8
орнына тауар айналымының өсуімен және қоғамдық өндірістегі сауданың
маңыздылығының артуымен қатар жүретін өнеркәсіптік өндіріс болды. Оның
қалыпты жұмыс істеуі үшін тауарлар туралы нақты ақпарат қажет болды, ол
бір жағынан тауарлардың мазмұнын тиісті деңгейде ашуға және тауарлардың
тұтыну құнын бағалау мен басқару әдістерін жасауға, екінші жағынан сатып
алу сұранысын мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл
міндеттерді тауар айналымының әртүрлі кезеңдерінде тауартану екі жақты
шешті. Осыған сәйкес, тауартану тарихында оның дамуының ең жалпы үш
кезеңін ажыратуға болады
(
сурет 1
).
Тауартанудың тарихта келесі кезеңдерін ажыратады:
Сурет 1
.
Тауартану тарихының дамуының кезеңдері
Бірінші кезең (XVI ғасырдың басынан бастап XVIII ғасырдың басына
дейін)
-
тауарлық
-
сипаттамалық. Негізгі міндеті тауарлардың мақсатымен,
негізгі қасиеттерімен және тұтыну әдістерімен танысу мақсатында оларды
білікті сипаттау болды.
Екінші кезең (XVIII ғасырдың басынан ХХ ғасырдың ортасына дейін)
-
тауарлық
-
технологиялық. Бұл кезеңде шикізаттың, материалдардың, жартылай
фабрикаттардың, дайын өнімдердің тұтыну құнының материалдық
-
заттық
сипаты да зерттеледі және оларды өнімдердің жеке тұтынушылық
қасиеттерімен сандық байланыстыру болып табылады
.
Үшінші
кезең (ХХ ғасырдың ортасынан бастап)
-
тауартану
-
қалыптастырушы. Тұтыну
құнының материалдық
-
заттық сипатымен қатар,
тауарлардың қоғамдық қасиеттерінің құрылымы және берілген қоғамдық
тұтыну құны бар тауарларды қалыптастыру мақсатында оларды сандық
формализациялау мүмкіндігі зерттеледі.
Тауартанудың тауарлық
-
сипаттамалық кезеңі капитализмнің әлеуметтік
фармация ретінде пайда болуы мен қалыптасу кезеңіне келеді. Өнеркәсіптік
Достарыңызбен бөлісу: