Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет22/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

 
Бақылау
 
сұрақтары:
 
1. Фармацевтикалық тауарлардың жіктелуі қалай жүргізіледі?
2
. Фармацевтикалық тауарлар ассортименті дегенімізі не?
3. Ассортимент құрылымы қалай
анықталады

4. Стандарттау дегеніміз не?
5. АВС және XYZ талдау әдісінің мәні мен негізгі мазмұнын айтыңыз.
 
 
 
 
 
 


53 
ТАРАУ 
3. 
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ 
ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ. ТАУАРЛАРДЫ БҰРМАЛАУ 
МӘСЕЛЕСІ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ 
ТАУАРЛАРДЫҢ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН САПАСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОРЛАР
 
 
Дәрілік заттың сапасы

фармацевтикалық субстанция (белсенді 
фармацевтикалық субстанция) мен дәрілік препараттың нысаналы мақсатқа 
сәйкес келуін қамтамасыз ететін олардың қасиеттері мен сипаттамаларының 
жиынтығы.
 
Дәрілік препараттың қауіпсіздігі

дәрілік препаратты қолдану кезінде 
адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру 
мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы.
Фармацевтикалық
тауарлардың
қауіпсіздігін
сақтау барысында өте 
көп көңіл аударылады:

оларды қолдану барысында және сақтау барысында адам денсаулығына 
зиян
келтірмеуі;

олардың казіргі кезде және болашақта қоршаған ортаға зиянды әсерін 
көрсетпеуі.
Қолдану
барысында төмендегі қауіпсіздік ережесін сақтау керек:

ағзаға
травматикалық әсер көрсетпеуі керек
(механикалық, электрлік, 
химиялық, жоғары температура
); 

ағзаға
әртүрлі
зиянды заттарды бөлмеу (токсикалық, (улы) аллергиялық, 
(
ағзаға
немесе оларды тітіркендіретін заттар) канцерогенді, (қатерлі ісіктердің 
пайда болуына алып келетін заттар) мутациялық, (геннің
өзгеруіне
алып 
келетін заттар)


қауіпті физикалық
әсер етуші заттар
(радиациялық, дыбыстық немесе 
шуулық, сәулелік ж.т.б.)


дәрілік
заттың спецификалық кері әсері
және қасиетіне
байланысты қарсы 
көрсеткіштері;

дәрілік
затқа үйренгіштік (тәуелділік, нашақорлық, токсикомания)

Экологиялық жақтан қауіпсіздікті сақтау

дәрілік заттардың
қоршаған
ортаға әсер ету дәрежесі. Оларға:

қажетсіз
заттардың
қоршаған
ортаға бөліну;

дәрілік заттарды немесе субстанцияларды дайындау барысында улы 
газдардың бөлінуі. 
Медициналық тауарлар экологиялық сұрақтарға байланысты төмендегі 
жағдайларда қауіпсіз болуы керек:

дайындау барысына


тасымалдауға


қайта
өңдеуге


қолдануға


қалдықтарды
пайдалануға
.
Тауарлардың
қауіпсіздігін үш
жүйеде
қарастыру
керек, адам

тауар

қоршаған
орта, яғни мұнда адамның тауарға және қоршаған ортаға кері әсері 


54 
болмауы, ол тауардың адаммен қоршаған ортаға кері әсері болмауы, ол 
қоршаған
ортаның бастапқы екі жүйеге
кері әсері болмауы керек.
Медициналық бұйымның сапасы

медициналық бұйымның қасиеттері 
мен сипаттамалары жиынтығының оны пайдалануға арналған мақсаттарға 
сәйкестік дәрежесі.
Өткен
тараулардан көрсетілген, тауартану нысаны
(пәні) 
тауармен бірге тауартануда сапа категориясымен сипатталатын біртұтас 
пайдалану құны болып табылады.
Тауардың сапасы

олардың мақсатына сәйкес белгілі бір 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру 
қабілетін 
анықтайтын 
тауарлардың 
тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы. Өнімнің қасиеті деп оның өндіріс, 
пайдалану немесе тұтыну кезінде көрінетін объективтік белгісі түсініледі. 
Өндіріс
үрдісінде
жасалған еңбек өнімі іске асырылғанға дейін тұтыну 
үрдісінде
нақтыға айналатын потенциалды сапаға ғана ие болады, яғни өнім 
нақты қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қатыса бастағанда. 
Талаптарды тұтынушы да, ұйымның өзі де (өндірушінің ішкі
стандарттары), 
«мүдделі тұлғалар» да (мысалы, мемлекет) қалыптастыруы мүмкін.
Сапаның пайдалану құны сияқты екі жағы бар: техникалық 
(материалдық) және экономикалық (әлеуметтік
-
экономикалық). Қазіргі 
уақытта сапаның реттелетін тұжырымы оның техникалық жағын көрсетеді, ол 
технология мен өндіріс технологиясының даму деңгейіне тікелей тәуелді. 
Тауартану ғылымының зерттеу нысаны
болып табылатын сапаның 
техникалық аспектісі. Дегенмен, тауардың сапасын қалыптастыруда 
экономикалық жағы да маңызды. Егер шығындар ескерілмесе, онда өнімнің 
техникалық жетілдірілуі мен оны пайдаланудың экономикалық тиімділігі 
арасында қайшылық туындауы мүмкін. Өндіріс шығындарын шамадан тыс 
арттыру арқылы сапаны шексіз арттыру мүмкін емес, бірақ, екінші жағынан, 
оның сапасының жол берілмейтін төмендеуіне байланысты өнімнің өзіндік 
құнын төмендету де мүмкін емес. Осылайша, ең аз еңбек шығындарымен 
әлеуметтік қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын өнім ең жоғары 
пайдалылыққа ие деп дәлелдеуге болады.
Оңтайлы сапа деңгейі қоғам үшін экономикалық жағынан ең қолайлы 
болып табылатын тауар сапасының деңгейі болып табылады. Ол тұтынушы 
мен өндірушінің мүдделерін бірдей ескереді. Оңтайлы сапа деңгейі уақытша 
болып табылады және қоғамның қажеттіліктері мен төлем қабілеттілігі артқан 
сайын артады.
Өкінішке
орай ББҚ
-
лардың көпшілігі өлім шығымын арттыруда. Себебі 
ББҚ
-
ларды дайындаған кезде жалпы стандартты әдістермен дайындайды да 
нәтижеде осындай сәйкессіздіктер пайда болады. Дегенмен кәзіргі кезде ББҚ
өндірілуі
және қолданылуы
артуда. Дәріханадағы дәрігер дәрілік заттың 
жанама әсеріне көбірек көңіл бөлуі керек, қауіпсіздікті сақтауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет