337
конструкциялық белгілері және ортақ цифрлық белгілемесі бар медициналық
бұйымдар тобы
Медициналық бұйымдар қауіпсіздігінің, сапасы мен тиімділігінің
мониторингі
-
қолайсыз оқиғалар туралы ақпаратты жинау, тіркеу, талдау
Медициналық бұйымның қауіпсіздігі
-
медициналық бұйымды пайдалану
кезінде адамның өміріне, денсаулығына, сондай
-
ақ қоршаған ортаға зиян келтірумен
байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы
Медициналық бұйымның саудалық атауы
-
медициналық бұйымның
тіркелетін атауы
Медициналық бұйымның тиімділігі
-
медициналық бұйымды өндіруші
белгілеген және оны пайдалану практикасымен расталған, мақсаттарға қол жеткізуді
қамтамасыз ететін медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамаларының
жиынтығы
Медициналық мақсаттағы бұйымдар
-
функционалдық мақсатына және
өндірушінің
нұсқаулығына
сәйкес
медициналық
көмек
көрсету
үшін
пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар,
жинақтар
Медициналық техника
-
функционалдық мақсатына және өндіруші
белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін
жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық,
кешендер, жүйелер
П
Профилактика
-
аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда
өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің
зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс
-
шаралар кешені
С
Достарыңызбен бөлісу: