Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет7/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

Пайдалылық

еңбек өнімін
тұтынушылық қабілеті бар тауарға 
айналдырады.
Тауар бағасын оны өндіруде жұмасалған жалпы еңбек арқылы анықтайды. 
Тауардың ақшалай көрінісі –
баға
 
болып табылады

Тауардың тұтыну бағасы 
-
жарамды іске жұмсалғандағы байқалатын 
экономикалық категория. Ақшалай көріністе тауардың тұтыну бағасы 
тауардың өз бағасынан жоғары болады.
Бағаға қарағанда 
тұтынушылық баға

ауыстыруға, тұтынушыға 
арналған еңбек өнімділігіне тән. Тұтынушылық баға жалпы өндіріс 
формаларына тәуелді емес. Тауартануда тауар, зат, өнім және баға басқа 
түсініктер бар, бұл ұғымдар экономикалық мағынада басқа мазмұнды 
құрайды. Еңбек өнімдерінің адам мұқтаждықтарын қанағаттандыруда өзіне 
тән қасиеттері, сипаттамалары үлкен рөл атқарады, бірақ бұл қасиеттері тек 
тұтынған жағдайда байқалады. Әрбір өнім көптеген қасиеттерге ие, бірақ 
оның тұтыну бағасын тұтынушы мұқтаждығын қанағаттандыра алатын 
қасиетіне сәйкес кұралады.
Тұтынушы 
-
тапсырыс беруге немесе емделуге ойы бар, тауарды және 
бас мұқтаждықтарына жұмсайтын, пайда табуды көздемейтін тұлға

Тауартануда тек тұтынушы ғана емес, сонымен қатар тауар өндіруде қатысқан 
аралық тұтынушылар жайлы да сөз қозғалады.Түрлі аспектрде қолданылуына 
қарай қажеттіліктің
де
түрлі анықтамалары бар. Ф.Котлердің анықтамасы 
бойынша, қажеттілік бұл жеке индивидтің мәдени деңгейіне сәйкес қажеттілік.
Қажеттілік
тауартануда келесі анықтамаға ие. 
Қажеттілік
-
қоғамның діни 
және 
материалды 
өміріне 
тәуелді 
саналы 
қажеттілік

Заттардың
пайдалылығының негізін құрайтын қарапайым қасиеттер тарихи үрдістің
дамуына тәуелді емес секілді. Пайдалылық мазмұнының өзі қоғамның 
дамуымен анықталады. Қоғамның дамуына байланысты адам мұқтаждығы 
өзгереді және өндірілетін өнімнің сапалық көрсеткіштері, басқа да қасиеттері 


19 
жайлы түсініктері өзгереді. Яғни, өнім пайдалылығы құрылыстың дамуы мен 
қоғам
қажеттілігіне де байланысты құралады. Белгілі бір уақыт шектеуінде 
тауар өзінің ескі тұтынушылық фирмасын ауыстырып, жаңартып отыруы тиіс.
Еңбек өнімнің тұтыну бағасы тұтыну кезінде байқалады. Тауар өз 
алдына тек потенциалды пайдалылық қабілетке ие. Өнім ретінде ол тұтыну 
кезінде, тұтыну бағасын жүзеген асырғанда
өзін көрсете алады. Бұдан, белгілі 
бір дәрілік зат өзінің тұтыну бағасын белгілі
ауруды жазған (емдеген) кезде 
көрсетеді. Терапевтикалық эффектісі болмайтын дәрілік заттың (мыс: негізгі 
әсер етуші заты жоқ фальсификацияланған дәрілік зат) тұтыну бағасы 
болмайды.
Белгілі бір зат адам еңбегінің ой өнімі, пайдалы зат болғанымен, ол 
тауар
бола алмайды. Тек жеке бас мұқтаждығын қанағаттандыратын зат 
тұтыну бағасын құрай алады, бірақ
тауар бола алмайды. Тауар өндіру үшін, 
тек тұтыну бағасын емес, сонымен қатар басқаларға лайықты, қоғамның 
тұтыну бағасын құрау қажет. Тауартануда еңбек өнімінің
тұтыну сипатына 
қарай, тұтыну бағасын жеке және жалпы деп бөледі.
Жеке тұтыну бағасы жеке бастың тұтынуына негізделген еңбек өнімі. 
Бұл өнім тауар деп есептелмейді. Оның тұтыну бағасы материалдық 

заттың 
есеппен анықталады да, жеке адамның қажеттілігін қанағаттандыратын
қарапайым түрі ретінде қабылданады
(мысалы: дәрілік өнімдік шикізаты, адам 
оны өзі жинап, кептіріп, кейін қайнатпа тұнба дайындайды).
Жалпы тұтыну бағасы 
-
қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім 
болып табылады. Тауар өндірісінде бұл
өнімді тауар дейді
(мысалы:
дәріханада немесе фармацевтикалық ұйымда
арнайы тәсілмен өңделетін 
дәрілік өсімдік шикізаты). Тұтынушылар
оны дәріханадан сатып алып өздері 
қайнатпа немесе тұнба дайындайды.
Егер кей өнім қажетті көлемнен көп 
өндірілсе, оның артық көлемі тұтыну бағасын жоғалтады.
Өз
кезегінде жалпы тұтыну бағасын мыналарға бөледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет