Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет72/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
№3 қағидат. АЙНАЛА 
Біз – айналамыздың көрінісіміз. Біздің айналамыз бізді қалыптастырады. 
Біз жүретін жерлер және ондағы адамдар мүмкіндігінше: 
- шабыттандыруы, 
- таза әрі ұқыпты болуы
- дұрыс көңіл-күй сыйлауы керек. 
Тапсырма: кез келген нәрсені өзгерте аласыңдар деп елестетіп көріңдер. Айналаға қандай 
өзгерістер енгізетіндеріңді жазыңдар. Жазу уақыты – 5 минут. 
 
№4 қағидат. БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ 
Көп біліп, ештеңе істемеуге болады. 
Бір нәрсе істеп, бірақ мүмкіндіктердің орнына сылтау айтуға болады. 
Бір уақытта бірден 1000 нәрсе істеуге тырысуға болады. 
Үнемі өзіңді және нәтижелеріңді жақсартуға ұмтылуға болады. 
Бәрін істеуге болады. 
Өйткені бұл сенің өмірің. 
Және сенің таңдауың! 
Өз өміріміз үшін өзіміз ғана жауаптымыз. 
Ойланайық. Істейік немесе істемейік. Саналы түрде таңдайық. 
«Менің қағидаттарым» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
 
Өткен екі тренингке сүйеніп, уақытты пайдалану, жоспарлау бойынша 3 жеке қағидаттарыңды 
жазыңдар. (Жазу уақыты – 5-7 минут) 
Әр қағидат мына сөздерден басталуы керек: 
Мен әрқашан… 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Дәптерде жазып бастаған тапсырманы аяқтаңдар. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
80 
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
 
Мақсаты: оқушыларды өзін-өзі тану, эмоционалдық спектрді түсіну үдерісімен қызықтыру.
Қалаулы нәтиже: оқушылар эмоциялар мен сезімдер арасындағы айырмашылықты түсінеді; 
оқушылар өз эмоцияларын дұрыс білдірудің маңыздылығы туралы біледі; оқушылар 
сезімдермен бөлісудің маңыздылығын түсінеді; оқушылар өздері үшін эмоцияларды дұрыс 
көрсету және басқалардың эмоцияларымен өзара әрекеттесу бойынша кеңестер 
қалыптастырды. 
29-сабақ 
Тақырыбы: Мен және менің эмоцияларым. 
Ұғымдар: эмоция, сезім, аффект, көңіл-күй, уайымдау. 
Мақсаты: келесі күйлерді және олардың қарқындылығын ажыратуды үйрену: эмоция, сезім, 
аффект, көңіл-күй, уайымдау; эмоционалдық күйді өздігінен талдау дағдыларын бекіту. 
Әдістері: жаттығулар, шағын дәріс, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істеу. 
Ресурстар: оқушының жұмыс дәптері, «Сезімдер эстафетасы» жаттығуына арналған 
карточкалар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет