Тауар сапасын басқару
-
медициналық және фармацевтикалық
тауарлардың сапа дәрежесін оларды өндіруде, дайындауда, тасымалдауда,
21
сатуда және қолдануда
қамтамасыз ету, бекіту және қалыпты ұстау. Бұл
сапаны бақылау арқылы және тауардың қолдану қасиеттерін бақылайтын
факторларға әсер ету арқылы жүргізіледі.
Фармацияда тауар сапасын басқару тауар қозғалысының әр сатысына
халықаралық
стандарт бекіту
мен жасау арқылы жүргізіледі.GХP жүйесінде
тауар сапасын дайындау үрдісінен
бастап
көтерме сауда үрдісіне
дейінгі
стандарттар ажыратылады
:
-
GLP (Good Laboratory Practice) -
экспериментальді модельден
шығарылатын дәрілік заттардың тиімділігі
мен қауіпсіздігі жайлы
ақпараттың дұрыстығын бақылайтын зертханалық тәжірибе
.
-
GMP (Good Manufacturing Practic) -
дәрілік заттардың сапасы
жолдарындағы технологиялық үрдістерді реттейтін, дәрілік заттардың адам
ағзасына
енгізу жолдарын басқаратын өндірістік тәжірибе
.
-
GDP (Good Distribution Practice) -
өндірушіден көтерме тізбекке
дейінгі
шығарылатын фармацевтикалық тауарлардың қозғалысын басқаратын
дистрибьютерлік тәжірибе
.
-
GPP (Good Participatory Practice) -
амбулаториялық және стационарлық
ауруларды, тұрғындарды барлық дәріханалық
ассортимент тауарларымен
қамтамасыз етуді басқаратын дәріханалық тәжірибе
.
-
GSP (Good Service Practice) -
өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі
барлық тауар қозғалысының сатыларында
дәрілік заттардың дұрыс
сақталуын қадағалайтын тәжірибе.
Қарастырылған
тұтыну бағаларының аспектілері тауартану пәнімен
тығыз байланысты, фармацевтикалық және медициналық тауартануда зерттеу
нысаны
болып саналады. Бұл өз кезегінде дәрілік заттар мен емдеуге
жұмсалған шығынның көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Тауардың
қасиеттерінің анықтамасын арнайы
,
фармакогнозия, фармацевтикалық химия,
фармакология, дәрілік заттар технологиясы
пәндері оқытады
.
Тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі
-
нарықта сатылу мүмкіндігі мен
өнімнің салыстырмалы позициясын анықтайтын тұтынушылық, құндық және
басқа да сипаттамаларының бірігуі.
Тауартанулық талдау
-
нақты тауар немесе тауар топтарының
тұтынушылық сипаты жағынын алынған талдау
.
Медициналық тауарлар қолдану
қасиеттеріне байланысты белгіленеді
.
Бұл
қасиеттерге:
әлеуметтік,
функционалды,
эргономикалық,
антропометрикалық, экологиялық, эстетикалық, қауіпсіздік, сенімділік
,
тиімділік және т.б
.
Әлеуметтік
қасиеттері.
Әлеуметтік
қасиеттері деп, бұл тауардың
тұтынушы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруын, яғни тауар өндіру
экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы керек. Басқа сөзбен
айтқанда
,
тауар тиімді қоғамдық қолданыстық бағаға ие болуы керек.
Бұл
қасиет медициналық тауарлар үшін өте маңызды, себебі, «Әрбір азамат
денсаулығын қорғауға және медициналық көмекке» құқылы. Медициналық
көмек
азаматтарға
мемлекеттік
медициналық
ұйымдарда
тегін
көрсетіледі.Сәйкесінше, мемлекет негізгі шығындарды өзі өтейді, яғни қажетті
22
тауарларды өзі сатып алады. Медициналық тауарлар әлеуметтік қасиетпен
қатар
нозологиялық бағытқа ие болуы керек.
Медициналық тауарлардың
әлеуметтік қасиеттерін зерттеу кезінде халықтың жалпы саны ғана емес,
аурулардың жеке кластары бойынша ауру жиілігі, сонымен қатар тауарды
тарату жолдары да және халықтың жеке және жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыру жолдары ескерілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |