Ф ут 703-05-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Смж ут. Бірінші басылым


Паскаль тілінде қайталану (цикл) командасы



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата07.04.2017
өлшемі5,89 Mb.
#11216
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Паскаль тілінде қайталану (цикл) командасы. 
1. Параметрлік қайталану командасы 
   
Қолданылатын негізгі операторлар 
  FOR – үшін  
  TO –  дейін 
  DO -  орындау 
Параметрлік қайталану командасы қадам 1-ге немесе -1-ге тең болғанда ғана 
қолданылады. Команданың жазылуы: 
 
а) FOR  І := A  TO  B  DO  (қадам 1-ге тең) 
  команда; 
 
б) FOR  І := A  TO  B  DO     
  Begіn 
    Команда 1; 
    Команда 2; 
  End.           (қадам 1) 
 
в) FOR  І := В  DOWNTO   A  DO   
  Begіn 
    Команда 1; 
    Команда 2; 
  End.   
(қадам  -1) 
 
1 мысал: 
S = 1+2+3+…+98+99+100 = 


100
1
i
i
  қосындысын есептеу программасын құрайық: 
 
Program M1; 
  Var  S, І : іnteger; 
Begіn 
  S:=0; 
  For  І:=1   to   100   do 
  S:=S+І 
  Wrіteln  (‘S=’ S); 
End. 
 
і=1 
 
і=2 
 
і=3 
S=1 
 
S=1+2 S=1+2+3  … 
S=1+2+3+…+100 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
179 
 
Шартты қайталану командасы. 
  Оның 2 түрі бар: 
а)Шарт циклдың басында болатын жағдай. 
Қолданылатын негізгі операторлар: 
   
WHІLE –  әзір 
DO – орындау 
 
Команданың жазылуы: 
 
WHІLE  шарт  DO 
  Begіn 
Команда 1; 
Команда 2; 
  End. 
 
2 мысал: 
 
S=1+3+5+…+99 қосындысын есептеу программасын құрайық: 
 
Program M2; 
  Var  S, І : іnteger; 
Begіn 
  S:=0;  І:=1; 
  wһіle  І ≤ 99  do 
    Begіn 
  S:=S+І; 
  І:=І+2; 
    End. 
  Wrіteln  (‘S=’ S); 
End. 
б)Шарт циклдың соңында болатын жағдай 
Қолданылатын негізгі операторлар: 
REPEAT – қайталау 
UNTІL - дейін 
 
Команданың жазылуы: 
REPEAT 
  Команда 1; 
  Команда 2; 
UNTІL  шарт; 
 
3 мысал . 
S=2+4+6+…+100 қосындысын есептеу программасын құрайық: 
 
Program M3; 
  Var  S, І : іnteger; 
Begіn 
  S:=0;  І:=2; 
  repeat 
     
S:=S+І; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
180 
  І:=І+2; 
     
untіl  І > 100; 
Wrіteln  (‘S=’ S); 
End. 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Турбо Паскаль программалау тілі. 
2.
 
Программалаудың жалпы түрі атаңыз. 
3.
 
Шартты, шартсыз өту, таңдау командаларын түсіндіріңіз. 
4.
 
Паскаль тілінде қайталану (цикл) командасы. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
 
 
№11 ДӘРІС  
 
Тақырыбы: Компютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық 
технологиялар. Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай 
және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі. Ақпараттық 
және сәйкес программалық қамсыздандыру. 
 
1. Локалдық және бүкіләлемдік желі. 
2. Желілік топологиялар. 
 
1.
 
Локалдық және бүкіләлемдік желі. 
Сіздер  дербес  компьютерлердің  желілері  (торабы)  туралы  естіген  де  шығарсыздар. 
Олардың  ауқымды  жалпы  және  жергілікті  желілерге  бөлінетінінен  де  хабардар 
боларсыздар.  Бұқаралық  ақпараттық  жүйеде  "Еthеrnеt...  100-мегабитті  технология... 
Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... Интражелілер..." деген сөздер жиі естіліп 
жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, 
тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз. 
Егер  сіздің  бір-ақ  компьютеріңіз  болса  және  модеміңіз  болмаса,  онда  сіз 
компьютерлік  желінің  артықшылықтарын  сезіне  де  алмайсыз.  "Атыңыз  егер  болмаса, 
жорғасын  қайдан  білесіз",  -  деп  өленде  айтылатын  сияқты  ...  Бірақ  сіздің  бірнеше 
компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жәнелту керек болса онда 
желілік  технология  мүмкіндіктері  сіз  үшін  өте  қажет  болып  табылады.  Желілік 
технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.  

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
181 
Компьютерлік желі дегеніміз  - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі 
компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат 
еңдеудің тармақталған жүйесі. 
Басқаша  айтқанда  желі  деп  дербес  компьютерлердің  және  де  принтер,  модем, 
факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын 
айтады.  Желілер  әрбір  қызметкерге  басқалармен  мәлімет  алмасып  құрылғыларды  ортақ 
пайдалануға.  қашықта  орналасқан  қуатты  компьютерлердегі  мәліметтер  базасымен 
қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. 
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады: 
- желімен қатынас кұруды үйымдастыру; 
- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару; 
- желі тұтынушыларьша есептеу құрылғьшарьш пайдалануға беріп, оларға әртүрлі 
қызмет көрсету. 
Екі және одан да көп компьютерлердің физикалық байланысынан компьютерлік желі 
туындайды.  Компьютерлік  желі  –  компьютерлер  арасындағы  өзара  мәліметтер  алмасу 
жүйесі. Екі компьютердің қарапайым байланысы тікелей байланыс деп аталады. 
Компьютерлік  желіні  орнату  үшін  арнайы  аппараттық  жабдықтар  (желілік 
құрылғылар)  және  арнайы  бағдарламалық  жабдықтар  (желілік  программалық 
жабдықтар) қажет. 
Компьютерлік  желінің  негізгі  мақсаты  –  компьютерлік  желідегі  барлық 
ресурстарды қолданушының пайдалануына мүмкіндік беру. 
Ресурс  –  қолданушыға  бөлінетін  есептеу  жүйесінің  физикалық  немесе  логикалық 
бөлігі. Мысалы: орталық процессордың уақыты, оперативті немесе тұрақты жады облысы, 
логикалық  немесе  физикалық  сыртқы  құрылғылар.  Ресурстар  3  түрлі  болады: 
аппараттық,  программалық  және  ақпараттық.  Мысалы,  принтер,  қатты  дискі 
мөлшері  –  бұлар  аппараттық  ресурстар.  Егер  желідегі  бір  принтерді  барлық 
қолданушылар пайдаланса, онда олар ортақ аппараттық ресурсты бөліседі. 
Қашықтықтағы  компьтерлердегі  мәліметтерді  қолдану  –  ақпараттық  ресурсты 
қолдану болып табылады. 
Локалды  желі  (Local  Area  NetWorks,  LAN)  –  бір  мекеме  немесе  арнайы  бір 
территория  ішіндегі  бір  немесе  бірнеше  жоғары  жылдамдықтағы  сандық  ақпаратты  алу 
каналы  бар  желі.  Локалды  желідегі  компьютерлер  үшін  біртекті  хаттамалар 
пайдаланылады. Ең көп тараған локалды желілер  – Ethernet және Token Ring. 
Кез  келген  компьютерлік  желі  жұмысы  топология,  хаттама  (протокол), 
интерфейс,  желілік  программалық  және  техникалық  құралдар  тәрізді  сипаттамалармен 
көрсетіледі. 
Желілік  техникалық  кұралдар  -  компьютерлерді  бір  желіге  ұйымдастыруды 
қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. 
Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір 
тұтынушыны қажетті интерфейспет қамтамасыз етеді. 
Интерфейстер  -  желінің  функциональдық  элемшттерін  бір-бірімен  үйлестіру 
құралдары. 
Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау 
ережелері. Функиональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық 
модульдер  атқара  алады.  Сол  себепті  ақпараттық  және  программалық  интерфейстер 
қарастырылады. 
Желілік техникалық кұралдар 
Жергілікті  немесе  аймақты  тармақталған  желілер  архитектурасына  байланысты 
негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден тұрады: 
Аппараттық құралдар: 
- кабельдер; 
- серверлер; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
182 
- желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card); 
- концапраторлар; 
- коммутаторлар; 
- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар); 
- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру серверлері; 
- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;  
Серверлер. 
Клиент/сервер  желісіндегі  сервер  дегеніміз  осы  желіге  қосылған  басқа 
компьютерлер  пайдалана  алатын  файлдар  мен  қолданбалы  программаларды  сақтауға 
арналған  жоғары  көлемді  қатты  дискісі  бар  дербес  компьютер  болып  табылады.  Бұған 
қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол 
шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады. 
Желілік  интерфейс  тақшалары  (NIC,  Network  Operating  System)  үстелге 
қойылатын  және  портативті  алып  жұруге  ыңғайлы  компьютерлерге  орнатылады.  Олар 
жергілікті  желідегі  басқа  құрылғылармен  қатынас  құру  үшін  қажет.  Компьютер  жұмыс 
өнімділігіне  бірсыпыра  талаптар  қоятын  әртүрлі  дербес  компьютерлерге  арналған  желі 
тақшаларының  көптеген  түрлері  бар.  Олар  мәліметтерді  тасымалдау  жылдамдығының 
езгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді. 
Модемдер  жай  телефон  арналары  арқылы  Интернетке  қосылып,  онымен  мәлімет 
алмасу  мүмкіндігін  береді.  "Модем"  деген  соз  осы  кұрылғының  қызметіне  байланысты 
шыққан,  ол  "модулятор/  демодулятор"  сөздерінің  кысқаша  түрі.  Модем  дербес 
компьютерден  шыккан  цифрлық  сигналдарды  жалпы  телефон  арналары  арқылы 
тасымалданатын  аналогтық  сигналдарға  түрлендіреді.  Ал  екінші  модем  қабылданған 
сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады. 
Желілік программалық кұралдар. 
Жергілікті  және  аймақтық  тармақталған  желілер  архитектурасына  байланысты 
программалық құралдар:  
-  желілік операциялық жүйеден, 
-  желіні басқару программалық құралдарынан тұрады. 
Желілік  операциялық  жүйе  (NOS,  Network  Operating  system)  -  желіге  қосылған 
әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды 
басқарып,  олармен  қатынас  жасауды  қадағалап  отырады.  Желілік  операциялық  жүйе 
тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), 
желілік  құрылғылар  үшін  бәсекелік  қайшылықтарды  шешуді  және  дербес  компьютердің 
операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Масіntоsh немесе ОS/2 
жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады. 
Желілік  операциялық  жұйе  файлдар  мен  қолданбалы  программалардың  үйлесімді 
жұмыс  жасауын  қамтамасыз  етеді.  Осындай  бір  жұмыс  станциясында  орналасқан 
ресурстар  бірге  пайдаланыла  отырып,  керекті  мәліметтер  алушыларға  жонелтіліп  және 
олар басқа компьютерлерден езгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі белігі 
серверде орналасады да, қалған боліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді. 
Желілік  операциялық  жүйе  қосылған  барлық  құрылғыларды  анықтап,  ортақ 
пайдаланылатын  шеткері  құрылғыларға  жұмыс  станцияларының  қатынасу  приоритетін 
(егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бүған қоса операциялық 
жүйе  трафикті  реттеу  релін  атқарып,  каталогтармен  жұмыс  істеуді  басқарады  және 
ақпаратты  сақтау  жүйесін  бақылау  өкілеттігін  жүргізіп,  желіні  басқару  функциясын 
жүзеге  асырады.  Кең  тараған  желілік  операциялық  жүйелерге  Windows  Server,  Novell 
Netware, Ваnуаn VINES тәрізділер жатады. 
Клиент-сервер технологиясы. 
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын 
олардың  функциональдық  қызметімен  байланыстыру  қалыптасқан.  Жергілікті  желі 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
183 
аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер 
үғымдары қолданылады. 
Клиент-сервер  технологиясы  -  жергілікті  желідегі  компьютерлерді  бір-бірімен 
байланыстырудың  ерекше  тәсілі,  Мұнда  бір  компьютер  (сервер)  өз  құрылғыларын 
басқаларға  -  клиенттерге  пайдалануға  бере  алады.  Осыған  орай  жергілікті  желілер  бір 
деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді. 
Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс 
станциясы әрі  сервер,  әрі  клиент  болып қызмет  атқара береді. Мұның ерекшелігі  - әрбір 
жұмыс  станциясы  өз  ресурстарының  белгілі  бір  бөлігін  барлық  жұмыс  станцияларының 
ортақ пайдалануы үшін бөліп береді. 
Кебінесе  бір  деңгейдегі  желілер  мүмкіндіктері  бірдей  компьютерлерді  біріктірген 
кезде  құралады.  Бір  деңгейдегі  желілер  жұмыс  істеуге  ыңғайлы,  олардың  қызметі  де 
қарапайым түрде жүзеге асырылады. 
Егер компьютерлер саны аз болып, олардың  негізгі  функциясы бір-бірімен мәлімет 
алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып 
табылады.  Мұндай  желі  кең  тараған  Windows  98  операциялық  жүйесінің  басқаруымда 
жұмыс істей береді. 
 
2. Желілік топологиялар. 
Желі  топологиясы  оның  негізгі  функциональдық  элементтерінің  бір-бірімен 
байланысу құрылымын анықтайды. 
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін. 
Сақиналық желі – барлық ақпарат жабық орта бойымен таратылады. Әр абонент 
көрші екі компьютермен еріксіз байланыста болады, ал негізінде желідегі кез-келген 
абонентпен байланысуға мүмкіндігі бар (1-сурет). 
 
1-сурет. Локальды желінің  сақиналық типтегі байланысы.  
 
Жұлдызша тәріздес (радиальды) желі – нақ ортада абонентпен және олардың өзара 
байланысын қамтамасыз ететін орталық компьютер орналасады (2-сурет). 
  
2-сурет. Локальды желінің  жұлдызша типтегі байланысы.  
Шиналық конфигурацияда барлық компьютерлер ақпарат алуды қамтамасыз 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
184 
ететін орталық каналмен (шинамен) байланысқан (3-сурет). 
 
 
3-сурет. Локальды желінің  шиналық типтегі байланысы. 
 
Ағаш бұтақтары тәріздес желіде – «бас компьютерге» бағынышты бірнеше 
компьютерлер болады (4-сурет). 
 
4-сурет. Локальды желінің  ағаш бұтақтары тәріздес байланысы. 
 
Әр түрлі хаттамалармен байланысқан компьютерлік желілер үшін арнайы құрылғы – 
шлюздер  қолданылады.  Олар  аппараттық  (шлюздік  сервер)  және  программалық 
(шлюздік қосымша) болып бөлінеді. 
Желілік қорғаныс үшін локалды және бүкіләлемдік желілер мәліметтерді рұқсатсыз 
көшірмеу мақсатында  арнайы компьютер немесе брандмауэр деп аталатын программа 
орнатылады. 
Бүкіл  әлемдік  желі  (Wide  Area  NetWorks,  WAN)  –  бұл  әр  түрлі  географиялық 
аймақтағы байланыстарды біріктіретін желі. Ең танымал бүкіләлемдік желі  - Internet. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Компьютерлік желі дегеніміз не? 
2.
 
Локальді желі дегеніміз не? 
3.
 
Интерфейс дегеніміз не? 
4.
 
Хаттама дегеніміз не? 
5.
 
Желі топологиясы дегеніміз не? 
6.
 
Желі топологиясы қаншаға бөлінеді? 
7.
 
Олардың бір-бірінен айырмашылықтарын атаңыз. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
185 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
 
 
Тақырыбы:  Ауқымды  және  жергілікті  желілер.  Негізгі  технологияларды,  деректер   
тасымалдау әдістерін шолу. 
 
1. Интернеттің негізгі түсініктері және Internet Explorer. 
2. Электрондық пошта (E-mail). 
3. HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары. 
 
1. Интернеттің негізгі түсініктері және Internet Explorer. 
Модем  немесе  алыста  орналасқан  север  кемегімен  жүзеге  асатын  аймақтық 
тармақталған  желілер  функциясьш  жергілікті  желілер  құрамына  енгізе  отырып,  сыртқы 
коммуникация технологияларының төміндегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады: 
- электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту; 
-  Интернетпан байланысу. 
Интернет  дегініміз  -  дүниенің  әр  түішіріндегі  тұтынушыларды  бір-бірімен 
мәліметтер 
қоймасы, 
бейнелер 
және 
дыбыстар 
жазбалары 
арқылы 
жеңіл 
байланыстыратын  ен  ауқымды  желі  түрі.  Өз көлемін  жылдам  ұлғайта  отырып  (шамамен 
жылына 200%), ол біздің емірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді. 
Қазіргі  кезде  Интернеттің  ең  негізгі  функцияларына  электрондық  пошта  қызметі 
мен  мамандықтары  бір  немесе  ортақ  мәселемш  айналысатын  топтардың  немесе 
зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады. 
Интернет  күнші-күнге  куатты  екпін  алып,  оған  көптегін  компаниялар  мен 
фирмалар  және  қарапайым  тұтынушылар  үздіксіз  қосылуда.  Компаниялар  мен  олардың 
жабдықтаушылары  және  тұтынушылары  арасындағы  байланыс  дәшкері  релін  атқаратын 
осы  Интернет  желісі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  мекемелер  және  әрбір  жеке  отбасы 
үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді 
мәліметті,  сөзді,  бейнені,  қозғалысты  қашықтан  жылдам  жеткізу  жұмыстары  осы 
Интеренет арқылы жүзеге асырылады. 
Интернет  – бұл бүкіләлемдік желі. Интернет – TCP/IP хаттамасын қолдана отырып 
мәліметтер алмасатын технология (5-сурет). 
Хаттама – бір деңгейдегі компьютерлердің желіаралық байланысының «тәртібі». 
TCP/IP - әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны (стек протоколов). Мұндағы: 
ТСР  (Transmission  Control  Protocol  –  тасымалдауды  басқару  хаттамасы)  – 
мәліметтердің жеткізілуін қамтамасыз ететін хаттама; 
IP  (Internet  Protocol  –  интернет  хаттамасы)  –  мәліметтердің  қайда  баратынын 
анықтайтын желілік деңгейдегі адрестік хаттама 
Жиын (стек) – жүйелердің өзара ұйымдасуына мүмкіндік беретін әртүрлі деңгейдегі 
хаттамалар жиынтығы . 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
186 
 
5-сурет Internet желісінің құрылысы. 
 
Желі компоненттері: 

 компьютерлер: ДК, ноутбуктар; 

 коммуникациялық жабдықтар: коммутаторлар, маршрутизаторлар, байланыс желісі; 

операциялық жүйелер: OS/2; Novell NetWare; Unix; Linux, Windows; 

желілік қосымшалар: желілік принтер, желілік диск, мәліметтер қоры. 
Топология – компьютерлерді желіге біріктіру тәртібі. Ethernet желісінде «шиналық» 
және «жұлдызша» топологиялары қолданылады. 
Өз  торабына  қосып  және  жеке  адрес  тағайындап  берумен  айналысатын  мекемелер 
Интернет қызметін қоюшылар, яғни сервис – провайдерлер деп аталады. 
Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық.  
Ерекшеленіп  қосылу  үшін  жаңа  байланыс  тізбегі  (кабельдік,  радиоарналық, 
спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын 
мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады. 
Коммутаторлық  байланыс  –  уақытша  байланыс  түрі.  Ол  арнайы  торапты  қажет 
етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі. 
Интернетке  қосылу  үшін  арнайы  модем  деп  аталатын  құрылғы  орнату  қажет. 
Компьютерден  сандық  мәліметтер  модем  арқылы  түрленіп,  модуляцияланып  торапқа 
түседі. 
Қосылу  әдісі  бойынша  модемдер  сыртқы  және  ішкі  болып  екі  түрге  бөлінеді. 
Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық 
тақшаға орнатылады. 
Басқа  құрылғылар  сияқты  модемдер  де  программалық  орнатуды  қажет  етеді. 
Windows 
операциялық 
жүйесінде 
оны 
Іске 
қосу

Баптау

Басқару 
панелі

Құрылғына орнату командасының көмегімен орнатады. 
Интернет 
қызметін 
қоюшының 
компьютеріне 
қосылу 
үшін: 
Менің 
компьютерім

Желіге  қашықтан  қатынау

Жаңа  байланыс  программасын  орнату 
қажет. 
Программаны  орнату  кезінде  Интернет  қызметін  қоюшы  мынадай  мәліметтерді 
алдын-ала енгізіп қоюы керек: 
1)байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі; 
2)қолданушының аты (login); 
3)паролі (password); 
4)сервердің адресі. 
Бүкіл  әлемдік  масштабта  әрбір  файлдың  адресі-URL  адреспен  (Uniform  Resouree 
Locator  –  унифицированный  указатель  ресурса  –  ресурстардың  ерекшеленген 
нұсқағышымен) анықталады. URL – адрес үш бөліктен тұрады: 
1)берілген  қызметке  сәйкес  келетін  қолданбалы  хаттаманың  атын  көрсету. 
Мысалы,  WWW-қызметі  үшін  қолданбалы  хаттама  HTTP  болып  табылады.  HTTP  – 
Hyper Text Transter Protocol (гипермәтінді жіберу хаттамасы): http:// ; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
187 
Хаттаманың атынан кейін және // белгілері міндетті түрде қойылады. 
2)компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету – мысалы: 
http://www.khabar.kz
  –  адрес  соңындағы  екі  символдан  тұратын  кеңейтілме  – 
сервердің  географиялық  аймағын  білдіреді  (ru  –  Ресейлік  іздеу  сервері;  kz  – 
Қазақстандық іздеу сервері; tr – Түркиялық іздеу сервері және т.б.); 
3)берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына 
/” символын қою арқылы), мысалы: 
http://www.Microsoft.com/games
 – Microsoft компаниясының ойындары. 
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, 
экранға шақыру үшін FTP атты қызметші хаттама пайдаланылады. 
FTP  (File  Transler  Protocol)  –  файлды  тасымалдау  хаттамасы.  Файлдар  барлық 
компьютер  серверлерінің  ішінде  сақтала  бермейді.  Оларды  сақтап,  FTP  арқылы  қызмет 
көрсететін  арнайы  компьютерлер  (файлдарды  сақтау  қоймалары)  бар.  Оларды  FTP-
серверлер деп атайды. 
FTP  хаттамасын  іске  қосу  үшін  Internet  Explorer  терезесінің  Адрес  өрісіне    файл 
серверінің  адресін  енгізу  керек.  Мысалы:  FTP:// 
ftp.relcom
.ru  командасынан  кейін 
экранға дербес компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. 
Шыққан каталогтан  ішкі  каталогқа  өтуге,  файлды  белгілеп,  мазмұнын  экранға  шығаруға 
болады.  Кейбір  серверлерде  файл  архив  түрінде  көрінеді.  Оны  ашу  үшін  архивтеуші 
программаны пайдаланған дұрыс. 
Интернетте  атау  беріліп,  түрлі  компьютерлерден  таратылатын  жаңалықтар  тобы 
телеконференция  (Usenet)  деп  аталады.  Usenet  –  бiр-бiрiмен  жаңалықтар  алмасып 
отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, анархиялық жүйелер тобы.  
Usenet-тегi  жаңалықтар  тобы  –  дүние  жүзiндегi  адамдардың  пiкiрлесетiн,  яғни 
ақпарат  алмасуына  арналған  электрондық  пiкiрталас  топтары.  Мұндай  жаңалық 
топтарында  белгiлi  бiр  тақырыпқа  арналған  көптеген  мақалаларды  оқуға  болады,  олар 
әртүрлi  тақырыптарды  талқылауға  да  арналады.  Usenet-тегi  жаңалықтар  ретiнде  оқыған 
мақалаңызға  жауап  беруге  және  өз  ойларыңызды  мақала  ретiнде  жариялауға  болады. 
Бұлар  құрама  сөздер  арқылы  белгiлi  бiр  тақырыптарға  топтастырылады,  мысалы, 
rec.sport.basketball.college  тобы,  мұндағы  rec  –  тақырып  атауының  –  recreation  сөзiнiң 
қысқартылған түрi, sport – аталмыш тақырыптың спортқа арналған бөлiгiн көрсетiп тұр. 
Құжаттарды  тасымалдаумен  шұғылданатын  қазіргі  Интернеттің  ең  көп  тараған 
қызмет  түрі  World  Wide  Web  (Web,  WWW)  деп  аталады  және  ол  бүкіл  дүниежүзілік 
өрмек дегенді білдіреді.  
Интернетке  тұрақты  қосылып  тұрған  компьютерлерді  Web-сервер  деп  атайды. 
WWW  дегеніміз  –  Web-серверде  сақталған  Web-құжаттардан  тұратын  ақпараттық 
кеңістік.  
Web-беттер  дегеніміз    -  Web-кеңістікті  құрайтын  жеке  құжаттар,  яғни  үлкен 
мәтіннің бір бөлігі. Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-бетте 
жазылған  сөз  немесе  сөз  тіркестері  арнайы  команда  бойынша  белгіленіп  қойылады. 
Мұндай  сілтемені  гиперсілтеме  деп,  ал  енгізілген  мәтінді  гипермәтін  деп  атаймыз. 
Экранда  көрінген  Web-бетте  гиперсілтеме  басқа  түске  боялып,  асты  сызылып 
көрсетіледі.  Гиперсілтеме  бойынша  Web-бетті  экранға  шығару  үшін  сілтемеге  тышқан 
нұсқағышын  әкеліп,  ол  сұқ  саусағы  мәтінге  бағытталған  қол  түріне  айналған  кезде 
тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек. 
Тақырып  бойынша  топтастырылған  Web-беттерді  Web  –  тораптар  (Веб-сайт)  деп 
атаймыз. 
Дайын материалды Web-тораптарда орналастыру Web-басылым деп аталады. 
Web-беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Броузерлердің 
негізгі атқаратын қызметі: 
1)құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
188 
2)броузер жұмыс атқаратын компьютердің мүмкіндігін ескере отырып Web-беттерді 
форматтау мен бейнелеу; 
3) Web-беттерді іздестіруді жеделдету; 
4)интернеттің басқа қызмет  түрлерімен жұмыс істеуге  арналған дербес құралдарды 
ұсыну. 
Ең көп тараған броузерлер – Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera. Барлық 
броузерлердің  функциялары  бірдей.  Internet  Explorer  5.0  броузерінің  басқалардан 
ерекшелігі,  ол  Windows-операциялық  жүйесімен  бірге  қойылады  және  оның 
бөлінбейтін  компоненті  болып  табылады.  Internet  Explorer  броузерін  іске  қосу  үшін: 
Пуск

Программы

  Internet  Explorer    командасын  орындау  керек    немесе    жұмыс 
үстеліндегі 
 
  сілтеуішінде  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  үздіксіз    екі  рет  шерту 
қажет. Жұмыс үстеліне мынадай сұхбаттық терезе шығады (6-сурет).  
 
6-сурет. Internet Explorer  терезесінің жалпы көрінісі. 
 
Мұндағы: 
1-Назад  және  2–Вперед  –  Web-беттерде  броузердің  жиі  қолданылатын 
батырмалары. Біз соңғы ашылған беттерге жеткенде  Назад батырмасы сұр реңді болады, 
ал  егер  қарастырылған  құжаттармен  алға  қарай  жүрсек,  ең  соңына  келгенде  Вперед 
батырмасы сұр реңді болады; 
3  –  Стоп  батырмасы  Web-беттердің  жүктелуін  немесе  қате  адрес  берілген  кездегі 
бұйрықты тоқтатуға мүмкіндік береді. 
4  –  Обновить  батырмасы  –  Web–бетті  жүктегенде  қандай  да  бір беттер  толығымен 
жүктелмеген немесе суреттері толық ашылмаған ағымды бетті серверден қайта жүктейді; 
5 -  Домой батырмасы жүктелген кездегі бастапқы бетке қайта оралу үшін қажет; 
6 – Поиск батырмасы іздеу панелін және соған қатысты іздеу серверін іске қосады; 
7  –  Избранное  батырмасы  жиі  қолданылатын  Web-беттің  сілтемелерін  немесе  жиі 
қолданылатын құжаттарды сақтау үшін қажет; 
8  –  Журнал  батырмасы  соңғы  кезде  қолданылған  сайттар  мен  Web-бет  сілтемелері 
сақталатын панелдерді ашу үшін қажет; 
9 – Адресная строка батырмасында  Web-бет адрестері  (URL) немесе компьютерде 
сақталған құжат адрестері көрсетіледі
10  –  Переход  батырмасы  адрестік  қатарда  көрсетілген  Web-бетке  өту  жолын 
қамтамасыз етеді; 
11 – Строка состояния  - сол жақ бөлігінде Web-беттің жүктелу индикаторы, ал оң 
жақ бөлігінде ағымды беттен сақтандыру дәрежесі бейнеленеді (егер байланыс желісінде 
вирус жоқ болса қамал белгісі шығады). 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
189 
Интернеттің  ақпараттық  кеңістігінің  өлшемі  өте  ауқымды,  шексіз  және  ол  бірнеше 
миллиардтаған  Web-құжаттарды  қамтиды.  Осы  мәліметтердің  ішінен  өзімізге  қажетті 
ақпаратты    URL-адрес  бойынша  тауып  алуға  болады.  Қолданушы  іздестіру  жүйесіне 
ізделінді Web-бет жайлы мәлімет береді. Ал іздестіру жүйесі қолданушының сұранысын 
қанағаттандыратын беттерге жіберетін гиперсілтемелер тізімін шығарып береді. 
Іздестіру жүйелерінің екі түрлі моделі бар (7-сурет): 
1)іздестіру  каталогтары  –  бұлардың  құрылысы  ірі  кітапханалрға  ұқсас.  Ондағы 
ақпарат  тақырып  бойынша  каталогтарға  топтастырылған.  Тізімдегі  әрбір  жазба 
гиперсілтеме түрінде берілген. Таңдап алынған тақырып бойынша тереңірек ақпарат алу 
үшін келесі бетті ашасыз; 
2)іздестіру нұсқағыштары – ақпаратты өзекті сөз бойынша іздестіруге негізделген. 
 
7-сурет. Іздестіру жүйелерінің моделі. 
 
2. Электрондық пошта (E-mail). 
   
E-mail  немесе  электрондық  почта  –  нақты  абоненттерге  желi  арқылы  хабарлар 
жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi.  
Басқа  да  байланыс  қызмет  түрлері  сияқты,  электрондық  пошта  қызметі 
программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге 
асырылады.  Интернет  жағынан  программа-сервер,  тұтынушы  жағынан  программа-
клиент  жұмыс  атқарады.Электрондық  поштаның  жұмысы  екі  қолданбалы  хаттамаға 
негізделген: 
1)шығатын  хабарды  жіберуге  –  SMTP  (SMTP  –  Simple  Mail  Transfer  Protocol  – 
пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен; 
2)келіп  түсетін  корреспонденцияны қабылдауға    -  РОРЗ  (Post  Office  Protocol  3  – 
протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
190 
Электрондық поштаның қолданушысы болу үшін
1)модем немесе желілік адаптер, сәйкес кабелдер керек; 
2)қандай  да  бір  пошталық  серверде  тіркелуіңіз  қажет.  Мысалы: 
Sultanov@mail.ru
  – 
мұнда: 
*коммерциялық @ символының сол жағындағы бөлім – пошталық сервис қызметін 
қолданушының адресі (қолданушы поштасының адресі); 
*  коммерциялық  @  символының  оң  жағындағы  бөлім  –пошталық  сервердің  адресі 
(қолданушының электрондық адресі) 
3)электрондық поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнаулы программа (MS 
Outlook, The Bat!, Eudora және т.б.) керек. 
Mail.ru пошталық серверінде тіркелу жолын қарастырайық: 
1)Internet Explorer броузерін жүктеңіз; 
2)Шыққан  сұхбаттық  терезенің  адрес  бөлімінде  мына  қатарларды  теріңіз: 
http://www.mail.ru
 және Enter батырмасын басыңыз; 
3)пошталық  серверінің  сұхбаттық  терезесінде  тіркелуді  ұсынатын  бөлімде 
тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шертеміз (8-сурет); 
 
8-сурет. Mail.ru пошталық серверінің жалпы көрінісі. 
 
 
 
4)ашылған  сұхбаттық  терезеде  барлық  қатарларды  сұраныс  бойынша  толтырып 
шығамыз (9-сурет); 
Тіркелуді ұсыну 
бөлімі 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
191 
 
9-сурет. Mail.ru пошталық серверінде тіркелу терезесі. 
 
5)барлық  мәлімет  толығымен  қабылданған  болса,  әкімшілік  тарапынан  құттықтау 
хатымен экран бетіне электрондық поштаңыз ашылады (10-сурет). 
 
10-сурет. Mail.ru пошталық серверінің әкімшілігінің құттықтау хаты. 
Ал егер көрсетілген пошта атымен Сізге дейін құрылған пошта жәшіктері бар болса, 
Сізге пошта жәшігіңіздің атын қайта таңдауыңызды ұсынатын сұхбаттық терезе ашылады. 
Бұл терезедегі қатарларды тиісті мәліметтермен толтырып Enter пернесін басамыз. 
Электрондық  поштамен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін    MS  Outlook 
программасының қызметтерін қарастырайық: 
*хабарды қабылдау және дербес көру  – РОРЗ серверіне қосылған соң, келіп түскен 
хабарлар  пошталық  клиенттің  мәліметтер  базасына  автоматты  түрде  көшіріледі.  Оны 
дербес режімде оқуға болады; 
*жаңа  хабарды  даярлау  –  программаның  құрамдас  мәтіндік  редакторында  алмасу 
буферін қолдану, мәтіннің кодталуын таңдау мүмкіндіктері қарастырылған

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
192 
*хабарларды реттеу – шығатын және келетін хабарларды ретке келтіре топтау және 
сұрыптау. 
Outlook  Express  программасы  бірқатар  стандартты  бумалардан  тұрады  (11-сурет) 
және қажетті буманы ашу үшін буманы белгілеп алып, тышқанның сол жақ батырмасын 
үздіксіз екі рет шерту керек. 
 
11-сурет. Outlook Express программасы.  
 
Сұхбаттық терезе мына бумалардан тұрады: 
1)Входящие  бумасы  –  қабылданған  барлық  мәліметтерден  тұрады.  Бұл  мәліметтер 
жойылғанға немесе басқа бумаға сақталғанға дейін осы бума ішінде болады; 
2)Удаленные  бумасы  –  жойылған  барлық  хабарлар  сақталады.  Бұл  мәліметтерді 
қайта қалпына келтіруге де болады; 
3)Исходящие  бумасы  –  арнаулы  адреске  салып  жіберуге  дайын  барлық  мәліметтер 
сақталады; 
4)Отправленные бумасы – электрондық поштамен жіберілген барлық хабарлардың 
көшірмесі сақталатын бума. 
Осы  бумалардың  ішінде  кез-келген  хабарламаны  оқуға,  баспаға  жіберуге,  жоюға 
немесе басқа қолданушыға салып жіберуге болады. 
Жаңадан  хабарлама  құру  үшін  Сообщение

Создать  сообщение  командасын 
орындаймыз немесе CTRL+N пернелер комбинациясын басамыз (12-сурет).  
 
12-сурет. Сообщение

Создать сообщение командасының 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
193 
сұхбаттық терезесі. 
Экран бетіне шыққан сұхбаттық терезенің жоғарғы бөлігінде хабарлама жіберілетін 
электрондық  адрес,  хабарлама  көшірмесі  және  тақырыбы  көрсетіледі.  Терезенің  төменгі 
бөлігінде  хабарлама  мәтіні  жазылады.  Кому...  және  Копия...  бөлімдерінде  шексіз  түрде 
адрестерді көрсетуге болады және олар бір-бірінен «;» символы арқылы ажыратылады.  
Қажетті хабарламаны енгізіп болғаннан соң Файл

Отправить командасын немесе 
саймандар тақтасындағы Отправить батырмасын басамыз (13-сурет). 
 
13-сурет. Хабарламаны жіберу терезесі. 
 
Жаңадан  келіп  түскен  хабарламалар  Входящие  бумасында  қарайтылған  шрифтпен 
жазылып тұрады. Хабарламаны оқып болғаннан соң кәдімгі шрифтке айналады. 
Келіп  түскен  хабарламаға  жауап  беру  үшін  Сообщение

Ответить  отправителю 
командасын  таңдаймыз.  Жауапты  енгізіп  болған  соң  Файл

Отправить  командасын 
немесе саймандар тақтасындағы Отправить батырмасын басамыз. 
Электрондық поштада жұмысты аяқтау үшін Файл

Жабу командасын орындаймыз 
немесе терезені басқару батырмасындағы Жабу (Х) батырмасын басамыз. 
Электрондық  пошта  көмегімен  жіберілген  хабарлама  әлемнің  түкпір-түкпіріне 
бірнеше сағатта жетеді. Қолданушы өз қалауы бойынша адресаттарымен күніне бірнеше 
рет хабарласуына болады, өйткені пошталық сервер күндіз-түні жұмыс істейді. 
 
3.
 
HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары. 
Web-беттің негізгі қызметі  – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға 
шығаруды  ұйымдастыру.  Web-беттер  түрінде  дайындалып  сақталған  электрондық 
құжаттарға  –  мәліметтер,  графиктер,  фотосуреттер  жатады.  Электрондық  құжаттың 
қарапайым  құжаттан  айырмашылығы  –  оның  жазылу  форматында.  Интернетте 
электрондық  құжат  құру  үшін  HTML  арнайы  тілі  пайдаланылады  және  олар  HTML 
форматында сақталады.  
HTML  (HyperText  Markup  Language-гипермәтіндік  белгілеу  тілі)  –  қатаң  ережелері 
бар  компьютерлік  тіл.  HTML  тілінде  құжаттың  авторы  өз  мәтінін  тегтер  деп  аталатын 
символдар  көмегімен  арнайы  файлға  –  Web-бетке  айналдырады.  Web-беттің  мазмұны 
әртүрлі  болуы  мүмкін,  бірақ  барлығы  да  арнаулы  HTML  тілінде  жазылғандықтан  бұл 
құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.  
HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл 
файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады. 
Барлық  тегтер  «кіші»  (

)  символынан  басталады  да  «үлкен»  (

)  символымен 
аяқталады.  Бұл  символдар  жұбын  бұрыштық  жақшалар  деп  те  атайды.  Ашылған 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
194 
бұрыштық  символдан  кейін  тегті  анықтайтын  өзекті  сөздер  орналасады.  HTML  тілінің 
тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді.  Сондықтан да  
ашылатын  және  жабылатын  –  жұп  тегтер  қолданылады.  Ашылатын  тег  құжаттың 
бөлігіне қандай да бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын 
тегтер – «/» - символымен басталады. 
HTML құжатының құрылымы
1)барлық  құжат    тегімен  басталады  да,    сәйкес  тегімен 
аяқталады. Бұл тегтер жұбы – броузерге HTML құжаты екендігін хабарлайды; 
2)HTML  құжаты  тақырыптар  бөлімінен  және  құжаттың  денесінен  тұрады. 
Тақырыптар  бөлімі      және    -  тегтерінен  тұрады,  мұнда  құжат  туралы 
мәлімет көрстеіледі; 
3)</b>  және <b> тегтері тақырыптар бөлімінің ішінде орналасады және 
мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады; 
4)Негізгі  мәтін  құжаттың  денесінде  көрсетіледі  және  ол  ,  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет