40
Тауарлардың
бір түрі
-
бірқатар жеке белгілері бойынша белгілі бір тауарлар
түрінің
жиынтығы
.
Мысалы дәке бинттерінің
көлемі, стерильдігі, өндіруші
жағынан ерекшелінеді.
Ассортимент құрылымы
-
белгілері бойынша белгілі
бір
тауарлардың жиынтықтағы байланысы. Ассортимент құрылымын
анықтауда жалпы
медициналық тауарлардың
келтірілген жіктеуін қолдануға
болады.
Тауарлар жиынтығы
деп тауарлар класстарын, тобын, түрін айтады.
Ассортимент қасиеттері мен көрсеткіштері.
Ассортименттің
тиімділігін және оның
нарықтық
жағдайына тұрақтылығын анықтауға
талдау
жасау қажет.Ассортимент қасиеттері
-
ассортиментті қалыптастыру кезінде
көрінетін өзіне тән ерекшеліктері.
Ассортимент толықтығы
-
әрбір нақты топтағы ассортимент
позицияларының
санын сипаттайды.
Ассортимент тереңдігі
-
тауардың
(
жеке тауарлар нұсқаларының) бір
түрінің
болуымен сипатталады.
Ассортимент қолданудың
дәрежесі
-
нақты
уақыт аралығында
тауарлардың
ассортиментін қолдану көрсеткіші.
Ассортимент құрылымы жалпы жиынтықтағы тауардың
әрбір түрінің
және
атауларының
үлес салмағымен сипатталады. Ассортимент құрылымы
көрсеткіштерінің
табиғи немесе құндық
көрінісі бар
және
салыстырмалы
сипатқа ие
болады. Оны жеке тауарлар санының
ассортиментінде
енетін
барлық
тауарлардың
жалпы санына қатынасы ретінде есептейді.
Ассортимент тұрақтылығын уақыт аралығындағы ассортименттің
енділігі, толықтығы, тереңдігі өзгеру
көрсеткіштерінің
дәрежесімен
анықтайды.
Ассортименттің
үйлесімділігі (салыстырылмалығы
) -
іс жүзіндегі
пайдалану, өндіріс ұжымына қойылатын талаптар және басқа да
көрсеткіштерге сәйкес әртүрлі ассортимент топтарының
тауарлары
арасындағы жақындық
дәрежесі. Үйлесімділік ассортименті
сапа жағын
қамтамасыз етеді, бірақ санмен өлшенбейді.
Фармацевтикалық ұйымдар қызметінің маңызды бағыттарының бірі –
халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық тауарларға
қажеттілігін жан
-
жақты қанағаттандыру негізінде
қамтамасыз ететін сапалы
ассортимент саясатын жүргізу болып табылады.Тауарлардың тұрған жері
бойынша өнеркәсіптік және сауда ассортименттері болып
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: