Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет76/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82
Жаттығуға арналған карточкалар: 
Сен өзіңді тым жоғары санайсың. Бастық сияқты әрекет етесің. 
Сен ешқашан ешкімге көмектеспейсің. 
Сені кездестірсем, жолдың арғы жағына өткім келіп кетеді. 
Сен мүлдем әдемі киіну білмейсің. 
Неге бәріне қабағыңды түйіп қарайсың? 
Сенімен ешқашан істес болмау керек. 
Сен басқа әлемнен келгендейсің. 
Адамдарға жаман көзбен қарайсың. 
Сенімен бір нәрсе туралы келісу мүмкін емес. Сен бәрібір бәрін ұмытып кетесің. 
Дауысың сондай шіңкілдеген, жыныма тиеді. 
Мына түрің не?! 
Сен бос сөз айта бересің. 
Неге үнемі бәріне айғайлайсың? 
Сен мүлдем қалжыңдау білмейсің. 
Сенің тәрбиең өте нашар. 
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
 
Қатысушыларға жұмыс дәптерлерін ашып, бір күн ішінде сезген барлық эмоцияларын жазуды 
ұсыныңыз. Бұл жаттығуды орындаған кезде эмоцияларды рет-ретімен жазған жөн екенін 
айтыңыз, яғни таңертең оянғаннан бастап, ұйықтағанға дейін сезген эмоцияларын жазсын.
Жаттығуды аяқтағаннан кейін еріктілер жазған эмоцияларын оқып бере алады. Одан кейін 
оқушылардан бір күн ішінде қандай эмоцияны көбірек сезгендерін сұраңыз. Жағымды 
эмоциялар ма, әлде жағымсыз эмоциялар ма? Олар бір нәрсе өзгерткілері келе ме?
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды 
Уақыт: 5 минут 
 
Біз күн сайын әртүрлі эмоциялар сеземіз. Олардың көпшілігін тіпті ұғынбаймыз, ал саналы 
түрде байқайтын эмоцияларды әрдайым бақылауда ұстай алмаймыз. Көбінесе бұл бізге ғана 
емес, айналамыздағы адамдарға да зиян тигізеді. 
Эмоцияларды басқарудың төрт қадамы: 
 
Эмоцияларды анықтау және айту. Біз өзімізді түсінудің маңыздылығы туралы көп айттық. 
Күшті эмоция сезінген кезде өздеріңнен: «Қазір маған не болып жатыр?» деп сұрау керек. 
Жағдайды ұғынған кезде оны түсіну әрі еңсеру әлдеқайда оңай болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет