіземіз. 
«Сұрыптау»  (Сорттау)  қатарындағы  өріс  ұяшығына  шертіп,  элементтердің  сұрыптау 
типін,  ал  «Немесе»  (или)  қатарында  ұяшықтардың  қосымша  шарттарын  енгіземіз.  Осы 
әрекеттерді  орындаған  соң  Сүзгіні  қолдану  командасын  немесе  стандартты  саймандар 
тақтасындағы 
 (Сүзгіні қолдану) батырмасын басамыз (18-сурет). 

 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
141 
18-сурет. Қажетті шарт өрнектері енгізілген кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Деректер қорына түсінік біріңіз. 
2.
 
MS Access деректер қорының кеңейтілімі қандай? 
3.
 
Деректерді байланыстырудың түрлерін атаңыз. 
4.
 
Деректер қорын қанша жолмен құруға болады? 
5.
 
MS Access–тің объектілерін атаңыз. 
6.
 
Кестеаралық байланыстың негізгі міндеттері қандай? 
7.
 
Кесте аралық байланыстардың типтерін атаңыз. 
 
№9ДӘРІС  
Тақырыбы: MS Access объектілері: сұраныс, қалып және есеп. 
1. Сұраныс объектісі. 
2. Қалып және есеп. 
1.Сұраныс объектісі. 
Сұраныстар  арқылы  бір  және  бірнеше  байланысқан  кестелерден  берілгендерді 
анықталған  шарт  бойынша  іріктеп  алуға  болады.  Access-те  сұраныс  құрудың  бірнеше 
тәсілдері  бар.  Олар  сұраныс  объектісінде  Құру  батырмасын  басқанда  пайда  болатын 
Жаңа сұраныс терезесінде көрсетіледі (1-сурет). 
 
1-сурет. Жаңа сұраныс терезесі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
142 
Қарапайым сұраныс құру үшін: 
1)Жаңа  сұраныс  терезесінде  оның  Қарапайым  сұраныс  (Простой  запрос)  түрін 
таңдап,  ОК  батырмасын  шерткенде  Қарапайым  сұраныс  құру  сұхбаттық  терезесі  іске 
қосылады (2-сурет); 
 
2-сурет. Қарапайым сұраныс құру терезесі. 
2)Сұранысқа  қажетті  кесте  аты  белгілі  болған  соң  Мүмкін  өрістер  (Доступные 
поля)  қатарынан  өзімізге  қажетті  өріс  аттарын  Таңдалған  өрістер  (Выбранные  поля) 
өрісіне таңдаймызда ( «>» - бағыттауышы белгіленген өрісті ғана келесі бетке көшіреді, ал 
«>>» бағыттауышы барлық өрістерді көшіреді) Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз 
(3-сурет); 
 
 
3-сурет.Қарапайым сұранысқа қажетті кесте атын және  
өрістерді таңдау сұхбаттық терезесі (1-қадам). 
Егер  сұранысқа  екі  немесе  бірнеше  кесте  мәліметтері  қажет  болса,  онда  шебердің 
келесі  қадамында  толық  немесе  қорытынды  параметрлердің  (подробный  (вывод 
каждого поля каждой записи), итоговый) бірі таңдалады (4-сурет). 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
143 
 
4-сурет.Шебердің 2-ші қадамы. 
3-ші  қадамда  сұранысқа  атау  беріледі  және  үнсіздік  бойынша  «Сұраныстың 
орындалу нәтижелерін ашу» қасиеті таңдалады (5-сурет). 
 
5-сурет. Қарапайым сұраныс құру сұхбаттық терезесі – 3-ші қадам. 
Сұраныстағы  Құрастырушы  (Конструктор)  режімі  негізгі  режім  болып  табылады. 
Тіпті  шебердің  көмегімен  құрылған  сұраныстың  өзіне  қандай  да  бір  өзгертулер, 
толықтырулар  қажет  болады.  Қосымша  барлық  қызметтер,  өзгерістер  тек  қана 
Құрастырушы режімінде орындалады. 
Құрастырушы режімінде сұраныс құру мына екі тәсілдің бірі арқылы орындалады: 
1)Деректер 
қоры 
базасында 
Сұраныс

Құру

Жаңа 
сұраныс 
(Запрос

Создать

Новый  запрос)  командасынан  соң    Құрастырушы  (Конструктор) 
қатарын  таңдау.  ОК  батырмасынан  соң  төмендегідей  екі  сұхбаттық  терезе  шығады  (6-
сурет): 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
144 
  
 
   
 
     а)   
 
 
 
 
        ә) 
6-сурет. Құрастырушы көмегімен құрылған сұраныс. 
2)Сұраныс  объектісі  терезесіндегі  Сұранысты  құрастырушы  режімінде  құру 
(Создание запроса в режиме конструктора) қатарында тышқанның сол жақ батырмасын 
үздіксіз екі рет шерту арқылы жүктесек те болады. 
9.4.6 (ә)-суретте қажетті кестені, сұранысты және кесте мен сұранысты бірге таңдап 
алуға  мүмкіндік  беретін  бөлімдердінің  қажеттісін  белгілеп  алған  соң  Қосу  (Добавить) 
батырмасын  басамыз.  Таңдалынған  кестелер  9.4.6  (а)  –  суреттің  жоғарғы  бөлігінде 
сұраныс жеберілген кестенің құрылымы бейнеленеді. Төменгі бөлігі бағандарға бөлінген. 
Оның әрбір бағаны болашақ кестенің бір-бір өрісіне сәйкестендірілген. Сұранысқа қажетті 
өрістерді  тышқан  көмегімен  таңдап  аламыз.  Сол  кезде  бланкінің  төменгі  жағындағы 
бағандар  автоматты  түрде  толтырылады.  Сұраныстың  құрылымын  даярлап  болған  соң, 
оны  жаңа  атпен  қайта  сақтаймыз.  Осылайша  құрылған  сұраныс-  Таңдамаға  сұраныс 
(Запрос на выборку) деп аталады. 
Таңдамаға  сұраныс  нәтижесінде  алынған  мәліметтерді  қандай  да  бір  өріс  бойынша 
реттеп  орналастыру  үшін  сұрыптауды  (сортировка)    -  өсуі  немесе  кемуі  бойынша 
қолданамыз.  
Мәліметтерді қандай да бір шарт бойынша сұрыптауға мүмкіндік беретін команда   - 
Сұрыптау шарты (Условие отбора) болып табылады. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара 
шарт беруге болады. 
Сұраныс  құру  барысында  жазбаларды  іріктеу  шартын  беретін  өрнекті  анықтауға 
арналған  Өрнек  құрастырушыны  (Построитель  выражений)  қолдануға  болады.  Ол 
сұраныс бланкісінде Іріктеу шарты (Условие отбора) шарты қатарында жанама мәзірден 
Құру

Өрнек құрастырушы (Построить

Построитель выражений) командасын таңдау 
арқылы немесе Ctrl+F2 пернелер комбинациясын шерту арқылы құрылады (7-сурет). 
 
7-сурет. Өрнек құрастырушы терезесі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
145 
Өрнек құрастыру барысында бірнеше қарапайым ережені естен шығармау керек: 
-өрнек барлық уақытта логикалық болады; 
-символдық тұрақтылыр тырнақшаға алынып жазылады; 
-ДҚ-ның объектісі өріс атауынан леп белгісімен ажыратылады; 
-математикалық  емес  программаулаушыларға  түсінікті  бірнеше  операторларды  да 
қолдануға болады; 
-өрнек  өте  дәл  анықталып,  сұраныс  кестесіне  енгізілетін  жазбалар  туралы  барлық 
ақпарат толық қамтылуы керек. 
Өрнек  құрастырушы  терезесі  өздерінде  жылжыту  жолақтары  бар  төрт  аймақтан 
тұрады: 
1)бірінші аймақта – құрылатын өрнек орналасады; 
2)екінші  аймақта  сұранысқа  арналған  қажетті  объектілер  таңдалады:  кестелер, 
сұраныстар, қалыптар, функциялар және т.б.; 
3)үшінші аймақта осы объектілердің құрамына кіретін элементтер тізімі көрінеді; 
4)төртінші  аймақта  үшінші  аймақтан  таңдалынып  алынған  объектілердің  ішкі 
элементтері таңдалады. 
Математикалық операциялардың белгілері көрсетілген батырмаларды екі рет шерту 
арқылы сәйкес символдарды өрнекке енгізуге болады.  
Өрнек  құрастырушы  терезесінде  математикалық  амалдардан  басқа  іріктеу  шартына 
қолдануға болатын негізгі логикалық функциялар да бар, яғни: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет