ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ Ынтымақтастық технологиясы
Ынтымақтастық технологиясы дегеніміз – тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, тәрбиеші мен тәрбиеленушіге басымдылық көрсетпеуі.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет.
Ынтымақтастық технологияның негізгі идеясы:
Ерекшелігі Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
Бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;
Әсемділікті, әдемілікті сезіну, қабылдау;
Рухани жетілдіру;
Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың іс-әрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, қорытынды пакет, өзіндік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебінде ынтымақтастық педагогикасын әзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы болып табылады.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары: Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тәрбиелеу және дамыту, қалыптасуына ықпал етеді;
Баланың танымдық күшін дамыту және қалыптастыру;
Терең және толық көлемді білімді алып, дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай туғызу;
Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары: Оқушылардың шығармашылық атқарушылық қабілетін дамыту;
Оқушылардың өзін-өзі құрметтеуі;
Оқушыларды құрметтеу.
Топтық жұмысты пайдалану себептері
Әлеуметтік
Жекелеген адамдардың тәжірибесі мен біліміне сүйенеді;
Күрделі тапсырмаларды орындау үшін жайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады:
І кезең– оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;
ІІ кезең – оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді сынауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді;
ІІІ кезең – мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы, топтық тапсырмаларды өңдеуі (ақпаратты өзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау);
IV кезең – мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдауы.