Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

 
IV 
 

139 
Sauap.org
 
Тӛбесін  су  тұрмастай  етіп,  шатырлап  жапқан  екі  бӛлме  үйдің  терезесі 
жоғарғы  жапсарда.  Сырттан  суық,  іштен  жылу  қысып,  терезе  ылғи  тершіп 
тұрғаны.  Есік  тӛмен.  Қабырғалары  кілең  жер,  тӛбесін  қар  басқан  ӛзі  жылы 
үйді  шойын  плита,  жал  пештен  арылмайтын  тас  кӛмір  ысытып  жіберген. 
Ардақ есікті ауық-ауық ашып қойып, кӛйлекшең отыр. Сыртқы қызудан ішкі 
қызуы басымырақ. Әкесі кеткен соң ойы ауырлай түсті. Бет ашылды. Не істеу 
керек?  Қаракӛңіл  —  қара  тері  сияқты,  қанша  жуса  да  ағарар  емес.  Тастап 
кетуге  елден  ұялады.  Аластап  кетуге  дәті  шыдамайды.  Кӛне  беруге  тағы 
болмайды.  Ұстарадай  ӛткір  жастық,  ӛмір  қасаңдарына  ӛтпей  жатыр.  Жас 
ойын  талай  жаныды  Ардақ,  майрылып  қала  берді.  Енді  керосин  шамның 
жарығында, кішкене столда, бүгін ғана сыйға алған Ленин томдарына жағын 
басып,  бүкшие  жантайды.  Сүтке  тойған  қозыдай  бүкшиіп  жатса  да,  тұнық 
кӛзінен толқыған ойы кӛрініп тұр. Ақырын ғана күрсінеді. Күреңіткен ақша 
бетінде екі тамшы ыстық жас жарыса домалап барады. Сол жарысқан екі жас, 
бақыт пен бақытсыздық тәрізді... 
Есік  қақпастан  Жанабіл  жүгіре  кірді.  Ардақ  сонда  ғана  басын  кӛтерді. 
Алқына кірген адал жолдас аузынан тек қуаныш шашты: 
— Құтты  болсын,  бәйгең!  Оза  бер  де  ала  бер.  Алушы  Сен  болғанда, 
баташы мен болайын. Жаса тойыңды! Тойыңа тон, тӛсіңе тӛс қосылсын! 
— Айтқаның  бола  берсін.  Жақсы  келдің-ау,  Жанабіл.  Қуаныш  пен 
қайғының үстінен бірден түстің. 
— Қайғың не?! Отағасы қайда, аман ба? 
— Аман. Жұмыста. 
— Енді не қайғы? 
— Сен  сұрама,  мен  айтпайын.  Бір  ғана  тілегім  бар  саған:  бүгін  мені 
Мейраммен оңаша кездестір. 
Жанабіл  аңырып  қалды.  Кӛзі  бажырайып,  шолақ  танауы  саңқиса,  аузы 
да  аңқиып  тұр.  Алдында  қазір  басқа  Ардақ.  Жар  басында  ойнаған  ақ  лақ 
жаңбыр ӛтіп, ұйпалақ-ұйпалақ боп бүріскен тәрізді. 
— Апырау, не болды!? 
— Сұрамашы Жанабіл. Баршы, бар. 
Енді  қайтып  сұрамастан  жӛнеле  берген  Жанабілді  Ардақ  ӛзі  екі  рет 
қайтарып  алды.  Ештеме  айтқан  жоқ.  Шаншу  қадалғандай  түйіледі.  Іштегі 
ауыр  қиналысы,  әжімсіз  ақ  маңдайды  да  сызып  кетті.  Саусақтарының 
ұшымен ғана ишараттады да. 
— Бар. Бара бер!— деді ақырын. 
Үйден  жүгіре  шыққан  Жанабіл  жүгіре  аяңдады.  Мейрам  бұл  кезде 
тынығып  та,  шайын  ішіп  те  болған.  Енді  кешкі  қызметке  барғалы  тұрғанда 
Жанабіл енді. Ермектің ауыз үйінен бӛліп алған кішкене бӛлмеде екеуі оңаша 
сӛйлесті. 
— Сӛйле, мен кетем. 
— Кетпе, қазір Ардақпен кездесесің. 
— Иә, асығыс, болжаусыз, бұл қай кездесу? 

140 
Sauap.org
 
— Оны ӛзі айтар. Менің айтарым осы ғана. 
— Түсінбедім,—  деп  Мейрам  иығын  қозғады.—  Кездесуден  бұрын 
ойлануға маған да біраз уақыт керек. Солай десең Ардақ түсінеді. 
— Болмайды,  болмайды!—  деді  Жанабіл.—  Араларыңда  не  кілтипан 
барын мен білмеймін. Ал, Ардаққа бүгін сені қайтсем де апарам. Қыз жүрегін 
қорлауға қақың жоқ, жолдас. 
Мейрам ойланып қалды. Аяулыңа ӛзің қанша әйеншек болсаң, басқалар 
сонша сұғанақ емес пе. Сырт кӛзге Мейрам, Ардақ бір-біріне сай, араларында 
кіршік жоқ сияқты кӛрінгенмен, қызғаныш отына май құюшылар да бар екен. 
Іштен  жанып,  сыртына  шығармай  келіпті  Мейрам.  Енді,  сенімді  жолдасына 
сырын сездіріп ішін босатқалы отыр: 
— «Отыз  тістен  шыққан  сӛз,  отыз  рулы  елге  кетеді»  дейді  қазақ.  Кісі 
кейде  сенбегендіктен  емес,  осыдан  сақтанып,  жасырынды  жақынына  да 
байқап  айтады.  Сен  менің  адал  жолдасымсың.  Айтқанымды  ӛзімдей  сақта. 
«Араларын  ашпайын»  деген  ниетпен  сезгеніңді  жасырып  қалма.  Дүниеде 
құмарым кӛп. Соның ішінде ең құмарым — шындық. 
— Таптама!—  деді  Жанабіл.  Шегір  кӛзі  жайнап  кетті.—  Мені  сол 
шындықтың ӛзі таптаған. Замандастығым, жолдастығым ӛз алдына. Бірің әке, 
бірің анадай кӛрінесің кейде. Сенен жасырған сыр, шиқандай жарып шықпай 
ма? 
— Иә,  мені  де  жарып  шықты,—  деп  Мейрам  кӛңіл  түйткілдерін  кеңіте 
бастады.—  Сонау  ойда,  қараша  ауылдардың  ішінде  Ардақ  кӛзіме  түскенде, 
қара бұлттың ішінен жарқ еткен ай кӛргендей болдым. Одан кейін Ардақтың 
үйінде  жылмаңдаған  жігіт  жатты.  Әкесі  үйді  екеуіне  оңаша  беріп,  түндерде 
далаға  кетті.  Сол  жігітті  ел  «күшік  күйеу»  деп  аңыз  қылса  да  нанбадым. 
Сүюден  талмадым. Бірақ,  махаббат жӛнінде  Ардақтан  әлі жылы  сӛз  естігем 
жоқ.  Енді  есітсем  қуанар  түрім  тағы  жоқ.  «Күшік  күйеу»  күшіктігін  істеп, 
басқа біреуге үйленіпті деседі. Алданған Ардақ аһ ұрып отырған болар. Енді 
ненің жӛні бар? Сыртым бүтін, ішім түтін мен де отырмын булығып... 
— Пәлі!— деді де сақ-сақ күлді Жанабіл.— Осыған-ақ тұншыға қалдың 
ба?  Кӛп  сақтаса  сыр  деген  де  ашып,  не  татып  кетеді  екен.  Ардақ  ол  бұйра 
басқа пысқырған да жоқ. 
— Тым  аңқау,  ақкӛңілсің  Жанабіл.  Қараңғы  түнде,  оңаша  үйде  қалған 
қыз бен жігітті де ақтағың келеді. 
— Ақтаймын. Сүттей ақ. Мен сырттан аңдығанда, Майпа іштен аңдыған. 
Бұйра бас жігітпен оңаша үйде қалғаны, оның аламын, жарылқаймын деуі — 
бәрі  рас.  Қу  неме  екен,  әкесін  кӛндіріп  қойыпты.  Бірақ,  Ардақ  екеуін  де 
отыртып кетті. Ӛйткені сүйгені сен ғана. 
— Солай деді ме, саған? 
— Демегенімен  белгілі.  Сүйген  жерден  сӛз,  қышыған  жерден  қол  кете 
ме. Мені саған қолқалап жіберді. «Сүйдім» дегенін естімесең, бүгін сүйгенін 
де кӛрерсің. 

141 
Sauap.org
 
— Мүмкін,—  деп  Мейрам  қалтасынан  бір  жапырақ  қағазды  суырды  да 
ұстата берді.— Енді сауатты жігітсің ғой, оқышы. 
Жанабіл ішінен оқыды. Хат сӛзі мынау: 
«Мейрам! Жұрт сені Ардаққа үйленеді деп жүр. Махмет тастаған әйелге 
сенің  басыңды  қимаймыз.  Ойлан  шырақ.  «Тастағанның»  үстіне  кулактың 
қызын секретарь алды» деген тіпті масқара. 
— Кулак  жазған  мұны!  Кулак  тастаған  от!—  деді  де  Жанабіл  қағазды 
ұнтап жыртты.— Мен саған домалақ қағаз құрлы болмаймын ба? Олай болса 
батырак  Жанабіл  баттитып  айтады:  Махмет  түгіл  барлық  жігіттен  аман 
Ардақ. Біреудің ашылмаған ұятын, ұстамдылық қасиетін қорламаңдар үйтіп! 
Майпаны  мен  қандай  білсем,  Майпа  Ардақты  сондай  біледі.  Ал,  кулактан 
қорықсаң ӛзің білесің... 
Қазып бара жатқан Жанабілді Мейрам арқаға қағып азар басты. Ардақты 
ақтаған әр сӛзді алтын сүзгендей сүзді, ӛкпелей, кінәлай отырып, Жанабілден 
әрі Ардақты жамандықтан қызғанады Мейрам: 
— Тек бекер болсын бәрі. Рас болғанда да айыптауға қанша қақым бар? 
Қол жетпегенді жамандап, ӛзімді-ӛзім алдай алмаймын. Қатайса тастан қатты 
ет  жүректі  отқа  салып  балқыта  алмаймын.  Кайта  жүрсе  де  бақыттан  ӛзге 
тілерім жоқ, Ардаққа бұл әңгіме осымен бітсін. Осы арада қалсын. Кездестір, 
жарты сағатта тең ортадан тосам. 
Жанабіл  асыға  жӛнелді.  Сыртқы  есік  алдында  жатқан  ақ  тӛс,  қара 
қаншық абалап ұзатып салды... 
Ардақ  бұл  кезде  әкесіне  шай  құйып  беріп  отырған.  Аз  сӛйлейтін 
тұңғиық  әкенің  түрі  бүгін  тіпті  бӛлек.  Салалы,  сіңірлі  саусақтарын  ашып-
жұмып, әлі күнге шетінемеген ірі тістерін ақырын ғана басып, қайрап қояды. 
Үн  жоқ,  тӛмен  қарап,  кӛзін  бір  нүктеден  алмай  отыр.  Обамен  ауырған 
адамша  кӛзі,  ұрты  бұрынғыдан  әрі  сұғына,  бет,  шықшыт,  маңдай  сүйектері 
шыға түскен. Қан-сӛлін ішіне тартып алған зілді әке, түндегі жартастай үлкен 
де,  қорқынышты  да  кӛрінді  Ардаққа.  Егер  әкесінің  не  істеп  келгенін  сезсе, 
тұра  қашар  еді.  Қазіргі  тұрпатының  ӛзінен  сескеніп,  қырындай  отырды. 
Үнсіз, ауыр, мылқау дастарқан үстінде Әлібек бір-ақ кесе шай ішіп, кесесін 
былай қойды да, құшағын жая тіл қатты: 
— Келші, қарғам! От басындағы күйгелек шал, түздің самалын сезбепті. 
Рұқсат, жолың болсын. Ендігі тілекті саған арттым. 
Иіліп  жақын  келген  Ардақты  маңдайынан  иіскеп,  арқаға  қақты  да, 
тӛсегіне  барды  Әлібек.  Киімшең  теріс  қарап  жатып  қалды.  Ардақ  аңтаң. 
Қатал  әкенің  тез  қайтуы  шын  ба,  ӛтірік  пе?  Шын  болса  Мейрамға  айтып 
керегі  не?  Шақырып  алып  басқа  не  айтпақ?  Дел-дал  ойда  тұрғанда,  ентіге 
Жанабіл кірді. Әлібекті кӛрген соң аузындағы сӛзін ӛзгерте қойды да: 
— Майпа екеуміз киноға барамыз, барасың ба?— деп кӛзін қысты. 
— Барайын,—  деді  Ардақ.  Жанабіл  ымдап,  тез  киіндіріп  алып  шықты 
далаға. 

142 
Sauap.org
 
— Осы  жол  үстінде,  тең  ортада  кездеседі.  Кӛрдің  бе,  ашық,  кең  алаң. 
Кӛңіл  де  сондай  кең,  ашық  болсын.  Іштерің  жанып  тұрғанда,  сырттарың 
мұздай болатын несі? Алдағыны алып іше алмайтын сорлысыңдар ғой. Жаңа 
туған қозы да түртіншектеп тамағын табады. Бар, қолтығына кір. 
Ардақ  мырс  етті  де  жүріп  кетті.  Бұл  да  бір  ауыр  кездесу.  Ӛмір  бойы 
алдына шықпаған әкемен түс шайысу қандай қинаса, ұзақ уақыт ұят пердесін 
бетке  ұстап,  тереңге  тыққан  сырды  ашу  сондай  қинады.  Не  демек?  Әкем 
жаман  дегенде  ӛзі  жақсы  бола  ма?  Жамандықты  жасырса  жақсылықтан 
қасиет қала ма? Әңгімені махаббатқа аударса, ӛзі тіленген қыздың ӛрісін де 
кӛріп  тұр.  Қараңғы  түн.  Тымырсық  аяз.  Ақ  қарлы  кең  алаңда,  ой  салмағын 
азар кӛтеріп, сылбыр жүріп келе жатыр Ардақ. 
Мейрам  анадайдан  танып  тұрды.  Оның  күткені  қазір  тек  махаббат 
әңгімесі.  Тулаған  жүрек  тыныш  таптырмай  қарсы  аяңдады.  Бұл  сағатта 
басқан  қадам,  алған  дем  бойды  кернеген  бақыт  ұшқындары  ғой.  Қараңғыда 
кӛңілі  жарқырап,  бойы  ысып  келе  жатты.  Жанабілдің  «қыздан  ұялсаң  құр 
қаласың» дегені есінде. Осы жолы ӛзін ӛте қайрап, айтар сӛзін де күні бұрын 
сайлап шығып еді... 
— Құтты болсын сыйлықтарыңыз!— деп Ардақтың қолын амандасқанда 
жібермей тұрды.— Бағана құтты болсын айтуға да үлгірмей қалдық. Сонша 
неге асықтыңыз? 
— Рас,  асығыс  болды.  Мен  сіздерге  рақмет  айтуға  да  үлгірмедім.  Кӛп 
назары ыстық екен, шыдай алмадым. 
— Суығаныңыз осы ма? Қолыңыз әлі күйдіріп барады. 
— Казіргі  қызу  ол  емес,—  деді  Ардақ.  Қолын  ептеп  тартып  алып, 
жасыра күрсінді. Даусында азырақ діріл бар.— Сіз аға болыңызшы. Ағалық 
ақылға  аңсап  келдім.  Қалжыңға  бүгін  жайым  жоқ.  Мынау  қараңғы  түн  тек 
мені басып тұрған тәрізді. 
Мейрамның  қайнаған  кӛңілін  басып  тастады  бұл  сӛз.  Суық  хабар, 
салқын  ызғар  сезіледі.  Нендей  хабар,  нендей  ызғар,  енді  соны  білгенше 
асықты: 
— Ақылшыға жарасам аярым жоқ. Айта беріңіз. 
— Сіз  кӛп  білсеңіз  де,  мені  аз  білесіз,—  деп  бастады  Ардақ.—  Білмей 
тұрып  сенісу  қиын  ғой.  Екі  бетімнің  бірі  қара,  бірі  ақ.  Қарасын  бояп 
білдірмей келдім. Бояу кетеді, бет қалады. Сонда қайтем деген оймен ашқалы 
тұрмын. Ашуға батылым да жетпей тұр... 
— Сіз,  әкеңіз  жайында  айтпақсыз  ба.  Қысылмаңыз,  бұл  жӛнде  біраз 
хабарым бар. 
— Хабарыңыз ӛткені туралы шығар. Мен қазіргісін айтпақпын. 
— Онда тіпті жақсы. Адалдық, шындық жолы ешуақытта адастырмайды. 
Айта беріңіз. 
Ардақ  бүгінгі  үлкен  қуанышына  әкесінің  үлкен  қайғыны  қарсы 
қойғанын сӛйледі. Болған әңгіменің зәредейін жасырған жоқ. Тұңғиық әкенің 

143 
Sauap.org
 
түбіне жете алмаған. Қатты сескенеді. Сескене тұрып, аяйды, қорланады. Әлі 
де қүдерін үзіп болмапты. Дел-сал ойларын да ортаға салды: 
—...Жаңа  осылай  шығарымда  ӛте  сирек  кӛрсететін  мінезін  кӛрсетті. 
Маңдайымнан  иіскеп,  арқамнан  қаққанда  суыған  жүрегім  жылынғандай 
болды.  Бірақ,  тым  қатал  еді,  терең  еді.  Қалай  жібіп,  қалай  саяздағанына 
қайранмын... 
Мейрам  үнсіз  ұзақ  тыңдап  болған  соң  қыз  кӛңілін  жұбата,  тарылған 
кӛңілді кеңейте сӛйледі: 
—...Әкеңіз болған, толған, енді солған адам ғой. Бұндай әкелердің талай 
мінездерін  естіп  жүрміз.  Оларда  есек  дәме  бола  береді.  Бірақ,  сол  тек  дәме 
ме,  әлін  білмеген  қарсылық  па?  Айыра  білу  керек.  Күші  аузында  қалған 
ашынды  шал,  үй  ішінде  дауыл  шақырғанмен,  даладағы  шуаққа  арқасын 
тӛсейді. Сіздің әкеңіз осылай елестейді маған. Тек жүреді, сӛзге араласпайды, 
жұмысын тәуір істейді деседі. Бұл беті дұрыс. Кейде оңашада делебесі қозып 
кетсе,  шыдаңыз,  басып,  бақылап  отырыңыз.  Болмай  бара  жатса  бір  есебі 
табылар.  Заман  біздікі,  күш  біздің  қолда.  Әке  жақсы  болса  мақтан,  жаман 
болса қорлық емес. Әкеден жоғары Отан деген ұлы ата бар. Сол атаны риза 
қылсақ бәрі түгел. 
— Мен  кейінгі  кезде  Ленин  еңбектерін  кӛбірек  оқып  жүрмін,—  деді 
Ардақ.  Содан  ба,  қалай  бұрын  болмаған  мінездер  пайда  бола  бастады. 
Дүниенің бәріне тап мақсатымен, тап қырағылығымен қарағым келеді. Мана 
қуанған  бетте  үйге  жүгіре  кірсем,  әкейдің  қасында  Ырымбек  отыр.  Бізбен 
араласы,  таныстығы  жоқ  адам.  Бұл  отырысқа  түсіне  алмадым.  Анада  ӛзіңіз 
кӛретін бұйра бас жігіт те әуелі әкеймен достасқан. 
— Сізге де теріс емес еді ғой. 
— Ол теріс болмаса да, мен теріс болдым оған. Сырты жылтырағанмен 
іші былық, бишара жігіт. Мен үшін бүтін кооперацияны қалың малға беретін 
түрі  байқалды.  Әкей  соған  қызықты  ма,  әлде  шын  ұнатты  ма,  әйтеуір  соны 
маған  ұсынғандай  болды.  Махмет,  Ырымбек  екеуі  де  коммунист.  Бұлары 
қалай? 
— Сізді  торып  жүрген  шығар,—  деп  қалжыңдады  Мейрам.  Қалжың 
астында  сезіктер  жатыр:  Махмет  сыры  мәлім.  Ырымбектікі  не?  Домалақ 
қағаз осылардікі болмасын?— деген күдігін Ардақ тереңдете түсті: 
— Торысын-ақ. Коммунистік мінездері қайда? 
Жуырда  жауап  қайтпады  бұл  сұраққа.  Бұрын  тек  сүйкімді,  мәдениетті 
қыз енді саяси қырағы, берік кӛрінді. Махмет түгіл одан да зорға оңайлықпен 
алдырар емес. Ӛмірді, адамды білуге ӛзгеше бір құмарлық бар бойында. Сол 
құмарлық  қайда  жеткізетінін  біліп  тұрса  да,  осындай  жарым  болса  деген 
арман  кӛкірегін  кернеп  тұрса  да,  Мейрам  Махмет  пен  Ырымбек  жәйлі  ӛз 
ойын там-тұмдап қана айтты: 
— Сыныңыз  дұрыс.  Коммунистік  мінез  әрдайым  аңқып  тұру  керек. 
Махметте  бұл  болмаса,  Ырымбекке  күдіктенсеңіз,  одан  партияға  келер 
нұқсан жоқ. Қырағы қарап сынай беріңіз. Коммунистер кӛп, кӛптің ішінен не 
шықпайды.  Сондықтан,  партия  оқтын-оқтын  ӛз  елегінен  ӛткізіп,  тазартып 

144 
Sauap.org
 
отырады. Шынында мен сізді аз біледі екем. Бұл кездесу кӛп мәлімет берді. 
Ішіңіздің тамаша бір қалтарыстарын аштыңыз. Аша беріңіз, қызыға қараудан 
тояр емеспін. 
— Сіз сонда жабық қала бересіз бе?— деп қараңғыда мӛлдір күлкісін бір 
сылдыр еткізді Ардақ. 
— Япыр-ай, мен сонша тұйықпын ба? 
— Тұйық түгіл суықсыз. 
— Жанабіл  антұрған  білгіш  ӛзі!—  деді  де  Мейрам  қарқылдап  күлді.— 
Ол ылғи батылдықты қолдайды. Батыл болып та бір кӛрейінші. 
Бауырына тартып, бетін тақаған Мейрамға, илікпеді Ардақ. 
— Батылдық  сабырды  жоймасқа  керек.  Сабыр  етіңіз.  Сіз  мені  аз 
білсеңіз, мен сізді біліп болғам жоқ. 
— Білісудің шегі бар ма, сірә? 
— Бар да, жоқ та. 
— Онда қайсысын ұстадық? 
— Қай  ұнағанын  ұстаңыз.  Сыртым  мұздай  болғанмен  ішім  лаулап 
жанып  тұр.  Бұл  сырымды  да  жасырмаймын  сізден.  Бірақ,  қорқам,  лап  етіп 
ӛше  қалатын  құмарлықтар  кӛрдім.  Маған  ӛле-ӛлгенше  ӛшпеуі  керек. 
Ӛшпейді  десеңіз,  сенбеймін.  Сендірерлік  қасиеттеріңізді  кӛргенде  ғана 
сенем. Бұл әл де бірсыпыра уақыт білісуді, шыдамдылықты тілейді. 
— Шыдауды сіз қинауға айналдыра кӛрмеңіз? 
— Махаббатты сіз баянсыз құмарлыққа айналдыра кӛрмеңіз. 
Екеуінің  бет  ашып,  оңашада,  кең  сӛйлескені  осы  еді.  Бірін  бірі  жаңа 
таныған секілді. Ардақ қазір махаббат үшін жаралған кӛркем қыз ғана емес, 
білімі  тең,  келешегі  жарқын,  қоғам  қайраткері  болып  кӛрінді.  Мейрам  енді 
бойын тежеген жоқ. 
— Сіз жасырмай барды алға салғанда, мен де бүкпе сақтамайын,— деп 
шешіле  сӛйледі.—  Бастан  кешкеннің  бәрі  баста  қала  бермейді.  Бүгінгі  түн 
бақыт түндерінің бірі ме деймін. «Осылай болып шықса» деген арман айлар 
бойы алған еді мазаны. Қазір сол арманға жеткендей болып тұрмын. Бұрын 
тек  сыртыңды  кӛрсем,  бүгін  ішіңді  кӛрдім.  Жетпесе  сен  сынай  бер.  Мен 
сынап та, шыдап та болдым. Сӛзімнің байлауы, жүрегімнің сыры міне!— деді 
де  тӛмен  қарап  үнсіз  тыңдап  келе  жатқан  Ардақты  сүйіп  алды.  Ардақ 
қарсыласуға да үлгірген жоқ. Кенеттен шымыр етіп, ду қызған бойын билей 
алмай  толқып  кетті.  Ашусыз,  қорқусыз  дірілдейді.  Қинауы  рахатқа  бергісіз 
ғажап  діріл.  Сол  дірілдің  ләззатын  бірінші  рет  татқан  Ардақ  тілі  күрмеліп, 
сӛйлемей тұр... Бір кезде: 
— Жоқ,  біз  тең  емеспіз!—  деп,  Мейрамның  қолтығынан  сытыла  тұра 
жӛнелді  үйіне.  Кӛзінен  ыршып  шыққан  ыстық  жасын,  «алдадың,  не 
алдамақсың!  Бай  қызын  сен  жар  етпейсің...»  деген  сырын  кӛрсетпей  кетті. 
Мейрам аң-таң. 
— Сонда қайсымыз тең емес?— деген сұрауына жауап ала алмай қалды. 

145 
Sauap.org
 
Ел  ішінде  «бай-кулактан»  жексұрын  сӛз  жоқ.  Біреуді  біреу  жамандаса, 
ата-бабасынан  болса  да  бір  жуанды  табуға,  таба  алмаса  соның  құйыршығы 
етуге  тырысады.  Біреуді  біреу  мақтаса,  қалай  да  жұмысшы,  кедеймен 
жағыстырады.  Адамның  ӛзінен  бұрын  тегіне  қарайтын  шақ.  Бәйтен 
сияқтылар адам тегін киіміне, кӛлігіне қарап та айыра беретін. Тап тартысы 
қалдырған  бұл  салт  асқақ  махаббатқа  да  бір  тосқын  еді.  Ардақ  аса  алмай 
кетті... 
 

 
Үдей  соққан  ақ  дауыл  Қарағандының  бұтасыз  биік  жоталарын  алай-
түлей етті. Басқа жер ала қаншықтаса, бұл жердің түтеп тұратын әдеті. Қазір 
тіпті  аяқ  асты  кӛрінбейді.  Қар  жер  үйлердің  есік,  терезесін  бірден  басып, 
шурф, тас карьерлерді бітеп салды. Шахталар арасында адам қатнасы түгіл, 
телефон қатнасының кӛбі үзілген. Түн ортасында басталған бұл сұрапыл бар 
кемеліне  келсе  керек.  Жанды  бетіне  қаратпай,  ішін  тарта  ысқыра  соғады. 
Столба басындағы сымдар шулап оған үн қосып тұр. Адасқанға «мұндалап» 
дамыл-дамыл  аңыраған  шабаш  даусы  атырапқа  жайылмай,  тек  ыққа  кетіп 
жатыр  Биіктеу  үйлерді  баса  алмаған  боран  Кейін  серпіп,  биік  жар,  бойлай 
соғып,  ұзын  бел  болып,  қала  қалың  қар  бұйраттарының  ішінде  қалды. 
Кӛшесі, соқпағы қайда, біліп болмайды. Жаңада қалқайған жас қаланы долы 
ақ түнек осылай тұншықтыра қамап тұрды. 
Жанабіл  қыр  басында,  жел  ӛтіндегі  кӛп  жерүйлердің  бірінде,  қайын 
атасы  Жұмабаймен  бір  тұратын.  Есік,  терезені  қар  бітеп,  қараңғы  үйде  таң 
атқанын білмей жата беріпті. Дәретке шыққан Жұмабай сӛйлей кірді: 
— Қатын ей, тұр. Шам жақ. Күн боран болса керек. 
Есікті қар басып қалыпты. 
— Таң атты ма екен? 
— Атты-ау деймін, қара сиыр ыңылдайды. 
Тӛсекте жатқан Жанабіл атасының аңқау мінезіне сақ-сақ күліп жіберді: 
— Ол таң атты дегені ме? 
— Тамақ  сұрағаны.  Қара  мал  түнде  тамақ  сұрамайды.  Шам  жағылды. 
Жұмабай тері шалбарын ерсілі-қарсылы ентіге бұрап жатыр. 
— Күнде бұрайсыз. Жазасы не сорлының,— деді Жанабіл. 
— Кӛннің жаны уқаласа енеді балам. 
— Сол кӛн риза шығар, сізге. Жылы шалбар әперейін, тастайсыз ба? 
— Неге тастайын. «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышағым терісі артық». 
Қабат-қабат  кӛп  етекті,  кең  шалбардың  ішіне  тоғытып,  құйрығын 
теңките  үйден  шықты  Жұмабай.  Қара  сиыр  сүйек  шайнап,  аузы  малжаңдап 
тұр  еді,  қақалып  тұр  ма  деп  шошып  кетті.  Шамын  жерге  қоя  сала,  жүгіре 
келіп, қол салды аузына. Қолына сүйектің сынығы ілінгенде мырс күлді. 

146 
Sauap.org
 
— Құданың  құдіреті,  осыны  несіне  шайнайды  екен!—деді  де  сүйекті 
сиырға  қайтып  берді.—  Мә,  кеміре  ғой,  жануар,  кеміре  ғой.  Бір  керегі  бар 
шығар. Қазір шӛп берем. Қармен қоса же, күртілдетіп. 
Жұмабай ұялшақ, сӛзге шорқақ, тұйықтау кісі болса да, малдан именбей 
сӛйлесе береді. Күнде таңертең қара сиырмен бір әңгімелесетін әдеті. Жерден 
қазған  кішкене  коридордың  бір  шетінде  жерден  қазған  кішкене  шӛп  араны 
бор.  Аз  ғана  шӛп  іште.  Сыртқы  адам  қолынан,  мал  аузынан  сақтанып, 
жәшікке  салып  сақтағандай  берік  ұстап  отыр.  Сол  ішкі  қуыстан  шӛп  әкеп 
салған  соң,  артына  үңіле  қарады  Жұмабай.  Жерде  жатқан  екі  тал  шӛпті 
ерінбей барып, теріп алды. Енді қара сиырын сипап, желінін ұстап рақаттана 
сӛйлеп тұр: 
— Астыңнан  сыз  еткен  жоқ  па?  Сары  уызыңды  қашан  бересің, 
жануарым? 
Жанабіл  атасының  бұл  мінездерін  қызық  кӛреді.  Есікті  ақырын  ашып, 
білдірмей  шыққанда,  тыңдай  қалған.  Күлкі  қысып  барады.  Атасы  сиырдың 
астын құрғатып жүріп: 
— Бұл жарықтықтың боғына дейін алтын,—дегенде шыдай алмады. 
— Ен  кӛмірдің  ішінде  отырып,  тезек  жақпақсыз  ба,  қайтесіз  оны 
қамбалап? 
— Балам, керек тастың ауырлығы жоқ. Кӛмірге тамызық болса да қайда 
жатыр. 
— Ӛндіріске  жанның  бәрі  осылай  қараса  социализм  ертең  орнар  еді,— 
деді де Жанабіл сыртқы есікті ашты. Далаға шығатын жол бітеліп қалған. Қар 
маңдайшамен  бірдей.  Қарды  біраз  ішке  күреп,  зорға  дегенде  тесіп  шықты 
тысқа. Шыға сала қайта енді. 
— Ойбай, әлі түтеп тұр. Аяқ асты кӛрінбейді. Мен жұмысқа барам!.. 
— Байқа, шырағым, тілсіз жау ғой... 
Жұмабайдың  қамқорлығы  тыңдалмады.  Қалың  киініп,  түскі  тамағын 
ала, Жанабіл бӛгелместен жүріп кетті. Мехцехпен екі ара километрге жақын 
кең  алаң,  ойпат  болатын.  Желге  қарсы  омбылап  келеді.  Кӛңілмен  нобайлау 
болмаса,  кӛздің  басшылығы  аз.  Долы  боран  маңдай  тірелгенше  ештеме 
кӛрсетер  емес.  Бетке  сабалап,  ӛңменнен  итереді.  Біресе  қалың  қарға  қара 
санға  дейін  тығып  жіберіп,  тұншықтыра  түтейді.  Ӛкірген  дауысы  от 
жарғандай. Бетіне қарасаң бетіңді қариды. Күл боп ұшып, күңіренген дүние 
тек  «ӛлім,  апат!»  деп  тұрған  тәрізді.  Қарулы,  батыл  жас  сонда  да  кейін 
қайтпады.  Басын  тұқырта,  бүгжие  жебелей  аяңдап  барады.  Ойында 
қорқыныш  түгіл  сескену  жоқ.  Тезірек  жетіп,  сол  апатты  кӛрмек.  Адасқан, 
үсіген  бар  ма,  тоқтаған  жұмыс  бар  ма?  Бұндайда  қорғанып,  үйде  жату  ұят, 
екпінді  бригадаларға  қосылып,  кӛмектесуге  келеді.  Толып  жатқан  ор, 
шұқырлардың біріне түсіп кетем бе, деп сақтана басады аяғын. Жетер мезгіл 
болған сияқты. Тұра қалып, тың-тыңдай, жан-жағына қаранады. Ешбір белгі 
жоқ.  Жаңа  ғана  мұрны  түтін  иісін  сезгендей  еді.  Бір  үйдің  ығынан  еттім-ау 
деп,  сол  иісті  іздей  кейін  жүріп  барады.  Түтін  түгіл  ӛз  ізін  де  таппады. 
Шабаш  дауысы  неге  естілмейді?  Мехцехтың  жел  жағына  шығып  кеттім  бе, 

147 
Sauap.org
 
деген  ойда  тұр  енді.  Іштен  жылы  леп,  сырттан  суық  қысып,  ауыз-мұрнын 
бастыра ораған бӛкебайы, омырауы, жеңдерінің ұшы қатып қапты. Денесі де 
аздап мұздайын деді. Сонда да «үсінемін, ӛлемін» қаупі келмеді есіне. Боран, 
жаңбыр,  қара  суықтарға  шыныға  ӛскен,  олар  жайында  кӛп  естіген  батырақ, 
қысылып бара жатса, қарды кеулеп еніп кетпек. Күндіз үй арасында адасып, 
ӛзімен  ӛзі  әуре  болғанына  намыстанады.  Әнеукүні  біреудің  құбыланамасын 
кӛріп күлген-ді. Енді соған құмарланады. Бір бетінің ұшы тыз етті. 
— Қап!—  деді  де  ұстай  алды.  Жалма-жан  уқалап  жатыр.  Беті  сезбейді, 
жаны  кетіп  қалыпты.  Осы  халде  де  мысқылдап  тұр  атасын.—  Жұмекең 
уқаласа кӛнге де жан енеді, не болды саған! Тіріл-тіріл. 
Уқалап-уқалап  үсіп  бара  жатқан  бетті  тірілтіп  алды.  Бӛкебайын  кӛзіне 
дейін  кӛтеріп,  енді  бет  аудара,  желге  қырын,  солға  қарай  жүрді.  Алыстау 
болса да, бұл бетте темір жол бар. Қалай кездеспейді деп келе жатқанда, қар 
басқан  ескі  локомобиль,  вагонеткалардың,  үстінен  шықты.  Күліп  жіберді 
Жанабіл: 
— Мынау, ӛзіміздің дүние ғой! 
Мехцехтың  жанындағы  темір  үйінділерін  тани  кетті.  Бұл  кезде  цех 
ішінде,  ӛте  асығыс  дайындық  жұмыстары  жүріп  жатқан.  Тӛртінші  шахта 
тоқтап  қалыпты.  Бірінші  шахтаның  камероны  бұзылып,  су  жер  астына 
жайылатын  қауіп  тӛнген.  Шахталар  жанында  бірен-саран  слесарь, 
машинистер  болмаса,  әзір  ӛздерінің  мехцехы  жоқ.  Барлық  шахтаның 
механизмін басқаратын орталық осы ғана. Бұл цех екпінді екі бригада құрып, 
қатерден  екі  шахтаны  да  құтқаруға  қамданып  жатыр.  Қазір  минут  сағаттан 
қымбатырақ.  Кешіккен  сайын  қауіп  күшейеді.  Шахтаны  түзеу  ұзаққа 
созылады. Сондықтан механик Козлов қатты сасуда. 
Бір  сағаттың  ішінде  бригадалар  барып  жетсін  деген  бұйрық  та  алды 
Щербаковтан. Қалай барып жетеді? Күн мынау. Донбаста мұндай сұмдықты 
ӛмірге  кӛрген  емес.  Адамды  кӛріне  кӛзге  ӛлімге  айдай  ма?  Бармаса  шахта 
бірнеше  күнге  тоқтайды.  Бір  сағат  тоқтатуға  ар  шыдай  ма?  Шыдамады 
Козлов. Слесарь бригадаларын құра бастады. Алыста тұратын слесарьлардың 
біразы келмей қалыпты. Оларды шақырып келтіргенше қашан, және келе ала 
ма,  барушы  таба  ала  ма?  Қолда  бардың  бәрін  жіберсе,  бұндағы  жұмыс 
тоқтайды.  Енді  қайттік,  деп  тұрғанда  бір  үлкен  бас  есіктен  сыймай  жатты. 
Есіктің екінші жартысын ашып жібергенде, Бәйтеннің басы екені дауысынан 
танылды.  Үйінде  бӛкебай,  шәлі  қалмаса  керек,  солардың  сыртынан  әйелдің 
ескі кӛйлегін тағы орапты. Шешіп жатыр, шешіп жатыр. Әбден болған соң: 
— Уһ!— деп демін алды.— Менің мендігімнен ғана келдім. 
— Е, сенен басқалар да келді ғой... 
— Пәле! Қазір тіпті түтеп кетті. Аяқ асты түгіл мұрныңды кӛрмейсің. 
Бәйтен  тұратын  «Москва»  барагымен  екі  ара  жүз  қадамға  толмайды. 
Ерлігінен  де  келгені  тәуір  болды.  Ол  мақтанып  отырғанда  Жанабіл  енді. 
Үлкен,  кіші  демей  шетінен  ойнайтын  жайдары  жігіт  бәрінің  рухын  кӛтере 
келді.  Салған  жерден  Бәйтеннің  бас  киімдеріне  түсті  кӛзі.  Біртіндеп  санай 
бастады: 

148 
Sauap.org
 
— Бір-ақ нәрсе жетпейді екен. Бос болса оны да ораған болар еді. 
Бәрі  ду  күлді.  Козловтың  терісі  жаңа  ғана  кеңіді.  Жанабілдің  қасына 
келіп, бетінің домбыққанын ұстай сӛйлеп тұр: 
— Жатпайтыныңды білгемін. Бетіңнің суыққа шалдыққаны жарамады. 
— Ештеме етпейді. Айта беріңіз. 
— Онда  бүгін  бастық  бол.  Тӛртінші  шахтаны  құтқар.  Бастап  апара 
аласың ба, бригаданы? 
— Апарам,—  деді  Жанабіл  бӛгелместен,—  тек,  жүз  метр  сым  тауып 
беріңіз. 
— Оны қайтесің? 
— Екі  столбаның  арасынан  адаспауға  керек.  Жеткенше  столба  ғой 
байлай береміз... 
— Табылған ақыл!—деп қуанып қалды Козлов.— Ал, қамданыңдар, сым 
табылады. 
Басқалар қамданғанша Жанабіл кочегаркаға кіріп Боқаймен амандасты. 
Одан  шығып  есікті  ақырын  ашып,  машинадағы  Майпаға  келді.  Майпа 
байқаған  жоқ.  Есікке  арқасын  беріп,  қабырғадағы  вольтметрге  қарап  отыр. 
Үстінде,  машинистер  киетін  қазналық  қара  кӛк  костюм,  басында  қызыл 
орамал,  қолында  кітап.  Бір  кӛзі  вольтметрде  болса,  бір  кӛзі  кітапта. 
Майпаның  сауатын  Ардақ  ашқан,  машинаға  Жанабіл  үйреткен.  Бұрын  бой 
түземеген, сауатсыз, нашар адамның қызы бұйығылау, жұғымсыздау сияқты 
еді.  Қазір  уаттанып,  маманданып,  келіншек  болған  соң  ӛзгеріп  қалыпты. 
Мӛлдір қой кӛзі әмән күлімдеп тұрады. Үстіндегі жұмыс костюмі кірлемеген, 
уқаланбаған,  жұмыста  отырса  да  сергек,  кербез  отыр.  Еркек  киім  балуан 
денесіне тіпті жарасыпты. Жанабіл артжағынан келіп, кӛзін баса қойды. 
— Білдім,— деді Майпа,— міне қолыңның сүйелі айтып тұр. 
Жанабіл  машинаны  қоршаған  аласа  ағаш  решеткадан  қайырып  әкеліп, 
аузынан сүйді. 
— Ӛзің қатын болмай қор болып жүр екенсің. Білдірмей келіп қызығып 
тұрдым. 
— Қыз күнімде қызықпап па ең? 
— Ондағы қызу ет пен терінің арасындағы жел емес пе. 
— Боран саябырлады ма, қалай келдің? 
— Қар түгіл от бораса, саған келмей тұрам ба. Әлі ӛкіріп тұр. Тӛртінші 
шахтаға бара жатырмыз... Машинаң қалай? 
— Дұрыс  жүріп  тұр.  Токарьлар  сонда  да  жылдамдат,  дейді. 
Жылдамдатсам шамдар жанып кететін. 
Жанабіл  машинаның  дауысын  тыңдады.  Қақпайды,  тоқылдамайды, 
ұстап  байқады.  Қызған  жоқ,  жылы  ғана.  Клапынды,  май  жүретін  жез 
түтіктерді  тексеріп  ӛтті.  Бәрі  дұрыс.  Содан  кейін,  трансмиссияны 
айналдырып тұратын қайысқа түсті кӛзі 
— Е,  қайыс  босап  кетіпті  ғой.  Трансмиссия,  токарь  станоктерінің 
ақырын жүріп тұрғаны содан, машинадан емес. 

149 
Sauap.org
 
— Оны қайтем енді? 
— Түскі демалыста қайысты айырбаста. Болмаса тарылтып, қайта тік. 
Соны айтып, әкелген тамағының жарымысын қалдырып, жӛнеле берген 
Жанабілге: 
— Тоқташы!—  деді  Майпа.  Күлім  кӛзі  мұңая  қалыпты.—  Күннің  түрі 
жаман, бармасаң кайтеді? 
— Қапшығың жоқ па? 
— Қайтесің? 
— Мені соған салып сақтасаңшы. 
Майпа күліп жіберді. Жанабіл жүгіре шығып кетті. 
Бригада  дайындалды.  Тӛртінші  шахтаға  баратын  он  екі  адам.  Ішінде 
слесарь қарт Иван, жалқау Бәйтен, жас Жанабіл бар. Қарағандының жеріне, 
суығына  үйренген  ӛңкей  жергілікті  жұмысшылар.  Донбастан  келгендерді 
суықтан  қауіптеніп  жақын  жердегі  бірінші  шахтаға  қалдырды.  Бәріне  жаңа, 
құрғақ  киімдер  берілген.  Сырыма  бешпет,  шалбар,  тон,  олардың  сыртынан 
күләпаралы  брезент  сулық  киді.  Аспаптарын  арқаға  таңып  алысты.  Дүлей 
сұрапылға  қарсы  аттанған  он  екіні  бастаушы  Жанабіл.  Қақпадан  шыға 
бергенде долдана ұйытқып, дем алдырмай бір тұншықтырды боран. Бригада 
иіріліп  қалып  жазылып  кетті.  Жанабіл  алда.  Сыммен  бастап  барады. 
Кейінгілер бытырай, сымнан ұстап жүріп келеді. Тӛртінші шахтаға дейін үш-
тӛрт  километр.  Бұлар  телефон  столбаларын  қуалай  жүрді.  Боран  енді 
адастыра алмайды. Қауіп екі столбаның арасы болса, оған да айла табылды. 
— Бәйтен  бар  ма!  Тірі  ме!?—деп  оқтын-оқтын  дауыстайды  Жанабіл. 
Бәйтеннің: 
— Оттай бер!—дегенін бірден-бірге күлісе жеткізіп барады. Жел қырын. 
Жүріске бірсыпыра жеңілдік бар. Ауыр сапарда да күлкі-қалжың қалған жоқ. 
Шал  Иванды,  қырсау  Бәйтенді  еліктіріп,  алып  шыққан  бұл  кӛтеріңкі  рух 
сұрапыл  гуілінен  күштірек  сияқты.  Зады  кӛңілден  күшті  бар  ма  екен!?  Ол 
кӛтерілсе  нені  кӛтермейді,  ол  құласа  не  құламайды.  Қауқары,  ебі  аз,  тозған 
Бәйтен  бүгінгі  ауқымды,  ертеңгі  абыройды  кӛріп,  ентелей  басады  аяғын. 
Сонда  да  шапшаң  аяңға  ілесе  алмай  үш  жығылды.  Бӛгей  берген  соң 
қасындағылар  қолтықтап  алды.  Дыз  етіп  бетінің  ұшы  ағара  қалғанын  әлі 
сезген  жоқ.  «Екпінді  бригада  шахтаны  ерлікпен  құтқарды»  деген  атақ 
естілмей  жатып  та  еліктірген  Бәйтенді.  Тоңғаның  шаршағанын  елер  емес. 
Бірақ,  бір  нәрсе  елетпей  де  қояр  емес.  Үйден  шығарда-ақ  соны  сезсе  де, 
еріншектігі бой бермеді. Енді еріксіз кӛнді. Қысылып айқай салды Бәйтен: 
— Тоқтай тұрыңдар! 
— Немене? 
— Тоқта деген соң тоқта! 
— Айтсаңшы! 
— Дәрет сындырам... 

150 
Sauap.org
 
Қалың киім, қабат-қабат шалбар күн үскіріп тұрғанда Бәйтенді әурелеп 
бақты.  Қолы  тоңып,  илікпейді.  «Бол-болдың»  астына  алып,  Жанабіл  жанды 
шығарып барады. 
— Батыр, ей, жәрдемге келмесең болмас,— деді Бәйтен. Аузының да ебі 
кетіп қалыпты... 
Қар қаба жығылады, қолтықтап тұрғызады, беті үсіді. Ӛздігінен дәретке 
отыруға  да  дәрмені  жетпеді.  Шіркін  үміт  сонда  да  оны  алға  тартады. 
Сұрапылмен алыса-алыса бригада ақыры Бәйтенді шахтаға жеткізді. 
Бұл  шахта  да  кӛлбеу,  ӛзі  ойпатта.  Уклон  онша  ұзамағанмен  саяздағы 
суға тез жеткен. Камерон тоқтап тӛбеден су сорғалап, шахта ішіне жайылып 
барады. Қырдағы кӛтергіш машина тұрып қапты. Уклонның кіре берісін қар 
басып,  дамыл-дамыл  күреп  жатыр.  Жарылған  трубалардан  бу,  су  атқып 
жатыр. Қазан оты сонда да ӛшкен жоқ, қатпасын деп жаға береді. 
Жанабіл  мен  Иван  бәрін  кӛріп  шыққан  соң  аварияның  себебін  тапты. 
Механик  Козлов,  слесарь  Лапшин  қанша  маман болса  да жергілікті  табиғат 
жайын  білмеген.  Бу  шаруашылығын  тек  Донбасс  тәжірибесімен  жасаған. 
Оған  асығыстық,  кейбір  материалдың  жетімсіздігі  қосылыпты.  Кәрі  Иван 
жуан  ораған  махоркасын  құныға  сорып,  осы  жәйді  жайуат  айтып  отыр. 
Ӛңінен  ашу  да,  сасу  да  сезілмейді,  талайды  басынан  кешірген  жұмысшы 
кәрия кең толғап, «боладыға» әкеп тірейді бәрін: 
—...Трубаларды  қалың  орамаса  Қарағанды  суығы  шыдатпайды.  Мынау 
үйден қазанның ӛзі қатып қалмағанына шүкірлік. Донбасшылар біздің жердің 
ӛзгешелігін  қайдан  білсін!—  деп  Иван  ойды  әріге,  айтылмай  қалған 
ӛзгешеліктерге  сермейді.—  Шахтаның  су  жинайтын  шұқыры  да  дұрыс 
қазылмаған.  Тар,  саяз,  лезде  толып,  су  асып  кетіпті...  Бірақ  бәрін  жӛндеуге 
болады.  Бір  ғана  қауіп  бар:  егер  жерге  кӛмілген  трубалар  жарылса,  күн 
ашылмай оған ештеме істеп болмайды... 
Жанабіл  Иван  сӛзін  тыңдап  алып,  жұмысты  қайдан,  қалай  бастарын 
ойлап  тұр.  Бу  кернеген  осынау  кішірек  қазандай  оның  да  денесі  ыстық. 
Тәжірибесі  аз,  бұрын  басшылық  етіп  кӛрмеген  жастың  дүдәмәлі  кӛп. 
«Білмеймін» деуге намыстанады. Бастап жіберуге жасқанады. Ұстазы болған 
Козлов,  Лапшиндердің  ісін  түзеуге  бірсыпыра  білім,  батылдық  керек. 
Соларға  мән-жәйді  хабарлап,  кеңесу  үшін  конторға  келді.  Телефон  істемей 
қапты. Енді қалайда іс тағдырын ӛзі шешетін болды. 
— Ақсақал!—  деді  қайтып  келе  Иванға.—  Тұрмалық,  шерге  кӛмілген 
трубалар бұзылса, кезінде кӛрерміз. Кӛрініп тұрғанын түзей берейік. Екі адам 
кӛтергіш  машинаға  барсын.  Екі  адам  осы  қазан  маңында  болсын.  Қалған 
сегізі шахтаға түссін. Алдымен насосты жүргізу керек. Әйтпесе шахтаны су 
мүлде бүлдіреді. 
— Дұрыс-ақ,—  деп  Иван  гүр  етті.  Жанабіл  әрқайсысына  жақын  барып 
тақақтата тапсырмалар берді: 
— Айтпады,  демеңдер,  жарысамыз!  Аянып  қалғаның  ӛкпелеме.  Бізге 
бұл үлкен сын. Бітіргенше тыныс жоқ. Тамақты жұмыс үстінде ішеміз... 
Иванды, Бәйтенді ала Жанабіл ӛзі жеті кісімен шахтаға жӛнелді. 

151 
Sauap.org
 
Қасқыр  апаны  тәрізді,  жер  астына  кӛлбеу  кеткен  қараңғы, кең үңгірдің 
аузын  қар  дамылсыз  басып,  қолдан  күрек  түспей  тұр.  Үңгірді  бойлап  жер 
астына зырлап барып қайтатын вагонеткалар эстакада үстіне иіріліп қалған. 
Бу  күшімен  жүретін  механизмдер  тоқтаса  да,  еңбек  тоқтаған  жоқ.  Үскірік 
сұрапылға  қарсы  шірене  аяңдап,  ұзын  труба,  жуан  ағаш  кӛтерген 
жұмысшылар уклонға ентіге, дабырласа еніп жатыр. Ішке енген соң жүктерін 
«ешкіге»  тиеп  ылдиға  қарай  шапшаң  әкетті.  Солардың  соңынан  жүгіре 
Жанабіл  бригадасы  да  келеді.  Пеш,  штрек,  лава,  бермсберг,  кваршлактарға 
бӛлінген  қым-қуыт  қараңғы  жол  —  проходкалар  бірде  су,  бірде  батпақ.  Су 
жайылған  жер  ісініп,  темір  жолды  да  бүкірейте,  бүлдіре  бастаған. 
Қабырғадағы  бу,  су  трубаларын  бақылай  жүріп,  бүлінгенін  түзеуге  екі 
адамнан  қалдырып  отырды  Жанабіл.  Жұмыстың  ең  ауыры  уклон  түбіндегі 
камерон маңында. Тӛбеден сорғалаған су шағын шұңқырдан асып, жайылып 
барады.  Бу  трубасы  жарылған  соң  камерон  тоқтаған.  Екпінді  бригада  келе, 
шынжырлы  кілттерін  бұзылған,  трубаларға  салды.  Ирек-ирек  болат  азу 
кілтпен қайыра бұрап, Жанабіл бір трубаны алып тастады. 
— Бәйтен бармысың? Әкел жаңа тұрбаны. Сурик қайда? Бол тез!.. 
Саса ұмтылған Бәйтен құшақтаған трубасымен суға жығылып жатыр.— 
Мә, мә, ұста! 
Бәйтенді  трубасымен  қоса  судан  тартып  алды  Жанабіл.  Екеулеп  жаңа 
трубаны  ескі  трубаның  орнына  қиюластырып  түр.  Бәйтендікі  тек  демеу. 
«Алып  кел,  барып  кел,  ұстай  тұрдың»  ӛзіне  ыбылжып,  іш  пыстырады. 
Асықтырсаң  аварияға  ұшырайды.  Труба  бұрандарын,  планц  қоспақтарын 
майлап тұрып, ӛзін қоса майлағанын сезген жоқ. К,ызыл сурик қолын, бетін, 
бүкіл алдын қып-қызыл қылды. К,ара мұртының ұшына да, бір қызыл жұғып 
қалыпты.  Жанабіл  асыға  қимылдап,трубаны  тез  орналастырды.  Енді 
жадыраңқы  кӛңілмен  муфталарды,  планц  бұрандарын  қатайта  бұрап  тұрып, 
Бәйтенге түсті кӛзі. 
— Иван!—  деді  дауыстап.  Күлкі  қысып  барады.  Иван  анадай  жерде, 
кезінде кӛзілдірік, камеронның золотнигін тексеріп отырған, жалт қарады.— 
Мынау кімге ұқсаған? 
— Ол  ма!..  Қасапшыға  дейін,  десем,  жылпос  емес...  Дәу  де  болса  қан 
жалаған, сабалақ қара тӛбетке ұқсайды! 
Бәйтен  ӛзі  де  кеңк-кеңк  күліп  жіберді.  Үндемейтін  кәрі  Иванға  дейін 
оны ӛлтіре сынайды, ӛткір қалжыңдайды. Бірақ, бәрі аяйды. Әйтпесе екпінді 
бригада Бәйтеннің не теңі. Әлден-ақ шаршап, жалығып тұр. Қисынсыз жерде 
қолын әлдененің арасына салып, қанатып алыпты. Сонда да мақтанды жаны 
жаратады. 
— ...Дегенмен,  Бәйтен  сымбатты  ғой.  Мұртын,  қабағын  қарашы!  Кімге 
тартты екен. Әкесінің әке сияғы жоқ — деп Жанабіл әжуаласа, ол рас кӛріп 
қоразданады: 
—...Шешейге тартсам керек, жасында сал болып, әкейді менсінбепті. 
Жанабіл  қарқ-қарқ  күледі.  Иван  үндемей  жымың-жымың  етеді.  Бәйтен 
бірде аяққа  салма болса, бірде тегін сауық. Шешесін мақтаймын деп, сықақ 

152 
Sauap.org
 
болғанын да сезген жоқ. Слесарь примусымен трубаның мұзын ертіп тұрып, 
быжылдаған от күшіне ӛз күшіндей сүйсінеді: 
— Примустың  жағуын  білмейді,  түге.  Ӛзіміз  осылай  күжілдетіп 
жібереміз... 
Иван жәй қимылдап, жұдырығымен мұртын сипай орнынан тұрды. Қолы 
қалтасынан  кисетін  қалай  алып  шыққанын  байқаған  жоқ,  кӛзі  камеронда. 
Тӛрт бұрыштап, ұқыпты қаттаған ескі газетті жыртып тұрғанда Бәйтен айқай 
салды: 
— Шахта ішінде шылым тартуға болмайды. 
— Примус  жағылған  жерде  шылым  тартуға  да  болады.  Бұл  арада  газ 
жоқ. 
— Мен болдым,— деп мына жақтан Жанабіл дауыстады,— басқалардың 
жайын барып білейін. Иван сіз қалайсыз? 
— Мен  де  болдым.  Золотник  дұрыс.  Бу  механизмнің  жүрегі  ғой  ол. 
Сальник, клапындарын да қарадым. Камерон дайын. 
— Онда  сіз  қазан  қасындағыларға  кӛмектесіңіз.  Тез  жүргізбесек  су 
ұлғайып  барады.  Бәйтен,  сен  осында  бол.  Қатқан  трубаларды  мелмен 
белгіледім. Мұзын ерте бер. 
— Жалғыз қалам ба? 
— Е, қасқыр жей ме? 
— Қайсыбір шахтаның иесі болатын... 
Қорқақтығымен  тағы  бір  күлдірді.  Бәйтен.  Қорқақтығын  мойындауға 
қорланып,  амалсыз  кӛнді.  Жанабіл  Иванды  ертіп  кетті.  Алыста,  қараңғы 
түкпірде, ойына әлденелер келiп, жалғыз тұрған Бәйтеннің жүрегі дүрс-дүрс 
соғады... 

153 
Sauap.org
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет