ЕКІНШІ БӨЛІМ
I
Кӛп жылдар кӛкке қарап маңқиған қызыл труба қара түтінді лақ-лақ құса
салды. Трактормен келген ланкешер қазаны орнап қалған. Қысылған бу
даусы барлық үнді жұтып алып, тек ӛзі ғана ысқырып тұр. Тас кӛмірді
қазанның аузына толтыра асатып сойылдай темір кӛсеуін кӛмекейіне
жүгіртіп-жүгіртіп қояды Боқай. Труба түтініне қақалып, лоқсыған сайын
Қарағанды қаулап ӛсіп барады...
«Майқұдық» бұлағы жолындағы белдің басынан аттап келіп дәл осы
трубаның түбіндегі резервуарға сарқырай құйылып жатыр. Жуандығы
бӛшкедей темір трубалардың бір басы осында, екінші басы Нұра ӛзенінде.
Трубаның ішімен, жер астымен ӛзен суы құба белді ӛрлей ақты. Жер
кеулеген мың сан қайла белдің түбіне жеткен. Жер астының суы камерон-
насостармен жер үстіне шапшыды. Шекесі жарылмаған белес, тӛбешіктер
сирек. Динамит оқтын-оқтын гүрсілдеп тұр. Жер сілкінте аспанға лақтырған
тас тозаңы, ақ қардың үстінде сары құйын боп ұйлығып, діңгекше тік тұрып
қалады. Бірінші шахтаның кӛмірі ӛсіп кеткен. Тіпті айдынды кӛрінеді. Сонау
етекте салынып жатқан электр станциясы одан да айдынды.
Темір жол Қарағандыны бір жыл ӛтісімен осы күйге келтірді. Шахталар
кӛбейіп рудникте, партком үлкейіп горкомға айналды. Қала қазір қазанша
қайнап жатқан сияқты. Бірақ, бәрі қол күшімен, бу күшімен болып жатыр.
Электр әлі жарыққа да жарытқан жоқ. Жалғыз парогенератор жетісе алмаған
соң, жанармайдың күшімен кішкене двигательдер кӛмектесіп тұр.
Ӛндіріс салаларын әлі тегіс қамти алмаса да, кең ӛмірге кіре бастаған
жаңа техника алдымен адам қимылына, мінезіне әсер етті. «Техника бәрін
шешеді» деген бұл күндердің ұраны әр адамның аузында, әр цехта жазулы.
Сылбыр, кӛнбіс, батырак Боқай әнеукүні ғана Мейрамға «бұйырған кетпес»
деп найқалып отырса, енді «кететіндей» кӛріп, манометр стрелкасына
мазасыз қарайды. Қатты дауыл екпініндей, әмән ысылдап, зуылдап тұрған бу
сырын сол стрелка біледі. Әне, тӛмендеп келеді. Боқай кӛре сала маңдайдағы
кӛк кӛзілдірігін кӛзіне түсірді. Әдетінен тысқары шапшаң барып қазанның
аузын ашты. Гүрілдеп жанған күшті от кейін шалқып, ӛзіне тап берсе де,
лаулаған жалынмен алыса асатып жатыр кӛмірді. Қазан қақалып,запыран
түсті, сары түтін ұйлыға ұйтқығанда, кӛмейлете кӛсей түседі. Тӛмендеген
стрелканы, жоғарылатуға құмартқан Боқай самайдан тері сорғаласа да
шаршар емес, елер емес. Стрелка алға жылжығанда ғана дем алды. Ентігіп
отыр, бірақ күресіп жеңгеніне мәз боп отыр.
— Ал, шыбындаған ешкідей шипыңдаған неме!
Стрелка енді алға жылжыған бетімен он екінің цифрынан асып барады.
120
Sauap.org
— Омай-ау!—деп орнынан тағы тұрды Боқай. Қозғалыс, икемі
бұрынғыдан мүлде бӛлек. Тезірек барып, қазанның тӛбесіндегі кӛп кранның
бірін ағытты. Стрелка тӛмендей бастады: Боқай стрелкадан кӛз жазған жоқ.
Ол, тӛмендесе бу әлсіреп, басқа бӛлмедегі машиналар тоқтайды. Ол,
мӛлшерден артық кетсе, қазан жарылады. Техника Боқайды, Боқай
техниканы жүргізіп тұр...
— Жай басар-ай, жай басар!— деген әйелінің даусы естілді. Әйелдің
қасында бір еркек бар. Боқай сонымен шұрқыраса амандасты.
— Апыр-ау, Жамантік пе, мынау! Ел-жұрт аман ба? Қайдан жүрсің?
— Елден,— деді Жамантік.— Жұрт жиылған жерге келіп қалып едік.
Сені үш күн іздеп азар тауып отырмын.
— Иә, біреуді-біреу біліп болмайды мұнда, кӛпшілік.
— Қайырлы болсын, жақсы орналасқан екенсің. Бүкіл зауытты бір ӛзің
жүргізіп тұрсың ғой.
— Шүкір, жаман емеспін. Ӛндіріс жұмысының бір қасиеті — уақыттың
қалай ӛткенін білмей қалады кісі. Малда жүргенде күн батпайтын, таң
атпайтын.
— Сол күн дәл менің басымда тұр қазір,— деп Жамантік ауыр халін
баяндай бастады. Ӛңі сынық, иығы түскен, торыққан түрі бар —... Қонақтап
алты күнде азар жеттім Қарағандыға. Тілеуіңді бергір, біздің жақтың бір
адамы кездесіп, үш күннен бері сонда жатырмыз. Түйем қораға сыймай
далада, қар үстінде. Әйтеуір қатын-бала үйде. Қартешкесіз нан бермейді.
Сүйген жұмысымды тағы бермейді. Қалта қағылған. Қатты қысылып келіп
тұрмын.
— Не жұмыс сұрап едің?
— Ӛзімнің кашагарлігімді сұрадым.
— Ия, Ия, салпы ауыз Андрейдің от диірменінде от жағып тұрдың-ау
біраз.
— Бақандай үш жыл істедім ғой.
— Неге алмайды?
— Кашегарлігіңе документ әкел,— дейді. Оны кім ескеріпті. Айдалып
кеткен салпы ауыз Андрейді енді қайдан табам? Сонымен шахтыға барасың
деп тұр. Бармаймын, мехцехқа жібер деп, мен тұрмын. Не айтасың бұған, не
кӛмегің бар, екпінді кӛрінесің?
Боқай жауап қайырмай, тӛмен қарап отырып қалды. Әйелі шыдамады.
Қайқы ерін қара келіншек сүйреңдеп сӛйлей жӛнелді:
— Аспанды алақандай, жерді тебінгідей қылатын ештеме жоқ. Немене,
жүндерің жығыла қалғаны. Мейрамға бар, алдыр жұмысқа! Қарағандыға
жұрттың бәрі сыйып жатыр.
— Буынсыз жерге пышақ қоямыз ба сонда!— деді Боқай, әлі де тӛмен
қарап отыр.— Документсіз қалай алғызады?
— Документі болса ӛзі де түседі. Бай емес, ұры-қары емес. Білеміз де.
Екпіндісің ғой. Екпінді айтса бәрі сенеді.
121
Sauap.org
— Сол баланың жұмысы кӛп, басын қатырмасам деп едім.
— Щербаков жоқ қазір. Ол екеуінен басқаны Ырымбек тыңдамайды.
— Бетім-ау, Мейрамнан да ұяламысың! Ұялмаңыз, ойыңызды айтып
тұрыңыз дегені қайда?
— Жарайды, айтып кӛрейін,— деп Боқай жаңа ғана басын кӛтерді. Бӛгде
сӛзге кіріспейтін әдетін бұзу қиын соққан сияқты. Қиналғаны сӛзінен
байқалады.— Жамантік, мен саған кепіл болам енді. Рас, артың таза, бірақ,
бұл жерде еңбек бағаланады. Әйтеуір ұятқа қалдыра кӛрме! Адал істе. Аянба.
«Әнеугі кісіңіз мәнсіз болды» десе, мені тірідей ӛлтіргенің. Екпінді екі
айтпайды.
Жамантік алғысын да, сертін де айтып жатыр:
—...Біреу құрлы істермін. Тек орналастыршы. Жақсылығыңды
ұмытпаспын.
Дауыстап сӛйлей Жанабіл келеді. Үсті-басы май. Қолын кӛндірдің
ұлпасымен сүрте, кӛрші бӛлмеден шықты. Ол бӛлме бұрынғы «Герберт»
қорасы. Қазір екіге бӛлінген. Бірінде парогенератор, бірінде нефть двигателі
және бірен-саран станоктар бар. Жанабілге слесарь Иван екі жұманың ішінде
двигательді үйретіп, машинист етіп шығарды да, Лапшин Боқайды екі айдың
ішінде кочегар етіп шығарды. Екеуі де екпінді, қолы босады-ақ кездесіп
тұрады.
— Боқа!— деді Жанабіл.— Машина дегенің білгенше ғана екен. Менің
енді ішім пыса бастады.
Боқай басын шайқап, біраз отырып барып қайырды жауапты:
— Ұстаған соң мықтап ұстау керек. Кӛрсеқызардан береке шықпайды.
— Сонда сол кішкене машинені айналдыра бергенде не шығады?
— Е, шүу, дегеннен слесарь болмақпысың? Тым аспа, шырақ. Үйретті,
машина берді қолыңа, тастай жӛнелу ұят емес пе?
— Боқа, сары атанша күйіс бұзбай, балпан, аяңмен жетпексіз бе?—деп
күлді Жанабіл. Езуі кең ашылғанда ұсақ, әдемі қой тістері айқын кӛрінді.—
Болмайды, Боқа, Бәйтен он сегіз жыл істеп, бір мамандық ала алмай шыққан.
Козлов жиырма бес жылда механик, Лапшин он бес жылда слесарь болса,
олар да онша ұзамаған. Бесжылдық қарқыны бӛлек екені ӛзімізден, осы
Қарағандыдан-ақ кӛрініп тұр. Мен бір айдың ішінде Майпаны үйретіп,
орныма қалдырам да, токарьлыққа шығам. Тамаша жұмыс! Темірден түйме
түйеді...
— Ақысы қанша екен?
— Шәкірттердікі аз, жүздің маңында. Бірақ, екі-үш айда токарь болам
ғой. Сдельний істейді. Істей білсең, инженерден кӛп табасың.
— Бұл айтқандарың орындалса жаны бар сӛз екен,— деді Боқай.— Мен
ӛзім сдельнайсыз да жер астындағылармен нанды, тамақ, бұйымды бірдей
алам. Шүкір, айлық ақым жетеді. Қанағат керек.
Әңгіме үстінде Боқайдың кӛзі қабырғадағы стрелкада еді. Сағат бес
бопты. Сӛзін пышақпен кескендей тыйып, котелдің үстіне жүгіре шықты.
122
Sauap.org
Бара кранның бірін ағытты. Бу аңырап қоя берді. Бұрынғы рельс қоңырау,
локомобильдің жіңішке даусы емес, бүкіл Қарағандыға жеткен зор дауыс.
Дәл қасынан естігенде құлақ бітеледі, жер солқылдайды. Жамантік құлағын
басып бұға қалды. Қасындағы әйел сылқ-сылқ күліп отыр. Ұзын Дмитрий
келіп, қоса күлді әйелмен.
— Метрей!— деді Боқай, жоғарыдан түсіп келе жатып.— Бәрі қаз-
қалпында.
— Насос ше?
— Лапшин ӛзі келіп оңдап кетті. Лыпып тұр.
Кочегарканы Дмитрийге тапсырып, Боқай жұмыс киімімен горкомға
беттеді. Қасында Жамантік, әйелі үйге қайтты. Қыс ішінде салынған екі қабат
стандарт үйдің үстіңгі қабатында горком, астына трест орналасқан. Алдынан
ат кетпейді, кӛпшілік. Қала тағдыры осы үйде шешіліп жатқаны сыртынан да
байқалады. Біреулер жайраңдап кіріп, жабыңқы шықса, біреулер жабыңқы
кіріп, жайраңдап шығып жатыр. Бұрын кӛбінесе тымақ киген ауыл адамдары
жаңа жұмысшылар кӛрінсе, енді құлақшынды ескі жұмысшылар да, галстук
байлаған, бұйра жағалы оқығандар, қызметшілер де кӛбейген. Боқайдың
ішінде сәл қызғаныш пайда болды. Ӛзімсінген Мейрамды жат адамдар билеп
бара жатқан сияқты. Әуелде тӛрт-бес үй Қарағандыны осы халге келтірген
Боқайларды танымайды, елемейді бірі. Дайынға келіп, аспанға қарайды, түге.
Үйден асыға шыққан біреуі қағып та кетті. Екпінді Боқай бұларға ӛзін
танытқалы әлденеше оқталса да, шыдамдылығы, ұяты жібермеді. Сұрастыра
келіп Мейрамның есігін ашқанда, Мейрам да, Қарағанды да құшағына
сыймай кеткенін бір-ақ білді. Алдыңғы бӛлмеде кезек күтіп бірталай адам
отыр. Ішінде ақ жағалы, жуан портфельді, қасқа бастар да, жұмысшылар да,
бірен-саран әйел, бала да бар. Тӛргі бӛлменің, есігі жабық. Қоңырау
сылдырағанда ғана бір кӛркем орыс әйелі кіріп-шығып жүр. Таза, тәртіпті үй
Боқайға ӛзгеше әсер етті. Келгені, кӛргені осы. Мейрам далада кездескенде
ғана кішіпейіл, жадағай екен, бұнда маңына кісі бара алатын емес қой, деп
қалды. Отырғандардың ешқайсысын таныған жоқ, ӛз қаласынан ӛзі жатырқап
тұр. Кезек күтуге кӛп уақыт керек. Кезексіз ӛнер түрі жоқ. «Әттеген-ай,
қатынды-ақ жібермеген екем» деп тұрғанда, жаңағы әйел кабинеттен шықты.
— Қарағым, Боқай келіп тұр, деші Мейрамға.
— Шыдай тұрыңыз, бастауыш партия ұйымдарының гекретарларымен
кеңесіп отыр.
— Ұзаққа созылар ма екен?
— Ол арасын айта алмаймын,— деді де әйел столынан бір қағазды ала
сала қайта енді. Кезек күтіп отырғандар тарай бастады. Боқай қайтқан жоқ.
Есік жымдаспай жабылып еді, сығалай қойды. Кең бӛлмеде кӛп адам
кӛрінеді. Кӛпке қарап тӛр алдында Мейрам жеке отыр. Ермек сӛйлеп тұр:
—...Біздің хатымызды бүкіл Донбасс болып талқылап, ең жақсы
мастерлерін жіберді. Келген «екі жүздің ішінде бірінші шахтадағы Ворона
нормасын ылғи жүз елу-екі жүз процент орындап жүр. Мехцехтағы
коммунист — токарь Ковалюк норма орындау үстінде ұқыптылықтың,
123
Sauap.org
шеберліктің тамаша үлгілерін кӛрсетіп жүр. Овчаренко басқарған шахта мен
басқа шахталардың арасында бір қыдыру айырма бар. Біздің бастауыш
партия ұйымы донбасшылардың осы озық тәжірибелерін кӛптің кӛкейіне
құюды мақсат етті. Қазір Әкім сияқты жас шахтер, Ворона сияқты озық
шахтермен социалистік жарысқа түсе бастады.
Боқай сығалай-сығалай басының жарымысы ішке енгенін байқамады.
Есік арасынан кӛзі тесіп, сақалы тәутиіп тұр еді, Лапшин сӛйлегенде
ыңғайсызданып тартып алды басын.
—...Механикалық мастерскойдың партия ұйымы алғашқы күндерден-ақ
үйрету-үйрену мәселесін ӛндірістік жоспарымен қатар қойған. Соның
нәтижесінде Жанабіл, Балжан сияқты жастар түгіл, жасамыс адамдардың ӛзі
механизмді шапшаң үйреніп келеді. Мысалға Боқайды алайық...
Боқай есікті жауып, кейін шегініп кетті. Жамантіктің қасына келгенде
күлімдеп, қызараңдап тұр еді.
— Не сӛйлесіп жатыр?—деді Жамантік.
— Жұмыс жайы, жұмысшылар жайы,— деп, Боқай аржағын айтқысы
келмесе де ішіндегі қуанышын жасырып тұра алмады.— Мені кочегар дейді,
екпінді дейді, әр жиында ауызға алып жүреді. Мені соған жеткізген
донбасшылар:
— Маған да солардың бірінің етегінен ұстат.
— Олар ешкімді жатырқамайды. Сергей Петрович дегендер әкеңдей
қамқор. Козлов, Костя дегендермен туысқандай болып кеттік. Бұлар патшаға,
Колчакқа қарсы соғысқан, Ленинді кӛрген адамдар екен. Біз ұйықтап
жатқанда, біз үшін қырқысып жүріпті.
— Осы заводты жүргізген солар емес пе?
— Әрине, донбасшылар. Басында Щербаков жиырма кісімен-ақ келген.
Біртіндеп мамандарды тарта берді. Жуырда екі жүз мастер бір-ақ келді
Донбастан. Соның бірі Ковалюк мехцехта істейді. Адамның шебері!
Темірден түйме түйеді, Жанабіл содан кӛріп токарь болғалы жүр...
Кабинеттің есігі ашылды. Мәжіліс бітіп, тараған кӛп қауырт шыға
бастады. Кӛзі шалып қалып, Лапшин Боқайға бұрылды:
— Бұнда не қып тұрсың?
— Мейрамға жолыққалы келдім. Мынау жолдасым жұмысқа түсе алмай
жүр екен...
— Ырымбекке бару керек қой.
— Ол алмапты.
— Неге алмайды? Щербаковқа айту керек.
— Ж-оқ, Костя!—деп даусын соза айтты Боқай.— Орыстар
Бондаренкосын ӛзі түзеткенде, қазақтар Ырымбегін ӛзі неге түзетпейді.
Лапшин кенеттен ойланып қалды.
— Ақылды боп барасың,— деді де, Боқайды шоқша сақалынан бір сипап
шығып кетті.
124
Sauap.org
Жұрт тараған соң, Боқай Жамантікті ала кірді кабинетке. Үстіндегі
жұмыс киімінен именіп, отырмастан айта бастап еді, Мейрам екеуін де
отырғызып қойып тыңдады.
— Мейрам шырағым, мынау менімен ауылдас жігіт. Кедей. Нашар
атаның баласы. Арғы атасы Қалтайдың шешелерінің, шаңырақ түйесіне мініп
келіпті. Құл. Ӛзінің бір кезде дӛңгелек ауқаты болған. Колчак тұсында
Қалтай шауып алып, содан кедей боп кетті. Тіпті нақақтан шапты
бишараны...
— Оның бәрін баяндап қайтесіз,— деп күлді Мейрам.
— Ендеше мына қағазды оқып кӛр ӛзің.
Мейрам Жамантіктің документін оқып, күліп жіберді. Сия қарындашпен
жазылған, ауыл советтің куәлігі екен. «Бұл куәлікті ұсынушы Жамантік
Сексенбай ұлы, сүр кедей, арғы атасы шаңыраққа мініп келген. Нағыз совет
адамы»... Депті. Мӛрі, штампы танылмайды, шығыс номері қойылмаған.
Бірақ, осы шалағай документтен Мейрам момын Жамантікті ғана емес,
шапқылап жүрген кейбір шалағай ауыл совет председателін де кӛріп отырды.
— Не жұмыс келеді қолынан?
— Жамантік бір кезде салпы ауыз Андрейде кашеғар болып істеген.
Мехцехты сұраса, «шахтаға бар, бармасаң жұмыс жоқ» деп айтады, дейді
Ырымбек. Бұл қалай?..
— Жарайды,— деді Мейрам. Боқай тағы созып барады, тез бітіргісі
келді.— Үйретуге де кепіл болыңыз. Қазандар, шахтылар күн санап кӛбейіп
келеді, кочегар етіп шығарыңыз. Бұл, екпінділердің қоғамдық міндеті.
— Мен барымды Жамантіктен аямаймын.
— Дұрыс. Ертең Козловқа Жамантікті ертіп барыңыз. Мен бүгін кадр
бӛліміне айтып қоярмын. Жеңгейдің, кішкентайыңыздың күйі қалай? Кіріп
шығуға қол тимей жатыр.
— Жақсы, айналайын, жақсы, дендері сау, тамақтары тоқ. Мен үйде
жатсам да жұмысыңның кӛбін біліп жатам ғой.
Жылы сӛздер Боқайдың тӛбесін кӛкке жеткізді. Жайраңдап шықты
кабинеттен. Бірақ, оның келісі Мейрамға ой салды. Ойлана отырып,
Ырымбекті шақырды телефонмен.
Керген тӛстіктей, орта бойлы, толықша, қара сұр жігіт енді. Тілді,
жайдары жігіт. Ойнақшыған қара кӛзінде талай сыр жатыр. Трестің кадр
бӛлімінің бастығы, «жұмысшы» деген жалған документпен талай жауапты
қызметте болған, тӛмендей-тӛмендей ақыры шахтыға жеткен Ырымбек осы.
— Буыршын жастар шақырса, жүрегім зуылдайды. Ал, әміріңді бере бер
бала,— деп лыпып тұр.
— Ыреке!—деді Мейрам, тӛмен қарап отырып,—Жамантік деген аздап
кочегар екен, мехцехқа сұранып жүр. Сіз оған шахтаға бармасаң жұмыс жоқ,
депсіз. Бұл қалай?
— Шахталарға адам жетіспей жатыр ғой.
125
Sauap.org
— Қай ӛндіріске, қай мекемеге жетісіп жатыр? Әр адамды ӛзінің
бейіміне, тілегіне қарай пайдалану керек емес пе? Кеше біреу келді, менің
шахтаға түскім келеді, жібермейді деп. Одан арғы күн біреу келді —
документімді жаратпайды, жұмыс бермейді деп. Мен сізді түсінбей қойдым.
— Түсінбейтін несі бар, қазекең баласы қашаннан шағымға үйір ғой.
— Әзің жұртты шақпасаң, жұрт та сені шақпайды.
Ырымбектің танауы қусырылып, сұрлана қалды. Қанша жайдары болса
да, білдірмейін десе де кейіннен жеткен жастың ӛктем сӛзі, ескен кӛңілге
найзадай тиді. Сол найзаны қағып жіберіп, қарсы сӛйлеуге дәрмен жоқ.
Артта тақау келе жатқан кӛп найзаның ұшы кӛрінеді. Енді ашық
қарсылықтан жасырын айла ұтымды. Ырымбек лезде ӛзгеріп, наз айта
бастады:
— Шырағым, жақсы, жаман болсақ та, біраз жыл партия қызметінде
болдық. Тәжірибеміз, сіңірген еңбегіміз бар. Рас, қатеміз де бар. Сол қатені
мықтап ұстап, «білмейсің» не «сенбеймін» дегің келеді. Онда партия билетін
несіне алып жүрмін? Сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайтын
болсаң, қызмет істеу ӛте ауыр.
— Ӛткеннің жақсысы, жаманы бүгінгі ӛлшеуішпен ӛлшенеді,— деді
Мейрам, қабағын сәл шытып қойып,— Мен бүгінгі ісіңіз жайыңда ғана
айттың. Сіз кешегіні несіне қопарасыз. Одан да іспен жауап беру керек.
Бұрын ӛндіріс кӛрмеген қазақ қалаға келіп адасса, жек сілтеу біздің
міндетіміз. Сіз адасқанға күле қарағандай, не бейтарап тұрғандай кӛріндіңіз.
Мүмкін, менікі қате болар, тек қате болсын. Бірақ «адам», «еңбек» деген ат
аспанға шығып тұрғанда, Жамантік сияқтыларды қаңғыртып қойсақ партия
оған шыдамайды. Сол Жамантікті ертеңнен бастап Козловтың қарауына
жіберіңіз.
Мейрамның ӛңінен ӛзгеше бір қаталдық байқалды. Жайшылықтағы
жылы жүз, кішіпейілділік жоқ. Бұдан әрі сӛйлесе қатты кететін түрі бар.
Ырымбек түйсініп қалды; Сұрғылт беті күрең тартса да сездірмегенсиді.
— Жарайды. Ӛзіміз де талай шындаған едік. Шындадың, бала!— деп
ӛтірік күлкімен үйден шықты. Жүрісі шапшаң болатын. Басқыштан жүгіре
түсіп, астыңғы қабатта, бір бӛлмеде оңаша отырған Бейсек Керімовқа келді.
Бейсек екі қолын артына ұстап, ойланып жүрген. Жасы қырықтар
шамасында, ӛңі жұқалаң, ерні қалыңдау, үстіңгі ерніне бір елідей ғана мұрт
қойған, орта бойлы, қара торы жігіт. Аузы ауыр, мінезі салмақты.
Ырымбектен ойы да тереңдеу екені байсалды қара кӛзінен байқалып тұр. Бұл
кісі Қазақстанда халық комиссарларының бірі еді. Социализм жорығындағы,
әсіресе жер мәселесіндегі кейбір қылықтары үшін тӛмендеп келіп отыр. Қазір
трест бастығының бірінші орынбасары. Ырымбек екеуі кӛптен істес, пікірлес
достар. Досын келген бетінде қабағынан танып:— жай ма?—деді баяу ғана.
Кӛз тоқтата қарап етті. Осы қарасы, баяу үні Ырымбекке терең де, жылы да
сезілді. Қапа кӛңілін ақтара сӛйледі:
—...Сірә қуғыннан кӛз ашпаспыз. Горкомдағы бала бізге бұл күнді де
кӛпсінетін түрі бар. Шақырып алып, саяси шоқпарын үйірді. Жұмысшы
126
Sauap.org
жетпесе, жұмысқа біреу орналаса қоймаса, мені айыптайды, Қарағандыға ай
сайын жүздеген адам керек. Оларды қолма-қол орналастыру керек. Мүлт
кетсең аяр емес. Бұл қалай болады?
— Иә,— деді Бейсек. Соза айтқан «иә»-сынан Ырымбектің дегенін ғана
емес, аржағын да түсініп, кӛріп тұрғаны байқалады. Кӛзін кішірейте, терезеге
қадала қарап, біраз отырған соң сӛзін ӛрбітті. Жәй айтып, әріден бастады:
— Бұл қазақтың бар байлығы жер мен мал еді. Қырда колхоз, совхоз,
ойда қала мен завод жұтып жатыр бәрін. Ұлттық нысана дегеннен ең ақыры
бастағы тымақ та қалмай барады. Осы күннің салқынын ерте-ақ сезгеміз.
Бойда барды болдырмауға салғамыз. Алаауыз қазақ ақыры ұстап берді
ӛзімізді. Енді сол қазақ, дегеніне тез жетсін.
Асыра сілте. Шаш ал десе, бас ал. Қама, құмар болған тақырына.
Қаңтарып бақ. Ӛліп бара жатса аузына су тамызба, сазайың де-де ӛте шық.
Кӛзіне кек шыбын үймелегенде білер біздің қадірмізді...
«Қазағым», «елім» деп даусы қарлыққанша айқайлайтын Бейсектің іші
сол елдей кең, жүрегі сол елдей таза сияқты кӛрінетін. Мына сӛзінен апшысы
құрылып, қаны қарайғаны кӛрінді. Кӛңіл тарылғанда, дүниенің кеңдігінен не
пайда! Екі дос тарылғанмен қазақ даласы қалпында болатын. Жері жан
басына екі шаршы километрден, малы жан басына бес-алты қарадан
айналушы еді. Бірақ, бұл байлық байлардың қолына кӛшкен. Социалистік
жорықта байлар ғана тақырланды. Ӛмір бойы мәдениетке, теңдікке,
машиналы еңбекке аңсаған қара бұқара дес ӛзіне тиген соң, қала мен
колхозды бірден жасап жатыр. Осы ұлы ӛзгерістердің, тұсында
«Қазақшылдар» кулакшыл болып шыға келді. Ӛзінше, Ырымбектен естияр
Бейсек есінен танғанын әлі сезбесе, бойындағы ыза, кулак ызасы екенін де
сезген жоқ. Ырымбек зады кулак үшін де қиналған емес. «Кімнің тарысы
піссе, соның тауығы. Советтің алғашқы кездерінде кулактың жуан санынан
қарбыта-қарбыта асап та жіберген. Кейінгі жылдарда қомағай құлқыны кӛзге
түсіп, шені тӛмендеді. Шен құмарлық — қастандыққа, тӛмендеушілер
үйіріне әкеп қосты.
— Бар айла асыра сілтеу ме?— деді Бейсекке.
— Асыра сілтеу!— деп анықтай түсті Бейсек. Кем сілтеуден кӛрешекті
кӛрдік. Енді «тек алға» деген ұранды бетке ұстай арандатып қал. Мың
жұмысшы сұраса, екі мың жұмысшы, мың тонна кӛмір сұраса, екі мың тонна
береміз де. Шамадан артық жүктеп, бел сындыру бір тәсіл. Шама келгенді
болдырмау, сабатаж, бүлдіру, тіпті жеке террорға дейін бару екінші тәсіл
болу керек. Бірінші бесжылдыққа бүкіл әлем назарын аударып отыр. Бұл
жоспар халық шаруашылығын негізінен ӛзгертеді, не негізінен құртады.
Менің байқауымша, қазір барлық қарсы күштер оянған шақ. Ада-күде
жеңетін де, жеңілетін де осы шақ.
— Сол қарсы күштерді ұйымдастырушы, басқарушы кім?—деген
Ырымбектің сұрағына жуырда жауап қайтпады. Бейсек ойланып қалды.
Ӛңінде үлкен қиналыс бар. Қалыңдау еріндері салбырап, маңдай әжімі
127
Sauap.org
тереңдей түскен. Күрсініп қойып, там-тұмдап айтқаны тереңге тыққан
сырдың ұшығы ғана сияқты.
— Ашық жиында ғана емес, оңаша бӛлмеде де байқап сӛйлеу керек.
Бақылау күшті. Ел дегенің жау. Топ жинайтын, елге таласатын дәуір ӛткен.
Сол сияқты қарсы күштің кӛлемін айтатын кез де ӛткен. Сен мені біл. Сені
біреу ғана білсін. Мен кӛп болғанда екеуді не үшеуді білермін. Мыңның
жасағанын бірге бүлдірт, сол, бірге бірді ғана білдіру ендігі әрекеттің ең
шебер түрі.
— Түсінікті,— деді ЬІрымбек, әрқайсымыз бірер сенімді адам табу керек
болды ғой. Мен соны тапқан сияқтымын.
— Ол кім?
— Патшадан талай рет шен алған атақты Әлібек.
— Япыр-ау, ол осында ма еді?
— Шахтада істейді. Сұлу қызы бар екен, Мейрам алғалы жүр деседі.
Бейсек ойланып қалды. Шылымын алып, жүймелете сорғаннан кейін
айтты пікірін:
— Менімше бұл адамның совет үкіметіне іші жылуға мүмкін емес.
Тамырын ұстап кӛр, қызын Мейрамнан айыруға тырыс. Оған айла толып
жатыр.
— Енді бір дәмелі адам Орловтың ӛзі емес пе?
— Қоя тұр,— деп басын шайқады Бейсек.— Мұндайлардың кӛбі ұстап
береді. Бермеген күнде тауы шағылған, тайғаққа баспайды.
Ырымбектің ӛңі бұзылып сала берді. Таңдайын тық-тық қағып, басын
шайқап отыр.
— Неге ӛкіндің?
— Әлібек Орловқа бар сырын ашып қойып еді. Кӛнбей кетсе, Орлов
бізге ете қауіпті адам.
Телефон қоңырауы әңгімені бӛліп жіберді. Бейсек трубканы алып:
— Қазір,— деді де орнынан тұрды,— екеумізді Щербаков шақырды.
— Мұның, етек-жеңі кең мұжық. Шошытып алмау керек.
— Мейраммен тым жақын, бірақ.
Екеуі осы сӛзбен үйден шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |